Құқық | Құқықтық реттеудің негіздері мен ерекшеліктері

Қазақстан Республикасы тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бері Қазақстан халқы өз алдына жоғары мәртебелі мақсат қойып отыр. Ол-құқықтық мемлекет құру. Бұл мақсатқа жету өте қиын. Құқықтық мемлекетте заң бір әлеуметтік топтың емес, халықтың шынайы еркін білдіреді. Мұндай мемлекетте заңның рухы үстемдік етеді. Барша адамдар, ең жоғарғы лауазымды иелерінің қатардағы азаматтарға дейін заңдардың бүкіл халықтың мүддесі, игілігі үшін жасалып, қолданылатынын, заңдар адамдарға қажет қоғамдық тәртіпті орнататынын, адамдарға еркіндік беруін, қоғам ісіне қатысуға жағдай туғызуға керек екенін тусінуі қажет.
Құқықтық мемлекет болуына ең бірінші қадамымыз Ата Заңымыздың қабылдануы және де заңдар мен нормативтік актілермен барлық саланың қамтылуы болып есептелінеді. Осылар арқылы мемлекеттік билік пен басқарылу жүзеге асырылады. Соның ішіндегі мемлекеттік басқарудың рөлі өте зор.
Осы курстық жұмыста мемлекеттік басқарудың негізгі әдісі мен ядросы болып саналатын құқықтық реттеу мәселесі қарастырылған.
Курстық жұмыстың көзделген мақсаты-Республикадағы мемлекеттік басқарудың негізгі әдісі ретіндегі құқықтық реттеудің мәні мен мазмұнын аша отырып, оның негізгі нысандарын анықтап, олардың мемлекеттік басқарудағы алатын орнын, атқаратын қызметін және рөлін анықтау болып табылады. Ал оның рөлі мемлекеттік басқаруда алатын орны ерекше. Сондықтан да мемлекеттік басқарудағы құқықтық реттеуді зерттеу мен саралау қажет. ....
Рефераттар
Толық

Құқық | Құқықтық сана жалпы түсінігі

Құқықтық нақтылықты, құқықтың және құқық жүйесінің дамуына ықпал ететін факторларды ерекше түрде тану құқықтық сана болып табылады. Моральмен, дінмен, өнермен, ғылыммен қатар, құықтық сана қоғамдық сананың нысаны болып саналады, оның өмір шындығын көрсететін өзіне тән ерекше объектісі бар.
Құқықтық сана дегеніміз, адамдардың қолданылып жүрген жәен тілек ететін құқыққа көзқарасын білдіретін түсініктер мен сезімдердің, бағалар мен мақсатардың жиынтығы. Мысалы, азаматтардың жаңа заңға мақұлдау немесе жақтырмау, нормативтік құқықтық актінің жобасы жөнінде пайымдау және т.б. түріндегі әсері.
Құқықтық сананың мәні оның бағалаушылық сипатында. Қолданылып жүрген заң нормаларын нақты қоғамдық қатынастармен және әлеуметтік топтардың мүдделерімен арақатынасын белгілей отырып, құқықтық сана құқықтың мүмкіндігінше қандай болуға тиіс екендігін анықтайды. Ол субъектінің қолданылып жүрген құқық нормаларын сақтауға немесе бұзуға деген белгілі бір көзқарасын қалыптастырады. Соның нәтижесінде мұндай баға бұдан әрі мінез-құлық себебіне айналуы мүмкін.
Құқықтық сана әлеуметтік құбылыстарды ерекше бағалай отырып, қоғамдық сананың басқа нысандарымен өзара әрекет етеді. Мәселен, меншіктің экономикалық санамен қатынастары тұрмыс деңгейі мен тұрмыс салтының алғашқы негіздерінің бірі ретінде, адамгершілік санамен қатынастары- ізгілік пен зұлымдық тұрғысынан, құқықытық санамен қатынастары олардың заңдылығын тану тұрғысынан қарастырылады. Құқықтық сана өзінің сабақтастығымен, мәдени-тарихи мазмұнымен күшті. Құқық туралы көзқарастар, түсініктер, идеялар мен теориялар ұрпақтан ұрпаққа сол арқылы беріліп отырады. Өткендегі құқықтық жетістіктердің қазіргімен, бір өркениеттің басқалармен қабылдануы, кеңестерден кейінгі көптеген мемлекеттердің құқықтық жүйелерінің батыс конституционализмі мен дәстүрлі нормаларының идеялары мен конструкцияларын қабылдауы. Әртүрлі мәдени-тарихи қоғамдастықтың құқық туралы, ретеу әдістері мен жауакершілік түрлері туралы түсініктері әртүрлі болдаы. Түрлі елдер мен құрлықтардағы құқықтық сананың ерекшеліктері де осыдан.
Жағымды құқықтағы өзгерістердің табиғи ықпалына ұшырай отырып, құқықтық сана құқық жүйесі мен қоғамдық қатынастарға күшті кері әсер етеді, дамуға себепші болуы не әлеуметтік процестерді тежеуі мүмкін. ....
Рефераттар
Толық

Құқық | ҚҰҚЫҚТЫҢ ЗАҢДЫ ТИПОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК НОРМАЛАР

Құқықтың заңды типологиясы, оның түсінігі мемлекет және құқық теориясының аса күрделі категорияларына жатады. Құқықтың заңды типологиясының ерекшеліктері қоғамның экономикалық формациясының сипатымен, мазмұнымен анықталады. Заңды типология қоғаммен бірге үзіліссіз объективтік даму процесінде болады. Бұл процесте қоғамның мазмұны өзгерсе, соған сәйкес құқықтың заңды типологиясы да өзгереді. Құқықтың түрлерін анықтау, типке жіктеу оның тарихи даму процесін дұрыс түсіну үшін қажет.
Қазіргі заманда құқықтың мазмұнын анықтап, түрге жіктеудің екі жолы бар: формациялық және цивилизациялық. Кеңестік дәуірде елімізде формациялық бағытты қолданып, құқық пен мемлекеттің типологиясын марксистік теорияның пікіріне сәйкес түсініп келдік. Бұл теорияның пікірі бойынша құқық пен мемлекеттің мазмұны, нысаны, түрі қоғамның экономикалық базисына байланысты. Қоғамның диалектикалық даму процесінің әр формациясында әр түрлі экономикалық базис болады. Соған сәйкес мемлекет пен құқықтың мазмұны да өзгеріп отырады – деп түсіндіреді марксизм. Құқықтың заңды типологиясы қоғамның экономикалық материалдық базисына сәйкес нормативтік актілердің таптық мазмұнын анықтап, олардың атқаратын қызметтерінің бағытын белгілеу. ....
Рефераттар
Толық

Құқық | Құқықтың негізгі тарихи типтері қағидалары және функциялары

Құқық пайда болғаннан кейін өзінің эволюциялық және революциялық дамуы барысында қоғамдық-экономикалық фор¬мация шеңбері мағынасында өзіне тән сипаттарға және ерекшеліктерге ие болады. Өзіндік мәні бар құқықтық жүйеге құқық¬тың тарихи типтері сәйкес келеді. Құқықтың тарихи типтері дегеніміз арнайы формацияның меншік қатынастары қалыптастырған құқықтың мәндік мазмұнын айқындайтын ерекшеліктердің жиынтығы. Адамзаттың тарихи дамуы құқықтың негізінде төрт типін қалыптастырады: құл иеленушілік, феодалдық, буржуазиялық және социалистік. Алғашқы қауымдық құрылыс ыдырағаннан кейін пайда болған. Құл иеленушілік құқықтың өзіне тән ерекшеліктері мынандай сипаттармен айқындалады:
- Құл иеленушілік құқық құл иеленушілердің еркін білдіреді және олардың шексіз саяси биліктерін, диктатурасын бекітеді, үстемдігін жариялайды. Фараон патшалар құдайдың әмірімен болған, жердегі оның әміршісі деп танылды. Құқықтың барлық тетіктері осы билікті қамтамасыз етуге бағытталған.
- Құл иеленушілік құқық негізгі өндірістік құрал-жабдықтарға және құлдарға жеке меншікті құқық нормаларына бекітеді.
- Құлдар құқықтың субъектісі бола алмайды. Олар тек қана объект (зат, тауар) ретінде танылады. Сондықтан оларда сатуға, өлтіруге, ұрып-соғуға, айуаңдықпен жазалауға құл иеленушілік құқық меншік иелеріне толығымен мүмкіндіктер береді. Мысалы, Рим заңгерлері құлдардың құқықтарын, қоғамда алатын орындарын «Servus instrumentum vocale est» (құл сөйлейтін құрал) деп бекіткен.
- Құл иеленушілік құқық талион қағидасын (жанға-жан, қанға-қан) бекітеді. Мысалы, ежелгі Хамурапи патшасының зандарында: «Егер біреу басқанын сүйгенін сындырған болса, онын сүйгенін сындыру қажет» деп көрсетілген. ....
Рефераттар
Толық

Құқық | ҚҰҚЫҚТЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ МАЗМҰНЫ

Құқық мемлекетпен бірге қоғамның объективтік даму процесінің нәтижесінде өмірге келді. Алғашқы қоғамдағы әлеуметтік нормалар: әдет-ғұрып, салт-дәстүр, мораль, діни өсиеттер, мемлекеттік жүйеде бірте-бірте екінші қатардағы нормаға айналып, құқық әлеуметтік негізгі нормаға айналды. Адам қоғамы мыңдаған жылдар өмір сүріп келді. Сол көне заманнан ғалымдар құқық пен мемлекет қашан пайда болды, қалай дамып келеді?– деген мәселелермен шұғылданып, ғылыми зерттеулер жасап келді. Өйткені құқықтың мазмұнын, тарихын, белгі-нышандарын жақсы білу қоғамды дұрыс, сапалы реттеп-басқаруға өте қажет.
Құқық қоғамды реттеп, басқарудағы негізгі құрал; құқық қоғамдағы бостандықты, әділеттікті теңдікті, адамгершілікті қалыптастыратын негізгі құрал; құқық мемлекеттік билікті, қоғамның саяси-экономикалық, мәдени-әлеуметтік даму процесінің даму бағыттарын анықтап отыратын негізгі құрал; құқық қоғамдағы заңдылықты, тәртіпті бақылап отыратын негізгі құрал; құқық мемлекеттің ішкі-сыртқы істердегі егемендігін қамтамасыз ететін негізгі құрал т.б. Бұл пікірді жалғастыра беруге болады. Құқық –қоғамның экономикалық базисінің үстіндегі қондырма. Оның қоғамдағы мәні, маңызы, мазмұны мен нысаны, сайып келгенде, қоғамның экономикалық, мәдени-рухани сипатына байланысты. К.Маркс «Гота программасына сын» деген еңбегінде: «Құқық ешуақытта да экономикалық құрылыстан және қоғамның соған сәйкес мәдени дамуынан жоғары бола алмақ емес» – деді.....
Рефераттар
Толық

Экология | ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ ХИМИЯЛЫҚ ЛАСТАНУЫ

Адамдардың шаруашылық қызметі қазіргі кезде биосфераның ластаушылардың негізгі көзі болып отыр. Табиғи ортаға күн сайын, сағат сайын өнеркәсіптің газ тәріздес, сұйық және қатты қалдықтары түсіп отырады.
Осы қалдықтардағы әр түрлі химиялық заттар ауаға, суға және топыраққа түсіп, бір трофикалық екіншісіне өте отырып, соңынан адам организіміне келіп түседі.
Бүкіл жер шарында осы ластаушы заттардың түспеген жері жоқ деп айтуға болады. Тіпті ешқандай өнеркәсіп орындары жоқ Антарктиданы алайық. Бұл жерде адамдар кішігірім ғылыми станцияларда тұрып, ғылыми бақылаулар ғана жасайды. Ғаламдар осы заманғы өнеркәсіптердің әр түрлі улы заттарын осы Антарктидан тапқан. Олар бұл жерге басқа жер-лерден ауа ағындарымен келіп түскен.
Табиғи ортаны ластаушы заттар әр түрлі болып келеді. Ол заттар өз табиғатына, шоғырлануына және адам организміне әсер ету уақытына қарай әр түрлі жағымсыз нәтижелер туғызады. Осындай заттардың қысқа мерзімде болса да адамға әсері адамның басын айналдырады, құсқысын келтіреді, тамағын жыбырлатып, жөтелтеді. Егер де адам организміне осындай улы заттар көп мөлшерде әсер етсе, қатты уланып есінен танады, тіптен өліп кетуі де мүмкін. Ондай улы заттарға ірі өнеркәсіптік қалалардың үстіне желсіз күндері жиналған қара түтіндер немесе өнеркәсіптік кәсіпорындардың қалдықтары мысал бола алады. Электр станциялары, түрлі-түсті металл өндіретін зауыттар, химиялық және мұнайды қайта өңдейтін кәсіпорындар атмосфераға түтін шығаратын үлкен мұржалар арқылы көптеген адам организміне зиянды улы заттарды ауаға шығарады.
Қазіргі кезде ауаны ластайтын улы заттардың 150- ден астамы белгілі. Бұл заттар ауада күн сәулесінің әсерімен бір-бірімен реакцияға түсіп, жаңа қосындылар түзеді.
Өнеркәсібі дамыған елдерде ауаны ластаушы улы заттың бірі күкірттің қос тотығы коксхимия зауыттарымен, тау- кен өндіру және целлюлоза- қағаз өнеркәсіптерінің жұмысы нәтижесінде ауаға шығарылады. Олар ауада ылғалдың әсерінен күкірт қышқылына айналады. Құрамында күкірт қышқылы бар тұман немесе ылғалды ауа адамның, жануарлардың тыныс жолдарының кілегей қабаттарына, терісіне әсер етеді және өсімдік те көп зардап шегеді. Ауадағы күкірт сутек адам организмін улап қана қоймайды, сонымен қатар адамдардың жүйке ауруларын туғызады.
Ауадағы фторлы сутек өте улы. Азық- түліктің құрамындағы фторлы сутек адамды, жануарларды құстырып өте жаман ауру туғызады. Хлорлы сутек пластмасса қалдықтарын жаққанда пайда болады. Осы газбен тыныс алғанда адамның жолдарының кілегейлі қабығын зақымдап, өкпенің ісік ауруын туғызады.
Қоңыр көмірдің жағудың нәтижесінде ауаға күл бөлініп шығады. Ол ауыл шаруашылығы мен орман өсімдіктеріне әсер етеді. Әсіресе, көкөніс, жеміс-жидек өсімдіктеріне де зиян тигізеді. Ластанған өсімдікпен қоректенген жануарлардың, адамдардың организмдерінде физиологиялық өзгерістер болады.
Цемент зауыттарынан шыққан цемент шаңдары топыраққа калий, кальций, магний элементтерінің көбейуіне себеп болады. Ал фосфор зауытына жақын жерлерде фосфордың мөлшері көбейеді. Құрамында мырыш пен қорғасын бар металлургия зауытының қалдықтары да өте улы әсер етеді. Осындай улы заттар жиналған өсімдік пен адам не жануар қоректенгенде олардың денсаулығына қауіп төнуі мүмкін.
Организмнің осы улы заттарға төзімділігі әр адамның өзінің жеке басының гигиенасына байланысты, ең алдымен денсаулығы, жасы мен жынысына байланысты болып келеді.
Аталған улы заттарға балалар, қарт адамдар және денсаулығы нашар ауру адамдар өте сезімтал келеді.
Улы заттар адам организміне біртіндеп жүйелі түрде жинала берсе, онда созылмалы улануға ұшырайды. Оның басты белгілері- адамның тез шаршағыштығы немесе үнемі шаршап тұратыны, сезімі ұйқы басуы немесе ұйқысының қашуы, бейжайлақ, ұмытшақтық, көңіл- күйінің тез өзгеруі, зейінінің төмендеуі. Улы заттар адамдардың қан айналым мүшелеріне, жүйке жүйесіне, бауырына әр түрлі әсер етеді. Улы химиялық қосылыстар адамның әрбір органдарының созылмалы қабынуына, жүйке жүесінің өзгеруіне, адам ұрығының дамуына, жас нәрестенің ауру болып тууына әкеліп соғады.....
Рефераттар
Толық

Экология | Қоршаған ортаны қорғау мәселелері

Қазіргі кезде адамның қоршаған ортамен қарым – қатынасы ерекше маңызға ие болып отыр.Жер шарындағы халық санының жедел өсуі және көптеген елдердің индустриалды дамуы табиғи ресурстарды пайдалануды еселеп арттырып , адамның табиғатқа әсерінің көлемін өсіре түсуде.
Соңғы жылдары пайдалы қазба қорларының азаюы , жер бетінен өсімдік және жануарлар дүниесінің көптеген өкілдерінің жойылуы және сондай – ақ табиғи ортаның шектен тыс ластануы айрықша белең алып отыр.Кейбір елдерде ,әсіресе дамыған елдерде қоршаған орта жағдайының нашарлағаны соншалық , адамдардың денсаулығы бұзыла бастады.Осының бәрі қоршаған ортаны қорғау мәселесіне ерекше көңіл бөлуге , табиғатты сақтау және қалпына келтіру мәселелерімен жақсырақ айналысуға , сондай- авқ оның ресурстарын тиімді пайдалануға итермелейді.Сондықтан жыл сайын жерлерді суландыру ,ормандарды қалпына келтіру, өндірістік қалдықтар мен техникалық лас суларды тазарту , топырақтың құнарлылығын сақтау және топырақ эрозиясына жол бермеу төңірегіндегі жұмыстар кең көлемде жүргізілуде.
Табиғаттың өзгертуді қаламайтыны белгілі.Ондағы өзгерістер баяу, байқаусыз өтеді,өзін-өзі реттеу мен өзін-өзі қалпына келтіру процестері ұзаққа созылады.Адамның зиянды істері бірден байқалмайды,тек ұзақ жылдардан соң , бір нәрсені өзгерту немесе түзеу өте қымбатқа түскенде әрі кешігіңкірегенде,кейде тіпті нәтижесіз болған кезде ғана көрінеді.
Өткен кезеңдердің барлық тәжірибесі көрсетіп отырғандай ,табиғатқа ұқыптылықпен қарамау, бүгінгі пайда үшін атқарған істеріміздің күні ертең орны томас зиянға ұшыратарын алдын ала болжап барып әрекет етуіміздің қажет екенін естен шығармаған жөн.Табиғатқа ұқыптылықпен қарамаудың ащы мысалдары өте көп және лоардың зиянды жақтары баршаға белгілі.
Халықтың қалада тұруға ұмтылуы, қаладағы тұрмысты ұнатуы урбанизация процесінің күшеюіне алып келеді. Қазақстан Республикасы да дүниежүзілік урбанизация әсерінен тысқары қалған жоқ. Әсіресе, өнеркәсіп және қатынас кәсіпорындарын көптеп салу мен тың және тыңайған жерлерді игеру кезінде қалалар саны тез өсті. Олардың тұрғындары 45
жылда 5 еседен артық өсіп, халықтың басым көпшілігі қалада тұратын болды. Болжам бойынша, қалалар саны жақын арада көп өзгере қоймайды. Ал қаладағы тұрғындар саны көп артуы ықтимал. Қала халқының тығыздығы әсіресе Алматы, Қарағанды, Шымкент қалаларында бір шаршы километрге 200- ден аса адамнан келіп, экологиялық жағдайдың үнемі нашарлауына себеп болды. Дүние жүзінде 1850 жылы халқының саны миллионнан астам 4 қала болса, 1920 жылы олардың саны 25-ке өсті.1950 жылы қаланың саны 90-ға, 1960 жылы 140-қа, 1970 жылы 160-қа жетті. ....
Рефераттар
Толық

Экология | Қоршаған ортаны қорғау

Әлемде адамзат тіршілігі бар ортаға біздің білуімізше әзірше тек Жер ғана жатады. Табиғат пен оның байлықтары адамдардың өмірі мен қызметінің, олардың тұрақты әлеуметтік –экономикалық дамуы әл қуатын арттырудың негізі болып саналады. Сондықтан қоршаған ортаны қорғау проблемасы қазіргі заманның маңызды қажеті мәселелерінің бірі болып табылады .
Қоршаған ортаны қорау дегеніміз – табиғат пен адамның өзара қарым –қатынастағы атмосфералық ауаны, суды, жер мен оның қойнауын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін тағы басқа табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, сауықтыру, сапасын жақсарту, молықтыру. Бұл іс-әрекеттердің бәрі мемлекеттер заңымен, тиісті нормативтік құқықтық актілер мен азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің белсенді араласуымен, мемлекетік және мемлекет аралық келісімдермен, конфенциялар мен реттеліп жүзеге асырылады.
Қазақсатнда «қоршаған ортаны қорғау туралы» заң 1991 жылы қабылданған. Осы заң қазіргі және болашақ ұрпақтардың мүдделері үшін қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін белгілейді және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, шаруашылық және өзге де қызметің табиғи экологиялық жүйелерге зиянды әсерін болғызбауға, биологиялық алуан тіршілікті сақтау мен табиғатты тиімді пайдалануды ұйымдастыруды бағытталған.
Қоршаған ортаның ластанатын жолдары және ластаушы
көздер.
Ауаны ластайтын компоненттердің химиялық құрамы отын энергетика ресурстарының түріне, өдірісте қолданылатын шикізатқа оларды өңдейтін технологияға байланысты келеді. Мысалы, шойын мен болат өдірістері ауаны улы көміртек (П) оксидімен, алюминий зауытының түтіні фтор қосылыстарымен қағаз өндірісі – күкірт оксиді мен, сутекті көміртекпен, меркаптандармен, жасанды талшық өндірісі күкіртті көміртек және сутекті күкіртпен ластайды. 1 тонна шойынды өңдегенде атмосфераға 4,5 кг шаң, 2,7 кг күкірт оксиді, 0,1-0,5 кг марганец, мышяк, фосфор, сурьма, қорғасын, сынап сирек металдарының қосылыстары бөлінеді.Ауаны ластайтын қатты заттар негізінде оның төменгі қабаттарында шоғырланады.
Өндірісі дамыған елдерде жерінің, ауасының, суының құрамы күрт өзгеріп өсімдік пен жануарлар әлемінде едәуір зиян тигізеді.
Қазақстанның көптеген өндіріс дамыған аймақтарында, әсіресе Орталық пен Шығыс Қазақстан облыстарды топырағының өте көп мөлшерде улы заттар мен ластанғанына байланысты бұл төңіректе биогеохимиялық аномалиялар пайда болып отыр. Осы аталған облыстардың кәсіпорындары мен көлік тағы басқа ластанушы көздері соңғы мәліметтер бойынша тек атмосфераға 5 млн тонна улы заттарды жыл сайын тастайды екен.
Қоршаған ортаның ластану мөлшері табғи ресурстардың тиімді және жан-жақты пайдалануына да көп байланысты. Қазіргі кезеңде бұл проблема әлі толығымен шешілмеген. Пайдалы кен қазбаларын (9.1-ші кесте) минералды шикізаттарды (9.2-ші кесте) жер қойнауынан алған көздің өзінде біразы шығынға ұшырайды. ....
Рефераттар
Толық

Экология | Қоршаған орта экологиясы

Табиғат – бұл бізді қоршаған орта. Ол адам баласының санасынан тыс, өздігінен пайда болған дүние. Демек, адам табиғатсыз өмір сүре алмайды. Табиғат өлі және тірі табиғат болып екіге бөлінеді.
Өлі табиғатқа – ауа, су, пайдалы қазбалар, топырақ құрайтын аналық жыныстар жатады.
Тірі табиғатқа - өсімдік дүниесі, майда ағзалар, насеком, құс, балық, аң мен біздер, адамдар жатамыз. Өлі табиғат тірі табиғаттың тірегі, ал тірі табиғат өзінің қалдықтарымен өлі табиғатты баытып отырады. Ал топырақ осының екеуіне де жатпайды. Табиғатта өте тамаша бір қасиет бар. Оның өзі бөліп шығарған қалдықтардан адамдардың көиегісіз-ақ өзін-өзі тазартып аала алады. Ал адам баласының бөліп шығарған көң-қоқсығынан ақыл-оймен өмірге келген халық шаруашылығының ( ауыл, өнеркәсіп, транспорт, құрылыс ) улы, зиянды қалдықтарынан өздігінен тазалануға табиғатта шама жоқ. Табиғаттың адам баласының қажетін тек уланбаған, былғанбаған тек таза қалпында ғана өтуге мүмкіндігі бар. Уланған, былғанған табиғат байлығын қажетіне пайдаланса, жазылмас ауруға ұшырайды, ондай табиғат адамзаттың сорына айналады. Қысқасы, таза табиғат – біздің ырыс – құтымыз, ал былғанаған табиғат – біздің ауруымыз, өліміміз. Ал табиғатты былғайтын тек адам ғана. Таза табиғат үшін күрес – адам үшін күрес, келешек үшін күрес. Табиғаттың тозуы – экологиялық кризис. Бұл үлкен ғаламат апат. Ал одан құтылудың бірден бір жолы – халықтың, түгелдей табиғаттың, адамның санасыз әрекетінен тозуына қарсы күрес жүргізу. Ел біріксе, алынбайтын қамал, жеңілмейтін қиындық жоқ. Ендігі мәселе-әр адамның саналы түрде табиғаттың тозуына қарсы күресуі. әрбір кісіге табиғатты қорғау өзінің өмір қажетіне керек. Пайдаланғанда оны быгғану мен уланудан, тозып кетуден қорғауды үйрету, бұл әрине, педагогикалық оқу мен тәрбиелеу проблемасы. Табиғат қоғауға әрбір кісіні тәрбиелеу педагогика ғылымының негізгі принципі болуы керек. Адам бойында табиғатқа дос қасиеттің қалыптасуы әркімнің отбасы, ошақ қасынан, үлкендердің өнегелі іс-әрекетінен басталады. Бұл бүкіл халықтың дәстүрлік мәселесі. Мысалы, халқымыз ғасырлар бойы көктемнің алшақты наурыз мейрамының басын өз ауласын тазалап, үйінің айналасына гүл, жасыл желектер егіп, су ағатын арыған жөнге келтіріп, ел болып бірігіп көшелермен алаңдарды тазалап, көң – қоқыстарды жинап, ағаш, егін егіп, тұрмыс, шаруашылық мейрамы деп өткізген. « бір тал кесең, он тал ек», «Бұлақ көрсең – көзін аш» тағы басқа өзін қоршаған ортадан игілік атаулының көзін ашуға шақырған. Табиғатты қорғауға байланысты халқымыздың салт-дәстүрге айналдырған іс – шараларына көптеп мысал келтіруге болады. «Жері байдың – елі бай» деп халқымыз тегін айтпаған. ....
Рефераттар
Толық

География | Қорғалжын қорығы

Қорғалжын қорығы-құстар мен жануарлардың кеибір түрлерін сақтау және олардың табиғат өзгерісіне беиімделуін зертеу үшін құрылған Сарырқдағы қорық . қорық 1968 жылы 16- сәуірде үйымдастырылды . Ол Ақмола қаласынан Оңтүстік-Батыста 140км жерде орналасқан . Қорғалжын және Теңіз көлдерінің айдынын және олардың қамысты, нулы жағалауларындағы 2 мың км аумақты алып жатыр . Көлдердің тереңдігі Нұра мен Құланөтпес өзендері ағызып әкелген жыныстардың шөгуіне байланысты жылына 0,5-2,5 м –ге дейін өзгеріп отырады . Қорықтың климаты құстар мен жанурлардың тіршілік етіп , өсіп-өнуіне өте қолайлы келеді . Жазда 40 С ыстық , қыста (қаңтар айында )-40 С-қа дейін аяз болады : жылына 200мм шамасында жауын-шашын түседі. Жаз айларында мұнда Африка , Оңтүстік Европа және Үндістаннан млн-нан астам қаз , үйрек , 2млн-дай балшықшы , аққу , қызғыш қаз , ақ шіл , шағала , көгілдір үйрек , бір қазан , жапалақ , қарлығаш , тырна , көк құтан , т .б . құстар келеді . Көктем айларында бұларға арналып көл жағалаулары мен шөпті , ағашты алаңдарға мыңдаған ұя салынады , жабайы күріш сияқты дәнді өсімдіктер себіледі . Қорықта жануарлардан ақ қоян, көр тышқан , борсық , сайғаз , жабайы шошқа , т.б. кездеседі. Шортан , қызыл қанат, сазан , тұқы ,т .б. балықтардың өсіп өнуіәне толық мүмкіндік жасалған .
Қорық- туристер мен өлкетну әуесқойларының орны .
Орталық Қазақстанның үлкенді- кішілі шоқылық жерінің бір шетіне орнласқан көптеген аралдары бар , тың жердің арсында көсіліп жатқан үлкен ащы-тұзды көл . Теңіз көлінің ерекшелігі , оның көркем табиғатын тек алыстан көріп қана тамашалауға болады . Өйткені өның көркем жері тартпа батпақ , аяғыңды бассаң болды ақұырындап батпаққа кіре бересің . Теңіз көлінің жағалаулары тартпа батпақ боғандықтан одан адам өте алмайды .
Ол жерде тек ұшқан құс қана ұя салады, ұрпағын өсіреді . Теңіз көлінің көлемі 156 мың гектар, жағаларының ұзындығы 450 шақырым . Мүнда 60-қа тарта аралдар кездеседі . Жағалауында ешқандай өсімдік өспейдіктер өспейді , тек балдырларға ғана бай . Мұндағы жануарлр дүниесі де әр алуан . Қорық жерінде құстардың 225, сүтқоректілердің 30, қосмекенділер мен бауырымен жорғалушылардың 10-нан артық , балықтардың 12 - түрі тіршілік етеді .....
Рефераттар
Толық