Расул
Расул есімінің мағынасы, араб тілінен – 1) хабаршы. 2) елші, уәкіл.
Расул есімінің мағынасы, араб тілінен – 1) хабаршы. 2) елші, уәкіл.
Диас есімінің мағынасы – испан тілінен – күн, күндіз. Испания көтерілісшілерінің көрнекті басшысы Хосе Диас құрметіне 1936 жылы қойылған есім.
Халқымыз жаңа туған нәрестеге ат қою дәстүріне ерте заманнан үлкен жауапкершілікпен қараған. Кез келген ата-ана баласына мағынасы дұрыс, көркем ат қоюға тырысады. Баланың есімі болашағына әсер етеді дегенге сенетіндер де жоқ емес. Жақында ғана көпбалалы әке атанған "МузАРТ" тобының солисі Кенжебек Жанәбілов те ұлына Әлиби деген ерекше есім берген.
Аяулым есімінің мағынасы - менің жаным, сүйіктім, қымбаттым деген мағынаны білдіреді.
Гүлдана есімінің мағынасы - тәжік тілінен аударғанда — сұлу дана, ерекше, білгір, данышпан деген мағынаны білдіреді.
Айша есімінің мағынасы - араб тілінен алынған гайшә, көне еврей тілінен айше — ұзақ әмір сүруші, өмірге құмар, құштар. Есімнің түрлері — Ғайша, Қайша.
Аянат есімінің мағынасы - араб тілінен ийан сөзін аударғанда – өз көзімен көру, анықтық, айқындылық, шындық, ақиқат деген мағынаны білдіреді.
Аяна есімінің мағынасы – араб тілінен аударғанда: өз көзімен көру, анықтық, айқындылық,шындық, ақиқат, — деген мағына береді.
Медина есімінің мағынасы (Мәдина) — «қала», Мадинат ән-Нәбий («Пайғамбар қаласы») деген тіркестен алынған. Бұл мұсылмандардың қасиетті қаласы болып саналады.
Айзере есімінің мағынасы - қазақ тілінен алынған «ай» және «зере», иран тілінен «зер» — аудамасы «алтын» деген сөздерден құралған. Алтынай есімінің синонимі.