Саяхат Саяхатқа шығамын ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8-бөлім: СаяхатКүні: Сынып: 2 Мектеп: Көкшетау қ. физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіМұғалімнің аты-жөні : Қатысқандар: Қатыспағандар саны: Сабақ тақырыбыСаяхатқа шығамынОқу мақсаттары 2.1.4.1 тірек сөздерді қатыстыра отырып, берілген та...
Қазақ тілі
Толық

Саяхат Саяхатқа шығамын ПРЕЗЕНТАЦИЯ

Саяхатқа шығамынтірек сөздерді қатыстыра отырып, берілген тақырып бойынша мәтін құрап айтуТөбесiнде қу бұтақ,Алар екен кiм бұтап.   Мүйiзiнен таралған,Жанға шипа дәрi алған.  Есек емес,Жылқы емес.Екеуiнiң ұқсастығыБередi тұрқы елес.   Айбарлы сұсы бар,Қанжардай тiсi бар.Тұла бойындаТасыған күшi бар...
Қазақ тілі
Толық

Саяхат Саяхатқа шығамын ДИДАКТИКА

Айбарлы сұсы бар,Қанжардай тiсi бар.Тұла бойындаТасыған күшi бар,Күжiрейген жалды,Бiлсең айт бұл аңды?  (Арыстан) Түлкi ұқсас тұрқы,Бiр тоймайтын құлқы,Андитыны тастан,Құс пен тышқан.  (Қабылан) Мойыны тұтасқан,Аузы апан.Жоны жалпақ,Бұты талтақ.   (Бегемот) Тiк жардай т...
Қазақ тілі
Толық

Саяхат Ұшу аппараттары туралы не білемін ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8-бөлім: СаяхатКүні: Сынып: 2 Мектеп: Көкшетау қ. физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіМұғалімнің аты-жөні : Қатысқандар: Қатыспағандар саны: Сабақ тақырыбыҰшу аппараттары туралы не білемін?Оқу мақсаттары 2.1.5.1 аудио-бейнежазба мазмұны б...
Қазақ тілі
Толық

Сатиралық ертегі: Қожанасырдан сөз

Қожанасыр өте қиял әпенді кісі болған екен. Қожанасыр бір күні үйде жатса, патша шақырыпты.
– Менің тісім ауырып қалды, Қожанасыр келіп, тісіме ем қылсын, – депті. Жігіттер келіп:
– Қожеке, жүр, сізді патша шақырады, – депті. Қожа айтыпты:
– Бармаймын, патша өзі келсін және маған керосин май беріп жіберсін, – деп, жігіттерге айтыпты. Жігіттер барып, патшаға айтқан екен Қожа келмеймін дейді, маған май берсін деп, айтып жібереді, – деді. Патша айтты:
– Бір бөтелкеге сиіп, толтырып, Қожаға алып бара беріңдер. Оның май емес
екенін білген соң Қожа ашуланып, өзі келеді, онан соң тісімді қаратып алайын, – деді. Жігіттер бөтелкеге сиіп, Қожаға алып барып, беріпті. Алып барған жерінен танып, Қожа біліп, сыр бермей, қала беріпті. Екінші күн:
– Қожаны шақырып кел, келмеді ғой, келмесе, байлап алып келіңдер, – деп,
патша жігіт жұмсады. Қожа адамның кепкен бір тезегін бір шүберекке таңып алып, дайын болып отыр екен. Жігіттер келіп, Қожаны ертіп, патшаға барыпты. Патша қол қусырып:
– Қожеке, неге кеше келмедіңіз? Кешелі бері тісім ауырып, көрмеген қорлық көрдім. Маған бір дәрі-барыңыз болса, берсеңіз екен. Не дүние болса, мен сізге берер едім, – деді......
Ертегілер
Толық

Сатиралық ертегі: Дуана Қожанасыр

Тіпті, бұрынғы заманда бір дуана Қожанасыр деген болыпты. Әйтеуір, бір адам, не ақылды емес, не ақымақ емес, не тентек емес, не момын емес. Оған таныс болған емесдүр қайғы да, машақат та, өш алу да, һәм күншілдік те. Ол өзі Құдай деген кісі еді, һәм әрқашан өзінде не бар болса, соныменен қанағат қылар еді, ілгергі уақытта қайтемін деп, қам жемейінше. Ол турада айтылған қазақ арасында көп сөздер бар. Бұларды санауға мүмкін емес. Біз бұлардың ішінен бағзы біреулерін алып, жазуға жаһат етеміз.
Бір күні Қожанасыр көк есегіне мініп алып, отын алғалы ағаш ішіне барды. Ағаш ішіне келіп, бір ағаштың бұтағына шығып алып, бұтақты түбінен кесе бастады. Дәл со уақытта бір жолаушы адам қасынан өте беріп, бұған айғайлап айтады:
– Ағаш құласа, астында калып өлесің ғой, – деп. Дуана айтады:
– Ей, әулие, тоқта, сен маған айт, мен қашан, қалайша өлсем керек? – дейді. Жолаушы тоқтамастан жүре беріп, бірақ оған айтты:
– Сен ақымақ екенсің, – деп. Сонда Қожанасыр жіберместен сұрайды: «Қашан өлетұғынымды айт», – деп. Жолаушы әбден мазасын ала берген соң ашуланып:.....
Ертегілер
Толық

Сатиралық ертегі: Өтірік саңырау

Бұрынғы уақытта Шаған елінің бір саудагері Киптанға келіп, сауда істеп жүреді екен, ақ қашқан жылы, қызылдың қолына түсіп, бар істеп жүрген күрегінен айырылып, кісі жатты. Ішінде бір Жүніс деген ақсақалы бар екен. Бір күні түнде отырып, саудагер Жүніске айтты:
– Көңіліміз бір көтерілсін, күлдірші, – деді. Сонсоң Жүніс айтты:
– Шынымды айтып күлдірейін бе, өтірігімді айтып күлдірейін бе? – деді.
Сонсоң:
– Өтірікпен күлдірмей-ақ қой, шыныңмен күлдір, – деді.
– Шыныммен күлдірсем, – деді, – бір көк атым бар еді. Соны жазды күні семіз күйінде ұрлап қойды. Өзі бәйге ат еді, зар ғып жүр едім, бір күні біреу бәленше жерде тұр деп айтты деген соң құлағымды тігіп, бақылай келсем, Керекудің аржағында тұр деген дейді естілді, бұрын сол Кіптанға келіп жүретін бір керекулік жігіт бар-ды. Талай «Тамыр болайық», – деп, – үйге жүр, қалағаныңды алып кет деп жүретін. Мен қолым тиіп, бара алмайтынмын-ды. Сонан соң жолдас та ерткенім жоқ, жүріп кеттім. Қуанышым қойныма сыймай, ойым сол тамырыма барсам деп, келе жатырмын. Үстімде киген киімім жақсы, сағаты бар күміс, бір күннен кейін тағы да жүріп келе жатырмын. Артыма қарасам, бір боз жорға атты келе жатыр. Сонсоң бөгелгенім жоқ, аттың екпінімен соғып келіп, өтті. Оң жақ тізем сынып қала жаздады......
Ертегілер
Толық

Сатиралық ертегі: Құлжатай сөзі

Бұл кәдімгі Тобықты деген рудың, оның ішінде Қарамырза деген топтан атақты Тәуке батырдың туысқаны Құлжатай Қорыға баласы деген азамат, осының әңгімесі шығыс әңгімесінен де қызығырақ. Осылар екі атаның баласы, бір жағы – Жақып баласы Байғали, Нұрғали, Қали, екінші жағы – Қорыға баласы Мұсатай, Жолдатай, Құлжатай болып, Ақшоқы деген жерде жерге таласып, екі жақ болып, төбелеске шығады. Бір жағының батыры атақты Тәуке, екінші жағынан қашқын Әділқан деген Байтен деген рудан апрель айының аяқ кезінде талтүсте сарт та сұрт, ал соғыс. Бұл соғыста Қорыға жағы мегдетіп, Жақып баладарының көбі қашып, түсіп қалады. Басты орамалмен мықтап тартып алған, қолда Ақтабаннан нән бір-бір сойыл шоқпар еді. Жерге талас түс мезгілінде Құлжатай мырза тоқтап, Ақшоқының басына шығып, желпініп, насыбайын атайын деп, қалтадан шақшаны суырып ап, ердің қасына тық-тық еткізіп қақса, ері тілге келеді.
– Кенже-ау, басымды жардың ғой, – дейді.
Құлжатай мырза сасып, тап ерінің қасына қараса, тақымынан бір бас қылтиып шығып тұр, қараса, алғашқы кездескенде сасып жүріп, жауырынынан жұлып алып, Әділқан батырды тақымына қысып ап кеткен екен. Оны ұмытып кетіпті. Әлгі ердің қайысы деп, шақша қаққаны осы Әділқан батырдың басы екен. Ыржиып күледі......
Ертегілер
Толық

