Жарнама жарнамалық өнімді (ақпаратты) өндірумен, таратумен және тұтынумен байланысты ерекше қызмет түрі болып табылады. Жарнамалаудың объектісі әр түрлі тауарлар, іс-әрекет (қызметтер, жеке және заңды тұлғалар, белгілі бір құбылыстар, идеялар және тағы басқалар болуы мүмкін. Нарық жағдайларында көптеген фирмалар (кәсіпорындар) мен ұйымдар мынадай мәселені шешеді: өзінің жарнамалық қызметін құру немесе жарнама агенттіктерінің қызметтерін пайдалану. Өзіндік жарнамалық қызметті ұйымдастыру мүмкін болатын жұмыстардың көлеміне, мамандану бағыттары мен жарнамалық мақсаттарға бөлінген ақша қаражаттарына байланысты болады. ....
Жаркент қаласы – Қытай Халық Республикасының Шыңжаң өлкесіндегі байырғы қалаларының бірі. Қазіргі таңда Алматы облысы, Панфилов ауданының орталығы. (1928 жылдан). Облыс орталығы-Талдықорған қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 289 км, Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 331 км жерде, Іле өзенінің аңғарында, Жетісу (Жоңғар Алатауынан бастау алатын Үсек (Өсек) өзенінің сол жағалауындағы бұта, шіліктал, аралас бетеге, сұлыбас, сарсазан, т.б. әр түрлі астық тұқымдасты шөптер өскен қоңыр, шалғын топырақты шалғын жазықта орналасқан. Тұрғыны 32,7 мың адам (1999). Шоқан Уәлиханов 1856 жылы «Шығыс Түркістанға саяхат күнделігі» атты еңбегінде, қазіргі Жаркент өңірінде болған кезін суреттей келе: «Жаркент қаласы Түркістан өлкесіндегі қалалардың ең үлкені екен. ....
1. ЖАРҒАҚ ҚАНАТТЫЛАР ОТРЯДЫ - HYMENOPTERA Бұл отряд денесінің ұзындығы 0,2 мм - 60 мм болатын біртекті 2 жұп жарғақ қанаты бар әр түрлі насекомдарды біріктіреді. Кейбір формаларында (мысалы, жұмысшы құмырсқаларда, кейбір шаншарлардың ұрғашыларында) қанат болмайды. Мұртшалары жіп тәрізді, бүгілмелі, кейде қауырсын және таспік тәрізді болады. Ауыз аппараты кеміргіш, кеміріп жалағыш, кейде редукцияланған. Құрсағы қондырмалы, аспалы, сабақшалы болады, яғни кеудемен өте жіңішкеріп қылталанған немесе әр түрлі дәрежеде ұзарған бунақ арқылы жалғасады. Ұрғашыларында жақсы жетілген жұмыртқа салғыш қынабы болады. Бал ара мен жабайы арада жұмыртқа қынабы бізгекке айналған. Личинкалары құрт тәрізді немесе жалған жұлдызқұрттар. Қуыршақтары ашық, көбінесе піллә ішінде болады.....
Жапырақ – жоғары сатыдағы өсімдіктер өркенінің өсуі біршама шектелген бүйірлік мүшесі. Тамыр мен сабақтан жапырақтың айырмасы ол өсуін ұшы арқылы емес, жапырақ тақтасының негізінде орналасқан қыстырма меристемасы арқылы жалғастырады. Алғашқы нағыз жасыл жапырақ өсімдіктердің сулы ортадан құрлыққа шығуына байланысты құрлық жағдайларына бейімделген. Қос жарнақтыларда негізгі өркеннің апексі және төбе бүршігі жетілгенге дейін, олардың тұқымынан өсіп шыққан жапырақ – тұқым жарнақтарының жапырағы деп аталады. Жапырақтар алғашқы негізгі өркеннің, одан кейін жанама өркендердің әрқайсысының бой конусында экзогенді меристемалық төмпешіктер ретінде қалыптасып жетіледі. Төмпешіктердің жоғарғы бөлігі – апексі, төменгі бөлігі базальды бөлігі деп аталады. Апекстен жапырақ тақтасы, сағағы, ал базальды бөлігінен жапырақ негізі, бөбешік жапырақтар, қынап пайда болады. ....
