ЖАТҚА ТУЫЛҒАН БАЛА


ЖАТҚА ТУЫЛҒАН БАЛА

Хикаят

Бұл шығарма Қазақстандағы «Экомед» орталығының негізін қалаушылар

Батыр Қаратайұлы Бекмусаев пен Салтанат Берденқызы Байқошқароваға

арналды.

Оң жақ бүйірі бүлк ете түсті....

 Жария алақанын дәл сол жыбыр ете түскен жерге қойып еркелете сыйпалап, күбірлеп:

- Балапаным, не болды? Бұлай жатқан саған ұнамады ма? Жарайды, онда былай аударылайық,- деп сол жағына аунап түсті.

 Ай жарығымен бөлменің ішіндегінің бәрі күндізгідей көрініп тұр. Жанында ешнәрседен бейхабар ұлы Дәрмен жатыр. Бір кезде ыстықтады ма үстіндегі көрпесін теуіп тастады.

 Жария орнынан ауыр қозғалып тұрып жуынатын бөлмеге беттеді.

 Одан шыққаннан кейін балконға барып түнгі ұйқы құшағындағы Алматыға қарады. «Жұлдыздар жерге жақындап, байланып қалған секілді».

 Нәрестесінің жарық дүниеге келер мезгілі жақындаған сайын ана атаулыда болатын қуаныш сезімінен өзгеше бір қимастық сезім

1

жанын тербейді. Құрсағындағы осы перзентін босанған соң өз еркімен жатқа береді. «Жатқа туатын балам!»,- деп екі алақанын қарнының үстіне қойып жылытқандай ұзақ тұрды. Бала да анасының мейірін сезгендей моп-момақан болып ішінде жатыр. Оған анасының алақанының жылуы теріден өтіп жанын жайландырып жатқандай...

 Дәрігердің белгілеген уақыты бойынша келер жетіде босанып қалуы мүмкін. «Кеше сияқты еді осылай болсын деп келісімге келгеніміз. Уақыт не деген жылдам тоғыз ай өте шығыпты-ау. Сені әкетіп бара жатқанда қайтер екенмін»,- деп әйел ауыр күрсінді.

 Жанарының жасы түнгі Алматының көшесіндегі шамдармен шағылысып жарқырап барып үзіліп түсіп жатты....

1

Жария мен Мақсұт бір курста оқыды.

 Сәулет академиясының жатақханасында танысып, соның маңайында ғана қолұстасып қыдырып жүріп үйленді. Жарияны достары Мақсұт тұрған жатақханаға ұзатты. Оқу орнының профкомы екеуіне отбасылық жатақханадан шағын асханасы бар бір бөлме берді. Бірін-бірі сүйетін екі жасқа ол хан сарайындай көрінетін сол кезде. Екі жақтың ағайын-туыстары келсе де сыйып кететін.

 Екеуінің небір асқақ армандары сол бөлмеде дүниеге келетін. Достары да келіп сол арманға арман жалғап, ас ішетін столдарын жазып салып таңды таңға ұластырып сызба сызатын.

2

 Жария тұңғышы Арайына екіқабат кезінде ас үйде жазба төсекті жаза салып талай қонып шыққан. Таңертең төсегін жинай сала шәй әзірлеп күйеуін шақырғалы есігін ашайын десе тіреліп қалған үстелден аша алмай тұратын. Ұйқысы қатты Мақсұт үйілген сызбалардың арасында жерде жататын. Содан Жарияның түске жақындағанша ас үйде кітабын оқып отыра беретін кездері көп болатын.

Екінші баласы Дәрмен де сол бөлмеде туылды.

 Мақсұт курстастарымен бірге дипломын алып «Қаласәулет» деген мекемеге қызметке ілінді.

 Жария академиялық демалыста қос бөпесін бауырына басып қатарынан қалып қойды. Күйеуі аман болса пәтерін кеңітіп, әйелінің оқуын жалғастыртып дипломын алып берер деген сенімде жүретін.

Дәрменді емшектен шығаруға барғанда анасы:

  •  Жарияш, балаларыңды маған қалдырып әуелі дипломыңды алып алсаңшы, шырағым. Әкең осы сен оқысын деп отырушы еді,- деп былтыр өлген шалын есіне тағы бір алып, жылап қалды. Анасының сол көңіл-күйі әсер етті ме, Жария екі баласын қалдырып Алматыға жалғыз қайтты. Пойыздан күтіп алған күйеуі:
  •  Әй, балалар қайда?,- деп шошып кетті жалғыз өзі екі сөмке арқалап түскен әйеліне.
  •  Апам алып қалды, «биылдан қалмай дипломыңды ал» деді.,- деп төмен қарады.

3

 Күйеуі төсқалтасынан «Соверен» деген жазуы бар қорапты шығарып, бір тал темекі алып тұтатқанша үндемеді. Бір сорып жіберді де:

  •  Шешеңдікі оң екен, оқуыңды аяқтағаның дұрыс қой,- деп екі сөмкені арқалап алдына түсті.

 Мақсұт құрылыс академиясына қосымша сабақ беріп, Жария оқуын жалғастырып жүріп дипломға қолы жетті. Анасына барып ақылдасып ұлын алып келіп балабақшаға беріп, өзі жұмысқа шықпақшы болды.

 Аузын айға білеген Одақ тарап, жас мемлекет тәуелсіздікке енді жетіп жатқан заман. Кеңес одағының кезіндегідей арнайы жолдамамен бір жерге жұмысқа тұр деп жібермейді. Жұмысты өзің табасың. Ашпаған есігі қалмады, ешкім маңына жолатпайды. Баласын да ала қалатын бақша көрмеді. Тек бір жерде «Өзің тәрбиеші болсаң ғана балаңды аламыз»,- деп көнгендей болды. Мақсұтпен ақылдаса келе сол жерге орналасатын болып тоқтады.

 Екеуі екі жақтап табыс тауып жүргендей болғанымен ары тартса ары, бері тартса бері жетпейді. Жылына екі рет кезектесіп Арайға барып қайтады. Мақсұттың сабақ бергені жақсы болды әйтпегенде тұрып жатқан жатақтарынан да шығарып жібергендей екен. Баспана сатып алуды қанша армандағанымен тапқандары ішіп-жегеннен артылмай жүргенде қызының мектепке баратын жасы келіп қалды.

Анасы байқұс тағы ақылын берді:

4

  •  Арай менің қолымда оқи тұрсын, Мақсұт қорғап алсын, содан кейін көрерсіңдер,- деп өзі мұғалім болып жүрген мектепке жаздырып қойды.

 Мақсұт кандидаттығын қорғаған соң бір биікке жететіндей болып жүруші еді, қорғап алған соң да баяғы қалпында өмір жалғасып жатты.

 Ұлы мектепке баратын жылы ешқашан үндемей, тағдырдың салғанын көтеріп жүре беретін Жарияға тіл шықты:

  •  Мақсұт, қашанғы осы тауық күркеде отыра береміз, Дәрмен де биыл оқиды,- деп жылап жіберді.
  •  Енді қайтем, кезегім жылжыйтын емес, шыдайық, мен қорғап алайын, доктор болған соң пәтерді өздері-ақ берер,- деп

«Соверенге» жармасты байқұс күйеу.

 Баласы үшін орналасқан бақшадан енді сонымен бірге мектепке ауысамын ба деп жүргенде Шара деген мектептесі кездесе кетті Жарияға.

 Шара Медицина институтын бітіргеннен кейін «Ана мен бала орталығына» орналасқан екен. Кандидаттық қорғап бүгінде білдей бір бөлімнің басшысы. Күйеуге шықпай, ғылыммен айналысып кетіпті. Мектепте оқып жүргенде екеуі екі сыныпта оқығанымен жақсы араласып жүруші еді. Сол достықтары қайта жалғаса кетті. Шара докторлығын қорғау үшін жиі-жиі жет елдерге шығып, тәжірибелерін үйреніп қайтады. Іссапарынан оралған соң міндетті түрде Жарияның үйіне келіп екеуі шәй ішіп отырып көрген- білгендерін айтып береді.

5

 Шараның істейтін жері – «Экомед» деп аталатын қазақстандықтар үшін әлі құпиясы қырық түрлі, перзенті жоқтарға көмек жасайтын орталық.. Әркім өз тіршілігімізбен жүріп байқамайды екенбіз маңайымызда бір перзентке зар болып жүргендер көп екен.

