Олар өте бақытты отбасы болатын. Бірақ, бір күні анасы ауру себебінен сүйікті күйеуі және енді ғана үш жасқа толған сүйкімді қызын тастап, бұл дүниемен қоштасты. Сәби күн сайын әкесінен «Мамам қашан қайтып келеді?” деп сұрайтын. Ал әкесі қызын жұбатып, „Қызым, мамаң өте алыс бір жерге жұмысқа кетті” деп...
Олар өте бақытты отбасы болатын. Бірақ, бір күні анасы ауру себебінен сүйікті күйеуі және енді ғана үш жасқа толған сүйкімді қызын тастап, бұл дүниемен қоштасты. Сәби күн сайын әкесінен «Мамам қашан қайтып келеді?” деп сұрайтын. Ал әкесі қызын жұбатып, „Қызым, мамаң өте алыс бір жерге жұмысқа кетті” деп құшақтап ұйықтататын.
Сөйте жүріп, қызы алты жасқа шыққан жылы, әкесі мейірбан, ақкөңіл бір әйелмен танысады. Бір күні әкесі қызына: “Қызым, мамаң қайтып келетін болды. Сен мамаңның түрін ұмытып қалған жоқсың ба?” деп сұрады. Кішкене сәби ары ойланып, бері ойланып, басын шайқайды. Әке қызын аяп кетті әрі бір жағынан сәл де болса жеңілдеп қалғандай сезінді. Ол әлі де бала ғой.
Дәл сол сәтте есік ашылып, әлгі әйел кірді де құшағын кең жайып, қыздың есімін шақырады. Сәл таңырқап, жатырқап тұрған қызына әкесі: „Қызым, мамаңды танымадың ба? Тез “мама” деп шақыра ғой” депті. Сәби ақырын адымдай басып барып, „мама” деп құшақтай алады .....
Сүйе алмаймын - сүйгім келіп тұрса да есім кетіп (мейлің мені сол үшін кешірме түк), болмағандай ештеңе барасың ғой, аласұрып келесің несін жетіп? Көрген жерден ....
Мен осы не істесем екен бүгін? Жатқандай мәнсіз өтіп бекер күнім. Жүйріктің құйрығындай ғұмырымда жанымды жаңбырлатқан жетер мұңым! Жалғанды жарқыратып күміс қары, тағы бір жыл-жапырақ тұр ұшқалы.....
Сен үшін сонау алыстардағы елес ем, Осынша мені арман қып келдің неге сен. «Сыртыңнан сүйіп жүретінімді сезуші едің ғой» демесең, Мен саған ғашық емес ем. Мен саған ғашық емес ем. Мен саған ғашық емес ем.....
Сөз жазамын түнімен Бар ұйқымды қашырып. Тығып қойман мұны мен Еш адамнан жасырып. Мен кетермін, сөз қалар Ақ қағазға басылып. Бозбалалар қолға алар Әр ауылға шашылып. ....