Құқық | ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Конституция - деген сөздің латын тілінен аудармасы құрылғы жарғы заң деген мағыналарды білдіреді. Ежелгі Римде император билігінің кейбір актілері осылай аталған.Ең бірінші конституция дүние жүзінде 1787 жылы қабылданып,осы күнге дейін қолданылып келе жатқан АҚШ-тың Конституциясы болып табылады. Еуропада бірінші конституциялар 1791 жылы Франция мен Польшада қабылданған. Конституцияның басқа құқықтық нормативтік келісімдерін мынадай ерекшеліктері бар екенін айта кету керек:
-қоғамдық қатынастардың негізін қалайды;
-құқықтың негізгі бастауы болып табылады;
-ең жоғарғы заңдылық күші бар;
-оның ерекше тәртіппен қабылдануы;
-тұрақтылығы;
1991 жылдың желтоқсан айында КСРО ыдырап,құрамына кірген одақтас республикалар егемен,тәуелсіз әрі дербес мемлекеттер құрды.Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы жойылды.Оның аумағында Қазақстан Республикасы деп аталатын жаңа мемлекет пайда болды.
Қазақстан Республикасы құрылған кезден бастап бірталай құқықтық актілер қабылданып,жаңа мемлекеттің заңды негізін қалай бастады.Оларға жататындар:
1.Қазақ ССР-нің мемлекеттік егемендігі туралы деклкрациясы.
2.Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Заңы.
3.1993 жылғы және 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциялары.
Аталған конституциялық келісімдер Қазақстанның тәуелсіздігін,дербестігін жариялап,демократиялық,құқықтық мемлекет құрудың негіздерін қалады.
Қазіргі уақытта негізгі құқықтық құжат Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30-тамызда өткен республикалық референдумында қабылданған Конституциясы.Ол тәуелсіздік кезіндегі Конституциялық заңдардың қағидаларын тұжырымдап,бір арнаға келтірді.
Бұрынғы конституциялар социалистік мемлекеттің негізгі заңдары деп саналса,жаңа Конституция демократиялық мемлекеттің Ата Заңы деп жарияланды.Бұл мақсат Конституцияның алғы сөзінен-ақ байқалады.
Біз ортақ тағдыр біріктірген Қазақстан халқы байырғы қазақ жерінде мемлекеттік құра отырып,өзімізді еркіндік,теңдік және татулық мұраттарына берілген бейбітшіл азаматтық қоғам деп ұғына отырып,дүниежүзілік қоғамдастыққа лайықты орын алуды тілей отырып,қазіргі және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғарғы жауапкершілігімізді сезіне отырып,өзіміздің егемендік құқығымызды негізге ала отырып,осы Конституцияны қабылдаймыз,делінген.Оның жоғары заңдық күші бар және еліміздегі барлық іс-қимыл мен қалыптасушы жүйелердің нормативті базасы болып табылады.Республиканың бүкіл аумағына тікелей қолданылады.Бейнелей айтсақ,бұл Конституция –мемлекетке қоғамның құқықтық сенімі және халықтың берген төлқұжаты деуге болады.
Қазақстан Республикасының Конституциясы республикалық құрылыстың негізін,мемлекеттік билік жүйесін және Қазақстан мемлекеті мен азаматының қатынасын белгілейді.Адам және оның өмірін,құқықтары мен бостандықтарын Конституция мемлекеттің ең қымбат қазынасы деп танып,мемлекеттің сол үшін қызмет етуі тиістігін атап көрсетеді ....
Рефераттар
Толық

Құқық | Қазақстан Республикасының Конститутциясы бойынша халық билігі

Қазақстан халқы егеменді мемлекеттің ұлттық өркендеу процесінің негізін 90-жылдары қалай бастады. Біздің ата-қонысымыз мыңдаған жылдар бойына талай басқыншылықты басынан кешті. Қаншама көне қалалар, мәдени орталықтар қирады, кітаптар өртеліп, жазықсыз жандар кұрбан болып, өлшеусіз қан төгілді. Бірақ қандай қырғын болса да алтын бесік ата-баба жері, атамекен дәл бүгінгідей ойрандалған емес. Жер ананың аялы алақанында аман қалған әрбір от басынан рулы ел тарап, халық қашан да еңсесін көтеріп, ел болып дамып кете беретін. Халқымыздың ата-қоныс қара орманға деген ұрпақтық сүйіспеншілігінің түп-тамыры да дәл осында жатыр. Сондықтан да ата-бабамыз осындай ұлан-ғайыр жерді ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап, ұрпақтан - ұрпаққа мұра еткен.
Өкінішке орай, осы бір тарихи жалғастық Қазақстанды да өз уысында ұстаған тоталитарлық мемлекет кезінде үзіліп қалды. 70 жыл ішінде жүргізілген аяусыз зұлмат тек қазақ халқын сан жағынан ғана селдіретіп, өз отанында азшылыққа ұшыратып қойған жоқ, ол өмір сүретін табиғи ортаны да ойрандады, халық санасын уландырды, оның тарихында мыңдаған жылдар бойына мәңгілік болып саналып келген талай табиғи байлық ондаған жылдардың ішінде-ақ сарқылып келмеске кетті.
КСРО өзінің 70 жылдық тарихында ұлттардың, этникалық топтардың, аз халықтардың теңдігі мен құқы жөнінде жар салудан жалыққан емес, ал іс жүзінде халықаралық міндеттерді сақтау былай тұрсын, тіпті, конституциялық заң ережелері де орындалмады. Шынайы демократия болмағандықтан да заң әрқашан қағаз жүзінде қалып отырды. Тек егеменді Қазақстан Республикасы жағдайында ғана құқықтық мемлекет құрудың шынайы мүмкіндігі туып отыр. Біздің жас мемлекетіміздің Конституциясында міне осы қадам тәуелсіз Қазақстанның демократиялық дамуының кепілі ретінде жүзеге асырылады.
Демократия - халық билігі. Ол өз билігін еркін сайлау арқылы жүзеге асырып, өкілдерін билік орындарына сайлайды, солар арқылы мемлекетті басқаруға қатысады. Конституция өте ұтымды тілде билік көзі халық екенін, тек көптің тілеуі, соның мүддесі биік екенін норма түрінде жан-жақты баяндайды. ....
Рефераттар
Толық

Экономика | Қазақстан Республикасының қалыптасу және даму стратегиясы

Ұлттық экономиканың жоспарлы экономикадан нарықтық қатынастар негізіндегі экономикаға өтуіне байланысты еліміздің қысқа мерзімді кезеңде әлем тамыған дамыған елдер қатарына қосылуы үшін ұзақ мерзімді стратегиялармен жақсы жасалған мемлекеттік бағдарламалардың алатын орны, жалпы экономиканы жоспарлауда еліміз үшін қажет басым салаларды дамыту бүгіндегі маңызды қызметтің бірі.
Экономика ұлттың дамуының басты басымдығы, ал экономикалық өсiмнiң тұрақты дамуы және мемлекеттiң әлемдiк рыноктағы орны бүгiнгi жаһандану заманында ел экономикасының бәсекеге қабiлеттiлiгi арқылы анықталады. Сондықтан ендiгi жерде Қазақстан Республикасының және ұлттық экономика салаларының алдындағы негiзгi мiндетi бәсекеге қабiлеттi экономиканың қалыптастыру болып табылады. Мемлекеттiң бәсекелестiк қабiлетi елдiң халықаралық аренадағы ролi мен беделiнiң артуынан, мемлекеттiң өз азаматтарының өзектi проблемаларын шешу қабiлетiнен, мемлекет ұсынатын қызметтер мен өнеркәсiп өнiмдерiнiң сапасының әлемдiк деңгейде артуымен көрiнiс табады.
Сондықтан мен курстық жұмысымның тақырыбын бүгінгі таңда өзекті мәсселеге айналып отырған ұлттық экономиканың болашақ дамуына байланысты болып отырған «Қазақстан Республикасының қалыптасу және даму стратегиясы » деп алдым. Бұл тақырыпты орындаудағы негізгі мақсатым Қазақсатан экономикасын экономикалық-әлеуметтік және саяси тұрақты әрі қарқынды дамуын қамтамасыз ететін ұлттық экономиканы жоспарлап, атқарылып жатқан бағдарламалардың өзектілігіне тоқталу болып табылады. ....
Рефераттар
Толық

