География | Көкшетау Бурабай аймағындағы курортты рекреациялық шаруашылықтың дамуы

Тақырыптың өзектілігі. 1998 жылдан бастап Астана қаласы – Қазақстанның астанасы – Үкіметтің ресми резиденциясы мен елдің басқарушы орталығы. 1999 ж. Көкшетау қаласы Ақмола облысының әкімшілік орталығы болды және Көкшетау-Бурабай аймағы Астананың даму жоспарына кіргізілген болатын. Көкшетаудың қазіргі кездегі әкімшілік статусы осы аймақтың дамуы мен гүлденуіне көмектеседі, осыған байланысты рекреациялық және туристік ресурстар меңгеріледі, осы арқылы таңдалған тақырып өзекті болып отыр.
Көкшетау–Бурабай аймағы –Қазақстанның солтүстігінің ең әдемі орны. Бұл – сұр жартастар мен қылқанды жапырақ ормандарының, әсем таулар мен тұнып жатқан өзендердің таңжайып өлкесі, даланың тамаша аралы. Таулардың, ормандардың және көлдердің үйлесімі ландшафттардың тек қайталанбас сұлулығын ғана емес, ерекше емдік климатты да құрап отыр.
Көкшетау–Бурабай аймағы – санаторийлер, профилакторийлер, демалыс үйлері мен спорттық-сауықтыру лагерьлерінің өлкесі. Өзінің әдемілігімен және сұлулығымен Ресейдің, Қазақстанның әр бұрыштарынан және ТМД елдерінен ондаған мың адамды тартады. Бурабай қымызбен, емдік батпағымен және минералды су көздерімен атақты. Курортта әсіресе дала шөптері мен шыршалы орманның ғажайып иісіне қаныққан таза ауа ерекше жанға жағымды.
Бурабай – халықаралық мәнге ие курорт. Дәрігерлер мен демалушылардың жалпы пікіріне қарағанда, Көкшетау-Бурабайда басты емші болып табиғат табылады. Оның 5 негізгі «емдеу кабинеттері» бар: орман, су, тау, ауа және күн.
Көкшетау–Бурабай аймағы өзінің сұлулығы үшін және көлдерінің, өсімдік пен жануарлар әлемінің даралығы үшін «Қазақстан маржаны» деген поэтикалық атауға ие. Туризм - әлемдік экономиканың жетекші және ең бір динамикалық салаларының бірі. Жылдам өсу темпіне байланысты ол жүз жылдықтың экономикалық феномені болып мойындалып отыр.
Көптеген елдерде туризм жалпы ішкі өнімнің қалыптасуында, қосымша жұмыс орындары мен тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз етуде, сыртқы сауда балансының белсенділігінде маңызды роль атқарады. Туризм көлік және байланыс, құрылыс, ауыл шаруашылығы, халық тұтынатын тауарларды өндіру және тағы басқа сияқты экономиканың негізгі салаларына ықпал етеді, яғни әлеуметтік-экономикалық дамудың өзінше бір катализаторы болып қызмет етеді.
Берілген дипломдық жұмыста біз Көкшетау–Бурабай аймағын курортты шаруашылықтың моделі ретінде қарастырамыз, сонымен қатар мұнда туризмнің дамуына қажетті болашақ жоспарлары қарастырылады.
Ұсынылған жұмыстың мақсаты - Көкшетау–Бурабайдағы курортты шаруашылықтың қазіргі күйін, табиғи-географиялық алдын-алулар және аймақтағы туризм мен курортты шаруашылықтың даму қадамдарын зерттеу. ....
0 + 0 -

Шығарманың түрлі жанры бойынша шығармашылық жұмыс жазу Сәкен Сейфуллиннің «Көкшетау» (4 сынып, III тоқсан)

Пән: Әдебиеттік оқу
Бөлім: Табиғат құбылыстары
Сабақ тақырыбы: Шығарманың түрлі жанры бойынша шығармашылық жұмыс жазу Сәкен Сейфуллиннің «Көкшетау»
Оқу мақсаттары: 4.1.4.1 сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді/ нақыл сөздерді, вербалды емес тілдік құралдарды қолдану;
4.3.2.1 таныс мәтінге жаңа кейіпкерлер қосу, жаңа сюжеттер енгізу, өлең (төрт жолды) жазу
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді қолданады;
Көпшілік оқушылар: нақыл сөздерді пайдаланып, туған жер туралы ойын айтады;
Кейбір оқушылар: шығармашылық жұмысын сурет түрінде ұсынады.....
0 + 0 -

Күләш Ахметова (Көгілдір кештерінде Көкшетаудың)

