К і р і с п е 1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы елімізді демократиялы, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде жариялады. Мұндай саяси және экономикалық бетбұрыстардың нәтижесі жаңа нарықтық қатынастардың пайда болуына, әлемдік шаруашылық байланыстарға кіруге және халықаралық экономикалық ынтымақтастықтың дамуына мүмкіндік туғызды. Ашық типті экономика құруының құқықтық негізі жеке меншікті мойындау мен қорғауды, кәсіпкерлік қызметтің еркіндігін бекітетін Қазақстан Республикасы Конституциялық ережелері болып табылады. Әлемдік шаруашылықтың қазіргі жағдайы соңғы онжылдықтарда әртүрлі мемлекет экономикаларының ғаламдастыру үрдістің кеңеюімен және тереңдеуімен айқындалып отыр. Шаруашылық өмірді ғаламдастыру бағыттарының бірі болып капитал экспорты табылады, атап айтқанда шетелдік инвестициялар. Тікелей шетел инвестициялардың ең көп бөлігі экономикамыздың мұнай және газ секторларына құйылып жатыр. Қазақстанда мұнай өндірісінің бастамасы 1898 жылға жатады.....
КІРІСПЕ Тұрлан гефизикалық экспедициясы Каспиймаңы ойпатының шығыс енеумаңы бөлігінде, әсірес Ақтөбе – Астрахан күмбезінің іргетасында1987 жылдан бастап сейсмобарлау жұмыстарын МОГТ жүргізген. Алдымен сейсмикалық зерттеулер тербелісті жарылыс көзін пайдалану арқылы тудырған, кейін сонымен қатар жармайтын құрылғы СВ – 5150 – ді пайдаланған. Берілген есеп беру сейсмикалық материялдардың көмегімен құралған. Онда сейсмикалық толқындарды жаратын және жармайтын әдістермен тудырған. " 1986 – 1990 жж. және 2000 жылға дейінгі кезеңде ССР – дің негізгі бағытта экономикалық және әлеуметтік дамуында" елдің жаңа ірі мұнайшығару кешенінің біріктілуі алдын ала ескеріледі, өзінің мағынасы бойынша тең Батыс – Сібір, ашық базада Каспиймаңы ойпатының аймағында Астрахан, Тенгиз, Қарашығанақ және Жаңажол кенорындарында. Осылармен байланысты Каспиймаңы ойпаңыңда геологобарлау жұмыстарының көлемінің елеулі өсуі алдын ала қарастырылады. Cоңғы болжамды бағаларға сәйкес бұл ауданның жоғарғы болашағы бар мұнайгаздылығы Қарашығанақ, Жаңажол, Кеңкияқ, Урихтау және т.б. аудандарында мұнай және газ кенорындарының ашылуымен тұжырымдалатын, боррты аймақтардың тұзасты түзілімдерімен байланысты. Көмірсутектердің негізгі қорларымен келтірілген карбонатты түзілімдер бірінші ретті объектілер ретінде қарастырылады. ....