Экономика | Қазақстан Республикасының мемлекеттік және бюджеттегі шығындары

Шығындар дегеніміз - нәтижесінде өнім өндіріп өткізілетін өндірістік ресурстарды пайдаланудың ақшалай көрінісі.
Өндіріс шығындарын жіктеп бөлудің бірнеше жолдары болады.
Біріншіден, әлеуметтік-экономикалық бағыттан қарағанда, шығындар қоғамдық және кәсіпорын шығындары болып бөлінеді. Қоғам бағытынан шығындарға дайын өнімнің құнына көшкен жанды еңбек және зат түрін алған еңбек шығындары жатады.
Өндіріс шығындары ұдайы өндіріс процесінің нәтижесі болып табылады. Бұл кәсіпорынның өндірісте тұтынылған құрал-жабдықтары мен жалақы төлемдерінің шығындарын көрсетеді.
Екіншіден, өндіріс шығындары экономикалық және бухгалтерлік болып бөлінеді.
Бухгалтерлікке-өнімнің белгілі мөлшерін өндіруге нақты жұмсалған өндіріс факторларының шығындары жатады. Бұл жағдайда факторлар сатып алынған бағамен бағаланады. Кәсіпорын шығындары бухгалтерлік және статистикалық есеп беруде өнімнің өзіндік құны түрін алады.

Кәсіпорын табыстарын көбейту әдісі ретінде бағалар стратегиясын үлгілеудің үш кезеңдері бар: жабы сомалары әдісі арқылы бағаны есептеу; баға сызбаларын есептеу және сызу; тік және көлденен дифференцияльдық өзара байланысты бағалар жүйесін есептеу. Бірінші кезеңде жабу сомасы ғана есептелмейді, сонымен қатар нақты мерзімдермен байланысты біртіндеп, өз уақытында шығындарды жабуға мүмкіндік береді және кәсіпорынға өтімділіктің барлық түрлері мен төлем қабілеттілігін қамтамасыз ететін сомаларды есептеуді талап етеді. Жабу әдісін қолданған жағдайда тұрақты шығындар пайда болу орындары бойынша қалыптасады, ал пайда тауардың әр түрлері бойынша таратылады.
Нарық бағаларын өндеу жағдайында шығындарды жабу әдісін қолдану арқылы кәсіпорын тауарларды төмен баға бойынша өткізіп, бұнын нәтижесінде нарықтың басым бөлігін жаулап алу мүмкіндігі туады. Дұрыс шешімді қабылдау үшін барлық баламалы нұсқалар бойынша болашақ шығындар арқылы ақпарат болуға тиіс. ....
Рефераттар
Толық

Құқық | Қазақстан Республикасының мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясаты

Осы заң Қазақстан Ресубликасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және мүгедектерді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етудің, олардың тіршілік тынысы мен қоғаммен етене араласуы үшін тең мүмкіндіктер жасаудың құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық шарттарын айқындайды.
Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдалынады:арнаулы жүріп – тұру құралдары – мүгедектердің белсенді және баяу жүріп – тұруына арналған техникалық көмек түрі. Әлеуметтік қызмет көрсетудің мемлекеттік стандарттары – мүгедектер мен мүгедек балаларға, сондай – ақ қарттарға медициналық - әлеуметтік мекемелерде, үйде көрсетілетін әлеуметтік көмек бөлімшілерінде және әлеуметтік қызмет көрсетудің аумақтық орталықтарында берілетін әлеуметтік қызметтердің көлемін және оларды ұсынудың тәртібін белгілейтін ережелер. Кәсіптік бағдарлау – мүгедектің еңбек қызметі түрлерін таңдауына көмек көрсетуге бағытталған шаралар жүйесі;қайта жасау хирургиясы – организмнің бұзылған функцияларын қалпына келтіруге немесе олардың орнын толтыруға бағытталған хирургиялық емдеу әдісі. Медициналық - әлеуметтік сараптама – организм функциясының тұрақты бұзылуынан туындаған шектеулі тіршілік – тынысын бағалау негізінде куәландырылатын адамның әлеуметтік қорғау шарларына деген қажеттіліктерін белгіленген тәртіппен анықтау. Медициналық оңалту – аурулар мен мүгедектер организмнің бұзылған немесе жоғалтқан функцияларын және денсаулығын қалпына келтіруге бағытталған емдік ықпал ету шараларының кешені. Мүгедек – тіршілік – тынысының шектелуіне және оны әлеуметтік қорғау қажеттігіне әкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттардан , олардың салдарынан , кемістіктерден организм функциялары тұрақты бұзылып , денсаулығы бұзылған адамң. Мүгедек бала –тіршілік – тынысының шектелүіне және оны әлеуметтік қорғау қажеттігіне әкеп соқтыратын аурулардан , жарақаттардан , олардын салдарынан , кемістіктерден организм функциялары тұрақты бұзылып, он сегіз жасқа толмаған адам; мүгедектерді әлеуметтік оңалту – мүгедектердің тіршілік – тынысының шектелуін жеңіп шығуы үшін жағдай туғызуға , олардың әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіруге , әлеуметтік- тұрмыстық және ортаға бейімделуіне бағытталған шаралар кешені. Мүгедектеді әлеуметтік корғау – мүгедектеге әлеуметтік көмек көрсету , оңалту , сондай-ақ олардың қоғамға етене араласуы жөніндегі шаралар кешені; Мүгедектерді жұмысқа орналастыруға арналған арнаулы жұмыс орындары – мүгедектің жеке мүмкіндітері ескеріле отырып жабдықталған жұмыс орындары;
Мүгедектерді кәсіптік оңалту – мүгедектердің бұзылған не жоғалтқан кәсіптік дағдыларын, білімі мен машықтарын алуын немесе қалпына келтіруіне және оларды бейімдеу мен жұмысқа орналастыруға бағытталған шаралар кешені; Мүгедектерді оңалтудың кешенді бағдарламасы – мүгедектерді медициналық, әлеуметтік , кәсіптік оңалту жөніндегі іс – шаралардың кепілдік берілген тізбесі; мүгедектердің әлеуметтік – тұрмыстық және ортаға бейімделуі – мүгедектердің өзін - өзі қарап – күту, өз бетімен өміп сүру мүмкіндігіне қол жеткізу немесе олардың отбасылық және қоғамдық өмірдің үйреншікті жағдайларына қайта оралу процесі; мүгедектік – организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулықтың бұзылуы салдарынан адамның тіршілік – тынысының шектелу дәрежесі; мүгедекті оңалтудан өткізудің нақты көлемін, түрлері мен мерзімдерін белгілейтін құжат; міндетті гигиеналық құралдар – табиғи физиологиялықмұқтаждықтарды және қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған құралдар. Қазақстан Республикасының мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік - құқықтық актілерінен тұрады. Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелері белгіленсе, онда ол халықаралық шарттың ережелері қолданылады, бұған халықаралық шарттан оның қолданылуы үшін Қазақстан Республикасының заңнын шығару талап етілетін жағдайлар қосылмайды. Осы заңнын күші Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға қолданылады. Жеке және заңды тұлғалар, сондай – ақ мемлекеттік органдар мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы қатынастардың субъектілері болып табылады.....
Рефераттар
Толық

