Дені саудың-жаны сау


Мақала

Тақырыбы:дені саудың-жаны сау

Кез келген елдің болашағы – оның халқының денсаулығына байланысты екендігі – дәлелдеуді қажет етпейтін шындық. Ал біздің болашақтағы бағытымыз – салауатты өмір салты. « Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дегенді өсіп келе жатқан ұрпақтың санасына сіңіріп, олардың өз денсаулығына деген жауапкершілікті қалыптастыру баршаның борышы.

Денсаулық дегеніміз – адам жаны мен тәнінің амандығы. Денінің сау болуын қандай адам қаламайды?

Дені сау адам өзі үшін де, ол өмір сүріп жатқан қоғам үшін де керек. Қоғамдағы не бір жұмысты да сол денсаулық иесі ғана атқара алады. Адам бұл өмірде мәңгілік емес. Сол берілген аз ғұмырды дұрыс пайдалана білмесең, ғұмырың текке өтті дей бер. «Денсаулық – зор байлық» деп атамыз қазақ бекер айтпаған болар. Әр адамның өмірінде денсаулықтың орны бөлек. Сондықтан денсаулығымызға көңіл бөліп, дұрыс сақтанғанымыз жөн. Деніміз сау болмаса, ауру меңдеп, қалжыратса, шалқыған байлықтан, ақшадан не пайда?! Осыдан біз ненің бірінші байлық екенін аңғарамыз.

Шопенгауердің «Дені сау кедей – ауру корольден бақытты»,- деген қанатты сөзі өте орынды айтылған.

Дені саудың – жаны сау. Әрине денің сау болмаса, рухани сауыға алмасың тағы бесенеден белгілі.

Бүгінгі дені сау ұрпақ – елдің ертеңгі жалғасы.

Халқымыздың тіршілігі мен бірлігі, жарқын келешегі көп ретте денсаулық мәдениетінің қаншалықты дәрежеде қалыптасуына байланысты. Денсаулық – ел дамуының басты арқауы. Денсаулық сақтау біздің өміріміздегі келелі мәселелердің, үшінші мыңжылдыққа атаған еліміз үшін өзекті міндеттердің бірі.

Жеке адамның да, мемлекеттің, қоғамның да басты байлығы – денсаулық. Осынау байлығымызға балаған денсаулығымыздың қамын ерте бастан ойлауымыз қажет екенін естен шығарып алатынымыз өкінішті-ақ. Ынтымақ, бірлігі жарасқан елімізде адам денсаулығын нығайту жолында үкіметіміз ерекше көңіл бөліп отыр. Табиғаттың ең қымбат жемісі – адамдардың өз денсаулығына көңіл бөлгені — өзін-өзі сыйлағаны.Осыдан-ақ табиғаттың берген сыйы тұла бойына таза қарап, өмірдің соңына шейін денсаулығы зор болып, адам атына кір келтірмей өту абзал.

Адамның денсаулығы — өмір тіршілігінің ең бірінші  шарты болып табылады. Сондықтан үкіметіміз денсаулық сақтау ісіне, адамдарымыздың дені сау, ағзасының күшті болуына үнемі қамқорлық жасап отыр. Салауатты өмір салтына тек спортпен шұғылдану,дұрыс тамақтану,жек бас гигиенасы ғана емес дұрыс қалыптасу мен жақсы тынығу да жатады.Жаттығу жасасаң бір сергіп,дүниеге жаңа келгендей боласың. Жаттығу-бұл күш не салмақ түсіру емес,ол тынығу,оны жаттығу ережесіне қосу керек.Ақыл-ой жұмысын дене еңбегімен,дене еңбегін ақыл-ой жұмысын ауыстыру кезінде тынығуға болады.Оған қоса таза ауа,мөлдір су,жылы күн көзі болса,оны тиімді пайдалансаң,денсаулығыңа кері әсер тигізбейді.Әрқашан салауатты өмір салтын ұстану қажет және де ол баршамыздың міндетіміз.Салауатты өмір салты деп аты айтып тұрғандай салауатты өмірді қалыптастырудың негізгі заңдарын,салтын орындап,көлеңкеңді ерткендей ертіп,ешқашан ұмытпа және ол сөзді ешқашан да жадыңнан шығармауға тиістісің.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу