"Уақыт түсініктері (ай, апта күндері, сағат, т.б.)"


 

Сабақтың тақырыбы:  Уақыт  түсініктері (ай, апта күндері, сағат, т.б.)
Сабақтың  мақсаты: Уақыт  түсініктері (ай, апта күндері, сағат, т.б.)
туралы  түсінік  беру.

Сабақтың  міндеттері:

Білімділік: Уақытты бағдарлай білуді қалыптастыру.

Түзете – дамытушылық: Төрт жыл мезгілі, ай, апта күндері, күндізгі, түнгі мезгілді қамтитын 24 сағаттың да уақыт өлшеуіштері екендігіне мағлұмат беру.

Тәрбиелілік: Балаларды  әдептілікке,  ұқыптылыққа  тәрбиелеу. 

Сабақтың әдісі: түсіндіру, жаздыру, сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, қарандаштар, жұмыс дәптері.

I  апта
Сабақтың барысы:
 I. Ұйымдастыру кезеңіқызмет  алушылардың  зейінін  сабаққа  аудару,  оқу  құралдарын  жинақтау,ой қозғау (көрнекіліктер  арқылы)

Амандасу.Шаттық шеңбері: Өсемiз бiз күлiп-ойнап,

                                                      Он саусақтың саласындай,

                                                      Өсемiз бiз күлiп-ойнап,

                                                      Бiр адамның баласындай. 

Ынталандыру. Балаларды апта күндері туралы əңгімеге тарту. – Балалар, бір жылда неше мезгіл болады? – Қазір жылдың қай мезгілі?

– Қыс айларын кім айтады? – Ал бүгін аптаның қай күні?

– Мектепке, үйірмелерге қай күндері барасыңдар? – Сендер қай күндері демаласыңдар? Өзектендіру. Балаларға апта күндері туралы тақпақтар, жұмбақтар оқып береді. Балаларға осы білетінін жəне оны жалғастыруды ұсынады.

  1. Жаңа сабақ.  

 

Мақсат қою (проблемалық жағдай).

Тақтадағы тірек сызбаға назар аударайық Апта  туралы ертегі арқылы түсінік беру. Алыс-алыс орманда Жыл деген ата турады екен. Оның төрт балалары бар екен.(Көктем,Жаз,Күз,Қыс) Он екі немерері бар екен.(12 айлар) Бір шөбересі (Апта)  Және жеті шөпшегі бар екен. Әр шөпшегінің әдемі есімі бар. Жыл атаның шөберелерімен танысайық: Дүйсенбі,Сейсенбі,Сәрсенбі,Бейсенбі,Жұма, Сенбі, Жексенбі. Бірақ Ата шөберелерінің аттарын шатастырып алыпты.Енді Жыл атаның шөберелеріеің аттарын табуға көмектесеміз. Оны мына тақпақ арқылы тауып аламыз. 1.Дүйсенбіде доп ойнады алаңда,
2.Сейсенбіде серуен құрды далада,
3.Сәрсенбіде сурет салды сәндетіп,
4.Бейсенбіде би биледі әндетіп,
5.Жұма күні жидек терді ағаштан,
6.Сенбі күні кино көрді театрдан,
7.Жексенбіде үйде болды,демалды.
Осылайша өте шықты бір апта. (балалар өлеңнің шұмағымен сәкес апта күндерін табады және рет-ретімен 1ден 7 дейінгі сандарды қойып шығады.)

       

     

Сергіту  сәті:    Алма баққа барайық, Алма теріп алайық.

                            Ең үлкенін,жақсысын Досымызға сыйлайық.

Уақыт. Уақыт бойынша бағдарлау: таңертең, күндіз, кеш, түн.

Бақшамызға барғанда,

Жолыққан бір жандарға,

Ертемен, ақ пейілмен

«Қайырлы таң!»-деймін мен

Күндіз де елді елді елеймін

«Қайырлы күн!»-тілеймін

Үйге кешке келемін,

Недерімді білемін

«Кеш жарық!»-деп кіремін.

II апта

Сабақтың  барысы:  I. Ұйымдастыру  кезеңі: қызмет  алушылардың  зейінін  сабаққа  аудару, оқу құралдарын  жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер  арқылы).

Ертегі арқылы берілген тапсырманы оқушыларға өз бетінше орындауға ұсыну. Оқушылар 1 аптада 7 күн бар деген тұжырым бойынша есептеу дағдысын бекітеді.

Қазақ халқы үшін 7 қасиетті «киелі сан» сан болғандықтан топтаймыз: 1. Жеті ата 2. Жеті қазына 3.Жеті күн 4.Жеті ырыс 5.Жеті дәм.(Наурыз көже) 6. Жеті нан (7 шелпек ) 7. Жеті жұт

Және «жеті қарақшы» жұлдыз атауы. Ал ертегілерден Жеті лақ ,Ақшақар мен жеті ергежелі.

Апта — 7 тәулікке тең уақыт аралығы. Апта күндері бірінен кейін бірі ретімен келеді: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.

Қазір қай ай?

- Қаңтар айы.

Олай болса Қаңтар айының күнтізбесіне назар аударайық.

Күндердің, апта және ай бойынша ретімен жазылуын «Күнтізбе» деп атаймыз

Олай болса бір күннің орнын екінші күн алмастырып, уақыт үздіксіз жүріп отырады екен.

III  апта

Сабақтың  барысы:  I. Ұйымдастыру  кезеңі: қызмет  алушылардың  зейінін  сабаққа  аудару, оқу құралдарын  жинақтау,ой қозғау (көрнекіліктер  арқылы).

«АПТА КҮНДЕРI» дидактикалық ойыны.

Ойын мақсаты: Апта күндердi есте сақтау. Апта күндерін рет-ретімен айта білуге дағдыландыру.

Қажетті құралдар: Апта күндерiн шартты түрде белгiлейтiн 1-7-ге дейiн фигуралардың немесе ұлттық таңбалардың суретi салынған 1ден 7дейін сандардың суреті бар тәж.

Ойын барысы: Тәрбиешi балалардың мынаған келiсiп алуын өтiнедi. Бiр таңба бар тәж аптаның бiрiншi күнi-дүйсенбi, екi таңба бар тәж аптаның екiншi күнi-сейсенбi және т.б. бiлдiредi. Балалар апта күндерiнiң атын хормен қайталайды.

Тәрбиешi 7 баланы шақырып оларға тәждердi таратып бередi. Шақырылған балалардың әрқайсысы тәжбен таңбаның санына қарап: “Сабыр – сәрсенбi”, “Мен – жұмамын” және т.с.с. дейдi.

Осыдан кейiн әуеннің ырғағымен балалар араласы бибилейді.Әуен тоқтап қалғанда балалар өз орындарын тауып сапқа тұзеліп трет-ретімен тұрады. Кейін тәрбиешi аптаның кез-келген күнiнiң атын дауыстап атайды. Бiлетiн бала алдына шығып тұрады.

          

IY  апта

Сабақтың  барысы: I. Ұйымдастыру  кезеңі: қызмет  алушылардың  зейінін  сабаққа  аудару,оқу құралдарын  жинақтау,ой қозғау (көрнекіліктер  арқылы).

Дәптермен жұмыс

Мозаика құрастыр. Бұл тапсырма қалыптастырушы бағалау мен жаңа сабақ тақырыбын меңгеру деңгейін анықтауға арналған.Оқушылар пазлдарда апта күнде- рінің атауын жазып, күндердің ретін жалғастыру керек: жексенбіден кейін — бір бағытта; дүйсенбіге дейін — басқа бағытта.

- Сен қай күні қандай үйірмеге қатысасың?

Оқушылар кестеге өздері апта ішінде қатысатын үйірме аттарын жазып толтырады. Берілген тапсыр- маны саралау бағытында дамыту үшін тек қана үйірме аттарын жазып қоймай, басталатын уақытын да жазуды сұрау. Толтырылған үйірме кестесін жұмыс дәптерінен кесіп алып, өз бөлмесіне іліп қоюына болады. Бәйге. Бұл тапсырмада оқушылар сұрақтарға жауап береді. Тапсырманы сабақтың басында жалпылама түрде немесе сабақтың соңында оқушыларды жұптастырып орындатуыңызға болады.

        

  1. Қорытындылау. Сұрақ-жауап арқылы тақырыпты  қорытындылау.     

VII. Бағалау. Балаларды  жеке-жеке мадақтау.

Күтілетін нәтиже:  

Меңгереді:  Әңгімесінде бүгін, кеше, ертең, бүрсігүні; тəулік бөліктері деген сөздерді пайдаланады.

Игереді: Әңгімелер мен сөйлемдер құрастырған кезде бүгін, кеше, ертең, бүрсігүні; тəулік бөліктері деген сөздерді қолданады.

Біледі: Өз  беттерінше  ойларын  қорытындылай  алып, сұрақтарға жауап  беруді, а пта күндерін, жыл мезгілдерін атайды.

 

Сертификатты жүктеу

Материалдың толық нұсқасын жүктеуге 45 секунд қалды!!!
Іздеп көріңіз:
0 0

Добавить комментарий