Ата-аналар мен балалардың арасындагы құқыкгық қатынастардың пайда болуынын негізі балалардың белгіленген заң тәртібімен куәландырылған белгілі бір әке мен шешеден туатындағы болып табылады. "Неке және отбасы туралы" Заңда балалардың туу тегін куәландырудың бірнеше әдістері (түрлері) қарастырылған. Алғашқы дәстүрлі және неғүрлым кең тараған тәсіл бір-бірімен некеде тұратын ата-аналардан туған балалардың тегін анықтау болып табылады. "Неке және отбасы туралы" Заңнын 46-бабына сәйкес бір бірімен некеде тұратын адамдардан туған баланың туу тегі ата- анасының неке туралы жазбасымен куәландырылады. Бүл некеден туған бала азаматтық хал актілерін жазу органында әкесі мен шешесінің біреуі неке туралы куәлігін көрсетіп, өтініш беруі бойынша солардың атына жазылады деген сөз. Некелі әйелден туған баланың әкесі сол әйелдің күйеуі болып табылады. Бала неке бұзылган, оны жарамсыз деп таныған кезден бастап, немесе бала анасының жұбайы қайтыс болғаннан кейінгі екі жүз жетпіс күн ішінде туған жағдайда, егер өзгеше дәлелденбесе, анасының бұрынғы жұбайы баланың әкесі болып танылады ("Неке және отбасы туралы" Заңның 46-бабы, 2-тармағы). Некесіз туылған баланың тегін куәландыруды реттейтін бұрынғы қолданылып жүрген заңдар іс жүзінде әкелікті белгілеуге қатысты мәселелерді ғана шешіп келген еді. Жаңа заң, сонымен бірге, баланың анасы жағынан тегін (анасы болуын) белгілеу тәртібін де негіздеп берді. "Неке және отбасы туралы" Заңның 46-бабының 1-тармағына сәйкес баланың анасы жағынан тегін (анасы болуын) ананың медициналық мекемеде бала туғанын растайтын құжаттар негізінде, ал бала медициналық мекемеден тыс жерде туған жағдайда - медициналық құжаттардың, куәлардың көрсетулерінің немесе өзгі де айғақтардың, негізінде азаматтық хал актілерін жазу органы белгілейді. Баланың анасы жағынан тегін белгілеу бала некеде тұрғаң адамдардан туылған жағдайда да, немесе ол некесіз туылған жағдайда да қолданылады. ....
Қазақ тарихының , қазақ жазба тарихының түп тамыры қадым замандарға барып тіреледі. Дәуіріне сай дамыған мәдениеті , төл жазуы болған бабаларымыз ілкі орта ғасырлардың өзінде мәнгі өлмес мұралар жасады. Оған мысал бола алатын «Орхон-Енисей жазбалары». Ғылымда «Орхон-Енисей жазулары» аталатын , түркі тайпаларының байырғы қоныс мекендерінде көне руна жазуымен тасқа қашалып қалдырылған бұл тамаша ескерткіштер қазір адамзат мәдениетінің даму тарихындағы ең елеулі мұралардың бірі саналады. Сонымен қатар сол заманнан бүгінге шейін көптеген ескерткіштер , кесенелер , құлпытастар , зираттар, тенгелер және тағы сол сияқты материялдық мәдениеттер белгілі.Осындай ғажайып мұраның аркасында біз өз тарихымызды , тегімізді біліп отырмыз.
Қазақ халқы мәдениетінің тарихи тамыры өте тереңде. Ортағасырлық Қазақстан аумағын аралаған әр түрлі елдер саяхатшылары түрік, қытай, араб, парсы, грек тілдерінде тарихи және географиялық деректер жазып қалдырған. Ортағасырлық Тараз, Талхиз, Отырар, Кедер, Құлан, Жамукент қалаларын, Бөріжар, Бобров, Зевакин қорғандарын қазғанда көптеген бағалы археологиялық олжалар табылды. Осынау жазба және заттай деректер орта ғасырлардағы Қазақстан халқының экономикалық және мәдени тұрмыс-тіршілігіне шолу жасауға мүмкіндік береді. Орта ғасырларда Қазақстанда отырықшы, қалалық, көшпелі және далалық мәдениет өркендеді. Қазақстан аумағында құрылған Батыс Түрік қағанаты, одан кейінгі Түркеш және Қарлұқ, Оғыз мемлекеттері, кейінгі Қарахандықтар иелігі әр түрлі этностық салт - дәстүрлерімен ортақ мәдениетке өз үлесін қосты. Көшпелі және отырықшы ел өмірін зерттеу мәдениетті өзара байланыста және бірін-бірі байыта отырып дамыту, дүниежүзілік прогрестің басты бағыты екенін көрсетті. Жалпы көшпенділер әлемі әр түрлі сипатта болғанымен де оны біріктіретін нәрсе мәдениет пен шаруашылықты жүргізудің ортақ тұрпаттылығы. ....
Жүргізуші: Шуақты көктем келді гүлін алып Көктемнің мерекесі бүгін анық. Өмірдің көктемі де, гүлі – Аналар Ана деп бас иеді күллі халық. Армысыздар, қасиетті аналар!
Қош, келдіңіздер! Аяулы аналар, қызғалдақ қыздар, қадірлі әріптестер! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 8 – наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Көктемнің шуақты күндерімен қатар келіп жатқан төл мерекелеріңіз құтты болсын! Осынау көктем мерекесі қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар - өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. «Шуағын шашқан - аялы алақан"» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! .....
Білімділік: оқушылардың бұрыннан алған білім, білік, дағды машықтарына сүйене отырып, қағаз пластикасымен жұмыс істеу тәсілдерін меңгерту. Дамытушылық: оқушылардың логикалық қабілетін арттыру, дүниетанымын кеңейту, шығармашылық шеберлігін қалыптастыру. Тәрбиелік: адам мен тірі табиғат арасындағы байланыс туралы мағлұмат бере отырып, қоршаған ортаны қорғауға, әсемдікті сезіне білуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Сабақтың түрі: жаңа сабақ Сабақтың әдісі: түсіндіру, ой қозғау, сарамандық жұмыс. Сабақтың көрнекілігі: оқулық, суреттер, желім, қайшы, торғайлар, көбелектер, бейнесөз, жұмбақ. Пән аралық байланыс: еңбек, дүниетану, тіл сабағы .....
Сабақтың мақсаты. Я, Ю әріптері жазылуын еске түсіру. Й+у дыбыстарының орнына «Ю» й+а дыбыстарының орнына «Я» әрпі жазылатынын оқушылардың есіне түсіру, қайталау; оқушыларды сауатты жазуға дағдыландыру; Кездескен жаңа сөздердің мағынасын түсініп, дұрыс қолдана білуді үйрету. Сабақтың түрі: аралас сабақ Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Оқушыларға сөздерді сөз құрамына талдау. .....
Құрметті: тәрбиешілер, балалар! Ұлы Отан соғысы кезіндегі қиыншылықтарды, халық көтерген қасіреттерді еске ала отырып, «Жеңіс тойы, жаса мәңгі!» ертеңгілігімізді бастаймыз.
Бала атпен шауып келеді. Ауылға Зейнұр күйші, ауыл ауылды күй тыңдауға шақырамын. Балалар келіп дөңгеленіп отырады, күй тыңдайды. Осы кезде соғыс басталғанын хабарлайды.
"Майдан" әні Ер балаларды соғысқа шығарып салады.
Сабина: Құрдан қол бұлай отыра бергеніміз жарамас азаматтарымыз соғысқа кетті, еңбек етіп қол ұшымызды тигізейік, жұмысқа кірісейік. .....
Сабақтың мақсаты: заттарды санау, салыстыру, есептеу сияқты мәселелерді шешу. Логикалық ойлау қабілеттерін арттыру. Шапшаңдыққа, ептілікке, тапқырлыққа тәрбиелеу. Түрі: сайыс Көрнекілігі: 0 - ден 7-ге дейінгі сандар, кеспе қағаздары
Сабақтың барысы: Тәрбиеші: Бүгінгі сабағымызға қонақ апайлар қатысып отыр. Математикадан білімдерімізді көрсетейік. Ендеше қазір біз әр түрлі, қызықты тапсырмалар орындаймыз. үш топқа бөлініп алайық: 1 топ: дөңгелек 2 топ: үшбұрыш 3 топ: төртбұрыш Психологиялық дайындық.....
Бөлімдері: Бейнелеу өнері Тақырыбы: Ғарыш қонақтары Мақсаты: Ғарыш әлемі жайлы түсінік беріп, қызығушылықтарын арттыру. Балалардың шығармашылық ойлауын, қиялын дамыту. Өз еріктерімен ғажайып сурет салғызу.
Іс-әрекет кезеңдері. Тәрбиешінің іс - әрекеті Шаттық шеңбері - Қазір жылдың қай мезгілі? - Көктем мезгілінде қандай табиғи құбылыстарды байқадыңдар? - Көктем мезгілінде неше ай бар? - Сәуір айында қандай мейрам бар? .....