 Байлықтың да, атақ пен даңқ, мансаптың тіпті оттай махаббаттың да бір баланың күлкісіне тұрмайтынын Жария біліп па? Күйеуге шықты, қатарынан екі балалы болды. Өзі танитындардан да баланың зарын шегіп жүргендерді көрмепті. Шараның айтқандарына қараса, Батыстағы ең басты проблема – бала туу. Қыздары мансап қуып жүріп күйеуге кеш шығады, содан бала көтере алмайды. Еркектері де үй болмай жүріп алады. Он отбасында бір бала дүниеге келеді. Баласы жоқтары ем-дом іздеп, ғылымның соңғы жаңалықтарымен ұрықтанып балалы болады екен. Ол емнің қонбайтындары да бар дейді....

 Ал, біздің елде бұл жұрт елеңдейтіндей мәселе болып көрінбегенімен, «басқа тсүкен баспақшыл» дегендей,басына түскен отбасы ешкімге сездірмей өздері күресіп жататын көрінеді. Екі жарты бір бүтін болып бірігіп от жағып отан құрғаннан кейін сол оттың басында ойнап жүретін баласы болғанын қалайды.

 «Өміріңнің жалғасы болатын перзентіңнің анасы мен әкесінің ортасынан емес дәрігердің араласуымен шынының ішінде қосылып пайда болуы дегенге біздің ұлттың әлі құлағы үйрене алмай жатыр»,- деп Шара әр келген сайын әңгімесін айтып отырады. Оның әңгіме дегені айналысып жүрген ғылыми жұмысы.

6

 Жария болса жұмыс іздеп жүр, құрбысына айтарлықтай әңгімесі болмағаннан кейін Шараның аузына қарап таңырқап отыратын. Күндердің күнінде Шараның жұмысына өзінің де қатысы болатынын кім біліпті.

2

  •  Жария, сен естідің бе, біздің үй де бұзылуға кететін болыпты,- деді Мақсұт кешке қарай жұмысынан келгенде.

 Орта кесеге тамақ құйып тұрған келіншектің жүрегі зу ете түсті. Ожаудағы сорпасы аяғының басына төгілді. «Мама»,- деп шыңғырып жіберді.

 Әйеліне арқасын беріп ас столының басында отырған еркек ащы дауыстан орнынан атып тұрды. «Не болды?»,- деп әйелін құшақтай алды. Жария отыра қалып аяғындағы қысқа шұлығын сыпырып жіберді. Оң жақ аяғының саусақтары қып-қызыл болып, ашып барады. Атып тұрып жуынатын бөлмеге ақсаңдай жүгірді. Көзінен жас бұрқ етті. Оң жақ аяғын шүмектің астына ұстап суық суға тосты. Ашығаны саппа басылғанымен, кеудесін күйдірген басқа бір күйік күллі денесін күйдіріп, ашытып бара жатқандай. Дыбыссыз жылап тұр. Көзінің жасы бетін жуып, омырауына құйылып жатыр....

  •  Жарияш, не болды?,- деп түк түсінбеген еркек аядай жерге өзінің сыймасын біліп есік аузында кептеліп тұр.

 Ары қарап тұрған әйелінің жотасы бүлкілдеп, екі иығы селкілдейді. Үні жоқ. Жылап жатыр.

7

  •  Қой, енді аяғыңа суық тиеді,- деді де бір кезде күйеуі қайта ас бөлмесіне бұрылды.

Ас бөлме, жуынатын бөлме, жатын бөлме.

Біріне бірі жалғасып жатыр. Аралары қол созым.

Бөлме деп емес, қуыс деп атаса да болатындай.

 Осында төрт адамның өмірі өтіп жатыр. Оның біреуі осыған сыймай әжесінің бауырында өсіп келеді. Қазақта қуықтай деп аталатын осы қуысты да қалалық әкімшілік қимай отыр. Төрт адамның тағдыры осы қуысқа қарап тұр. «Бұл үйді бұзса, шаңырақты ортаға түсірсе біз қайда барамыз?»,- деп әйел жаны күйіп жылайды. Оның аяғының күйігінен жанының күйігі өтіп барады.

 Жағдайды айтқызбай-ақ түсінген Мақсұттың да ішіне өрт түскендей болып, стол басында ішінен тынып отыр...

 Келіншек бір кезде жуынатын бөлмеден шықты да жатын бөлмедегі төсегіне барып қисайды. Жылап болғандай. Қабырғадағы бір сызыққа қарап қатып қалғандай. Іші әлем-жәлем. Не күйеуімен ұрсысарын, не бірге отырып тамақтанарын, не осылай жатып күйіне берерін білмейді.

 Мақсұтты не деп ұрсады, жұмысын істеп жүр, табысын әкеліп қолына салады. Арақ ішіп сенделіп, үйге келсе аузына келгенді айтып боқтап жатқан жоқ. Институтын қызыл дипломға бітірді,

8

кандидаттығын қорғады. Шамасының келгені сол – осы бір бөлмені алды.

 Тура осылар оқу бітіргенде заман ауысып, заң өзгерді. Қаладағы үйдің кезегіне жазылып қойғалы қашан. «Енді кезекпен тегін үй берілмейді екен»,- дегенді естіп бір күн ауырды. Айлығы шайлығынан аспай жатқан жас ғалымға пәтер сатып алуға мүмкіндік қайда. «Егемен ел болдық»,- деп қуанып жүргенде нарық келіп алқымнан алды. Ол өзі жылпыңдар мен қулардың жағында ма, сабынын соғымға, тарағын танаға айырбастап солар байып, солардың мәртебесі өсіп жатыр.

 Мақсұттың мінезі – біртоға, дұрыс жолымен болмаса, біреуді алдап, арбап үйге табыс әкелуді де білмейді. Сызбаларын сызады, институтқа лекциясын оқиды, үйге келіп ұлымен телевизор көреді. Бұл жүрісімен пәтер түгіл жүріп-тұруға көлік те сатып ала алмайтындай. «Менің мерседесім - 98»,- деп күлетіні бар. Онысы жұмысы мен үйінің арасына қатынайтын №98 автобус. Ағайын- туысына да алып бара жатқан қайырымы жоқ, жылына бір еңбек демалысында Алакөлдегі анасын көріп қайтады. Баласы мен әйелін сол жерге суға түсіріп келгеніне мәз.

Өзі ше?!

 Еркегінің шамасы келмесе, екі білекті сыбанып жіберіп өзі кіріспей ме. Елдің әйелдеріне ұқсап ала қапты арқалап сауда жасау қолынан келер ма еді, сауда жасайтындай алғашқы айналымға ақшаны қайдан алады. Балабақшада істеп жүргенде шай-пұлдан артылғанға анасы мен Арайға жылтыраған бірдеңелер апарып беретін еді, енді ол да жоқ. «Дипломыңды ал, ал»,- деп анасы

9

қоймағанда алған дипломы қара шабаданда жатыр. Еш жерге жұмысқа алмайды. Айнала қысқарту. Ашылып жатқан сансыз фирмаларға әркім өз танысын алады. Не болмаса – ұзын сирақ, айнамкөздерді іздейді. Сонымен жас дейтін жас емес, кәрі дегенге кәрі емес, орта жолда қалды да қойды.

 «Әкімшілік әйтеуір бір пәтер берер»,- деп қуықтай бөлмеге шүкіршілік етіп отырғанда осыны да қимай, бұзып байлар көп қабатты ғимарат салмақшы. Ал осында тұратын шиттей балалары бар жас отбасылар қайда барып паналамақ? Кемі отыз бөлмеде жүзге жуық адам тұрып жатыр. Бұларды адам екен-ау деп жатқан әкімшілік жоқ, сырттарынан сатып жіберген көрінеді. Енді сот орындаушылары жақында бұлардан босатуын талап етпекші. Орнына пәтер де бермейді. Себебі бұл – жатақхана, олардың жекеменшігі емес.

 Шара досының айтқанына қараса өздері тірі жүргендеріне мәз болып жүрген өлімтіктер сияқты. Нағыз өмір сүрушілер Алатаудың етегінен хан сарай салып, аспанда ұшақпен ұшып, теңіздің ар жақ, бер жағынан шығып жүр. Олар алам дегенін алып, берем дегенін береді. Жолдарын кескен адамды атып та тастайды. Бәрі солардың қолында сияқты. Ауызы ашылып тыңдап отырған Жарияға досы олардың да қолынан келмейтін бір нәрсе барын ұқтырды. Ол – бала жасап алу . Олардың біразы екіжақтап дүние жиып, мансап қуып жүргенде әйелдері қартайып бала табудан қалып қалады. Кейбіреуінің әйелдерінің денсаулығы жоқ. Бәрі бар сол хан сарайларда – бала жоқ. «Бәрін сатып алуға болады, ал адамды

10

сатып ала алмайды ғой»,- дейді де Шара, «Біздің «Экомед» оларға балалы болуға көмектеседі» деді.

