«Берекелі алтын күз»
Тақырыбы: «Берекелі алтын күз»
Жүргізуші: Келді міне алтын күз,
Сары шашты жарқын жүз.
Мол өнімді ісімен
Таңдандырып халқын күз.
Армысыздар ағайын! Сәлеметсіздерме, қадірлі
қонақтар! Бүгінгі берекелі де ырысты алтын күз құрметіне арналған мерекемізді бастаймыз. «Жұлдыз» тобының бүлдіршіндерін қошеметтеп қарсы алайық.
Ән: «Күз келді»
Саян: Жеміс жидек пісті
Қамбаға астық түсті
Қызу жұмыс басталып
Жинап алды жан салып
Ерхан: Көктен көзін бір алмай
Қызғылт тартты кәрі құз
Жер қызығын қия алмай
Маужырап тұр сары күз
Айсезім: думан толы асқарлы
Күз мезгілі басталды
Күз әуені кеп жетті
Әнге бөлеп жастарды
Айша Б Мүлгиді сай саламыз
Біздің жомарт даламыз
Дәнін жинап болған соң
Жаыр үнсіз сары аңыз
Ызғарлы жел қатайды
Мұны күз деп атайды
Арсен: Көбейдң құт береке
Астық толы қамбамыз
Құтты болсын мереке
Алтын күзді тойлаймыз
Әлімжан: Жердің көркі қашады
Таулардан бұлт асады
Қайтып күннің қызуы
Шөпті қырау басады
Інжу: берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді
Жүргізуші: — Ал, балалар, балалар,
Енді бері қараңдар.
Бізге қонақ келмекші
Сендерді бір көрмекші.
Әуелі жұмбақ жасырам,
Қулығымды асырам.
Таба алсаңдар шешімін,
Қонағымды дәл ортаға шақырам.
Жұмбақ: Жиып-теріп болатын,
Қамбаға астық толатын.
Қызыл қырман ойнайтын,
Қаймезгілде ойлайсың?
Дұрыс, күзмезгілі. Ал, күзде табиғатта қандай өзгерістер болады екен?
(Балалардың жауабы).
Өте жақсы. Ендеше, уәде еткенім дей ортаға қонағымыз — Алтын күзді шақырайық!
(Музыка ойнап, ішке Алтын күз келіп кіреді).
Алтын күз: Сәлеметсіздерме, балалар!
Сәлеметсіздерме, қонақтар!
Мен — Алтын күзбін! Жайдары, жарқын жүзбін.
Қонаққа келдім сендерге. Сәбіз, картоп, тәтті алма!
Оған достым таң қалма! Жапырақ та сиқырлы,
Ойын ойнар түр-түрлі!
Жүргізуші:Рахмет, саған Алтын күз! Қабыл алдық сыйды біз! Отырыңыз жайғасып!
Күз ханшайымы, біздің балалар күз мезгілі жайында тақпақтар біледі.
Тақпақтар: кезек берейк
Мейірбек : жатпайды күзде көл тұнып
Шаң баспайды ауаны
Екілене жел тұрып
Төпеп жаңбыр жауады
Күз еңкейе береді
Солғын шолып жан-жақты
Алтын нұрға көмеді
Көшелерді бау-бақты
Даниял: жайдары күз жомарт күз
Аяулы күз, алтын күз
Дәнге толы кең далам
Дариядай шалқып жүр
Фатима: Сап-сары маңай
Сап-сары тоғай
Соңғы әнін айтып
Құс кетті қайтып
Арман: Жеміс мол теретін
Күз дос екен бізбенен
Бәрін тауып беретін
Жомарт екен күз деген
Айлин: Алақай алақай
Шаттанды балақай
Күз түсті дән пісті
Айтамыз алғысты
Эйла: Қамба толды астыққа
Алғыс саған алтын күз
Бір уыс дән шаштық та
Қап –қап қауын алдыө біз
Мансұр: Құстар қайтты ән салып
Бұлт шарлады аспанды
Қыс келеді жар салып
Күзгі суық басталды
Әли: Жапырақ ұшты
Суық татүсті
Сонда да бізге
Қызық көп күзде
Р.Айару: жел тынымсыз гуілдеп
Болып кетті тым бұзық
Шуылдайды тал терек
Жапырағын жұлғызып
Тобымыздын сери жигеттер3не кезек беремиз Саңырауқұлақтар биі (Есікті біреу қағып, «Мені де кіргізіңдер»-деп айқайлайды. Залға қолында сыпырғышы бар бақша қарақшысы кіреді)
Бақша қарақшысы: Күз ханшайымы, өтінемін, мен де қатысайыншы мерекеге
Күз ханшайымы: Сен кімсің? Неге мерекеге осындай киіммен келдің?
Бақша қарақшысы:Мен сәнді киінбеймін, Бақшаны да, бақты да күзетемін ылғи, Жануарлар мен құстар. Ылғи менен қорқар.
Күз ханшайымы: Жетер, кім екеніңді жұмбақтамай айтшы.
Бақша қарақшысы: Күз ханшайымы, мен жалқау емеспін.Мен еңбекқор Бақша қарақшысымын. Жаз бойы бақшада тұрамын. Күннің ыстығына да, жаңбырына да қарамаймын. Ұйықтамаймын, тамақ ішпеймін, бірақ көкөністер мен жемістерді күзетемін.Менің куәгерлерім де бар. Балалар айтыңдаршы, мен бақшаны құстардан күзетемін бе?
Балалар: Иә
Бақша қарақшысы: Көрдіңдер ме (ренжіп), ал мені мерекеге кіргізбейді ешкім. Менің киімім жаман дейді. Егер мен бақшада әдемі киіммен тұрсам, құстар менен қорықпайтын болады ғой…
Күз ханшайымы: Ренжімеші бізге. Балалар, бақша қарақшысына мерекеге қатысуға рұқсат береміз бе?
Балалар: иә, рұқсат етеміз (Қарақшы басын иіп, орындыққа отырады)
Жүргізуші: Кездескен соң күзімен,
Бұтағынан үзілді.
Ай жапырақ-сары алтын
Айналаның бәрі алтын.
Кезегімізді әнге берейік.
Ән: Алтын күз
Ойын: Дамин татып атын ажырат
Жүргізуші: Әсем әуен салдырған
Сәбилер де алғыр жан
Бал дәуреннің қызығын
Есте қалар балдырған. Кезегімізді өлең шумақтарға берейік
Тақпақтар:
Ә.Айша: Қарашы күз келді күз келді
Жапырақ жауыпты іздерді
Құс біткен керуен тізеді
Қара бұлт қабағын түйеді
Заңғар: Нұрға бөлеп өмірді
Жырға бөлеп көңілді
Жарқыраған сәулелі
Күз әуені төгілді
Адия: Ән салыңдар күліңдер
Жайнап гүлдей жүріңдер
Күздің тойын тойлайық
Би билейік ойнайық
С. Айару Көк майсалы көрікті
Алқаптағы көп егін
Бұл күндері киіпті
Сары жібек көйлегін
Арнұр: жетті желмен алтын күз
Жеміс жинау салтымыз
Жиып- теріп болған соң
Той жасайды халқымыз
Ясмин Қ: Көрініп еліме
Күндері мереке
Келді ғой жеріме
Күз дейтін мереке
Керей: Күз келді алақай.
Алтын келді далаға
Дәні бітік бидайды
Құйып жатыр қамбаға
Әміре: Күзім ау күзім ау
Мінезің бұзық ау
Жаңбырың сіркіреп
Келгенің қызық ау
Дінмұхаммед: жалын жалап өттібір
Жүдеп қалды көп түбір
Одан әрі бармайды
Жапырақтар сарғайды
Жүргізуші: Келді міне алтын күз,
Сары шашты жарқын жүз.
Мол өнімді ісімен,
Таңдандырып халқын күз – дей келе келесі кезегімізді «Күзгі вальс» биіне берейік
Би: «Күзгі вальс»
Жүргізуші: Қыстың қамын ойлаймыз
Күздің тойын тойлаймыз Жасады той халқымыз
Жаса,жаса Алтын күз –дей отыра балалардың күз туралы тақпақтарына кезек берейік
Тақпақтар:
М. Айша: Алқаптан бидайды
Қоймаға ел жинайды
Тырнасы тізілген
Ұнатамын күзді мен
Диас: сап-сары ғып даланы
Бояпты ғой күз деген
Құстар қанат қағады
Қоштасқандай бізбенен
Ясмин: Күн суытып
Жапырақтар түседі
Астық –жеміс жиылды
Қамбамызға құйылды
Азамат: Күзде дала жаурайды
Көкте бұлттар аунайды
Бұтағынан үзіліп
Жапырақтар саулайды
Айсын: Күздің қазан айында
Алма, алмұрт піседі
Жапырақтар сарғайып
Сыбдыр сыбдыр етеді
Осман: Келді міне күз
Айнала сары түс
Керемет тамаша
Қандай әсем күз
Мариям: соңғы шуақ төгіліп
Салқынданып тұр аймақ
Ақ сәулеге шомылып
Жапырақтар жүр ойнап
Бақша қарақшысы: Балалар, менің сіздердің ата-аналарыңызбен және келген қонақтармен ойын ойнағым келіп тұр.Ойын ойнайсыздар ма менімен?
Ойын: Ата-аналармен
Жүргізуші: Билейміз біз бұралып
Тақпақ айтсақ құба – құп
Қоштап қолды соққанда
Қаламыз біз қуанып деп –қыздарымыздың «Қолшатыр» қабыл алыңыздар.
Би: «Қолшатыр»
Жүргізуші: Құлақтан кіріп, бойды алар
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй.-деп Абай атамыз айтқандай келесі кезекті әсем әнге берейік.
Ән: «Күз тамаша»
Жүргізуші: Кездескен соң күзімен,
Бұтағынан үзілді.
Ай жапырақ-сары алтын
Айналанын бәрі алтын- деп келесі кезегімізді тақпақтар береміз.
Жүргізуші: Қызыл, жасыл, сары алтындай
Жапырақтар күздің көркі
Ойланайық, толғанайық
Күз туралы әнге елтіп!
Алтын күз:Рахмет балалар, маған мереке қатты ұнады.Менің сендерге арнап әкелген сыйлықтарым бар еді.Соны сендерге таратып берейін.
Ал, енді менің орманға баратын уақытым болды. Сау болыңдар.
Бақша қарақшысы: Балалар сендерге көп рахмет, менің де сендермен қоштасатын уақытым болды. Сау болыңдар!
Жүргізуші:
«Күздің сыйы» тақырыбында өткізілген көрме жұмыстарын марапаттауға рұқсат етіңіздер.
Құрметті қонақтар, ата-аналар бүгінгі «Алтын күз» -атты ертеңгілігімізді аяқтай отырып, күз берекелі, астықты болсын демекпіз.
Берекелі бақ дәулет,
Арта түссін тойланып
Сау болыңдар қонақтар,
Келгенше жыл айналып
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?