Ашық сабақ."Достықты сақтау-киелі іс" 8-сынып


САБАҚ: Қазақ тілі мен әдебиеті

Мектеп: №24

Күні: 23.11.2022ж.

Мұғалімнің аты-жөні:Умирбекова А.А.

Сынып: 8

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім атауы:

Достық пен татулық - таптырмас бақыт

Сабақтың тақырыбы

Достықты сақтау – киелі іс

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

Т.8.1.6.1 – тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде деректерді келтіре отырып, дәлелді жауап беру

А.8.2.5.1 -берілген тақырып бойынша өз пікірлерін сенімді дәлелдеу және қойылған сұрақтарға еркін жауап беру;

Сабақтың мақсаттары

  • Ықпалдарды ажырату;
  • Қолданыста дұрыс пайдалана алу

Бағалау критерийлері

  • Ықпалдарды түсінеді, ажыратады
  • Ауызша мәтін құрауда ықпалдардың заңдылықтарын ескеріп айтады

Дескрипторлар

  • Мәтіннен райларды түрін ажырата алады.
  • Ауызша мәтінде райларға мысал келтіре алады.

Құндылықтар

Ашықтық, ұлттық құндылық, өзара ынтымақтастық, достық, татулық

Пәнаралық байланыс

Өзін-өзі тану

АКТ дағдылары

Слайд, онлайн-сөздік

Осыған дейін меңгерілген білім

Өткен сабақтардағы оқушының білім-білік дағдыларының артуы, тілдік қолданыстары, сөздік қорларының дамуы

Тілдік міндеттер

Тілдік дағдыларға қатысты терминдер: етістіктің рай категориялары мен орфоэпиялық нормаларды қолдана алады.

Айтылым дағдыларын дамытудағы тілдік қолданыстар: достық – таптырмас бақыт, досы көпті жау алмайды, амал дос, адал дос, сенімділік, тірек бола білу, дос сенімі т.б

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

2 мин

3 мин

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

1.Сәлеметсіңдер ме оқушылар?

2.Көңіл күйлерің қалай?

3.Қазір қай сабақ?

Бүгін біз «Достық пен татулық табылмас бақыт» бөлімі бойынша сабағымызды жалғастырамыз.

Бүгін бізде ерекше сабақ.

Қане оқушылар ортаға шығып, сергіп алайық.

Психологиялық ахуал туғызу."Ыстық алақан" тренингін өткізуОқушылар бір-біріне жақсы тілектер айтып, сәттілік тілейді.

Ендеше бүгінгі сабақта 2 топқа бөлінеміз.

1- топ «Достық» тобы

2- топ «Татулық» тобы

Қызығушылықты ояту үшін миға шабуыл.

Достық туралы мақал- мәтелдерімізді еске түсіріп алайық.

Дос жылатып айтады.....

Кекшіл ......

Жалған сөз .......

Дос болсаң ........

Жүз теңгең болғанша .......

Сабағымыздың тақырыбы- Достықты сақтау-киелі іс.

Оқу мақсатымен таныстыру. Сабақтың тақырыбымен байланыстыру.

Слайд 1-2

Оқушыларға сөздер жазылған парақтар таратылады.

Слайд 3

Сабақтың ортасы

5 мин

3 мин

2 мин

2 мин

3 мин

Тыңдалым

3 мин

Айтылым

3-мин

Жазылым

-Өте жақсы балалар.

Топтық жұмыс

  • Енді дос дегенді кім қалай түсінеді?

Тапсырма (тақтаға «Достық пен Дос сөзін ортаға жазып қою)-Балалар, «Дос», «Достық» деген не? Жауабын тауып көрейік. Алдарында жатқан ақ қағаздарға фломастермен жауабын жазамыз. (Жауаптарын тақтаға ілу).адалдық--------ДОСТЫҚ-------сыйластықсенім, жауапкершілік , шыншылдық ,ДОС-----Сыр бөлісетін адам,мені жақсы түсінетін адам,сенімді адам,ақыл кеңес беретін адам,әрдайым шындықты айтады,

Оқылым .«Ортақ үйімізде татулық пен келісім болсын» 62- бет.

Мәтін бойынша тапсырма.(Топпен жұмыс)

1-2 топ : Мәтінді оқиды,тірек сөздерді табады.

Айтылым. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап береміз.

1.Қазіргі ұрпаққа қандай міндеттер жүктелген?

2.Тату өмір сүруіміз үшін не істеуіміз керек?

3.Қазақстан халқы ассамблеясына қанша ұлт кіреді?

4.«Береке басы- бірлікте» дегенді қалай түсінеміз?

Бағалаймыз

«Түртіп алу әдісі»Ж.Ж.6- тапсырма. 62- бет.Сөйлемдерді сәйкестендіру.

Бағалаймыз.

Сергіту сәті.

Жазылым. Грамматикалық қоржын.7- тапсырма. Мәтіндегі етістіктерді шартты, қалау, бұйрық райларға ауыстыру.

1-топ. Шартты райдың жұнақтарын қосып талдау жасаймыз

2- топ. Бұйрық райдың жұрнақтарын қойып талдау жасаймыз

Қалау райдың жұрнақтарын қойып талдау жасаймыз.

Бағалаймыз.

«Мақалдарды жалғастыр» ойыны. (Ауызша).

1.«Кемшіліксіз …. іздеген адам …. қалады».

2«Дұшпан …. айтады, дос….айтады».

3«Жаңылмайтын … жоқ, сүрінбейтін тұяқ …….».

4«…. жаңасы жақсы, … көнесі жақсы.».

5«……….ақшаң болғанша, көп досың …».

6«Досы көппен …. ,

Досы жоқпен   … ».

7«Досы … , өзі де жақсы».

8 «…. басқа қарайды,

… аяққа қарайды».

9«Ақылсыз  ….ақылды дұшпан ….».

10« Досың мың ….,

Бағалаймыз.

Енді балалар, досымыздың жақсы жаман қасиеттеріне қарай «Т кестесін» толтырайық.

Достықтың жақсы, жаман қасиеттерін жазып шығайық.

Адал, мәдениетті, көпшіл. Игілікті, парасатты жақсы,

Өтірікші, жаман, екіжүзді, мақтаншық, еріншек, арам, пайдакүнемдік

Өте жақсы.Бағалаймыз.

Біздің достарымыз қандай?Достарымызға мінездеме жазамыз.

Өте жақсы.

Бағалаймыз.

«Дос»,«Достық» деген сөзге синквейн құрастырайық.

https://www.zharar.com/kz/olen/2035-aybergen.html

Оқулық.

8 сыныпқа арналған қазақ тілі мен әдебиеті

Авторы: Г,Қосымова.,

А.Сатбекова

Е.Арын

Қ.Рахимжанов

Жеке оқушымен жұмыс

Оқулық.

8 сыныпқа арналған қазақ тілі мен әдебиеті

Сабақтың соңы

3мин

Рефлексия. «Шығу парағы» әдісі

1.Бүгін сабақта не білдіңдер? Бұрын не білетін едіңдер?

2.Қанша жаңа сөз үйрендіңдер?

3.Сұрақтарға дұрыс жауап бердіңдер ме?

«Шығу парағын» пайдаланып, оқушылар сұрақтарға жауап береді

Үйге тапсырма. «Қазақстан халқы Ассамблеясы» туралы мәлімет жинап келу

Кері байланыс парағы

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциация тапсырмаларда көрініс табады,

Оқушылар жеке жұмыс та, , жұппен жұмыс та жасайды. Жоғары деңгейлі оқушылар топта қолдау көрсетеді.

Әр тапсырмадан соң бірін-бір бағалайды,жұптардың бағалауы және мұғалімнің кері байланысы арқылы бағалау іске асырылады.

Пәнаралық байланыс – өзін-өзі тану пәнімен байланыс көрінеді.

АКТ - оқушыларға сабақ презентациясыа қатысты мәлімет үшін пайдаланылады. Құныдылықтар оқушы жұмысында көрініс табады, талдайды, байланыстырады, салыстырады.

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

Адал, кекшіл, адамгершілігі мол, жалқау,жомарт,өз қамын ойлайтын, кек сақтамайды, тәккапар, салмақты, ашық, ақылды, қатал, сабырлы, жанашыр,мейірімсіз ,қызғаншақ, мейірімді

Дос –сенің жанынды түсінетін, қиналғанда қол үшін беріп, куанышынды бөлісе алатын, саған дұрыс жол көрсетіп, қашанда қасыннан табылатын адам.

Достық – ортақ көзқарасы болатын, үлкен сеніммен ұласатын жақын қарым – қатынас.

Достық жайлы айтпаған ұлы адамдар жоқ десе де болады. Мысалы: ұлы ғұлама ғалым Аристотель «Достық - өмір үшін ең қажетті нәрсе, өйткені ешкім ешқашанда барлық басқа игілікке түгел ие бола тұрса да, дос - жарансыз өмірді қаламақ емес» деп айтса,«Қыл өтпестей татулықты бір ашуға сатпайық» деп Мұхтар Әуезов те достық туралы өз ойын айтып кеткен.

Қай кезде, қай жаста болса да, адам өміріндегі достықтың орны бөлек. Сондықтан оған өте жауапкершілікпен, байсалды қарау қажет. Ф.Франклин айтқандай, досты асықпай таңдау қажет.

1. «Кемшіліксіз дос іздеген адам доссыз қалады»

2. «Дұшпан күлдіріп айтады, дос жылатып айтады

3. «Жаңылмайтын жақ жоқ, сүрінбейтін тұяқ жоқ»

4. «Киімнің жаңасы жақсы, достың көнесі жақсы»

5. « Көп ақшаң болғанша, көп досың болсын».

6. «Досы жоқпен сырлас,

Досы көппен сыйлас»

7. «Досы жақсының-өзі де жақсы».

8. «Дос басқа қарайды,

Дұшпан аяққа қарайды».

9. «Ақылсыз достан ақылды дұшпан артық».

10. «Досың мың болса да-аз,

Дұшпаның біреу болса да-көп».

11. «Доссыз адам тамыры жоқ ағашпен тең»

12. Ақылсыз достан ақылды дұшпан артық.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу