Телекоммуникация

Телекоммуникация, телеқатысым (латынша тele – қатынасу, байланысу, грекше – қашық және ауылшаруашылығы communіcatіon – байланыс) – ғылым мен техниканың халықты ақпараттық қызметтің барлық түрімен қамтамасыз ететін саласы; қашықтықтан ақпарат алмасуды жүзеге асыратын технологиялар жиынтығы. Телекоммуникация саласы Қазақстанға ХХ ғасырдың 90-жылдарынан ене бастады. Телекоммуникация электрбайланыс және компьютердің көмегімен ақпараттың барлық түрлерін (дыбыс, дерек, қозғалмалы және қозғалмайтын бейне, мультимедиа) талшықты оптикалық байланыс кабелі, радио, Жердің жасанды серігі т.б. байланыс түрлері арқылы таратады. Электр сигналдарын таратып-қабылдауды телекоммуникация жүйесі атқарады. Бұл жүйе ақпаратты пайдаланушыларға дыбыс немесе бейнекөрініс түрінде тарататын жабдықтар жиынтығынан тұрады. Телекоммуникация жүйелері жиынтығының аумақтық орналасу принципіне, жұмыс істеуі мен бір-біріне тәуелділігіне қарай біріктірілуін телекоммуникация желісі деп атайды.

Мәтіндер
Толық

Электроника

Электроника – ғылым мен техниканың вакуумда, газда, сұйықта, қатты дене мен плазмада, сондай-ақ олардың бір-бірімен жанасу шекарасында байқалатын электрондық және иондық құбылыстарды зерттеуге және оларды қолдануға арналған саласы. Оның физикалық электроника және техникалық электроника деп аталатын басты екі саласы бар. Физикалық электроника электрондық және иондық құбылыстарды, электрондық және иондық приборларды, құрылғылар мен қондырғыларды құрастыру принципін, электрондық және иондық приборлардың көмегімен электр энергиясын қабылдау, түрлендіру және беру принциптерін, электрондар мен иондар ағынының затқа әсер ету механизмін теориялық және тәжірибелік жолмен зерттейді. Техникалық (қолданылмалы) электроника электрондық және иондық приборларды, құрылғылар мен қондырғыларды ғылымда, өнеркәсіпте, байланыста, ауыл шаруашылығында, құрылыста, көлікте т.б. салаларда пайдаланудың теориясы мен практикасын қамтиды. Электроника пайда болмастан бұрын электр доғасы (1802), газдағы солғын разряд (1850), катод сәулелері (1859) т.б. ашылып, қыздыру шамы (1873) құрастырылды.

Мәтіндер
Толық

Радиотехника

Радиотехника – радио диапазонындағы электромагниттік тербелістер мен толқындар арқылы генерациялау және күшейту, тарату, қабылдау тәсілдері мен оларды пайдалану мәселелерін зерттейтін ғылым. Электромагниттік тербелістер мен радио диапазонындағы толқындарды радиобайланыста, телевизацияда, радиолокация мен радионавигацияда, ондай-ақ технологиялық процестерді бақылау және басқаруда, тағы да басқа ғылыми-зерттеулерде пайдаланатын технология саласы да радиотехника деп аталады. Радио диапазонына толқын ұзындығы ондаған км-ден мм-дің ондаған бөліктеріне дейін электромагниттік толқындар жатады.

Мәтіндер
Толық

Авиация тарихы

Авиация – Жер маңайындағы әуе кеңістігінде ауадан ауыр аппараттармен (мысалы, ұшақ, тікұшақ т.б.) ұшуды білдіретін ұғым. Ол француздың avіatіon сөзінен шыққан, ал оның түп тамыры латынша avіs – құс дегенді білдіреді. Осы аппараттардың ұшуын қамтамасыз ететін қызметтер жүйесі де авиация құрамына енеді. Авиация азаматтық және әскери болып екіге бөлінеді: Азаматтық авиацияға көліктік, санитарлық, оқу-жаттығулық, арнайы мақсатқа арналған (мысалы, ауыл шаруашылығында, аэрофототүсірім, байланыс, геологиялық барлау, балық аулау кәсібін барлау үшін т.б.) ұшу аппараттары, ал әскери авиацияға әскери әуе күштері, теңіздік, армиялық, әуе шабуылынан қорғануға арналған ұшу аппараттары жатады. Адамның аспанға ұшу жөніндегі арманы ерте заманнан басталған. Тасқа салынған қанатты адамдардың суреттері соның дәлелі болып табылады. Дүние жүзіндегі көптеген халықтардың ертегілері мен аңыздарында аспанға ұшу жөніндегі адам арманы айтылады. «Ұшар ханның баласы» атты қазақ ертегісіндегі аспанға ұшу өнері, кілеммен ұшу – соның айғағы.

Мәтіндер
Толық

Саяхат.Ұшу аппараттары туралы не білемін _ТАНЫСТЫРЫЛЫМ

Ұшу аппараттары туралы не білемін?Сабақтың мақсаты: аудио-бейнежазба мазмұны бойынша өз ойын білдіру1-топ: ұшу аппаратының түрлері2-топ: ұшу аппараттарының адамға тигізер пайдасы3-топ: Тік ұшақ пен ұшақтың айырмашылығы....
Қазақ тілі
Толық

Саяхат.Ұшу аппараттары туралы не білемін _ДИДАКТИКА

1-топ: ұшу аппаратының түрлері2-топ: ұшу аппараттарының адамға тигізер пайдасы3-топ: Тік ұшақ пен ұшақтың айырмашылығы.Оқушның аты-жөні_____________________________________р/сҰшу аппаратының атауыНе білдім?Нені білгім келеді?Оқушның аты-жөні_____________________________________р/сҰшу аппаратының ата...
Қазақ тілі
Толық

Қазақ тілі және әдебиеті_ 2 сынып _8-бөлім. Саяхат_Саяхатқа шығамын_ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР

Пән: қазақ тіліҰзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5-бөлім: Саяхат Күні: Сынып: 2Мектеп: НЗМ Көкшетау қаласыМұғалімнің аты-жөні: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: Сабақ тақырыбыСаяхатқа шығамынОсы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)2.1.4.1 тірек сөздерді қатыстыра отыры...
Қазақ тілі
Толық

Қазақ тілі және әдебиеті_ 2 сынып _8-бөлім. Саяхат_Саяхатқа шығамын_ТАНЫСТЫРЫЛЫМ

«Мен қандаймын?» Сабақтың мақсаты: Мәтіндегі тірек сөздерді түртіп алу арқылы мәтін құрауға, көркем жазуға дағдылану.Саяхатқа шығамынДескриптор: Бас әріп пен кіші әріптің биіктігін сақтады;бас әріп пен кіші әріптің мөлшерін сақтады;әріптерді байланыстырып көлбеу жазды;мәтінді таза жазды.«СМС хабарла...
Қазақ тілі
Толық

Саяхат.Ұшу аппараттары туралы не білемін _ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8-бөлім: Саяхат Мектеп: Көкшетау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіКүні:Мұғалімнің аты-жөні:Сынып: 2 Қатысқандар:Қатыспағандар саны: Сабақ тақырыбыҰшу аппараттары туралы не білемін?Оқу мақсаттары 2.1.5.1 аудио-бейнежазба мазмұны бойынша өз ойын (ұнайды/ұнамайды, с...
Қазақ тілі
Толық