Тілдер күні (Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз)

Тәрбие сағат тақырыбы: Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз
Мақсаты: Оқушыларды туған халқының тілін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Сыныпты тақырыпқа лайық безендіру, нақыл сөздер.
Мұғалім: Ана тілі- адам болып жаралғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп-өніп, түрлене беретін,мәңгі құламайтын бәйтерегі.Ана тілі жүректінің терең сырларын, халық тарихының барлық кезеңдерін, жанның барлық толқындарын ұрпақтан-ұрпаққа сақтап отыратын қазына.
Мейрам: Қазақ тілі аса бай, икемді тіл.Қалай исең, солай иіле береді.Орамын, бұрымын тауып, қисынын, орайын келтіріп пайдалаңсаң,бұл тілмен сурет салуға, тас қашап,ағаш, текемет оюға болады-ау.Бұл тілден....
Тәрбие сағаттар
Толық

8 наурыз (Қызыма)

8 Наурыз арулар күніне арналған жылы лебізімді қабыл ал. Тал бойыңа ажарына ақылы сай, нәзік те биязы, көрікті де келбетті Қазақ қыздарының жан сұлулығын тілеймін. Жанарың әрдайым нұр шашып, жүзің күндей күлімдеп, көңілің көктемдей көрікті болсын!

Ізгі тілекпен, жан әкең ………………!
Құттықтау, тілектер
Толық

Сүйікті жарыма, сүйіктеме (8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні)

Өзіңді көгілдір көктемнің шуақты мерекесі – 8 наурыз әйелдер күнімен құттықтаймын. Осынау жарқын мереке күні мәңгілік жастық алауын, адал махаббат жылуын, шынайы сүйіспеншілік шуағын тілеймін.

Ізгі тілекпен, жан жарың……..
Құттықтау, тілектер
Толық

1 Қазан - Қарттар күні

Ақиқатты айқындап жариялар,
Бара жатыр азайып қариялар.
Дауыл тұрса, бүлк етіп толқымайтын,
Бара жатыр сарқылып дариялар…
Неменеге жетістің, бала батыр?
Қариялар азайып бара жатыр.
Бірі мініп келместің....
Өлеңдер
Толық

9 Мамыр - Жеңіс күні (Көптен күткен Жеңіс!) [жоспар]

Жер бетін тып-типыл етуге ұмтылған, аранын ашып, әлемге алақұйын жалын шашып, жан біткенді жалмауға жанталасқан заһарлы зұлмат - екінші дүниежүзілік соғыс туралы шығарма жазуды бастағанымда, бұл тақырыпты он бетке болсын, жүз бетке болсын сыйғызудың мүмкін еместігіне көзім жетті. Себебі, соғыс-уақытқа тәуелсіз, ешқашан өзгермейтін, ешқандай сынға берілмейтін азап.

Бұл тақырыпты шын мәнінде ашу үшін сол сұрапыл соғысты өз көзімен көрген адаммен сұхбаттасқанды жөн көрдім. Жеңіс үшін өмірін, жастық шағын қиған, тағдырдың ауыр да азапты тауқыметінен....
Шығармалар
Толық

Туған күнге балаға тілек

Балаларға арналған тілектер, өлеңдер және қыз балаға мен ұл баланың туған күніне арналған тілектер жиынтығын ұсынамыз!!! Туған күнге балаға тілек

Құттықтау, тілектер
Толық

Туған күн (Қайраткер, Ғалым, Мұғалім, Ұстаз, Бастық)

Қадірлі ағайындар! Адамның бойындағы ізгі қасиеттер туралы айтқанда аяулы құрбымыз, қадірменді замандасымыз ойға түседі. Ол қай жағынан қарасаң да алуан құбылып, ғажап нұр шашып тұратын асыл алмаз сияқты. Оны білетін, араласып жүрген жандар оның мол адамгершілік қасиеттерін айта алар еді. Және сол қасиеттерімен айналасына адамдарды шамның жарығы тәрізді тартып жүретіні алдымен ауызға түседі.
Құттықтау, тілектер
Толық

Келініме туған күнге тілектер, құттықтаулар

Ағайынға қамқор, бауырға мейірімді, жайсаң да жайдарлы Келінімізге әлемдегі бар жақсылықты, дүниенің шуағын, өмірдің жырын, жүрегіне Алланың нұрын тілейміз. Алла жолын ақ, көңілін асқақ, жүрегін уайымсыз, арманын айқын, мақсатын...

Құттықтау, тілектер
Толық