Шығыс Азия жағалауларына жақын маңындағы Тынық мұхит аралдарында орналасқан мемлекет. Ел 4 мыңға жуық аралдардан тұрады. Ең үлкендері: Хоккайдо, Хонсю, Сикоку, Кюсю, т.б. Жер аумағы 372,2 мың км². Халқы 126,2 млн. Астанасы – Токио. әкімшілігі жағынан 47 префектураға бөлінеді. Жапония – бір ұлтты ел. Халқының 99,4 %-і – жапондар. Бұдан басқа қытайлар, корейлер, американдықтар тұрады. Ресми тілі – жапон тілі. Негізгі діңдері – синто және будда діңдері. Жапония – конституциялы монархияны сақтаған ел. 1947 ж. 3 мамырда қабылданған конституция бойынша император – «мемелекет пен халық бірлігінің көрінісі». Ол парламенттің ұсынысы бойынша премьер-министрді тағайындайды және премьер-министрдің ұсынысымен үкімет мүшелерін, Жоғарғы соттың төрағасы мен мүшелерін тағайндайды немесе орнынан алады. Конституция бойынша, мемлекет істерге толығымен премьер-министр басқаратын үкімет жауап береді. Жоғары заң шығарушы орган парламент – екі палатадан тұрады. Ұлттық мерекесі 23 желтоқсан. Ақша белгісі – иен [1]. ....
Жер аумағы, шекаралары, жағдайы: күн-шығыс елі. Аумағы жағынан Жапонияны Батыс Еуропадағы ең ірі елдермен және АҚШ-тың штаттарымен салыстыруға болады. Алайда, ол құрамы мен кескін – келбеті жағынан олардан мүлде өзгеше. Жапония төрт ірі және төрт мыңдай ұсақ аралға қоныстанған аралдар елі.
Бұл тұтасымен аралдар әлемі! Жапония салыстырмалы түрде табиғи ресурстарға кедей де, жағалауға бай. Жағалау сызығының ұзындығы (30 мың км) жағынан ол АҚШ сияқты үлкен елді басып озады және бүкіл Африкамен теңестіруге болады. Жапонияның экономикалық – географиялық жағдайы (ЭГЖ-ы) ең алдымен, былайша айқындалады: Еуразия құрылығы мен Тынық мұхиттың түйіскен жеріндегі және Азия – Тынық мұхиты аймағының дәл ортасындағы Жапония орналасқан аралдар тізбегінің (доғасының) ұзындығы 3,5 мың км-ге созылады. Бұл Жапонияның халықаралық географиялық еңбек бөлінісіне қатысуы үшін өте үлкен мүмкіндік береді. Азияның ең шығысында Жапонияның орны оның «Күншығыс елі» дейтін атауынан да бейнелі көрініс тапқан. ....
Ниппон, Нихон (Таң шапағы елі) – Шығыс Азия жағалауларында жақын маңыдағы Тынық мұхит аралдарында орналасқан мемлекет. Ел 4 мыңға жуық аралдардан тұрады. Ең үлкендері; Хоккайдо, Хонсю, Сикоку, Кюсю, т.б. Жер аумағы 372,2 мың км 2. Халқы 126,2 млн. (1997). Астснасы – Токио қаласы, оның алып жатқан жер көлемі 11,9 млн км2. Әкімшілік жағынан 47 префектураға бөлінеді. Жапония – бір ұлтты ел. Халқының 99,4% -і жапондар. Бұдан басқа қытайлар, корейлер, америкалықтар тұрады. Ресми тілі – жапон тілі. Негізгі діндері – синто және будда діндері болып табылады. Жапонияның – конституцияласы монархияны сақтаған ел. 1947 жылы 3 мамырда қабылданған конституция бойынша император – «мемлекет пен халық бірлігінің көрінісі». Ол, парламенттің ұсынысы бойынша премьер – министрді тағайындайды және премьер – министрдің ұсынысымен үкімет мүшелерін, Жоғарғы соттың төрағасы мен мүшелерін тағайындайды немесе орнынан алады. Конституция бойынша, мемлекеттік істерге толығымен премьер – министр басқаратын үкімет жауап береді. Жоғары заң шығарушы орган парламент - екі палатадан (өкілдер палатасы және кеңесшілер палатасынан) тұрады. Ұлттық мерекесі 23 желтоқсан (император Акихитонның туған күні. Ақша белгісі – иен. ....