КІРІСПЕ Қазіргі заманда мұнайдың адам өмірінде алатын орны өте зор. Қазіргі таңда мұнай бағасының күрт өсуі, оған дген сұраныстың артуын айқындайды. Маңғыстау мұнай нарығында негізгі компаниялар «Маңғыстаумұнайгаз», «Өзенмұнайгаз», «Қаражанбасмұнайгаз». Бірақ соңғы кезде инвестиционды компаниялардың ролі өте жоғары болып келеді. Басты кен орындар Жетібайда, Қаламқаста, Қаражанбаста, Тасболтта, Опорныйда орналасқан. Маңғыстауда мұнайдың ролі оте зор, мұнайшы мамандығыда жоғары бағаланады. Маңғыстау өлкесі Қазақстан Республикасының мұнайлы аймақтарының бірі болып келеді. Мұнайдан басқа Маңғыстауда мал шаруашылығы, атым энергетикасы, уранды өндіру және газ өндіру саласы өте жақсы дамыған. Зерттеу объектісі: «Маңғыстаумұнайгаз» Акционерлік Қоғамы және оның еншілес компаниялары. Өлкеміздегі ең ірі мұнай өндіру компаниясы бұл «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ. Республикамыздың экономикасының өркенеуіне үлкен үлесін қосып келеді. Компанияның екі ірі кен орны, олар Жетібай және Қаламқас. Маңғыстау аймағында көп жылғы іздеу жұмыстарының алғашқы жемісі Жетібай кен орны Оңт. Маңғыстау өңірінде 1961 жылы ашылды. Ал солт.Бозашы өңірінде 1974 жылы Қаламқас кен орны өзінің қоры жөнінен Маңғыстау аймағында екінші орын алады. Компаниямен бірлесіп жұмыс істейтін серіктестіктері, ұғылар қорын пайдаланумен, бұрғылаумен айналысатын “Oil Service Company” компаниясының, автокөлік және арнаулы техникалар кәсіпорындары “Oil Transport Cоrporation”, құрылысшылар мен монтажшылардың “Маңғыстаумұнайжолдары”, “Маңғыстаумұнара” және “Нефтестрой” еншілес серіктестіктері жаңадан құрылған “Oil Constraction Company” кәсіпорнының, тереңдікте пайдаланылатын мұнай сораптарын сынақтан өткізетін және жөндейтін “Techno Trading” кәсіпорнының, шыныпластикалық құбыр заводының, Ақтау қалалық су тұщытатын заводының, ғылыми өндіріс орталығының негізгі іс-әрекеттерін айта кетсек, осы жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері компания қызметінің бірқалыпты жағдайда болуына елеулі секптігін тигізеді.....
Кіріспе Қазіргі кезде ғылыми – техниканың қарыштап алға басуы, адамзат өмірін жақсартуға тікелей игі ықпал етумен қатар, қоршаған орта – табиғатқа орны толмас зор зиян тигізіп отыр. Бүгінгі таңда экологиялық жағдайдың нашарлауы мұнай және газбен ластану есебінен де жүріп отыр. Жылу – энергетикалық ресурстарды тым артық пайдалану, соның бірі – мұнай, қоршаған ортаның ластануына, яғни экологиялық жағдай қаупі дәрежесінің артуына әкеліп отыр. Мұнай кеніштерін өңдеу барысында топырақ және ландшафтарға әсер ету факторлары механикалық бұзылу және химиялық ластану болып табылады. Топырақ жамылғысының механикалық бұзылуы іздеу, ұңғыларды барлау және технологиялық объектілер құрылысы кезінде жүреді. Нәтижесінде өсімдік түрлері жойылады, топырақ горизонттарының жоғарғы бөлігі тығыздалады және бұзылады, ал ол өз кезегінде эрозия үрдісінің дамуына әкеліп, екінші ретті тұздалуының себебі болады. Қазақстан – мұнай және табиғи газға бай елдердің бірі. Мұнай қоры бойынша әлемде 12 – ші орында, ал мұнайды өндіру бойынша 23 – орынды алып отыр. Республикамызда қазіргі кезде 208 – дей мұнай кеніштері бар, олар территориямыздың 62% – ын алып жатыр. Осы мұнй кеніші қатарына Қызылорда облысы да жатады. Болжам бойынша бұл жердегі мұнайдың қоры 350 млн тонна болса, 100 млрд м³ газ үлесі алып отыр. Ластанудың негізгі себептері: ● Ластаушы заттармен атмосфераның, жер бетіндегі және жер астындағы сулардың, топырақтың ластану. ● Технологиялық құрал – жабдықтардың төменгі сапасы мен олардың апатқа ұшырау мүмкіндігінің жоғарлылығы. ● Топыраққа түсетін ауыр техниканы пайдалану.....