Ауаның өзінде де көк шырай қап,
Самал жел көк бояуын төксін ойнап...
Көкшетау!
Көгілдір нұр!
Көкпеңбек көл,
Армысың,
Көгорай бел,
Көкшіл аймақ!
Армысың!
Айдын көлім,
Бурабайым,
Алдымнан шықты-ау қайың,
қарағайың.
Аталар ат шалдырған
алаңқайда
Менің де ізім қалсын,
Аралайын.......
0 + 0 -

Белла Газдиева Асланбекқызы

Газдиева Белла Асланбекқызы – Ақмола облысы Целиноград ауданы Родина ауылдық округінің әкімі
Биография

Газдиева Белла 1983 жылы Ақмола облысының Көкшетау қаласында дүниеге келген. Әкесі – құрылысшы, анасы – заңгер.
1999 жылы гуманитарлық гимназияны тәмамдап, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Мамандығы «Орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі».

Еңбек жолын Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасында зертханашы болып бастап, 2004 – 2008 жылдары Ш.Уәлиханов атындағы КМУ-дің аспирантурасында оқыды.

2011 жылы ассоциаланған профессор (доцент) атағын алады. 2009-2011 жылдары орыс филологиясы кафедрасында аға оқытушы болып жұмыс істеді....
0 + 0 -

Александр Кинцель

Александр Кинцель - педагог, кәсіби маман

Ғылыми-теориялық дайындығы бар, инновациялық әдістемелер технологиясын меңгерген, жоғары әдістемелік деңгейде дәріс бере алатын педагог. Александр әрқашан педагогикалық ізденісте жүреді, ол балалармен қазіргі сабақ беру техологиясы бойынша дәріс жүргізеді. Ынтымақтастық технологиялар элементтерін, жеке тұлғаға бағдарланған оқыту, коммуникативті-ақпараттық технологияларды қолдана отырып, жақсы нәтижелерге қол жеткізіп келеді. Мәселен, оқушыларының оқу үлгерімі – 100% үлгерім, ал білім сапасы – 98 %.
Жемісті педагогикалық жұмыстың нәтижесі деп олардың биология пәні бойынша халықаралық, республикалық, облыстық олимпиадаларға қатысып, әр түрлі жүлделі орындарға қол жеткізулерін айтуға болады. Александр Кинцель өсіп келе жатқан буынның азаматтық және патриоттық сезімдерін нығайтуға ат салысып келеді.....
0 + 0 -

Наталья Дементьева

Наталья Дементьева – Көкшетау гуманитарлы-техникалық лицейінің директоры
Ол «Нұр Отан» партиясының белсенді мүшесі. 2009 жылы Астана қаласында өткізілген партияның кезектен тыс съезінде еліміздің жастары мен мұғалімдерінің атынан Елбасының алдында сөз сөйлеу құрметіне ие болды.

2009 жылдан бастап 2016 жыл аралығында лицейдегі мұғалімдік жұмысын «Қазақстан-Көкшетау» Ақмола телерадиокорпорациясының тележүргізушісі қызметімен қатар алып жүрді. «Біз үйрендік!» (тақырыбы – өзге ұлт өкілдері арасында мемлекеттік тілді насихаттау), «Мың бір сөз» (қазақ тілінің теледидарлық сабағы), «Живой родник» (Қазақстанның танымал тұлғалары туралы), «Бір шағырақ астында» (Ақмола облысының Ассамблеясымен бірлескен жоба) атты өзінің авторлық жобалары бар, 2012 жылдың қыркүйек айынан бастап эфирге «Танымал» жобасы шықты. Мақсаты – еңбек адамының образын ашу. 2013 жылдың наурыз айынан бастап эфирге «Ақ дастархан» бағдарламасы шықты. Мұғалімнің «Живой родник» атты авторлық жобасы облыс мұғалімдерінің тарих, өзін-өзі тану, әдебиет сабақтарында белсенді қолданылады. ....
0 + 0 -

Жұмағали Саин (Көкшетау)

Болғанда сұлу сырлы жаздың айы
Дүкеннің себілгендей иіс майы
Санаттай даласының жайнап гүлі,
Ән салып көтерілер боз торғайы.
Еркелеп сұлу гүлдің қойнына еніп
Жұтқанда жібек желін кеуде керіп.
Күлерсің, қуанарсың, шаттанарсың
Баладай ана сүйген емшек беріп.
Бәу - бәулеп маңдайынан сипап желі,
Тербетер мейірленіп сонда сені.
Ән салып тоқсан түрлі күй тартады,
Өнерпаз сауық құсы дүниедегі.
Тамаша талай сыр бар бұдан өзге......
0 + 0 -