Ілияс Жансүгіров | Шәркей

Шәутен деген бала бар еді. Оның бір әдемі ақ қозысы бар еді. Шәутен ақ қозысын жақсы көруші еді. Қозысының енесін апасына өзі саудырушы еді. Қозысын өзі көгендеп, өзі ағытушы еді.

Шәутеннің аяғында шәутиген ғана шәркейі бар еді. Ағытып жатқанда қозысы Шәутеннің аяғын басып, шәркейінің ұлтанын түсіріп, жыртып-жыртып кетті. Шәутен шәркейіне жылап жіберді.

Апасы:

— Қой, балам, жылама! Осы қозының өзінің жүнін шәркей ғып берем, онда қайтер екен, — деді.

Ақ қозы үлкен марқа болды. Кішкене күндегі әдемі ақ бұйра жүндері ұзыннан-ұзын болып кетті. Шәутен де өсті. Жамаулы жаман шәркейі кішкенеден-кішкене болып, аяғына симай қалды.

Шәутен:

— Апа, шәркейім аяғыма симай қалды, — деді. Апасы:

— Ендеше ақмарқаңды қырықтырып әкеле ғой, балам, — деді. Шәутен Сансызбайға марқасын қырықтырды.

Шәутен апасына:

— Апа, марқаны қырықтырдым, жүнін әкелдім, енді шәркейім болды ма? — деді.

Апасы: .....
Әңгімелер
Толық

Шөмішбай Сариев | ХХ ғасырдың 60 70 жылдардағы қазақ лирикасының көркемдік ізденістері


1960-70 жылдар – Қазақтың қазіргі заман поэзиясына жаңа есімдерді алып келумен қатар, рухани және әлеуметтік өміріміздің, қоғамымыздың кезеңге лайық шындығын ашуда, поэтикалық формалар /түрді/ мен образды, бейнелеу құралдарын барынша терең тамырлы дамытуда, қазақ әдебиеті үшін жаңа бір күрделі кезең болды. Позиядағы айтарлықтай жаңа бір құбылысқа айналды. Ұлы М.Әуезов сөзімен айтқанда жыл келгендей жаңалық сездіре келген Т.Молдағалиев, С.Жиенбаев, Қ.Мырзалиев, М.Мақатаев, Ж.Нәжімеденов, Т.Айбергенов, М.Шаханов, т.б. ақындар әдебиет есігін өзіндік үнімен, өзіне лайық даусымен батыл еніп, еркін ашты.

Бұл арада 70 жылдан астам уақыт өз өктемдігін жүргізіп келген Кеңестік жүйенің әдебиетіміздің өсу процесіне кері ықпал тигізген әсерін айтып өтпеуге болмайды:

Біріншіден, бес ғасырлық ғұмыры бар қазақ әдебиетінің алтын қоры, бай қазынасы – фольклордың, ауыз әдебиетінің дәстүрі жалғасын таппай дағдарысқа ұшырады.

Екіншіден, Қазан төңкерісінен кейін, көп ұзамай: «Революцияны жақтайсың ба, жоқ оған қарсысың ба?» деген жалауды көтеріп, оған нақты жауап іздеді де, идеялық мазмұнына, әрі шығармашылығына қарай төрт топқа бөлінді.

Біріншісі – Кеңес үкіметіне сеніп, қолына қалам да, қару да алып күрескен Сәкен Сейфуллин, Баймағанбет Ізтөлин т.б. ақындар тобы. Екіншісі – бұл дүниенің болашағына барлай қарап, баянына үлкен ой көзімен қараған Мағжан Жұмабаев, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов т.б. ақындардың жұлдызды шоғыры. Үшіншісі – әдебиетке демократтық бағыт ұстаған нағыз бұқарашыл ақындар – Сәбит Дөнентаев, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров. Төртіншісі – еңбекші бұқара, халық арасынан шыққан ел ақындары – Жамбыл Жабаев, Иса Байзақов, Нұрпейіс Байғанин, Нартай Бекежанов т.б. тегеурінді талант иелері. .....
Әңгімелер
Толық

Ілияс Жансүгіров | Жаркент оязында


Жаркент оязындағы Албан қонысында Қарқара деген жәрмеңке бар еді. Бұл жәрмеңкеге күнбатыс Қытай мен Ресей саудасы тоқайласатын еді. Жәрмеңкенің саудаға салынған сомасы кей жылы миллионға жететін. (Көтеріліс туралы сол күнде баяндама жазған әскербасы Нэдзбецкий деген Жетісудағы көтерілістің Герман, Түрік агенттерінің Қытай арқылы азғыруымен болды дейтіні бар. Онда ол: Герман, Түрік агенттері Қашқар, Құлжа маңайында тұрып, Қарақолдан, Жаркенттен апиын кесуге келген қытай жұмысшылары және Қарқара жәрмеңкесіне қатынасқан қытай саудагері қырғыз-қазақ ішіне орысқа қарсы көтеріліс жасауға құтыртты дейді. Онысы шылғи жорамал.)

Жаркент оязы Қытайға шектес болған соң оған өкімет өте сақ болған. Казак-орыс, хохол қалаларын қаруландырған. «Маусым жарлығы» жарияланарда Кравченко дегенді бас қылып Қарқараға отряд жіберген.