Еліміздің әлеуметтік экономикалық жағдайында соңғы 2-3 жылда жалпы экономикалық және әлеуметтік ахуалды жақсартуда оң үрдістер айырықша көзге түседі. Атап айтқанда, еліміздегі экономикалық өсудің жоғары қарқыны тек шикізат ресурстарына қолайлы баға коньюнктурасындағы сыртқы факторлармен ғана емес, сонымен қатар өнеркәсіп өнімінің көлемінің артуы , ауыл шаруашылығының дамуында оң серпіннің сақталуы, шағын бизнес саласының ұлғаюы сияқты ішкі факторлар мен қатар инфрақұрылым салаларының дамуы да көрінерліктей болды. Деректер бойынша 2003 ж. ішкі жалпы өнім 9 пайызды құрады, ал өнеркәсіп өндірісінің көлемі 8,4 пайызға артты. Мұның барлығы халықтың тұрмыс деңгейінің көтерілуіне қолайлы әсер етті. Адамдардың нақты ақшалай табысы өсті. Еңбек нарығында жұмыс күшіне сұраныс тұрақты болған сайын жұмыссыздық деңгейі төмендеп келеді. Атаулы орташа айлық жалақы және жан басына шаққандағы орташа табыс 15 пайызға өскен, ал осы орайда нақты көрсеткіш индексі 7 пайыздан аса құрады. Экономикалық өсу деңгейі жағынан Қазақстан ТМД елдері арасында көш бойы алда. Атап айтқанда, ішкі жалпы өнімнің жоғары деңгейі қатарынан төрт жыл бойы сақталып келеді. 2002-2003 жылдардағы кезеңде экономикалық өсу жиынтығы 49 пайызды құрады Биылғы жылы мемлекеттік кәсіпорындар қызметкерлерінің еңбек ақылары мен зейнетақылары біршама өсірілгенмен, өндіріс саласында қызмет жасайтындардан әлі де біршама, шамамен 3,5-4 есеге жуық төмен. Облыс экономикасының негізі мұнай өндіру болса, бұл салада қызмет жасайтын отбасыларының саны облыс отбасыларының 30%-н құрайды. Инфляцияны есепке алсақ және оның үстіне ай сайын еселеп өсіп отырған коммуналдық төлемдерді ессептегенде-қазіргі еңбек ақы әрбір отбасының жан басына шаққанда күнелтіс шегінен әлдеқайда төмен. Біздіңше еңбек ақыны реттеу мемлекеттік іс болуға тиісті. Еңбек ақы көтеріліп, осыған ілесе тауарлар бағалары мен әртүрлі төлемдер көбейгенінен қандай қорытынды шығады деген заңды сұрақ туындайды. Сондықтан мемлекет нарықтық экономика жағдайына сай, қалай болған күнде де еңбек ақыны тәртіпке келтіріп реттейтін болса, жақсы нәтижелер берер еді деп есептейміз.....
Кіріспе XX және XXI ғасырлар тоғысуындағы ғылыми-техникалық прогрестің адамзат алдындағы басты жетістіктерінің бірі- ақпаратты басқару құралына, ал ақпарат ағынын қажетті қор көзіне айналдырып және оны тиімді өңдеу құралы - компьютерлік техниканы қоғамдағы барлық салаларға жаппай ендіру болып отыр. Басқару үрдісіндегі негізгі элемент болып саналатын ақпарат жүйесінің және оған қатысты жаңа технологиялардың даму қарқыны - оны жобалаудағы жаңаша ыңғайларды қалыптастыруда. Ақпарат жүйесін күрделі динамикалық жүйе ретінде қарастырып, оны жүйелік ыңғаймен зерттеу қолға алынды. Жүйелер теориясын ақпарат жүйелерін зерттеуде қолдану – обьектілерді басқару мен реттеу барысын үлгілеуде аса қажетті өзара әсерлесетін еркін құрылымдағы агрегаттар жүйесі ретінде қарастыратын, күрделі жүйелерді үлгілеуді ұйымдастыру әдісін ұсынды. Елімізде өтіп жатқан нарықтық қатынастар тек экономиканы дамыту үшін ғана емес, бүкіл қоғамдық өмір үшін де орасан зор маңызы бар екендігін республикамыздың тәуелсіздігінің 10 жыл ішінде атқарылған жұмыстар көз жеткізе дәлелдейді.....
