Есім хан (1598-1628/1645)

Есім хан қазақ тарихында «Еңсегей бойлы ер Есім» деген атпен әйгілі болды, оған бұл атақ 1598-жылы ағасы Тәуекел ханмен бірге Мауреннахрға жасаған жорықта ерекше көзге түскені үшін берілген екен. Есім хан - Шығай ханның баласы, ол бұрын қазақ хандығының Түркістан қаласындағы хан ордасында тұрған. Хан тағына отырған соң Бұхарамен бітім-шартын жасасып, Орта Азия қалаларымен бейбіт, экономикалық байланыс орнатуға ұмтылды. Қазақ хандығын бір орталыққа бағынған мемлекет етіп құруды көздеді. «Есім ханның ескі жолы» деп аталған заңды құрастырды. Есім ханның қазақтарды бір орталыққа бағындыру саясатына қарсы болған сұлтандар қазақ хандығын бөлшектеуге тырысты.

Ташкент қаласы қазақ хандығына қараған соң оны Жәнібек ханның немересі, Жалым сұлтанның баласы Тұрсын Мұхаммед сұлтан басқарған еді.Ол көп ұзамай тәуелсіз хан болуға әрекет жасады. Тіпті өз атынан ақша соқтырып, «бажы және хараж» алым-салықтарын жинады. Сонымен, қазақ хандығын екіге бөліп, Түркістан қаласын орталық еткен Есім хан, Ташкент қаласын орталық еткен Тұрсын хан билеген еді. Бұлардың арасында соғыс қақтығыстары болды. Бұл екі жақ ұйғыр, қырғыз, қарақалпақ билеушілерінен өздеріне одақтас-жақтастар іздеуге кірісті. Есім хан тобы Яркент хандығына қарсы болып Тұрпанды билеген Әбдірахим ханмен одақтасты. Ал Тұрсын Мұхаммед хан жағы Яркент билеушісі Шажайдің Ахметтің жақтасы болды. Бұлармен одақтасып отырған Әбдірахим мен Ахметтер де бір-бірімен жауласып отырған билеушілер болатын. Есім хан өзіне мықты сүйеніш ету үшін Яркент ханы Әбдірахиммен құдандалық байланыс орнатты. Есім хан Әбдірахимнің қызы Патша ханымға үйленді де, ағасы Күшік сұлтанның қызын Әбдірахимге берді. Есім хан мен Тұрсын хан арасында күрес шиеленісе берді, 1627-жылы Есім хан Тұрсын ханды өлтіріп, қазақ хандығын өз қол астына біріктірді. Есім ханның феодалдық бытыраңқылықты жеңіп, қазақ хандығын біріктіру жолындағы күрестері қазақтың «Еңсегей бойлы ер Есім» атты тарихи жырына өзек болған. Есім хан Ташкент қаласына білдіртпей.....
Рефераттар
Толық

Отбасы тәрбиесі

Тәртіптің ең тамаша мектебі – отбасы
С.Смайлс


Мектептегі тәрбие жұмысының нәтижелігінің бір ұшы ата-аналармен, қоғамдастықпен мектептің бірлескен әрекетінде екені еш уақытта күмән туғызбайды.Бала тәрбиесі мен дамуындағы басты рөл атқарушы отбасы. Тәрбие – алдын ала жасалған арнаулы жоспар бойынша мақсаты бағыттала және ұйымдастырыла жүргізіледі. Бала өмірінің басым бөлігі отбасында өтеді. Отбасы – адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы – ата-ана. Сондықтан бала мектеп табалдырығын аттағанға дейінгі оның алғашқы ұстазы.....
kz
Толық

Жан қазынасы - адамгершілік негізі (10 сынып)

Тақырыбы: «Жан қазынасы - адамгершілік негізі» (10сынып)
Мақсаты: 1. Білімдік - танымдық: Оқушылардың білімдік дағдысын қалыптастыра отырып, діни бағыттағы сауаттылығын жетілдіру арқылы сөйлеу тілін дамыту, адамгершілік қасиеттерін шыңдау. Әр ортада өздерінің жан-жақтылығын жетілдіру, таныту, толеранттылыққа баулу.
2. Тәрбиелігі: Жасөспірімдердің ой-санасын оята отырып, өзін-өзі тануға және бағалауға, адамгершілікке, бауырмалдыққа тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, рухани дүниесін жетілдіру.

Міндеті: 1. Бәсекеге қабілетті дені сау, жан-жақты, білімді, сауаттылығы жетілген тұлға даярлау.
2. Оқушылардың өз ойларын ортаға салып, ашып.....
Тәрбие сағаттар
Толық

Ана тілім-мақтанышым, мерейім

Тәрбие сағат тақырыбы: Ана тілім - мақтанышым, мерейім
Тәрбие сағат мақсаты: Оқушыларға мемлекеттік тілдің өркендеп, оянуына, мемлекеттік тілімізді сүйуге, мемлекеттік тілді аяққа баспай, мәртебесін биік ұстау жөнінде, әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт - дәстүрі, діні, тіл ерекшелігі болатынын түсіндіру. Оқушылардың ой - өрісін, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, жұрт алдында еркін ауыз екі сөйлеуге баулу.

Тәрбие сағат барысы:
1 - жүргізуші: Армысыздар! Құрметті ұстаздар, қонақтар, даярлаған мерекелік бағдарламамызды сіздердің назарларыңызға ұсынамыз.
2 - жүргізуші: Тілдер мерекесіне арналған 8, 9 орыс сыныптары.....
Тәрбие сағаттар
Толық

Қазақтың балаға ат қою рәсімі

Бала дүниеге келгенде әр саналы отбасы оған жарасымды әрі әдемі есім беруге тырысады. Кейбірі заманына сай, ел арасында кең таралған, заманауи есімдерді қойып жатса, кейбірі ата-бабаларының, ұлы тұлғалардың есімін, кейбірі ежелгі есімдерді қояды.
Есімдер мағынасы | Кеңестер
Толық

Ерәлі сұлтан Ермұхамедәлі (1791-1794)

Ерәлі, Ермұхамедәлі - Кіші жүз ханы Әбілқайыр ханның баласы. Ерәлі жастайынан әкесімен бірге хан кеңестеріне қатысып, әкімшілік, істерге ерте араласады. 1733 жылы қаңтар айында Әбілқайыр ханның Ресей империясына жіберген елшілігін басқарған.

Елшілікті Ресей патшайымы Анна Иоанновна салтанатты түрде қабылданады. Ерәлі әкесі Әбілқайыр ханның ерік-қалауын білдіре отырып, Ресей патшасынан Кіші жүз қазақтарын......
Рефераттар
Толық

Едіге (1352-1419)

Едіге - Ақ Орданың әмірі. 1352 жылы Қаратау өңіріндегі Құмкентте Ақ Орда әскерлерінің бас қолбасшысы Балтышақтың отбасында дүниеге келген. Бұл дәуір өзара қырқыстың өршіп, Ақ Орданың Алтын Ордадан іс жүзінде бөлініп, өз алдына жеке мемлекет болған кезі еді. Ақ Орданың, одан кейін бүкіл.......
Рефераттар
Толық