Бүйрек қуық жолдарындағы тастан құтылу

Халық медицинасында жантақ шөпті емге қолданған. Ол шөлді, құмды, далалы аймақтарда көп өсетін түйе малының негізгі қорегі. Құрамында С витамині, каротин, эфир майлары, гликозид бар. Жантақ шөбінің іш жүргізетін, несеп айдайтын, тер шығаратын, өт жүргізетін және қабынуға қарсы әсер ететін қасиетімен ерекшеленеді. Дәрі жасау үшін жантақ шөбін жаз айларында, тамырын күзде жинайды. Өсімдіктің жапырақтары мен бұтақтарынан жасаған тұнбаны жөтел басатын дәрі ретінде және бүйрекке, қуыққа тас байланғанда пайдаланса жақсы нәтиже береді.

Дәріні дайындау және қолдану тәсілі: 20гр. тамырды 1 стакан қайнап тұрған суға салып, 20 минут тұндырып қояды, содан соң сүзіп алып, 4-5 қасықтан күніне 3 рет ішеді. Бүйрекке тас, құм байланғанда жүректің қызметі нашарлап, денені ісік шалғанда да жоғарыда айтылған тұнбадан 1 қасықтан күніне 3 рет ішкен жөн.......
Кеңестер
Толық

Бала көтере алмай жүрген аналарға кенес!!!

Ел ішінде мынадай ырым бар. Көпке дейін бала көтере алмай жүрген әйел кішкентай бүлдіршінге ұлдың немесе қыздың көйлегін теріс кигізіп жүргізеді екен. Ұлдың киімін ұлға теріс кигізсе, ұл туады, қыздың киімін қызға теріс кигізсе, қыз туады деп ырымдайды. Діни аңыздарда бұл ғұрыпты Сүлеймен пайғамбардан қалған деседі.Ұлық Алла Былқысқа көпке дейін бала нәсіп етпепті. Сол кезде Былқыс Сүлейменнің ақылымен бес жүз жетім баланың көйлектерін теріс кигізіп жүргізеді. Артынша бала бақытының нышаны байқалады. Қазақ арасында бұл ырым әлі күнге дейін жалғасып жатыр. ......
Кеңестер
Толық