Ойын ойнаған басшы таңдау үшін айтылатын санамақ
Бірім, екім,
Алма текім
Сапар айым,
Сары шымшық
Балтаңды ал да
Жүгіріп шық.
Алма кетті домалап
Көше бойын жағалап
Кім алманы табады
Сол ойыннан шығады.
Бірім, екім,
Алма текім
Сапар айым,
Сары шымшық
Балтаңды ал да
Жүгіріп шық.
Алма кетті домалап
Көше бойын жағалап
Кім алманы табады
Сол ойыннан шығады.
Барыс-келіс көп болсын, дұшпандарың жоқ болсын,
Қыдыр дарып, бақ қонып, дастарқаның мол болсын!
Дастарханың тоқ болсын,
Уайым-қайғы жоқ болсын!
Жарды болсаң жасыма,
Бай болсаң, тасыма!
Бақ-дәулет берсін басыңа,
Ғұмыр берсін жасыңа.
Бәле-жала, жын-шайтан,
Жоламасын қасыңа!
Иманның байлығын берсін,
Құт-берекенің бәрі келсін!
Мектеп деген білім кені , жыр кені,
Мектеп деген ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген тәрбиеші адамға.
Мектеп деген даналардың мекені.
Мектебім- білім берер алтын ұям.
Ер жетіп сенде сөзім, артты санам.
Баулыған 4жыл бойы ата- анамдай.
Әрқашан қасиетті атың маған.
Арада өтсе дағы дүркіреп жыл ,
Әр күні балалықтай бір жүрек бұл.
Өзіңе борыштармын өмір бойы
Есейген шәкіртіңнің серті деп біл.
Бүршік жарып ағаштар
Құстар ұя салады.
Сылдыраған бұлақтар
Ағып бара жатады.
Су астында балықтар
Сазан, шортан, бекіре,
Неше түрлі балық бар
Шошытасың секірме.
Мұғалім біздің анамыз,
Анамызды сыйлаймыз.
Айтқан ақыл, білімін
Ықыласпен тыңдаймыз.
Мен кішкентай баламын
Кітап оқи аламын.
Дәптер, қалам, сызғышты
Сөмкеме өзім саламын.
Балауса көкпеңбек,
Көктем бұл шырайлы.
Күн шуақ көктен кеп,
Төккені ұнайды.
Тәп-тәтті қырдағы бүлдірген,
Таңдайға балдай боп жағатын.
Бүлдірген тереміз бір-бірден,
Біреуі ауызды табатын.
Құрметті оқырмандар! 8 наурызға арналған тілектер мен құттықтаулар анаға, қыздарға, әпкеге, қарындасқа, сүйіктіге, әйелге арналады. Сіздерге ұнайды деген ниеттеміз!
Туған күніңмен, қымбатты сыныптас! Мен саған балалық шақтан Көңілді естеліктер, бақытты сәттер мен қазіргі кездегі үлкен мүмкіндіктер, үлкен перспективалар мен болашаққа үлкен жоспарлар тілеймін. Жанында әрдайым сәттілік пен достардың қолдауы болсын!
Мектеп, сенсің адалдықты үйреткен,
Мектеп, сенсің жамандықты күйреткен.
Мектеп сенсің жақсылықты ұран қып,
Мектеп, сенсің мені жұртқа сыйлы қып,
Өмірге азық мол сыйың,
Құшағы құтты нұрлы ұям.
Мектебім менің - өз үйім,
Санама күнде нұр құйған.