Сатиралық ертегі: Үсен қу

Үсен осы әңгімесін бастап айтқанда былай дейді екен.
– Көктем уақ жұрт оразасын көкек айында ұстайтын болған. Сол жылда қыста Үсеннің жалғыз көк шолақ аты болады екен. Қыс қаталаң болып, Үсеннің көк аты қыршаңқыға ұрынып, көк шолақ ат болыпты. Бір ауылға мініп барса, қышынып, үйге сүйкеніп, маза бермейтін бопты. Елден қыдырып, ет жеуге, тіпті, ыңғайсыз болған соң көк шолақ атты мінбей, қоя беріп, үйінде жататын бопты. Бір күні қатыны Зарауқа даладан үйге жұлынып, бір нәрсеге тырысқандай түсі бұзылып кіреді.
– Біздің көк атты үлкен атамның ауылындағы кіші енем қолына бақан алып, қуалап ұрып жүр. Дәрісі, үйіне сүйкенді білем. Арам қатқыр, ішің сұйылғыр, – дейді. Зарауқа жылап жібереді.

– Зарауқа, сен оған намыстанбай-ақ қой. Оны мұнда ұстап алып келші. Бір жаққа мініп кетейін, – дейді.

Зарауқа көк шолақ атты ұстап әкеліп, ерттеп береді. Үсен домбырасын ішінен байланып, Асы деген жерде Албан деген елге бармақшы болып, жүріп кетеді.

Жылы жағалай қонып, үш күнде Асыдағы Албанға барады.

Күн батып кеткен кезде бір түйе жинап келе жатқан ақсақалды шалға жолыға кетеді. Ақсақалды шал Үсенге:

– О, батырым, кімсің? – дейді......
Ертегілер
Толық

Сатиралық ертегі: Құлақай

Құлақайдың әкесі елге беделді адам болса керек. Мекені – Тарбағатай тауының алқымы, «Саршоқы», «Аршалы» деген жерлер. Сол уақыттағы дәстүр бойынша Құлақайдың әкесі күз болып, мал семірген уақытта маңындағы елдерге жата-жастана қонақтайтын әдеті екен. Құлақайдың сегіз-тоғыз жастағы кезі. Әкесінің алты ұлының ең кішісі де осы – Құлақай. Сондықтан да оны жасынан-ақ еркелетіп, бетін қақпай өсіріпті. Әкесі қайда барса да, өз қасынан қалдырмапты. Ел ішінің беделді адамы, атақты рудың баласы болғандықтан, Құлақайдың әкесін елі құрметтейтін. Өзі жоққа нанғыш, байлығы болмаса, момын адам еді. Сүйтіп, жас Құлақай әкесімен қонақтап жүріп, барған үйінен үнемі құлақ (малдың) жеп, оның тәттілігі жас баланы кәніктендіреді. Жасы жеткен адам болғандықтан да, қай үйге барса да, бас Құлақайдың әкесінікі де, құлағы – баласынікі. Көбінесе, ағайын ішіндегі бір ауылдың, қалса, бір елдің ақсақалы болғандықтан, бір үйден екінші үй өздері–ақ құрметтеп әкететін. Оған деген бір малдары ертеден арнаулы.
Құлақай жасынан-ақ бір бетті, көңілге алған ісіне тиянақты, көпшіл болды. Өзімен замандас балалардың ортасында әр нәрсеге ыңғайлы, қолынан іс келетін қабілеті күшті еді. Ең аяғы, ауыл балаларын әртүрлі ойынға ұйымдастыратын да осы Құлақай болды. Онсыз ойындарының беделі болмайтын, қызықсыз өтетін......
Ертегілер
Толық