Жария шошып кетіп:

  • Қойшы, - дейді.
  •  Әрине. Олар баланы тілейді. Амалдары жоқ, ақшаға сатып ала алмайды сондықтан бір баланы зар илеп тілейді. Құдайдың ықыласы түссе перзентті болады. Ал, біздің «Экомедтікі» ғылым жолымен оларға көмектесу ғана. Бағына бала бұйырмағандарына қанша көмек жасасаң да жолдары болмайды. Өмірден солай баласыз өтеді,сондықтан дүние де керек болмай қалатын кездер болады,- деп жұмысының бірдеңесін түсіндіргендей болды.
  •  Сенің мына құдай бере салғандарың тұрғанда – пәтер деген немене,- деп жұбататын ақкөңіл құрбысы.

 Келіншек арғы-бергіні ойлап жатқанда кеш түсіп, сам жамырады. Күйеуі болса асханадағы стол басында әлі отыр. Әйелінің жанына барып жұбатайын десе, не айтарын білмейді. Оның аяғының күйгенінен емес, жанының күйгенінен солай бүрісіп жатқанын сезіп отыр.

 Қайта Жарияның тәрбиелілігі ғой, әйтпесе кейбір әйелдерге ұқсап шаңқылдап, аузына ақ ит кіріп, қара ит шықса қайтер еді. Басының панасын бұзып, шаңырағын ортаға түсіргелі жатқанда қай әйел болса да ойбайын салады ғой. «Жаным-ай, тектілігі ғой, осы күнге дейін мына күніміз не? Сен ғылымның ұшына шығам деп жүргенде балаларыммен далада қалатын түрім бар. Ұлымды алып анама кетем демейді. Не көрсе де жанымда. Асын әзірлеп, қабағы күлімдеп жолыма қарап отырады осы кішкентай үйшігінде. Енді

11

осы үйшікті де әкімшілік көп көрді ғой»,- деп ойлап, көмейіне тас, көзіне жас тығылғандай болып отырғанда жатын бөлмеден келіншек шықты, аяғын сүйрете басып.

  •  Мақсұт, сен әлі тамағыңды ішпегенсің бе, жаным,- деп қазанға жақындады.

 «Дәл осылай жаным дегенше, маған шаңқылдап ұрысқаны дұрыс еді»,- деп еркек іштей жер болды.

 Орта кесемен көжені алдына қойып, қасығын ұсынды. Өзіне де құйып орындыққа отырды.

 «Не болды, аяғың күйіп қалды ма?,- деп сұрайын десе Мақсұттың тілі байланып қалғандай. Отырған үйлерін бұзуға басты кінәлі өзі сияқты. Еркек болып он жылда бір пәтер алып ең жақындарын қуанта алмаған өзі кінәлі емей, кім кінәлі.

  •  Мақсұт сен өзіңді жей берме,- деп бастады әңгімесін әйелі, ойындағысын оқып қойғандай:
  •  Одан да осы тығырықтан шығудың жолын іздейік. Жатақты бұзса бұзар, ол үшін бізбен келіспес. Өмір бойы осында қалмас едік қой. Бір шарасы болар. Басымыз аман болсын, Құдайдың берген мына екі баласына шүкіршілік етейік. Хан сарайы барлардың өзі осындай бір балаға зар болып отырғанда, біздің байлығымыз осылар,- деді келіншек манағы төсекте жатқандағы ойын жалғастырғандай.
  •  Кешеден ана жартысындағы студенттерді шығара бастапты, бізге енді ескерту хат береді дейді. Бұл біздің жекеменшігіміз емес, сондықтан соттаса да алмаймыз ғой,- деп бір уақытта барып күйеуінің тілі шықты.

12

  •  Шығарып жіберсе пәтер жалдармыз. Сен докторлығыңды қорғағанша кезегіміз де жылжып қалар,- деді әйелі күйеуін жақсылықтан үміттендіріп.
  •  Биыл Дәрменнің мектепке баратын жылында үйсіз қалғанымыз қиын болды-ау,- деді күйеуі.
  •  Қиналып бара жатсақ, мұны да Арайдың жанына оқытармыз,- дегенге келгенде әйелінің дауысы дірілдеп кетті. Туылғалы бауырынан шығармаған кішкентай ұлын қалай жер түбі Сарқамысқа апарып тастасын.

