Пән: Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.1B XVIII ғасырдағы Қазақ хандығы Сабақ тақырыбы: Жоңғар басқыншылығына қарсы Отан соғысының басталуы 1-сабақ Сабақтың мақсаты: • Қазақ хандығының ішкі саясатына талдау жасау • «Елім-ай» халық әніне тарихи дереккөз ретінде талдау жасау.
Пән: Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.3 А ХІІІ-ХV ғғ. І жартысындағы Қазақстан Сабақ тақырыбы: Неліктен Шыңғыс хан әскерлері Отырарды 6 ай бойы ала алмады?3-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 7.3.1.5 Отырарды қорғаудағы қала халқының ерлігін сипаттау Сабақ мақсаттары: «Отырар апаты» оқиғасын анықтау және талдау Отырар апатын бағалау.
Пәні: Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:XIII – XV ғғ. І ж. Қазақстан Сабақ тақырыбы: Неліктен Шыңғыс хан әскері Отырарды 6 ай бойы ала алмады? 2-сабақ Сабақтың мақсаты: • Отырарды қорғаудағы қала халқының ерлігін сипаттау.
Пәні: Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:XIII – XV ғғ. І ж. Қазақстан Сабақ тақырыбы: Неліктен Шыңғыс хан әскері Отырарды 6 ай бойы ала алмады? 1-сабақ Оқу мақсаты: Отырарды қорғаудағы қала халқының ерлігін сипаттау Сабақ мақсаты: Барлық оқушылар: • Отырарды қорғаудағы қала халқының ерлігін біледі, картадан көрсетеді Оқушылардың басым бөлігі: • Саяси жағдайды, өзгерісті талдайды Кейбір оқушылар: • Шыңғыс хан әскері Отырарды 6 ай бойы ала алмағандығын дәйектермен дәлелдеу.
Ұлы Жеңіске биыл 75 жыл толып отыр. Осы бір сұрапыл соғыста елім деп еміренген есіл ерлер, елдің ертеңі үшін жан аямай күресті. Басқа шауып төске өрлеген басқыншылардың меселін қайтарды. Бүгінде 130-дан астам ұлтпен ынтымағымыз жарасып, бейбітшілік бесігінде тербелуіміз біз үшін қанын да, жанын да салып соғысқан ержүрек аталарымыз бен қайсар аналарымыздың арқасы. Ендеше солардың ерліктерін ұмытпай, кейінгіге ұлықтау біздің басты борышымыз! Ұлы Отан соғысының аяқталғанына, мінеки, 75 жыл толды! Біз 71 жыл бойы бейбіт өмір сүріп жатырмыз. Ұлы Отан соғысына қатысқан ержүрек те, батыл аталарымыз бен апаларымыз: Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Талғат Бигельдинов, Төлеген Тоқтаров біздің жерімізді, елімізді басқыншы жаудан қорғап қалған. Осы Алматының көптеген саябақтарында, көшелерінде олардың ескерткіштері қойылған. 19411945 жылдар аралығында болған соғыс қаншама жанның өмірін қиды, қаншама отбасы ер жігіттерінен айырылып, қара жамылды. Сол соғыс қаншама бүлдіршінді жетім қалдырды? Елді жоқшылық, аштық жайлады. Тылда еңбектеген баладан бастап, еңкейген қартқа дейін тынбай еңбектенді. Олар майдандағы солдаттарды өз қамқорлығына алды. Соғыс адамзат баласын біріктірді. Олар бейбіт өмір үшін қасық қаны қалғанша күресті Ұлы Отан соғысы 4 жылға созылды. Майдан даласында 600 мыңнан астам қазақстандық қаза тапты. Бұл қан майданға қазақ топырағынан бір миллионнан астам ержүрек жауынгерлер аттанған. Олардың көбісі сол алапат соғыс алаңында қаза болды.......
Бүкіл адамзат тарихында мәңгі өшпейтін қасіретті беттер де орын алады. Солардың қатарында жиі еске алатынымыз-екінші дүниежүзілік соғыс. Елбасы Н.Назарбаев ол туралы Ұлы Жеңістің 60 жылдығына арналған салтанатты жиында былай деген екен: «Бұрынғы Кеңес Одағының халықтары үшін ол Ұлы Отан соғысы болды,өйткені Армия ғана емес,сонымен бірге бүкіл халық Отан қорғауға көтерілді» Бақайшағына дейін тас түйін қаруланған жау елімізге кенеттен баса көктеп кіріп,соғыс ашқан 1941 жылғы 22 маусым мен біздің халқымыз үшін Жеңіс Туы желбіреген 1945 жылғы 9 мамыр мәңгі өшпес тарихи даталарға айналды. Миллиондаған жазықсыз жандардың өмірін жалмаған сол қанды қырғынның басталғанына биыл 75 жыл, ал аяқталғанына 71 жыл толады. Қасіретті болса да,тарихымыздың сол бір қаралы беті де ешқашан ұмытылмақ емес,себебі ол тәуелсіз Қазақстан тарихының бір бөлшегі болып қала бермек. Бұл күндер қазақстандықтар жадында әр кез жаңғыра беретініне Нұрсұлтан Әбішұлының мына бір сөздері де айғақ: «Қазақстан біртұтас халықтар арасында Ұлы Отан соғысына қатысты. Сондықтан да соғыс пен ол туралы зерде-көпұлтты Қазақстанның жалпы тарихының бір бөлігі». Ал,қасиетті тарихты білу, оны қастерлеу, өнеге тұту-азаматтық парыз, жаңа қазақстандық патриотизмнің маңызды құрауышы, ажырамас компоненті. Қазақстан жауынгерлерінің Ұлы Отан соғысында теңдессіз ерлікпен шайқасқанын білеміз. Олардың ерлігі - Отанға деген шексіз сүйіспеншіліктің, жастарды патриотизм рухында тәрбиелеудің тамаша өнегесі. Қазақ жерінен майданға аттанғандар арасынан 500-ден астам адам Кеңес Одағының Батыры атанды. Қас батырларды елге, әлемге танытуда қаламгерлер де көп еңбек сіңірді......
Мен соғыстым, жоғалды жолдасым көп, Өмірде жауыздықтар болмасын деп. Мен жеңдім, жаралы ормандарға, Жаралы құстар келіп қонбасын деп. Мұқағали Мақатаев Біздің халқымыз қай уақытта да өз намысын, өзініңелімен жерін, Отанын білектің күшімен, найзаның ұшымен қорғаған халық. Қандай да қиындыққа төзген, мойымаған, оны жеңе білген. Осындай зұлматтың бірі – Ұлы Отан соғысы. ҰлыОтан соғысы басталғанына биыл 75 жыл болды, ал Жеңіске 71 жыл толмақ. Осыншама жылдар өтсе де бұл қырғын соғыс, оның салған жарасы, халқымыздың естен кетпес ерлігі ұмытылмайды. Рас, қайғы-қасірет бар қаптаған, Ғұмырлар бар батқан және батпаған. Әкелгенмен, әр адамға бір қайғы Сол жылдарға қарғыс айту жат маған, - деп ақын Мұқағали жырлағандай сол бір сұрапыл жылдар тарихта өшпес із қалдырды. Біз XXI ғасыр ұрпағы, қазіргі заманның жастары 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы жайлы тек тарихтан ғана білеміз кітаптан оқып, кинолардан көреміз. Сол зұлмат жылдардағы халықтың тартқан тауқыметін соғыстан жеңіспен аман-есен оралған ата-әжелеріміздің әңгімесінен естідік. Елге қауіп-қатер төнген отты жылдарда, сын сағатта біздің Қазақстаннан барған ерлеріміз де Отан үшін, Ел үшін,Жеңіс үшін жандарын пида еткен. Қазақстаннан майданға шақырылған мыңдаған адамдардың көпшілігі ұрыс даласында ерлікпен қаза тапса, кейбіреуі із-түзсіз жоғалып кеткен. Кеңес одағы Батыры атағын алған 500қазақстандықтардың ішінде Т. Бигелдинов, Л. Беда, И. Павлов, С. Луганский Батыр атағын екі мәрте, ал Шымкенттегі Чугуев әскери училищесінің түлегі И. Кожедуб үш мәрте иеленіпті.....
Мен қазақтың батыр қызы Мәншүк Мәметовамен жерлес болғанымды, бөкейлік болғанымды мақтан етемін. Мәншүк (Мәнсия) Жеңсікәліқызы Мәметова-қазақтың қаһарман қызы, Кеңес Одағының Батыры. Екінші дүниежүзілік соғыста осы жоғарғы атаққа ие болған шығыстан шыққан екі қыздың бірі. Алғашқы қазақ зиялыларының бірі А.Мәметовтың отбасында тәрбиеленген. Алматы медициналық институтында оқып жүріп, Кеңес армиясы қатарына өз өтініші бойынша алынған. Мәншүктің майданға өз еркімен аттануының бір себебі- халық жауы ретінде әкесін босату еді. Соғысқа өз еркімен келгенін, енді әкесін босатуын талап етіп И.Сталинге үш рет хат жазады. Алайда, Мәншүк бұл уақытта әкесінің атылып кеткендігін білген жоқ еді. 1942 жылы тамыз айында өзінің табандылығының арқасында Алматыда құрылған 100- атқыштар бригадасының құрамында майданға келген Мәншүк әуелі штабтағы хатшылық қызметте жұмыс істейді. Ұрыс алаңына бір-ақ түсем деп ойлаған Мәншүк бұл жұмысқа қанағаттанбай, штаб бастығынан атқыштар бөлімшесіне ауыстыруын өтінеді. Оған рұқсат етілмеген соң 1943 жылы ақпан-шілде айларында табиғатында зерек қыз «максимді» меңгеріп алады. 1943 жылы қазан айында азат етілген ежелгі орыс қаласы Невельді қайтарып алуға тырысқан жау әскері қайта шабуылға шығады. Невель үшін кескілесе жүріп жатқан ұрысқа Мәншүк бригадасы да кіреді. 15 қазан күні олар алдымен Мәскеу-Ленинград темір жолы бойындағы Изочи станциясын басып алады. Алайда екі-үш есе күшті қаруланған жау біраз жауынгерлерді жойып жібереді......
