Күкірт және оның оксидтері. Күкірт қышқылының қасиеттері, сульфаттар.


Химия 10 - сынып
Тақырыбы: Күкірт және оның оксидтері. Күкірт қышқылының қасиеттері, сульфаттар.
Сабақ мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың күкірт және оның қосылыстары тақырыбы бойынша алған білімдерін саралай отырып бір жүйеге келтіру, тақырыпты есте сақтау.
Дамытушылық: Оқушылардың сабаққа белсенділігін арттыру, кітапқа деген қызығушылығын дамыту, тақырыптағы негізгі ұғымды тауып, білімін нақтылау және қисынды ойлануын дамыту.
Тәрбиелілік: Оқушыларды өз бетінше ізденімпаздыққа, шығармашылық қабілеттерін
дамытуға, еңбектенуге, өзара білімдерін тексеріп бағалауға, адамгершілікпен ұжымдық қарым - қатынас жасауға тәрбиелеу.

Сабақ жоспары:
 Ұйымдастыру
 Топқа бөлу
 Тренинг “Сандарды бейнеле!”
 Үй тапсырмасын пысықтау.
 Сабақтың мақсатымен таныстыру
 Жаңа сабақ (постер қорғау)
 Тәжірибе жасау
 Tалдау (есептер шығару)
 Модельдеу
 Бағалау
 Үйге тапсырма

Сыныпты топқа бөлу
Ағашта тұрған жемістерді әрбір оқушы алып, артында жазылған формулаға сәйкес келетін орындарға отырғызылады.
Лездік сұрақтар қою арқылы топбасшы сайланады
Тренинг
“Сандарды бейнеле!”
(әр топқа екі саннан беріледі, сол сандарды оқушылар көрсету керек.)

Үй тапсырмасын пысықтау:
1. Кәдімгі жағдайда азот қандай металмен әрекеттеседі?
2. Азот қандай тотығу дәрежелерін көрсетеді?
3. Мүсәтір спиртінің формуласы қандай?
4. Азот қышқылының физикалық қасиеттері.
5. Фосфорға периодтық жүйе бойынша сипаттама беріңіз.
6. Өнеркәсіпте фосфор қышқылы неше әдіспен алынады?
7. Фосфат ионына сапалық реакция.
8. Фосфор қандай тотығу дәрежелерін көрсетеді?

Жаңа сабақ: (постер қорғау)
Периодтық жүйедегі орны және атом құрылысы
КүкіртSVІ А топ элементі.
Электрондық формуласы: S 1s2 2s2 2p6 3s2 3p4
Физикалық қасиеттері
Күкірт – сары түсті, қатты кристалды зат
Оның үш аллотропиялық түр өзгерісі болады: ромбтық, моноклинді, пластикалық
Қалыпты жағдайда күкірт молекуласы сақина түрінде тұйықталған сегіз атомнан тұрады
Суда күкірт ерімейді, спирт пен эфирде нашар ериді; бензолда, күкіртті көміртекте және т. б. жақсы ериді
Химиялық қасиеттері
Күкірт химиялық реакцияларда тотықтырғышта, тотықсыздандырғыш та бола алады.
күкірттің жай заттармен әрекеттеседі.

Мұнайлы ауданы,
№12 жалпы білім беру орта мектебінің
химия пәні мұғалімі Үсенбаева Қарлығаш Жолжігітқызы
Күкірт және оның оксидтері. Күкірт қышқылының қасиеттері, сульфаттар. жүктеу
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу