Байқоңыр - ғарыш айлағы

Сабақтың мақсаты: Ғарыш әлемі жайлы түсінік беру. Ғарыш айлағы
– Байқоңыр туралы білім беру. Ғарыш әлеміне деген қызығушылықтарын қалыптастыру.
Ғарышкерлерге деген құрмет сезімдерін тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Байқоңырдың, ғарышкерлердің, зымыранның суреттері, слайд.

Сабақтың жүрісі:

Тәрбиеші:
- Балалар, біздің тұратын жеріміз – Жер планетасы деп аталады. Төбемізде әдемі аспан әлемі бар. Бұл – аспан әлемі - ғарыш. Біз өзіміздің Жер планетасында тату - тәтті өмір сүреміз. Қане, бәріміз Жермен, Күнмен, достарымызбен амандасайықшы. .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық

Кім жүйрік

Сабақтың тақырыбы: «Кім жүйрік?»
Сабақтың мақсаты: Ата - аналар мен балаларды сайысқа қатыстыра отырып, олардың халық ауыз әдебиеті, салт - дәстүрі туралы білімдерін байқау. Ән - би қол өнер тәрізді халықтық өнерден хабардарлығын анықтау. Отбасы – Отанның бір бөлшегі екендігін ұғындырып, оқушыларды ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Әдісі: Ата - аналар мен балалардан құрылған командалар арасындағы сайыс түрінде өтеді.
Көрнекілігі: ҚР - ның рәміздері, Отан, отбасы, ынтымақ, бірлік туралы мақал - мәтелдер жазылған плакаттар.
Сабақтың барысы:
Жүргізуші: Атамыз қазақ «Бала адамның бауыр еті», «Балалы үй базар» дейді. Өйткені бала өмірдің жалғасы, Отбасының жеміс берер гүлі. Отбасы бүкіл қоғамның негізі. Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі, жан - жақты тәрбиелі болуы отбасында берілетін ұлттық тәрбиеге тікелей байланысты. Бүгінгі «Кім жүйрік?» атты сайысына екі отбасы қатысып отырсын. Ендігі кезекте біз осы отбасылардың өнерлерін бағалайтын қазылар алқасын тағайындап алайық. Топтарының аты: 1 - «Бірлік», 2 -«Ынтымақ» .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық

Ә дыбысы мен әріпі

Бөлімі: Сауат ашу
Тобы: Даярлық топ
Тақырыбы: Ә дыбысы мен әріпі
Сабақтың мақсаты:
а/ ә дыбысымен оның әріп таңбасымен таныстыру
ә/ Балалардың сөздік қорын, тіл байлығын байыту. Есте сақтау, сөйлеу қаблеттерін арттыру
б/ Сауатты оқып жазуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: түсіндіру, сұрақ - жауап, ойын
Көрнекілігі: әріптің баспа және таспа түрі, әтеш, әткеншек, әліппелердің суреттері
Іс - әрекет бөлімдері Тәрбиешінің іс - әрекеті Балалардың іс - әрекеті

Ұйымдастырушылық - оятушылық Кәне балалар біз бір - бірімізбен амандасып алайық.
Нұр құшып алыпты
Арайлап таң атты .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық

А дыбысы мен әрпі

Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс - әрекеттің технологиялық картасы
Бөлімі: Сауат ашу
Білім беру саласы: Қатынас
Тақырыбы: А дыбысы мен әрпі

Мақсаты: А дыбысы және әрпімен таныстыру. А дыбысы бар сөзге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету. Қол жаттықтыру, дәптеріне А әрпінің баспа түрін жазуды үйрету.
Білімділік: А дыбысын сөздің кез келген жерінен (сөз басында, ортасында, аяғында) тауып көрсете білуге үйрету. Дыбыс туралы ұғымды меңгерту, дауысты дыбыстың ерекшеліктерін еске түсіру.
Дамытушылық: Баланың ойлай білу және өзіндік пікір айту қабілетін дамыту. Белсенді қызығушылығын дамыту. .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық

Сандар әлеміне саяхат

«САНДАР ӘЛЕМІНЕ САЯХАТ»
Мақсаты; Балалардың жыл бойы алған білімдерін бекіту. Танымдық ойындар ойнау арқылы ойлау қабілеттерін жетілдіру, ойлау өрісін дамыту, тапқырлыққа алғырлыққа, іздемпаздыққа тәрбиелеу. Білімге деген ынтасын арттыру.
Саяхатқа шығар алдындағы көңіл - күйлерін көтеру.

Писх - қ ойын: «Көңіл - күй аялдамасы»
Сандар әлемінде біздер бірнеше кедергілерден өтуіміз керек. Ал, саяхатқа немен барамыз?

Д/О; «Сандарды өсу ретімен қосу»
Көлікке отырып саяхатқа шығу. .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық

Үй құстары

Сабақтың тақырыбы: Үй құстары (слайд)
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: оқушылардың үй құстары туралы білімдерін тиянақтау. Оларды құстардың түрлерімен таныстыру.
2. Дамытушылық: үй құстарының өзіне тән қасиеттері туралы әңгімелеу және ойлау сөйлеу қабілеттерін дамыту. Әдемі, таза жазуға баулу.
3. Тәрбиелік: Отанын сүюге, аң құстарды қорғауға, қамқор болуға тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдері: саяхат сабақ, түсіндіру әңгімелеу.
Сабақтың түрі: “Мақта қыз бен мысық” еретігісі желісіндегі саяхат сабақ.
Пән аралық байланыс: сауат ашу, математика
Көрнекілігі: Суреттері, “Мақта қыз бен мысық” еретегісіндегі кейіпкерлер

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Ғажайып сәлемдесу:
Мұғалім: Оқушылар:
Мейірімді жүрекпен, Үлкенге де сіз,
Ақпейілді тілікпен, Кішіге де сіз.
Амандасып алайық Сәлем бердік сіздерге
Бір жадырап қалайық Құрметпенен біз .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық

Бала шақтан болашаққа

Мақсаты:
1. Білімділік: Балалардың бір жылдық алған білімдерін тиянақтау.
2. Дамытушылық: Балалардың сөздік қорларын дамыту.
3. Тәрбиелік: Өзінен үлкендерге құрмет, кішіге ізет көрсете білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: суреттер, нақыл сөздер, интерактивті тақта.

Тәрбиеші: Құрметті ата - аналар, қонақтар! Бүгінгі мектепалды даярлық тобында алғашқы түлектері өмірге араласпақшы. Бұлар көк байрағың желбіретіп, ән - әнұранын асқақтатын Еліміздің ертеңі мен келешегі. Бұлар ел бірлігін ойлайтын, өз Отанын қорғайтын біздің болашағымыз. Бүгінгі күн ұмтылмастай әрбір жүректе қалары сөзсіз. Бүгінгі той иелерін, мектепалды даярлық тобын ортаға шақырайық.(Балалар ортаға кіреді.)

Би: Вальс. Мектепалды даярлық тобы

Тәрбиеші: Құрметті қонақтар армысыздар
Бәріңіз де есен – аман бармысыздар?
Таусылмайтын ағытып ой арманың
Ал, достарым ақ жол тілеп, сөз бастағын
Дей отырып бүгінгі ертеңгілігімізді бастағым келеді! .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық

Қ дыбысы және әрпі

Оқу іс – әрекет түрі: Сауат ашу
Сабақтың тақырыбы: Қ дыбысы және әрпі
Сабақтың мақсаты: Қ дыбысы мен әрпін таныту, оқуға жаттықтыру, сауатты жазуға машықтандыру. Ойын арқылы ойлау қабілетін дамыту,
сөздік қорын молайту, оқуға деген белсенділігін арттыру.
Көрнекіліктер: суреттер, кеспе әріптер, буындар, жаңа сөздер жазылған таблица.
Сабақ түрі: аралас сабақ.

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекет барысы:
Амансың ба алтын күн!
Амансың ба көк аспан!
Амансың ба достарым!
Амансыздар ма қонақтар! .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық

Бәрін білгім келеді

«Бәрін білгім келеді»
Мақсаты: Балалардың алған білімдерін қорытындылау, одан әрі толықтыру. Балаларды шапшаңдылыққа, ұқыптылыққа талпындыру.
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, суреттер, т. б.
Әдіс - тәсілдер: Көркем сөз, сұрақ - жауап, жұмбақтар, жаңылтпаш.
Жүру барысы:
Жүргізуші.
Білімдіден шыққан сөз,
Талаптыға болсын кез.
Нұрын, сырын көруге,
Көкірегінде болсын көз. .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық

Ғажайып ғарыш

Мақсаты: Балаларға Ғарыш және ғарышкерлер туралы толық түсінік беру, білімдерін одан әрі кеңейту. Сыйластыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, зымыран суреті, үн таспа.
Әдіс - тәсілдер: Жұмбақ шешу, тақпақтар, ойын, сұрақтар.
Жүру барысы: Шаттық шеңбер:
Сәлем саған жер анам,
Сәлем саған алтын күн.
Сәлеметсіздер ме апайлар,
Сіздерді көргеніме қуанам.
Тәрбиеші: Балалар кім айтады қазір жылдың қай мезгілі?
Ал көктемнің қай айы?
Сәуір айында қандай мерекелер бар?
Бүгін балалар ғарышкерлердің мерекесі, он екінші сәуір ғарышкерлер күні, биыл ғарышқа ұшқан күнге 53 жыл болды. Бүкіл халық бүгін мерекені тойлап жатыр. Балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырғым келіп тұр.
Жерде болса тұрағым,
Марсқа ұшып тұрамын.
\ғарышкер\ .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық