Психология | Тұлға аралық ортақтасу түрлері

1. Тұлға ұғымының педагогикалық-психологиялық негіздері
Қазіргі кезеңде тәуелсіз еліміздің ертеңі - жастардың білімінің тереңдігімен өлшенеді. Білімді, жан-жақты қабілетті ұрпақ- ұлтымыздың баға жетпес қазынасы. Бүгінгі таңда педагогика ғылымының өзекті мәселелерінің бірі – жеке тұлғаны жетілдіруде, жан-жақты дамытуда, білім беруде ғылымның соңғы жетістіктерін қолданып, шығармашылық жұмыстарды жасауға қабілетті, дүниетанымдық көзқарасы кең, рухани бай азамат дайындау.
А.Н. Леонтьевтің [6,Б.11] пікірі бойынша “Жеке тұлғаның жетістіктері мен кемшіліктері, жақсы және әлсіз жақтарымен көрінетін тек өзіне ғана тән даралық белгілері оның өзгелермен қарым-қатынас жасауы, қайырымдылығы, мейірімділігі, тәкәппарлығы, жағымды және жағымсыз қасиеттерінің көрінуіне де байланысты. Олардың сыртқы ортамен қарым-қатынас жасауы, өмірдің алуан түрлі ерекшеліктерін тануға, танымдық қасиеттері мен рухани байлығын арттыра түседі” деп қарастырады. Демек, жеке тұлға өзіне тән ерекшеліктері арқылы дараланады. Ондай ерекшеліктерге сенім, дүниетаным, мұрат, бейімділік, қызығу, түрткі, қабілет, талғам, көзқарас т.б. қасиеттер жатады....
Курстық жұмыстар
Толық

Психология | ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ДАМУЫ МЕН ТӘРБИЕСІ

Кіріспе
Қоғамның ғылыми-техникалық, әлеуметтік – экономиклық дамуы өскелең, ұрпақтың интеллектуалдық, білімділік, жеке тұлғаны қабілеттерін жетілдіре түсуді талап етуде Елбасы Н.Ә.назарбаев өзінің Қазақстан халықына жолдауында болашақ, келесі ғасырға, жаңа мыңжылдыққа, халық болашаққа өтетін құндылықтар туралы айыпты; «Біз өзіміздің заманаларымыздың болашағын қандай күйде көргіміз келеді, осынақындап алатын уақыт жетті. Біз ненің іргесі турғымыз келетін, таңдап алған мақсатымызға алып келетін дамуымыздың траекториясы, даңғылы қандай болуға тиіс екенін оның білуге және ұғынуға тиіспіз».
Жеке тұлғаның ақыл ойын, танымдық үрдістерін жетірдірудің, әлеуметтендіру, адамгершілік, интеллектуалдық мәдение дамуының жоғары деңгейінің және кәсіби, біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие бере отырып жан – жақты қалыптасқан саналы азамат қалыптастыру бүгінде біздің басты бағытымыз.....
Курстық жұмыстар
Толық

Психология | Елестетудің психологиялық маңызы

Кіріспе
Өзектілігі: Қоршаған дүниенің біз қабылдаған заттары мен құбылыстары біздің санамыздан ізсіз кетпейді, ми қыртысында бейнелер түрінде сақталады, біз заттар мен құбылыстардың өздері біздің алдымызда жоқ кезінде де оймен оларды қайта жаңғыртамыз. Мысалы, біз Москвада болсақ Кремльді де, Ленин ескерткішін де, Үлкен театрды да және өзіміздің назарымыз ауған көптеген басқа нәрселерді көз алдымызға айқын елестете аламыз. Біз — бұрын қабылдаған, ал қазір оймен қайта жаңғыртып отырған заттар мен құбылыстардың бейнесі елестер деп аталады. Елестер өзінің тууына негіз болған қабылдауларға ұқсас, бірақ әдетте күңгірттеу болады, көбінесе қабылдаудан солғындау келеді, одан толықтығы кемірек болуымен ажыратылады. Біздің көз алдымызға елестеткен зат белгілерінің толық емес, тіпті солғын болуын мына мысалдан көруге болады. Бір мектеп оқушысынан өзі күн сайын мініп жүрген велосипедінің суретін салуды сұрайды. Бала бұл суретті салуда мықтап қиналады, оған себеп болған — сурет сала білмеуі емес, педальдың қалай кондырылғанын, жылжу тетігінің қалай орналасқанын т. с. с. есіне түсіре алмауы еді. Елестерде заттар мен құбылыстардың тек кейбір жақтары ғана бейнеленуі мүмкін; кейде олар үзік-үзік, фраг-менттік сипатта болады. Ақырында елестер тұрақты, бір қалыпты емес. Бірнеше минут бойы өзіңізге жақсы таныс бір нәрсені, мысалы өзіңіз тұрған үйді ойша көз алдыңызға елестетіп көріңіз. Сіз көп ұзамай-ақ бұл бейненің жоғалып, ойыңыздың басқа жаққа ауып кеткенін байқайсыз. Біздің көбімізде елестер көрсетілген қасиеттерімен ерекшеленеді. Бірақ елестері қабылдауға дәл келетін адамдар да кездеседі. Суретшілер мен жазушылардың елестері айқынырақ келеді.....
Курстық жұмыстар
Толық