КІРІСПЕ Қарашығанақ мұнай газ конденсат кен орны 1979 жылы өндірістік геологиялық бірлестігі “Уральскнефтегазгеология” арқылы П-10 параметрлік ұңғысын бұрғылау кезінде ашылған. Кен орны Каспий маңы ойпатының солтүстік аймағында орналасқан. Мұнайгазконденсатты кеніш терең жатқат тұз күмбезінің астында 25*12 км көлемінде орналасқан. Мұнайгаздылық қабаты 300-метр – ден 1600-ге дейін, соның ішінде 200 метр қалыңдығында. Газмұнай шегі 4950метр тереңдіңгінде, ал су мұнай шегі – 5150 метр. 1983 жылы мұнай газ конденсат қоры туралы есеп жүргізілді. Осы құжат негізінде 1984 жылы ВНИИГаз арқылы тәжірибелі - өндірістік пайдалану (ТӨП) жобасы жасалынды. 1988 жылы көмірсутектер қоры нақты дәлелденіп есептелінді. Кен орны үш пайдалану объектісіне бөлінеді: 1 және 2 объектілері газды конденсатты және 3 – мұнайлы бөлімі болып, тереңдеген сайын конденсат мөлшері ұлғая бастайды. Қазіргі кезде пайдалануда тек бір ғана газды кешенді дайындау қондырғысы (ГКДҚ) бар. Оның құрамында LGA (Германия) жабдығымен жабдықталған үш технологиялық тізбек кіреді. Ол 1984 жылдан бері пайдаланылуда және ТМД елдерінен жабдықталынған төртінші технологиялық тізбек ьар. Ол 1989 жзылдан бері пайдаланылуда. Сонымен бірге, Орынбор газ өңдеу заводыа өнім жіберілетін 377 мм диаметріндегі үш конденсат желісі және 720 мм диаметірінде тазартылмаған газды айдайтын екі газ желісі пайдаланылуда. Газды кешенді дайындау қондырғысын ұзақ уақыт пайдалану нәтижесінде (17 жыл) жабдықтар өз ресурстарын және қызмет көрсетудің нормативті уақытын толық істеп, қондырғыны қайтадан жасап шығу қажеттілігі туды.....
Орталық Азияның батыс бөлігі Қазақстан мен Түркменстан, Кавказ өңірі, Ресей Федерациясының кейбір аудандарымен, Иранның солтүстік аумағы Каспий аймағын қүрайды. Бұл аймақ өз кезегінде Еуразия материгінің орталық бөлігін құрап, қазіргі таңда әлемнің саяси картасында ерекше орын алады. Еуразияның географиялық орталығы бола тұра, Каспий аймағы экономикалық және саяси маңызды аймақтардың, Шығыс Еуропаның, Таяу және Орта Шығыс, Оңтүстік Азияны, Азия-Тынықмұхит аймағын және Ресей Федерациясының солтүстік-батысындағы дамыған аудандарын байланыстырып, сонымен қатар, оларды бір-бірінен бөліп тұрады. Каспий теңізі арқылы мұнай мен газ тасымалдайтын құбырлар мен онымен шектесетін аймақтарды байланыстыратын кеме жолдары өтеді. Сондықтан, ағымдағы саяси, сауда-экономикалық және демографиялық ерекшеліктері Каспий өңіріндегі мемлекеттер мен халықаралық қатынастардың маңызды субъектілерінің Еуразия орталығы арқылы бір-бірімен қандай сипатта байланысатындарын анықтайды. Геосаясат ғылымынын негізін қалаушылары Каспий өңірінің әскери-саяси және экономикалық артықшылықтар беретін географиялық ерекшеліктеріне бұрыннан көңіл бөлген. Британ географы Х.