Жапония – Тынық мұхиттың батыс бөлігінде орналасқан ірі аралдық мемлекет. Жапонияны, әлбетте «Күншығыс елі» деп атайды. Елдің негізгі бөлігін Жапон топаралдары құрайды. Олардың ең ірілері – Хонсю, Хокайда, Кюсю, Сикоку аралдары. Бұлардан басқа ел аумағына 4 мыңға жуық ұсақ аралдар енеді. Жапония аралдары Азияның шығыс бөлігін бойлай, оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай ұзындығы 3000 шаршы шақырымнан астам доға түрінде созылып жатыр. Жағалау сызығының жалпы ұзындығы 29 751 шаршы шақырым. Жапония конституциялық монархия, мемлекеттің бұл құрылымы 1947 жылы қабылданған конституция негізінде анықталған. Мемлекет басшысы император болып есептеледі, іс жүзінде мемлектті премьер-министр басқарады. Унитарлы мемлекет болып саналатын Жапония әкімшілік жағынан 47 префектураға бөлінеді. Жер бедері, негізінен, таулы сипатта; ел аумағының ¾ бөлігін табиғаты күрделі, онша биік емес таулар мен қыраттар алып жатыр. Жапонияның ең биік нүктесі – Фудзияма тауы (3776 м). Тау шыңдарының көпшілігі жанартау болып табылады, олардың жалпы саны – 150, сөнбегені – 15. Құрылымы жағынан тынықмұхиттық ....
Оқыту әдістерінің барлығы ретімен білім, білік, дағдыны қалыптастыруға бағытталған. Тәрбие әдістерінің олардан айырмашылығы, мұғалім мен оқушы арасындағы өзара байланыс іс-әрекеттерінің соңғы нәтижесінде тәрбиелі тұлғанының сапалы даму деңгейін анықтайды. Тәрбие мақсаты жемісті болу үшін тәрбие әдістерін тиімді пайдалану қажет. Әдістердің бірлігі оқушылардың тәрбиелеу деңгейін және әрбір кезде адекватты қойылған мақсатты іске асыруға бағытталған. Тәжірибелі педагогтың жеке іс-әрекет стиліне байланысты тәрбие әдісі әртүрлі өткізіледі. Педагог жалпы тәрбие әдісін өзінің нақты іс-әрекетінде қолдана білуінде көрініс табады.Жеке жағдайларда тәрбиеші жеке өзінің әлде әріптестерінің әдістерін қолдана отырып жаңа, дәстүрлі емес шешімдерге келеді. Әдістерді жетілдіру тапсырмасы үнемі бар болған және әрбір тәрбиеші өзінің күш деңгейіне сүйене отырып жалпы әдістерге тәрбие процесінің жеке шарттарына сәйкес келетіндей толықтырулар мен өзінің жеке өзгерістерін енгізеді. Педагогикада тәрбие әдістерінің классификациялық әртүрлі нұсқасы бар. Тікелей және жанама педагогикалық әсердің тәрбиелік әдістерінің тобын шартты түрде бөлуге болады. Тікелей педагогикалық әсердің әдістері оқушының жылдам әлде баяу реакциясын және оның өзін-өзі тәрбиелеуге бағыталған сәйес іс-әрекетін анықтайды. Жанама педагогикалық әсердің әдістемесі осындай жағдайдың ұйымдастыру іс-әрекетінде тәрбиеленушінің бойында өзін-өзі жетілдіруге бағытталған және оның педагогтармен, жолдастаымен және қоғаммен қарым –қатынас жүйесінде белгілі бір позицияның қалыптасуының пайда болуын анықтайды. Қазіргі заманғы педагогикада оқушыға әсер етуіне сәйкес тәрбие әдістерін сенім, жаттығу, ынталандыру және жазалау деп бөледі. Кездейсоқ мәліметтерде жалпы жіктелу белгісі бойынша «әдістер сыйпатын» қоса алғанда өзін-өзі бағыттылық, іске асатындық, айрықшалық және басқа даәдістер бар. ....