Молдағұлова Әлия (шын есімі Ілия) Нұрмұхамедқызы Ақтөбе облысының Қобда ауданы Бұлақ аулында туған. Қаһарман қазақ қызы, Кеңес Одағының Батыры.Анасы Маржан қайтыс болғаннан кейін нағашысы Әубәкір Молдағұловтың қолында тәрбиеленіп, Санкт-Петербургтегі № 9 мектепте оқыған. Ресейдің Рыбинск авиатехникумын бітірген. 1942 жылы өз еркімен Қызыл Әскер қатарына алынып, 1943 жылы мергендердің Орталық әйелдер мектебін үздік бітіріп шықты. 1943 жылдың тамыз айынан 2- Прибалтика майданында 26- атқыштар дивизиясының құрамында ұрысқа қатысып, мергендігімен көзге түсті. Новосокольники теміржол станциясы маңында болған ұрыста Молдағұлова жауынгерлерді шешуші шайқасқа бастап, қаһармандықпен қаза тапты. Санкт- Петербург және Мәскеу қалаларындағы және көптеген облыстардағы ондаған мектептер, көшелер Молдағұлова есімімен аталады. Новосокольники, Алматы, Шымкент, Қызылорда, Ақтөбе қалаларында және туған аулында ескерткіш орнатылған. Ақтөбе қаласында Молдағұлованың мемориалдық мұражайы жұмыс істейді. Мәскеудің № 891 орта мектебі жанында Әлияға арналған мұражай бар. Оның өмірі мен ерлігі жайында ақындар Я.Хелемский «Әлияның жүрегі», С.Жиенбаев «Әлия» дастандарын, жазушылар Ж.Жұмақанов «Әлия Молдағұлқызы», Ә.Нұрмаханова «Шығыс шынары» повестерін жазды. Молдағұлова туралы «Мергендер» атты фильм түсіріліп, балет шығарылып, «Әлия» әні туды. «Әлия» әні ән көгінде кәрі-жас ұйып тыңдайтындай ән маржанына айналды. Бұл мәңгі жас Әлияға арналған әнмен қойылған ескерткіш еді. Мәншүк, Әлия бүгінгі күні жас ұрпақтың табынары, ерлік пен елдіктің, сұлулықтың символы.......
Мамыражай бейбіт таңның бірі еді. Кенет батыстан от шарпыған қара түтін бұрқ етті. Дүниедегі өмір сүйгіш,тыныштық сүйгіш жүректер солқ етті.Адам да, жан-жануар да,жаңа ғана гүлге орана бастаған дала да күңіренді.Аналар аңырап,азаматтар күрсініп, балалар ұлардай шулап жатты. Әдемінің бәрін түтінге орап,тәтті сезімдерді мұңға айналдырған неміс фашизмі ашқан соғыс еді... Осы қанқұйлы соғысқа біреу жалғыз ұлын,біреу бауырын ,енді біреу сүйікті жарын қимай аттандарды. Отан қорғау-ұлы міндет. Бірақ тыныштықты, әсемдікті аңсаған Әйел-Ана жүрегі соғыс деген сұрапылға ерлерді езіле, егіле аттандырып жатқан-ды.Сол аттанған ердің бірі менің атам-Айтжан Ділешұлы. Айтжан атам 1917 жылы 1 қаңтарда Орда құмында дүниеге келген. Арғы аталарынан сынықшылық қасиет қонған отбасында үш қыз (апалары Нұржамал, Жұмаш және қарындасы Сақила) және жалғыз ұл менің атам- Айтжан тәрбиеленіп өскен. 1938 жылы әскерге шақырылған, атам Прибалтикада әскери қызметін өтеп, 1940 жылы елге оралған соң «Әжен»№88 түйе заводында бригадир болып қызметке тұрады. 1942 жылы соғысқа аттанады. Жапонияға қарсы соғыс ашылғанда Қытай халық Республикасында Манчужурияда және Жапонияны фашистерден азат етуге қатысқан.Сол кезде «Жапонияны азат еткені үшін» деген медаль берілген. 1946 жылы елге оралған......