Жаркенттегі алғашқы төңкеріс ұшқыны тамыздың 12-сінде ұшқындады. Бұған дем берген Алматы оязындағы Қызылбөріктердің көтерілісі. Шелек, Меркі және басқа болыстардың қазақтары жиналып, тамыздың 12-сі күні шет Меркідегі Нащепкин деген крестьянның диірменін талап (диірмен қазақ жеріне басып салынған), өзін өлтіріп, аялын байлап, диірменді өртеп жіберді. Онан Жалаңаш қаласына соқтықты. Қаладағы казак-орыстар мылтық атып, кіргізбеді. Егіннен ұстап алып екі казак-орысты өлтіріп, қаланың малын тиіп әкетті және сол күні Шелек басына салынған Ново-Афон қалашығына қазақ тиіп, қаланың бәрін өртеген. Қала адамдары старостаның қорасына жиналып, кешке дейін айтысқан. Жалаңаштан шыққан прапорщик Берг отряды қаланы арашалаған. Қазақтар тауды бауырлай Кегенге қарай жүріп, жолдағы орыс қыстауларының, зайымкелерінің барлығын өртеген. Бұл жолда Спецевский деген поселкені отқа жағып, қазақ қолы со бетімен Қарқарадағы Албанға қосылған.

Тамыздың 13-і күні Қарқараға шабуыл жасалды. Жәрмеңкені қамады. Бірақ күні бұрыннан дайындалып тұрған отряд қазақтың түтінін тұман қылды. Бергтің отряды қазақтың артынан Кеңсу өрлеп түсіп, Кравченконың отряды Қарқарадан, бір жағынан Қырғызстанның қазағы — үшеуі тоқайласып, қазаққа ойнақ салды. .....
Әңгімелер
Толық

Тау мен қаңбақ және бүркіт

Бір қаңбақты жел айдап, үлкен таудың етегіне әкеп тастап кетті. Мұны биіктен көріп тұрған тау:
– Е, қаңбағым, қайдан жүрсің, не қып келдің мұнда? – деді. Қаңбақ тұрып:
– Алты батпан ауырды көтерген алып едім. Жеті қабат ......
Ертегілер
Толық

Бүркіттің балапаны

Ертеде бір асқан мерген болыпты. Атқан оғынан жүгірген аң, ұшқан құс құтылмайды екен. Аңшы үстіне өзі атқан аңдардың терісін жамылып жүріпті. Сондықтан өзінің түр-түсі де алыстан қарағанда аң сияқты боп көрінеді екен.
Бір күні мерген биік тауды сағалап келе жатса, иір мүйізі шаңырақтай иіліп, қожыр-қожыр жартастың үстінде тұрған құлжаға көзі түседі. Басқа арқарлар арғы беттегі шалғында жайылып жүреді. Мерген құлжаны атпақ болып, бір жалпақ тастың үстіне шығып, садағын кезей бергенде, өзін бір алып құс аспанға көтеріп ала жөнеледі. Мерген не де болса қапы қалмайын деп, алысып бағады. Бірақ қанша бұлқынса да онысынан ешбір пайда болмайды. Құрсаудай бүрген шымыр шеңгел қаңбақтай домалатып, қалықтап кете барады.......
Ертегілер
Толық

Мұстафа Шоқай | Түркия Кеңес достығы

(Уәли Нұралдин бектің мақалаларына орай)

Ыстамбұлда шығатын «Хабар» атты газетінің (14 және 15 і желтоқсанда шыққан) екі санында Уәли Нұралдин бектің мақаласы басылып шықты. Олардың екеуі «Дүние жүзіндегі түріктер ...танысыңыз!», біреуі «50 миллион түрік бұқарасы қауіп астында» деп аталады.

Аталған мақалалардың мазмұндары олардың аттарынан да анық көрініп тұр. Бұлар Нұралдин бектің кезінде «Яш Түркістанға» көшіріп басылған (48-санына) екі мақаласының жалғасы іспетті. Уәли Нұралдин бек түрік баспасөзі беттерінде түрікшілік мәселесін өз деңгейінде көтеріп, жүрген бірінші және қазіргі кезде бірден-бір түрік қаламгері...

Түркия сыртында әмір сүріп жатқан түріктердің жағдайларынан хабар алып тұру, олармен қалыпты қарым-қатынас жасау мәселесі әлдекімге немесе Түркияның әлдебір елмен орнатқан саяси байланыстарына қарсы бағытталған дұшпандық әрекет емес. Осылай деп есептелетін болса, мұндай көзқарас Түркияның таяудағы, өткінші мүдделеріне болса, оның алыс болашақты көздейтін идеологиялық негіздеріне немқұрайды қарағандық болып шығар еді. Кеңес Одағы шекарасы ішіндегі Түрік автономиялары бастан кешіріп отырған қайғы-қасіретін кеңестік құрылым мен Түркия арасындағы достық - ынтымақ арқылы үйлестірмек болып жүрген Уәли Нұралдин бек мұны жақсы біледі.

Кеңес құрылымы мен Түркия Республ.....
Әңгімелер
Толық

Астана

Астана əсем қаласың
Көркейіп жылда барасың
Бауырына тарта бер
Қазақтың əр баласын

Еліміздің Астана мақтанысың
Өзіне мейрімі елдің....
Өлеңдер
Толық