География | Қазақстан қызыл кітабы беттерінен

«Қызыл кітап» деген сөз 1966 жылы Табиғат және табиғат ресурстарын Қорғаудың Халықаралық Одағының (ТҚХО) түрлерді сақтап келу туралы Комиссиясы дүниежүзінде жойылып кету қаупі бар жануарлар түрлері енгізілген «Red Data Book» - «Фактілердің қызыл кітабын» дайындап шығарғанда пайда болды ( кейіннен оған сирек өсімдіктер де тіркелген ). Сонымен қатар ТҚХО жер бетінен жойылып кеткен өсімдіктер мен жануарлар түрлерінің Қара тізімін де қоса жүргізеді.
70 – жылдары дамыған елдерде ұлттық Қызыл кітаптар шыға бастады. Оларға халықаралық Қызыл кітапқа енгізілген түрлермен қатар, сол елдің территориясында жойылып кету қаупінде тұрған түлер де кіргізілді.
Қазақстанда «Қызыл кітап» Республика – Үкіметінің 1978 жылдың 16 – қаңтарындағы қаулысы бойынша бекітілді ( Қазақ ССР Министрлер Советінің №90 - қаулысы ). Оның омыртқалы жануаларға арналған бірінші бөлімі 1979 жылдың қаңтар айында жарық көрді ( 1978 жылдың аяғында басылып шыққан еді). Бұл кітапқа омыртқалы жануарлардың 87 түрі мен түршелері, оның ішінде: сүтқоректілер - 37, құстар - 43, бауырмен жорғалаушылар -8, қосмекенділер –1 және балықтардың түрі тіркелді. 1981 жылы Республика Қызыл кітабының екінші бөлімі жарық көрді. Оған өсімдіктердің – 307 түрі, оның ішінде: жоғары сатыдағы гүлді өсімдіктер (288), жалаңаш тұқымдылар (2), қырыққұлақ тәрізділер (3), қыналар (3), саңырауқұлақтар (10), мүктер (1) сияқты өсімдіктер бар.
Қазақстан Ғылым Академиясы Зоология институтының бастамасымен Қызыл кітаптың екінші басылымы 1991 жылы дүниеге келіп, оған алғашқы рет омыртқасыз жәндіктер – насекомдар, молюскалар, құрттар енгізілді. Сирек кездесетін жануарлардың түрлері туралы жылдан – жылға жаңа мәліметтер жинау Қызыл кітаптың үшінші басылымының (1996) жарық көруіне алып келді. Осы басылыммен бір мезгілде Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 13.09.1996 жылдың №1258 қаулысымен жаңадан Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы туралы «Ереже» бекітілді. Осы ережеге сәйкес Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы – республика территориясында кездесетін сирек, саны азайып және жойылып кету қаупі бар жануарлар мен өсімдіктер түрлері туралы толық мәліметтер бар – негізгі құжат.....
Рефераттар
Толық

География | ҚАЗАҚСТАН ҚҰСТАРЫ

ШЫРША ҚАЙШЫАУЫЗЫ - тау өзеніненжағалай өсетін ағаштарда жиі кездесетін торғайдың бір түрі. Қоректері- қыста пісетін шырша тұқымдары. Шырша қайшыауызының тұмсығы атына сай айқасып тұрғандықтан, ол оның жемін оңай алуына көмектеседі. Бұл құстың ерекшелігі- көктемде жұмыртқаламай, керісінше қақаған қаңтар айында жұмыртқалап, балапандарын шығарады. Қоректі олаоға үнемі аталығы жеткізіп отырады. Ал аналығы балапандарын ұядан қашан ұшырғанша шықпайды. Олар балапандарын жемсауында,ы жібіген қарағай тұқымын құсып беру арқылы асырайды. Сәуір айында балапандары өздері қоректенетін болады.
САМЫРКЕШ
САМЫРКЕШ - ақшыл жолақтары бар, қоңыр қызғылт түсті орман құсы. Ол ұзақ уақыт бойы ағаш басында отыруды ұнатады. Самыркештің тұрақты- ұзақтап сәл кешірек. Ұя салар кезінде қалың орман ішіне еніп, адам көзіне түспеуге тырысады. Бұл құс көктем айларында шырша зиенкестері- бізтұмсық және қоңыздармен, ағаш қандаласымен қоректеніп, табиғатқа едәуір пайдасын тигізеді.
Самыркештің бір ерекшелігі- жазды күндері ол жемін ауламай жүріп, ағаштағы жаңғақтарды біртіндеп үзіп, оны түскен жапырақтардың астына тыға береді екен. Осылайша бір құс жылы күндері бір мыңға жуық шырша жаңғағын жинап, оны суық қыс айларында азық ететін көрінеді.

ҚОҚИҚАЗ.
ҚОҚИҚАЗ - дене бітімі ерекше, тұмсығы имек, сирек кездесетін құс. Қызыл қанат- деп те аталады. Қорғалжын қорығындағы Теңіз көлінде ғана ұялап, жұмыртқалайды. Ол басын суға батырып, түбін қопарып, судағы жәндіктерді аузына толтырып сүзіп алып қоректенеді. Ұя жасауға да су түбіндегі тұнбаны пайдаланады.
Қоқиқаздар жүздеп, мыңдап бір мыңға ұя салып, жұптарын жазбайды. Ұядағы 2-3 жұмыртқаны кезектесіп басып шығарады да алғашқы екі айда құрамы дәрумендерге бай құс сүтімен асырайды. Жеген тамақтарын асқазанында өңдеп, тұмсығын балапан аузына апарғанда 23-ы қаннан тұратын ашық қызыл түсты сұйықтық тамшылап ағады екен. Бұның сыры әлі күнге дейін ашылмаған.......
Рефераттар
Толық

География | Қазақстан қорықтары және жаңа қорықтары ұйымдастыру

Қорықтар – биосфера эталоны. Мұндағы орман-тоғай, жай алған жайылым мен шабындық, аң-құс, айдын шалқар көлдер, ағыны қатты өзендер мүмкіндігіне қарай сол ежелгі әсем қалпында сақталынуы тиіс.Қай заман болмасын, қорықтарды ұйымдастыру күн тәртібінен еш қашан да түскен емес. Өйткені биосфера байлықтарын қорғау, онда ғылыми-зерттеу жұмыстарын сондай-ақ, биосфера компоненттерін қорғау жөніндегі үгіт-насихат экологиялық білім және тәрбие беру жұмыстарын жүргізуде қорықтар өте маңызды роль атқаратыны белгілі. Осыған орай қорықтар ұйымдастыру бөлініп Қазқстанның шөл-шөлейтті аймақтарында үйір-үйірімен жайылып жүретін, бірақ кейіннен мүлде азайып кеткен құландарды қорғап қалуда қорықтардың, әсіресе Бадхыз қорығының ролі орасан зор болды. Сондай-ақ, Барса-келмес қорығыда айтарлықтай үлес қосты. Бүгінгі Бадхыз қорығында құландар саны көбейе түсуде. Барса-келмес аралы жойылып кеткеннен кейін ондағы құландарды арнаулы ұшақтармен Алтынемел ұлттық биосфера паркіне, Іле өзенінің жағасына әкелінді. Міне, осы жерде олар жылдан-жылға өсіп көбеюде.
Қазақстанның бірнеше табиғи-географиялық аймақтары – солтүстүгінен оңтүстүгіне қарай орманды-дала, шөлейтті, шөлді өңірлерді қамтиді. Қазақстан жерінде Д.И. Менделеев кестесіндегі химиялық элементтердің бәрі дерлік кездесетін біздің республикамыз табиғи ресурстарға аса бай өлке. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің 5777 түрі, аңның 150, құстың 480, баурымен жорғалаушылардың 150, қос мекенділердің 12 түрі тіршілік ететін айтпай кетуге болмайды. Бұл бай өлкені шын мәннінде табиғи байлықтың қайнар көзі деп ғалымдар бекерден -бекер айтпаған болар. Бірақ, бұл інжу-маржандар қанша мол болғанымен, ол сарқылмайтын дүние емес екені кейінгі кезде өзінен-өзі өне беретін зат емес. Сондықтан да оны пайдаланумен бірге, ұқыпты түрде қорғап, байлығын молайта беруге барлық мүмкіндікті жасау керек. .....
Рефераттар
Толық

География | Қазақстанның климаты

Қазақтанның климаты шұғыл континентті.Қазақстан климаттық жағдайлар солтүстіктен оңтүстікке қарай ғана емес,батыстан шығысқа қарай да өзгереді.Бұл климат қалыптастырушы факторлар әсерімен түсіндіріледі.(1-сурет)
Қазақстан климат қалыптастырушы негізгі факторлар (1-сурет)
Қазақстан географиялық орны мен әр түрлі ендіктерде орналасуына байланысты күн сәулесі солтүстікке қарай орналасқан бөлігіне аз түссе,оңтүстікке қарай бірітіндеп артады.
Сондықтан Қазақстан солтүстік-шығысында қыс өте қаталдығымен ерекшеленіп, ал оңтүстігінде қыс онша болмайды.Жазда Қазақстанның солтүстіктен басқа бөліктерінде жер беті қатты қызып,ауа температурасы едәуір жоғары болады.
Қазақстан бойынша жауын-шашын мөлшері мен түсу мерзімі әртүрлі.Жер шарындағы жауын-шашынның ең көп түсетін жер Қазақстандағы Батыс Алтайда,жалпы алғанда Қазақстан көпшілік бөлігінде,әсіресе ішкі аудандары мен оңтүстік-батысында климат өте құрғақ.Бұл құрлық аумағының өте үлкен болуына, ауа массаларының қасиеттеріне,жер бедерінің сипатына байланысты.
Қазақстан батысы мен солтүстігінде жазық өңірлердің басым болуы Атлант мұхитынан келетін жылы,ылғалды теңіздік ауа массалары мен Солтүстік Мұзды мұхит үстінен келетін суық желдердің оңтүстікке қарай еш кедергісіз қозғалуына мүмкіндік береді.Мұхиттардың Қазақстан климатына әсер ету дәрежесі мұхит ағыстарының қасиеттеріне,қысым аймақтарының орналасуына,басым желдерінің бағытына да байланысты.
Қазақстан шамалы аумақты алып жатқан биік таулы аудандарда климаттық жағдайлар биіктік белдеулер бойынша өзгереді.Биіктік климаттық белдеулер Тянь-Шань,Алтай тауларында айқын байқалады. Тянь-Шань мен Алтайда жылдың басым бөлігі аязды,ал жазы құрғақ болатын биік таулық климат тән. ....
Рефераттар
Толық

География | Қазақстан жеріндегі дәстүрлі шаруашылық мәдени типтер

Қазақ мәдениетін қарастырғанда туатын маңызды мәселе шаруашылық-мәдени типтердің (ШМТ) өзіндік ерекшеліктерін анықтаумен байланысты. Шаруашылық-мәдени тип ұғымы соңғы кезге дейін этнографиялық және тарихи зерттеулерде көбірек қолданылып келді. Шаруашылық-мәдени типтердің нақтылы мысалдары: арктикалық аңшылар, тропиктегі аңшылар мен терімшілер, өзен аңғарларындағы егіншілер, оазистік дихандар, еуроазиялық көшпелілер ж.т.б. Өзінің мағынасы жағынан ШМТ ұғымы мәдениеттанудағы хро¬нотоп ұғымына жақын. Алайда хронотоп негізінен көркем әдебиеттен алынып, рухани мәдениеттің кеңістіктік және уақыттық бітімдерін білдірсе, шаруашылық-мәдени тип материалдық мәдениеттің көрінісін айқындайды. Әрине, ШМТ-тід руханилықпен байланысы жоқ деп сыңаржақты айтылған пікір дұрыс емес. Онда салт-дәстүрлер, сенім-нышандар, фольклор, дүниетаным шаруашылық әдістерімен тығыз байланысты әрекет етеді.
Шаруашылық-мәдени тип ұғымының тым абстрактылы алынған түрі ретінде қоғамдық-экономикалық формацияны да көрсетуге болады. Бірақ бұл ұғым тым дерексіздендірілген және әмбебаптық сипаты жеткіліксіз. Мысалы, еуроазиялық номадаларды осы бес формацияның ешқайсысына тіркеп қоюдың негізі жоқ. Оларды «азиялық өндіріс тәсілінің» өкілдері деудің де реті аз. Бұл жерде Азия қүрылығындағы әртүрлі шаруашылық типтерінің арасындағы айырмашылық жоғалып кетеді. «Дала феодализм!» сияқты атаудың ойдан құрастырылғаны тікелей көрініп тұр.
Батыстық мәдениеттануда «мәдени ареал(аймақ) ұғымы да жиі қолданылады. Бұл ұғымның шаруашылық-мәдени тип ұғымымен жақындығы бар. Бірақ мәдени аймақ негізінен белгілі бір этномәдениеттің жағрафиялық детерминанттық факторларына басты назар аударады. Біртұтас мәдени ареалда әртүрлі ШМТ – дің болуы мүмкін. ....
Рефераттар
Толық