Рамазан айы. Жүкті немесе емізулі әйелдер ораза ұстау керек пе?

Құрсақтағы немесе емізулі балаға зияны тиеді деп қауіптенген (жүкті не емізулі) анаға Рамазан оразасын тұтпай кейінге қалдыруына рұқсат.

Әнастан (оған Аллаһ разы болсын) Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны хабарланады: «Ұлы әрі Құдіретті Аллаһ сапардағыларды оразаның ауыртпалығынан.....
Аналарға және әйелдерге кеңестер
Толық

Исраил Сапарбай (Менiң мұңым тек қана, менiң қайғым емес қой)

Менiң мұңым тек қана менiң қайғым емес қой,
Қалғып кеткен қаймана – қаңғып жүрген
Елестей...
Көштi қалай түзермiн,
Естi қалай жиярмын,
Оң жағымнан жел еспей,
Сол жағымнан ел өспей?

“Бетегеден биiкпiн, аласамын жусаннан”...
Көрiне ме көкжиек көз......
Өлеңдер
Толық

Джим Керри қазақстандық фильмге түседі

Қазақстандық режиссерлер Әйгерім Ереханова мен Кәмила Лұқпанова өздерінің жаңа фильмдеріне Джим Керри, Гэрри Олдмэн және Эдвар Нортонға түсуге ұсыныс білдірмекші деп жазады Экспресс-К.

Олар Қазақстанның туристік әлеуетін арттыруға үлес қосқылары келетінін алға тартты. Кинематография мамандары оқу бітіргесін Алматыда "Жаралы жүректердің баспанасы" атты театр құрған болатын. Кәмила Франциядағы Поля Верлен атындағы университеттің түлегі болса, Әйгерім жоғары білімді АҚШ-тың Огайо штатынан алып келгенін айта кеткеніміз жөн.

Былтырғы жылы жас режиссер "Софиядан" атты туындыларын жарыққа шығарды. Кейіннен кинотеатрлардан көрсетілген фильмге голливудтықтар да "құда түскен" екен. "A, B, C, D…men" деп аталатын жаңа кино Астанада түсіріледі деп жоспарлануда. Идея авторларының комикс жанрындағы туындыны көрген адамның Қазақстанға деген қызығушылығы оянатынына сенімі мол.

Жаңалықтар
Толық

Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жоспары

Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жоспары
(3 - сынып)
Ана тілі, Қазақ тілі, Математика

Мақсаты: Балалардың артта қалуы мен нашар оқуын болдырмау және алдын алу жұмыстары көп уақытты, ынта - жігерді қажет етеді. Осы қиыншылықтардың себебі – баланың ақыл - ой ерекшеліктерінің, ақыл сапаларының қалыптаспағаны.
Кей оқушылардың оқу техникасы нашар, оқыған мәтіндерін жүйелі түрде айта алмайды. Шығарма жазуға қабілеттері төмен. Сөздерді буындап оқиды. Соның өзінде әріптерді тастап, қате оқиды. Осы оқушылардың.....
kz
Толық

Ұл бала тәрбиелеуші аналарға 15 кеңес

«Ұл баланы тәрбиелеу оңай емес», - дейді білгендер. Бұдан қыз баланы тәрбиелеу оңай екен деп ойламаңыз. Себебі, ұл баланың өзіне тән қасиеттері бар.

Демек, ұл өсіріп отырған аналарға аса ыждағаттылық керек.

1. Адамдарға деген дұрыс көзқарас қалыптастырыңыз. Сырын бәріне емес, тек бір адамға айтсын. Сол адам – сіз болыңыз. Сонда ұлыңызда адамдарға деген сенім қалыптасады, өз ойына терең бойлайды.

2. Қандай да бір іс болмасын, қолдаңыз. Ұл балаға ең қажетті байлық – өзіне деген сенімділік. Әзірше бұл сенімділікті сіз арқылы алады, сіздің назарыңыз ұлыңыз үшін маңызды.

3. Бірге кітап оқыңыз. Өзіңіз оқыған кітапты ұлыңыз да оқығанын....
Аналарға және әйелдерге кеңестер
Толық