Угай-угай (Қазақ ауыз әдебиеті)

Ай қараңғы аспанда түн емес пе, угай-ай,
Жақсы әйелдер өмірде гүл емес пе, угай-ай.
Қыздар гүл-гүл болғанда, жігіт бұлбұл, угай-ай,
Бұлбұл қонып гүліне түнемес пе, угай-ай.

Угай-угай - әніміз,
Арпа, бидай дәніміз.
Угай-ай деп ән салсаң,
Келіспей ме сәніміз.....
Өлеңдер
Толық

Жігіт пен қыздың жұмбақ айтысы (Қазақ ауыз әдебиеті)

Жігіттің жұмбағы:
Тағы да отырмын мен жұмбақ ойлап,
Дүлдүлді сахараға қойдым байлап.
Басында бұлбұл отыр үйдің сайрап,
Бір гауһар қойнында тұрар жайнап.
Дарияның жағасында құрағы бар,
Жел тисе жанып кетер өрттей қаулап.
Азар білгіш болсаң да бір сасарсың,
Тауып бер жұмбағымның бәрін ойлап.

Қыздың шешуі:
Болғанда – ақыл дария, кеудең – дүлдүл,
Басында сайрап тұрған тілің бұлбұл.
Қойныңнан шыққан гауһар – екі көзің,
Соққан жел дауылдатып айтқан сөзің.
Дарияның жанып кеткен құрақтары,....
Өлеңдер
Толық

Қисса Зейне Зайуб (Қазақ ауыз әдебиеті)

Қолыма қалам алдым хат жазғалы,
Бiрталай заман болды жұрт азғалы.
Бүгiн көрген таңда жоқ болып жатыр,
Азырақ хикаят қылып сөз қозғалы.
Қор болмас күнәһлi iстен пенде қашса,
Адамнан ақыл кетер қарны ашса.
Ғалам деген падишаның заманында
Болыпты дәулетi асқан бiр байбатша.
Нәсiпке Құдай берген кiмдер тасқан,
Пенде иман сақтаса құп жарасқан.
Ғалам деген падишаның заманында
Бiр байбатша болыпты дәулетi асқан.
Жiгiттiң жиырма бес деген шағы,
Сөйлейдi бұлбұл адам тiл мен жағы.
Шаһарында оған жетер жан болмады,
Тәңiрi о да болса берген бағы.
Патшаның әдiл екен жұртқа сөзi,
Халқына жағады екен һәр мiнезi.....
Өлеңдер
Толық

Түрік тайпалары және қазақ үйсіндері (Қазақ ауыз әдебиеті)

Жазуға түрік нәсілі алдым қолға,
Жәрдем ет, Жаратушы, өзің оңла.
Патшасы патшалардың бір өзіңсің
Сала гөр, қате кетсем, тура жолға.
Барша әлем қолыңызда жанды-жансыз,
Күнбатыс әм күншығыс, оң мен сол да.
Бір зат жоқ әміріңе бағынбайтын
Хан менен ханзадалар, алтын орда.
Жараттың жоқтан жасап барша әлемді,
Адамзат хайуан, малды баққан қолда.
Әр заттың өзіне лайық нәсіп бердің
Мақұлық әм жәндік, тірі жанға.
Шашылған несібесін теріп жеп жүр,
Бірі ойдан, сахарадан, бірі қырда.
Лайық бағзыларын жазалайсың,
Батырып құтылмастай қалың сорға.
Келмейтін сенің күшің ешбір зат жоқ,....
Өлеңдер
Толық

Абайкөк (6 ­нұсқа) (Қазақ ауыз әдебиеті)

Қарағым, айналайын, мінезіңнен-әй, Абайкөк!
Келмесең шақырғанда, кінә өзіңнен,
Әй, бір көрсем сені, арманым жоқ!

Толғатып тоқсан әйел ұл тапса да, Абайкөк.
Садақа соның бәрі бір өзіңнен,
Әй, бір көрсем сені, арман жоқ!....
Өлеңдер
Толық

Абайкөк (5 ­нұсқа) (Қазақ ауыз әдебиеті)

Сылаң қаққан сипатын көрмегендей, Абайкөк,
Денесі мен мүсіні сөйлегендей, ай-ай деп.
Сұлу сымбат жайдары балбыраған, Абайкөк,
Еш адамға көз қиып бермегендей, ай-ай деп.

Қайырмасы:
Бар тілеуім көңілімдегі
Жалғыз ғана сіз-ай деп.
Ойдан өмір кетпейтұғын
Сіздің ақша жүз-ай деп.....
Өлеңдер
Толық

Марқұмның жылдығында айтылған жоқтау (Қазақ ауыз әдебиеті)

Жетім-жесір атану
Лайық па еді біздерге?!
Жыл айналды келмеді,
Болмады күдер үзбеуге.
Із-тозы жоқ жоғалттық,
Дәрменім жоқ іздерге.
Көкірек толған қайғы-шер,
Төгейін, ел-жұрт, сіздерге.
Айтайын, жұртым, ойымды,
Болса сөзім орынды.
Сабазымдай пана боп,
Кім түзер оң мен солымды.
Аяулы қайран сабазым,
Аруағыңа табынам.
Көңілім менің алаң-ды,
Өмірде сенің жоғыңнан.
Қасиетіңді адамдық
Өмір бойы сағынам.
Құдайға бәрін тапсырдым,
Не келеді қолымнан!
Өзің жоқсың ақылшы,
Күн үшін кімге жалынам. ....
Өлеңдер
Толық

Айт күнгі мерекеде айтылған жоқтау (Қазақ ауыз әдебиеті)

Пенденің Алла панасы,
Өлімге кімнің шарасы?
Жастықпен ешкім білмейді,
Артында қалған баласы.
Өз еркімен кетіп пе?
Шақыртқан шығар бабасы.
Ай қасында сұлтаным,
Таң қасында шолпаным.
Есікке сыймас жоталым
Көрге бір қайтіп сыйды екен!
Көмуге барған халқымның
Көзі бір неғып қиды екен!
Бұл күндері майырылып,
Бас киімнен айырылып.
Өлейін десем өле алмай,
Бұрынғыдай жүре алмай,....
Өлеңдер
Толық