УЕФА клубтардың жаңа рейтингін жариялады

Европа футбол қауымдастығы одағы (УЕФА) футбол клубтарының жаңа рейтингін жариялады. Ертең басталатын ел премьер-лигасындағы командаларымыздың рейтингтегі нәтижелерімен таныс бола отырыңыздар.

Еліміздің УЕФА рейтингіндегі командалар арасында «Ақтөбе» алда келеді. Жаңарған рейтинг қорытындысы бойынша Владимир Никитенко командасы 196-шы сатыда тұр. Еншісінде 8.150 ұпай....
Жаңалықтар
Толық

Орал тұрғыны ірі жол апатының құрбандарын ажалдан алып қалды

Орал қаласының тұрғыны Ринат Фардиев есімді азамат үш адамды ажал аузынан арашалап қалды. "Атырау-Орал" тас жолында болған жол апаты кезінде соғылған қос көліктің бірі суға батып кеткен.

Ринат дереу қимылдап, көлік ішіндегі жолаушылардың үшеуін құтқарып алды. Өкінішке орай, төртінші кісі есін жия алмастан сол арада көз жұмған. Ішкі істер департаментінің басшылығы осы батылдығы үшін Ринат Фардиевке арнайы алғыс хат тапсырды деп хабарлайды 24 арна.

Сол оқиға болған күні Ринат кешкі сағат 20:00 шамасында Атыраудан Оралға қайтып келе жатқан екен. Жолда бұзылған көлігін жөндеп жатқан Ринат екі машинаның соғылған даусын естиді. Істеп жатқан жұмысын тастай салып, жол апатына ұшырағандарға көмек көрсету үшін жанұшыра жүгіреді.

Бірақ, бір көлік бар да, екіншісі жоқ. Оның қайда кеткенін түсінбей, аңтарылып тұрып қалдым дейді ол.


"Менің ойымша ......
Жаңалықтар
Толық

2014 жылдан бастап байлыққа салық салынады

Жаңа жылда - жаңа төлем. 2014 жылдан бастап байлыққа салық салынады. Осылайша қазақстандықтар бекітілген көрсеткіштер бойынша қолда бар мүлкі үшін мемлекетке салық төлейді.

Мысалы, баспанаңыздың құны он миллион теңгеден асып жығылса, он бір мың теңге салық, оның үстіне пәтер құнының 0,25 пайызын төлейсіз. Ал үйіңіз жиырма миллионға жуықтаса 40 мың теңге салық пен пәтер құнының 0,45 пайызын мемлекетке төлеуге міндеттелесіз.

Ал элиталы пәтер үшін салық 800 мың теңгеден асып жығылмақ. Көлікке салынатын салық мөлшері де шарықтап тұр. Қозғалтқыш көлемі 3-4 мың текше сантиметрлік темір тұлпар үшін 60 мыңнан 120 мың теңгеге дейін салық төлейсіз.

Ал қозғалтқыш көлемі 4 мың текше сантиметрден жоғары көліктерге салынатын салық 240 мың теңге болмақ.

Естеріңізге салайық, мұндай салыққа қатысты заң жобасын талқылау кезінде Парламент депутаттары арасында қызу талқылау болған еді. Қозғалтқыш көлемі 3 мың текше сантиметрден асатын көліктерге салықты көтеру негізсіз деген парламентшілер, салықты біраз сын садағына алған.

"Біз бұл жобаны қабылдай алмаймыз. Себебі бұл жоба Президент бұйрығына кереғар. Салық жобасына толықтырулар енгізер кезде біз қалталы азаматтарға салмақ салуды көздедік. Демек орта тап зардап шекпеуі тиіс. Сондықтан салықты қымбат көлігі мен үйі барлар төлеуі тиіс!", - деген болатын ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин.

Жаңалықтар
Толық

Балабақша | Жаңа жыл (Ертегі әлемі)

Музыка ойналып, екі бала залға кіреді.
1- бала: Армысыңдар, халайық!
Бармысыңдар, халайық!
Жаа жылды жұп жазбай,
Бірге қарсы алайық!
2- бала: Ертегі әлемі
Қандай өзі әдемі,
Жасыл шырша жанында,
Барлық достар жиналды.
Кәне балақай, байқашы,
Мән беріп қарашы!
Достардың барлығы, Үлгерді ме, санашы.
Қалған балалар залға кіріп, шеңберге тұрады.

Келді тағы жаңа жыл
Қуантумен....
Сценарийлер (ертеңгілік)
Толық

Кір тасын көтеруден 76 жастағы жерлесіміз Гиннестің рекордтар кітабына енді

Күш атасын танымас. 76 жастағы Алматы облысы Көксу ауылының тұрғыны кір тасын көтеруден Әмірбай Рысқұлов Гиннестің рекордтар кітабына енді.

Қария зілтемір көтеруден өз мықтылығын Ресейдің Архангельск қаласында дәлелдеген. Спортшы жетпістің желкесіне шықса да, Гиннестің рекордтар кітабына енгізетін халықаралық комиссия мүшелерінің алдында 10 келілік кір тасын жарты сағат тоқтамай 750 рет көтерген. Өзінің айтуынша, бұдан да көп көтеруге мүмкіндігі болған.

Дегенмен, рекорд жасау үшін 750-ге жеткізу негізгі меже болып есептеледі. Ал әлемнің кіл мықтылары мықтылықтарын дәлелдеуге арналған бәсекеге жалпы 400-ден астам спортшы жиналған.

Қазақ елінен Әмірбай Рысқұловтан басқа тағы 4 зілтемірші қатысса, Алматы облысынан барған 55 жасар Жұмахан Құзабаев та рекорд орнатты.

Қазір Әмірбай Рысқұловтың қоржынында 105 медаль болса, оның 65-і алтын. Спортшы бұл жеңісін Тәуелсіздігіміздің 22 жылдығына арнап отыр.

Жаңалықтар
Толық