Менеджмент | КОРПОРАТИВТІК МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Корпоративтік мәдениет – бұл пәнаралық зерттеу бағыты. Ол менеджмент, ұйымдық мінез-құлық, әлеуметтану, психология, мәдениеттану секілді бірнеше білім саласының тоғысында тұр. Бұл тұжырымдаманың нақ осы көп пәнділігі оның ерекше интегративті мәнін көрсетеді. Бір жағынан, оны қарастыру барысында танымдық аяда белгілі бір қиындық тудырса, басқа жағынан алып қарасақ, кәсіпорынды сауатты әрі тиімді басқаруға мүмкіндік береді.
Ұйымдық мәдениет мәселесі біздің елімізде және шет елде аз зерттелген, салыстырмалы түрде жаңа болып табылады. Тіпті АҚШ-тың өзінде бұл мәселе бар болғаны 80-90-жылдары ғана зерттеле бастаса, ал ТМД-та бұдан көп кейін қолға алынды. Сондықтан ұйымның қызметін ұйымдық мәдениет тұрғысынан шындап зерттеудің кезі келді. Бұл мәселеге қызығушылықты басшылар мен мамагндардың сұраныстары, сондай-ақ ұйымдардың зерттеу жобаларын орындауға берген нақты тапсырыстары дәлелдейді.
Фирманың мәдениеті – «ауа-райы» ұғымының синонимі емес. Мәдениеттің өзі осы ұйымдағы ауа-райын, құндылықтарды, стильді, өзара қарым-қатынасты білдіреді. Оның ұғымына мыналар кіреді: адамдардың мінез-құлқындағы әйтеуір бір тұрақты қайталанып отыратын сипаттамалар, мысалы: жол-жоралар, құрметтеуді білдіретін формалар, мінез-құлық мәнері, өндірістік топтың нормалары; ұйымның қызметкерлерге немесе тапсырыс берушілерге қатысты саясатын анықтайтын философия; ұйымда табысқа жету үшін сақталуы тиіс «ойын тәртібі».
Қазақстандық фирмалар мен кәсіпорындар әлі күнге шейін қазіргі кез бен болашақтың мәселелері өткен кездің тәсілдерімен шешіле бермейтінін жете түсіне қойған жоқ. Құндылықтар туралы түсінік қозғалысқа енді. Біздің кәсіпкерлер бұрын барша мойындаған тәртіп, құлақ асу, иерархия, билік секілді құндылықтардың орнына қатысу, өзін-өзі анықтау, ұжым, тұлғалық қасиетті ашу, шығармашылық секілді басқалары келетінін әлі де анық түсіне қоймады.
Көптеген батыстық және қазақстандық кәсіпкерлер ауызбіршілігі мол ұжымы қалыптасқан, қызметтегі сатылық кедергілері аз, әрбір мүшесі ортақ табысқа ұмтылған және мұны өздерінің материалдық жағдайы осыған байланысты деп ұғатын фирма ғана өркендейді деген тұжырымға келді. Ұжымында корпоративтік мәдениеті жақсы дамыған фирма жылдам көтеріліп, дамиды.
Қазіргі кезде ұйымдарда корпоративтік мәдениетті қалыптастырудың, ұстап тұрудың және қайта ұйымдастырудың көп көлемдегі теориялық және практикалық тәжірибесі жинақталған. Мескон М. Х., Альберт М., Хедоури Ф. секілді менеджменттің классиктері корпоративтік мәдениетті қалыптастыру мәселесін зерттеуге қомақты үлес қосты. Дегенмен, қазіргі заманғы авторлардың мақалалары ерекше назар аударуды қажет етеді. Атап айтқанда, Надя Крылованың корпоративтік мәдениеттің әртүрлі аспектілеріне, оның мазмұнына, мәні мен құрамдас бөліктеріне арналған тақырыптық мақалалары қызғылықты. ....
Курстық жұмыстар
Толық