География | БИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАРУ

Биологиялық қару қазіргі заманның қауіпті қаруларлық бір түрі және ол халықты жаппай қырып жою мақсатына арналған, оның потенциалы орасан зор: құрғақ биоматериалының әр грамм мөлшерінде жүздеген миллиард микробтар болуы мүмкін. Мысалы. таза кристалды ботулиникалық токсинның 1 граммы 8 млн. адамды уландырып өлтіре алады. Химиялық қару бірінші дүние жүзілік соғыста, ядролық қару екінші дүниежүзілік соғыста қолданылған болса, биологиялық қару әлі пайдаланылмаған. Сондықтан оның салдары ешкімге беймәлім. Айтарлық кейбір инфекциялы аурулар (тұмау) бір мезгіл кетерілісінде бірнеше мемлекет территориясына, бірнеше құрлыққа таралады - бұл құбылысты пандемия деп атайды. Химиялық қару сыңайлы биологиялық қару ғимараттарға, құрылыстарға, жабдықтарға тікелей озінің осерін тигізбейді, бірақ адамдарды ауруға ұшырату арқылы өндіріс тірішлігін мүлде тоқтату мүмкін. Биолгиялық қару құралдары ретінде жау мынандай аурулардың қоздырғыштарын пайдалануы мүмкін:
- адамдарды зақымдау үшін - түйнек, обз, нағыз Шешек, туляремия, сан, мандам, тырыспа, сары қызба, орнитоз, іш сүзегі, қу-қызбасы, Цуцугамуши қызбасы, солар мен қатар ботулипикалық токсин;
- жануарларды зақымдау үшін - аусыл оба сан, түйнек және т.б.; өсімдіктерді зақымдау үшін - астық тұқымдастарының тотоқтырғышы, күріш пирикуляриозы, картоп фитофторозы, мақта гоммозы, ж.т.б.
Биологиялық қарудың негізін биологиялық құралдар қалайды. Олар: бактериялар, вирустар, риккетсиялар, саңырауқұлақтар; микробтардың өнімдері - токсиндер, мал және ауыл шаруашылық өсімдіктеріне зиян келтіретін жәндіктер мен зиянкестер, ауру қоздыратын микробтарды тасымалдайтын жәндіктер және өсімдіктерді I шірітетін синтетакалық химиялық заттар-гербицидтер мен дефолианттар.
Биологиялық қаруды нысаналарға жеткізу немесе қолдану әдістерін екі топқа бөлуге болады: негізгі әдіс және диверсия жасау әдісі. ....
Рефераттар
Толық

География | Балхаш көлі

Экология проблемаларын терең зерттеу ғылымдар жүйсінде ең беделді орын алатынына күмән келтіруге болмайды. Бұл проблемалар адамзатқа өзін қоршаған ортамен одақтасып табиғаттың сырын, өзіндік ара қатынасын зерттеп, оның жандүниедеге болған әсерін сезіп байқап,мүмкін болатын экологиялық зардаптардың мөлшерін,таралған аумағын, экономикаға келтірер зиянын,жер бетіндегі тірі тіршілікке тигізетін қолайсыз құбылыстарын аңғарып біліп,оған қарсы пәрменді күрес жүргізу үлкен мәселе.Табиғатты қорғау мемлекет тің басты міндеті,адамзаттың абзал ісі.Туған табиғатты сүю өз Отанына деген шын сүйіспеншіліктің белгісі.
Ғылым мен техниканың ғарыштап өсуі,өндіріс орындарының географиялық аумақтарда алдын–ала зерттемей,талғамсыз орналасуы,ядролық,бактериялогиялық, химиялық,ракеталық сынақтарды өткізілуі,үлкен қалалардағы урбанизация мәселелерінің күрделенуі,ауылдың жерлердегі жер – суының эррозияға ұшырып жатуы үлкен проблема екені анық. Қазіргі Қазақстандағы экологияның жағдай төмен, тіршілік өмірге қауіпті деуге болады.Мәскеу профессоры «Химия қауіпсіздігі» одағының президенті Лев Федорович айтуынша:« Ресей мен Қазақстан ең бір ластанған экологиялық аймаққа жатады деді».
Совет заманында Қазақстан жерінде асығыс,сұрапыл, сапасыз жүргізілген әртүрлі индустриялды–аграрлы реформалар кесірінен,су – жер және өзге ресурстарды дұрыс пайдаланбаудың,Қазақстан жерінде әр–түрлі ядролық, биологиялық қарудың әскери және өзге де мақсатта жүргізілген сынақтары нәтижесінде қазіргі Қазақстанның экологиясы өте қауіпті жағдайда. Соған мысал ретінде «Тың жерді игеру» желеуімен жүргізілген қате реформаның нәтижесінде Қазақстандағы миллиондаған гектар жер эррозияға ұшырады ( бұның нәтижесінде тек экологиялық емес демографиялық проблемалар асқынып кетті ),батыстың капиталистік елдерімен болған қарсыластықтың нәтижесінде, әскери қару – жарақ жасау жарысында ( гонка вооружений ) Семей полигонында және өзге де Қазақ жеріндегі жүргізілген ядролық сынақтар нәтижесінде, сынақтардан кейінгі болған радиацияның әсері жергілікті тұрғындар үшін ғаламат қайғы–қасіретке айналды. Ал су проблемалары сол кездегі және қазіргі уақыттағы су ресурстарын дұрыс қолданбау,өзен суларының мөлшерден тым көп,ретсіз алынуының нәтижесінде пайда болды. Соған мысал ретінде Арал теңізі мен қазіргі Балхаш көлінің проблемаларын алсақ болады. ....
Рефераттар
Толық

География | Балқаштың экологиялық проблемалары

Бүгін Қазақстан ғалымдары тағы бір экологиялық апат қаупін болжамдайды. Олардың а йтуынша, Балқаш көлінің құрғап кету қаупі бар.
Балқаш көлемі бойынша Орталық Азияда төртінші көл болып табылады. Көлдің 3 миллион жергілікті халқының тұрмысы және аймақтағы экономикасы үшін орасан зор мәні бар.
Би-Би-Си тілшісі Джил МакГиверинг Балқаш көлінің солтүстік жағалауына барып, сондағы жағдайды зерттеп көрген.
Көл жағасында тұратын жергілікті тұрғындардың кейбірі көлдегі су деңгейінің соңғы 30-40 жылдың ішінде айтарлықтай азайғанын айтады. Көбі 3 миллион халықтың тұрмысына қажетті суды қамтамасыз етіп, аймақтың қантамыры қызметін атқарып келетін Балқаш көлі құрғап кетпей ма деп қорқады.
Джил кездестірген Егор есімді орыс жігіті көлдің өзгергені туралы былай деп айтып берді:
"1968-69 жылдармен салыстырсақ, Балқаштың су деңгейі күрт төмендеді. Қазір өзіміз тұрған жерімізде бұрын су болатын. Анау тұрған мұнарадан жұрт парашютпен суға секіретін. Кафелер тұрған жерде де су болатын бұрын", - дейді Егор.
Су деңгейінің төмендегеніне табиғи өзгерістер ықпал еткен де шығар. Алайда, Балқашқа қауіп төндіретін басты күш....
Рефераттар
Толық

География | Балқаш көлінің экологиялық жағдайы

Балқаш өңірі - әрі жылы, әрі күн сәулесі күн түсетін табиғаты жағынан Қазақстандағы тартымды жерлердің бірі. Шөлді болып келетін қуан дала Балқаш көлінен нәр алады. Бұл аймақ өзінің әсем көрінісімен, ерекше өсімдіктер және жануарлар дүниесімен белгілі.
ХХ ғасырдың 50-жылдарына дейін бұл жерде хайуанаттар қожасы жолбарыс болған. Өтуге болмайтын шытырман тоғайдың арасынан жабайы шошқаны да кездестіруге болады. Іле өзенінің атырауын секемшіл елік, сайғақ пен қарақұйрық, түлкі мен борсық мекендейді.
Балқаш өңірін әр түрлі құстар мекендейді. Көлдің шеткері түпкірлерінде қызғылт және бұйра бірқазан құстар ұя салып бакландармен бірге үлкен сап түзеп көлде жүзіп жүреді.
Бұл аймақтың өсімдіктері әсіресе елсіз даладағы шабындықтар мен батпақты жерлердегі өсімдіктер өзара үйлесімдік тауып далаға ерекше нәр беріп тұрады. Олар: сексеуіл, жыңғыл, жусан, қарандыз, мия, түйетікен және сасыр. Сонымен қатар талды ормандары торањѓы және жыңғылды шағын тоғайлармен ұштасып жатады. ....
Рефераттар
Толық

География | Балқаш көлі

Балқаш — Қазақстаннын, солтүстік-шығысында орналасқан көл. Көлдің ауданы 18,2 мың шаршы шақырым, көл ендік бағытта созылып жатыр. Ұзындығы 605 шақырым, ені тар жерінде 8 шақырым. Жыл мезгіліне байланысты суының деңгейі өзгеріп отырады. Ең терең жері 27 м. Балқаш көлін көптеген саяхатшылар мен ғалымдар зерттеген. Олардың ішінде неміс ғалымы Гумбольдт, орыс ғалым-саяхатшылары И.В. Мушкетов, Л.С. Берг, т.б. зерттеушілерді атауға болады. Балқаш, Алакөл көлдерінің табиғаты мен қазаншұңқырларының пайда болуында ұқсастық бар екенін алғаш рет қазақ халқының дарынды ұлы Шоқан Уәлиханов зерттеп жазды. Ол Балқаш алабына тығыз байланысты Іле және Жоңғар Алатаулары табиғатына, Балқашқа құятын Іле өзеніне ғылыми сипаттама берді. Балқаш көлі теңіз деңгейінен 342 м биіктікте орналасқан. Солтүстік жағалауы тік, сай-жыралармен көп тілімделген, ал оңтүстік жағалауы жайпақ. Балқаш көлінің батыс және шығыс жағалауы палеозой жыныстарынан (порфир, туф, гранит, тақтатас, әктас) түзілген. Іле өзені оңтүстік жағалауында кең атырау жасап қүяды. Балқашта көптеген ірі шығанақтар, мүйістер, түбектер бар. Ірі шығанақтары — Алакөл, Қарақамыс, Кеңтүбек, аралдары — Басарал, Тасарал. Балқаш көліне Іле, Қаратал, Ақсу, Лепсі, Аякөз, Бақанас, Тоқырау, Мойынты өзендері құяды.
Балқаш көлі өңірінің климаты континентті. Жаздағы ауаның орташа температурасы +24°, қыстағы орташа температурасы —8°-қа жуық. Жылдық жауын-шашын мөлшері 120 мм. Көлді желтоқсаннан сәуірге дейін мұз басып жатады. Жазда көл суының температурасы +27°-қа жетеді. Балқаш көлінің табиғат байлықтары. Көл әртүрлі моллюска, шаян тәрізді ұсақ жәндіктер мен планктонға бай. Балықтың 20-дан аса түрі бар. Оның 6 түрі — тек Балқашта өсетін балықтар. ....
Рефераттар
Толық