Макиндер аймақты «Әлем аралы» деп сипатама берген. Тақырыптың өзектілігі – қазіргі таңда әлемдік экономиканың қарқынды дамуы, халықтың өмір деңгейінің жоғарылауы елдерде энергия тұтынысының өсуіне байланысты дамыған әлем державаларының негізгі мұнай ағымын қадағалауға, стратегиялық қорларының көлемін өсіруге бағытталған энергия ресурстары шоғырланған аудандардың бірі Каспий аймағындағы мұнайқұбыр коммуникациялар геосаясатының қарама – кайшылықтары мемлекеттердің экономикалық мүдделерінің сай келмеуі болып табылады. Энергия ерте уақыттын бері билік, байлық және әділеттілік мәселелерімен тығыз байланысты. Өткен жүзжылда құрылған энергетикалық жүйе жаппай өнеркәсіптік өндірістің қарқынды өсуіне, адамдардың жақсы тұрмыс хәлінің өсуіне әсер етті, осыған байланысты осы заманғы консьюмеризмді анықтады, әлеуметтік теңсіздіктің жаңа түрлерін және маңызды геосаяси және экономикалық мәселелерді тудырды. Аймақтағы мұнайқұбыр коммуникациялары геосаяси күштердің тоғысуының негізгі объектісі болып табылады. Каспий аймағында АҚШ, Ресей, Иран, Түркия, Қытай және Еуропалық Одақ (ЕО) сияқты әлемдік және аймақтық геосаяси күштердің және кіші транзиттік мемлекеттердің экономикалық мақсаттары шоғырлануда. Қазіргі таңдағы Каспий аймағындағы мұнай құбыр коммуникациялары аясындағы геосаяси жағдайларды келесі тенденциялар арқылы сараптауға болады: Баку – Тбилиси – Джейхан (БТД) жобасын іске асыру арқылы АҚШ-тың аймақтағы ролін нығайту; Ресейдің аймақтағы транзиттік мүмкіншіліктерін жоғалтпауға бағытталған іс-әрекеттері; Каспий аймағындағы Қытайдың өз позициясын нығайту. ....
Орталық Азияның батыс бөлігі Қазақстан мен Түркменстан, Кавказ өңірі, Ресей Федерациясының кейбір аудандарымен, Иранның солтүстік аумағы Каспий аймағын қүрайды. Бұл аймақ өз кезегінде Еуразия материгінің орталық бөлігін құрап, қазіргі таңда әлемнің саяси картасында ерекше орын алады. Еуразияның географиялық орталығы бола тұра, Каспий аймағы экономикалық және саяси маңызды аймақтардың, Шығыс Еуропаның, Таяу және Орта Шығыс, Оңтүстік Азияны, Азия-Тынықмұхит аймағын және Ресей Федерациясының солтүстік-батысындағы дамыған аудандарын байланыстырып, сонымен қатар, оларды бір-бірінен бөліп тұрады. Каспий теңізі арқылы мұнай мен газ тасымалдайтын құбырлар мен онымен шектесетін аймақтарды байланыстыратын кеме жолдары өтеді. Сондықтан, ағымдағы саяси, сауда-экономикалық және демографиялық ерекшеліктері Каспий өңіріндегі мемлекеттер мен халықаралық қатынастардың маңызды субъектілерінің Еуразия орталығы арқылы бір-бірімен қандай сипатта байланысатындарын анықтайды. Геосаясат ғылымынын негізін қалаушылары Каспий өңірінің әскери-саяси және экономикалық артықшылықтар беретін географиялық ерекшеліктеріне бұрыннан көңіл бөлген. Британ географы Х.Макиндер аймақты «Әлем аралы» деп сипатама берген. Тақырыптың өзектілігі – қазіргі таңда әлемдік экономиканың қарқынды дамуы, халықтың өмір деңгейінің жоғарылауы елдерде энергия тұтынысының өсуіне байланысты дамыған әлем державаларының негізгі мұнай ағымын қадағалауға, стратегиялық қорларының көлемін өсіруге бағытталған энергия ресурстары шоғырланған аудандардың бірі Каспий аймағындағы мұнайқұбыр коммуникациялар геосаясатының қарама – кайшылықтары мемлекеттердің экономикалық мүдделерінің сай келмеуі болып табылады. Энергия ерте уақыттын бері билік, байлық және әділеттілік мәселелерімен тығыз байланысты. Өткен жүзжылда құрылған энергетикалық жүйе жаппай өнеркәсіптік өндірістің қарқынды өсуіне, адамдардың жақсы тұрмыс хәлінің өсуіне әсер етті, осыған байланысты осы заманғы консьюмеризмді анықтады, әлеуметтік теңсіздіктің жаңа түрлерін және маңызды геосаяси және экономикалық мәселелерді тудырды. Аймақтағы мұнайқұбыр коммуникациялары геосаяси күштердің тоғысуының негізгі объектісі болып табылады. Каспий аймағында АҚШ, Ресей, Иран, Түркия, Қытай және Еуропалық Одақ (ЕО) сияқты әлемдік және аймақтық геосаяси күштердің және кіші транзиттік мемлекеттердің экономикалық мақсаттары шоғырлануда. Қазіргі таңдағы Каспий аймағындағы мұнай құбыр коммуникациялары аясындағы геосаяси жағдайларды келесі тенденциялар арқылы сараптауға болады: Баку – Тбилиси – Джейхан (БТД) жобасын іске асыру арқылы АҚШ-тың аймақтағы ролін нығайту; Ресейдің аймақтағы транзиттік мүмкіншіліктерін жоғалтпауға бағытталған іс-әрекеттері; Каспий аймағындағы Қытайдың өз позициясын нығайту. ....
КІРІСПЕ Қазақстан Республикасы үшін ең басты экономикалық мәселе-материалдық-техникалық базаны жасауда маңызды роль ауыс индустрияға тиесілі, және оның ішінде алдымен энергетика, қара металлургия, мұнай, газ, химия және мұнайхимия өнеркәсіптері, машина жасау. Қазіргі кезде материалдық өндірістің бірде-бір саласы мұнай мен газ өнеркәсібінің өнімін пайдаланбай дами алмайды. Мұнай мен газдың мұнайхимия өндірістерде шикізат ретінде қолданудың өсуіне байланысты мұнай мен газ өнеркәсібінің ары қарай жетілуі қарастырылган. Өндіру тиімділігін жоғарлатуға рационалды игеру жүйелерін қолдану, бұрғылау жұмыстарының технологиясын жетілдіру, олардың техникалық жабдықталуын жақсарту, қабаттар мұнайбергіштігін арттырудың қазіргі жаңа әдістерін кеңінен еңгізу және прогрессивтік технологиялық процестерді пайдалану арқылы қол жеткізуге болады. Қазіргі кезде су айдау — мұнай кен орындарын пайдаланғанда қолданылатын ең негізгі әдістердің бірі. Су айдаудың әртүрлі әдістері болады, бірак олардың әрқайсысының артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Жобалау кезінде су айдау жүйесін таңдау толығымен кеңіштің құрылысына байланысты. Гамма кен орны өнеркәсіптік игеруге 1985 ж берілген. 1998 ж мұнай өндіру жоспары орындалған жоқ, бұған ең басты себептердің бірі игерудің басынан бастап ұсынылған жобалық технологиялық ережелердің сақталмауы (су айдауға көшірілудің тым кеш болуы, әсіресе ыстық суға). Дипломдық жобада гамма кен орнындағы осы және басқа да проблемалар шешімдерін табу көзделген. Әрбір жеке бөлшектің өндірістік мүмкіндікгері мен игерудің тиімділігі анықгау сол бөліктің геологиялық негізіне, оны игерудің ұсынылып отырған жүйесіне сүйенуі керек. Одан басқа, бөліктен өндірілетін мүнайды мемлекет пен инвестор арасында бөлу шарты, сондай-ақ салықгар мен төлемдер шамасы анықталу керек 1 ТЕХНИКО – ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ 1.1 Геологиялық және экономикалық жағдайлар Гамма теңіз кен орны Қазақстан Республикасының Жезқазған облысы Жезді ауданында орналасқан жақын елді-мекен теміржол шоғыры жасалы аудан кен орнынан 159 километр қашықтықта орналасқан. Орталық областары кен орнынан Қызылорда 200 километр, Жезқазған 174 километр қашықтықта орналасқан. Кен орнынан шығысқа қарай 116 километр қашықтықта тас жолы өтеді. Қызылорда-Жезқазған линиялық электр жүиесі кен орнынан 20 километр аралықта өтеді. Кен орнынан 230 километр шығысқа қарай Омск, Повлодар, Шымкент мұнай құбыры тартылған. Техниқалық жұмыстар мен ауыз суға тереңдігі 80-100 метр жоғарғы бор су қабатынан алып пайдалынады. Кен орнындағы тұщы судың құрамында фтор бар екені анықталып ауыз суды кен орнынан 60 километр қашықтықта орналасқан су скважинасынан тасымалдап әкелінеді. Алаң аймағындағы жергілікті халық жаз мезгілінде мал шаруашылығымен айналысады. Ауданның әлеуметтік экономикалық жағдайы нашар дамыған. Кен орнында тек тас жолы бар, жаз, күз мезгілінде бүл жолменен барлық көліктер түрі емін-еткін жүре алады. Ал қыс мезгілінде қардың үйіліп қалуына байланысты көліктің жүруі қиындайды. Гамма теңіз кен орнының географиялық жағдайы теңіз деңгейінен 106-160 метр биіктікте орналаскан, негізінен бүл жер қырлы болып келеді. Ол нақты бедер белгілерімен белгіленген. Алаңнан Оңтүстіккке қарай құмды Арысқұм массивты орналаскан және жартылай бекітілген түйіршік бүдір құмнан құралған. Арыс тұзды көлі толық кеуіп қалған. Батысқа қарай 15 километр жерде орналасқан 70-80 метр Чинк биіктігі өзгермейтін тегіс жердің көтеріңкі платасы 150-200 метр бедер белгісі бөліп тұр. Ауданның ауа-райы тез өзгермелі, мезгілімен тәуліктік ауаның температура тербелісі ылғалдылығы өте тапшы және аз мөлшерде отырады. Жазда ең үлкен температура +30° +35° с ыстық, қыста -38° -40° аяз. Жыл бойындағы түсетін ылғал мөлшері 150 мм дейін, негізінде қыс, күз мезгілдерінде түседі. Оңтүстікке ағып жатқан Сырдария өзені кен орнынан 210 километр қашықтықта орналасқан. Жануарларды суару үшін алаңға жақын жерден Қызылорда гидрогеологиялық экспедициясымен өзгермейтін тегіс жерден артезиан скважинасы бурғылынған. Қазіргі кезде ГӨБ (ПГО) «Южказгеология» кен орны аймағында құрылыс материалдары бар екені анықталды. 1.2 Ауданның геология-геофизиқалық зерттеу тарихы Оңтүстік-Торғай ойпатының тиімділігі 1970 жылдың басқы кезінде жоғарғы Полеозой шөгінділерімен байланысқан. Ол гравитациялық өлшеміне мәліметтерімен негізделген магнитті және геологиялық түсірген масштабы 1:500000 және 1:200000 аналогиялық Қостанай седловинасы бойынша Чу-Сары депрессиясымен аймақтық сирек тарабындағы сейсмологиялық кескінің жүмысын орындап болғаннан кейін Арысқұммен КМПВ және жыланшық ғылыми геологиялық зертеулер жұмыстар нәтижесінде Юра-триас грабень синклиналы (68-72) және мезозой қимасында тиімдігі жатады.....