 Есік сарт етіп ашылып тентек ұлы кіріп келді. Қолында құлақшыны, терлеп кеткен,

  • Апа, көкем келді ме?,- деп алқынып тұр.
  • Мен үйдемін, Дако,- деді әкесі.

 Баласының алдымен өзін іздейтінін біледі, сол құлынын қайтып ел қиырына жіберсін. Асқар таудай әкесінің үйде болғанына қуанған балақай аяқ киімін лақтыра сала жуынатын бөлмеге кіріп кетті. «Ойынмен жүріп қуығының сыздап кеткенін де сезбейді, баламысың деген»,- деп ойлады Мақсұт ішінен күліп.

  •  Апа, Сәттер жаңа үйге көшеді екен,- деп бастады әңгімесін тамақ іше бастаған балақай.
  • Оны кім айтты?
  •  Сәт Бота екеуі «ертең біз көшеміз» деді. Папасы үй сатып алыпты.

«Бота» деген көршінің бойжеткен қызы. Оның шешесі де

«Құдаларын жатақханада күтті»,-деген атаққа қалып жүрерміз, өл-

13

тіріл Боташ ұзатылғанша үй ал дедім әкесіне»,- деп күзде Жарияшқа бір сырын ашып кеткен.

 Одан кейін бұған да сол уайым түсе бастаған, «шынында өстіп жүре берсек уақыттың қалай өткенін білмей қалармыз, Арай болса биыл үшінші сыныпта оқып жүр»,- деп іштей ойласа мазасы кететін. Қанша ойбайласа да пәтер алудың еш реті келмей-ақ жатыр.

 Жария күйеуі мен баласын тамақтандырып болып дәріханадан аяғына май алып жақпаққа сыртқа шықты. Ауладағы сәкіде бүкіл көршілер жиналып әлдеқандай жиналыс өткізіп жатыр екен. Сәттің шешесі мұны байқап қалып,

  • Жария бері кел,- деп шақырды. Жақындап еді,
  •  Неғып шықпай жатырсың, мұнда тұрғындардың жиналысы өтіп жатыр.Үйімізді бір компания сатып алыпты, орнына басқа ғимарат салатын көрінеді. Соларға қарсы хат ұйымдастырып жатыр,- деп түсіндірді.

 Жария топты жұртқа жақындап барып мойнын созып қарап еді, ортада жоғарғы қабаттағы Бәтіш деген әйел белсеніп сөйлеп жатыр. Шулаған жұрттан дауысы бұған анық естілмеді. Тағы жақындайын деп еді, алдындағы біреу шегіне беріп күйген аяғын басып кетті. Жаны шыға жаздап, аяғын құшақтап отырып қалды. Сәттің шешесі жүгіріп келіп,

  •  Жария не болды, басың айналып кетті ме?,- деп құшақтай алды.
  •  Жәй, ана кісі аяғымды басып кетті,- деп қанша ауырсынса да білдірмей орнынан тұрып, бос тұрған сәкіге барып шетіне отырды.

14

Сәттің шешесі жанына тағы келді. Жария осы кісінің атын да білмейді, балаларға ұқсап «Сәттің мамасы» дей салатын. Бағанағы баласы айтқан жаңа үйге көшу жайы жанына тыным бермей:

  • Сізден бірдеңе сұрасам бола ма?,- деді ұяла.
  • Сұрай ғой,- деп жанына отырды.
  • Сіздерді көшеді деп естідім ғой, рас па?
  •  Рас. Ағаң ипотека дегенге жазылып несиеге екі бөлмелі пәтерге ілінді. Былтыр саған айтып едім ғой, есіңде ме «Құдаларын жатақханада күтті»,- деген атаққа қалып жүрерміз»,- деп ойбайладым,- деп. Содан бері ағаң ойға-қырға шауып жүріп, тамыр-танысымен ақылдасып қарызға болса да ілінді ғой. Несие дегенің қып-қызыл қарыз сіңлім. Ай сайын төлеп тұруға тура келеді. Төлей алмасаң, үстемесімен қарыз мойыныңа іліне береді,- деп мұңын шағып алды.
  • Үйді бұзса, біз қайтер екенбіз,- деп бұл да мұңайып қалды.
  •  Әне, аналардың бәрі қайда шулап қалады десеңші,- деді көршілеріне жаны ашыған әйел.

3

  •  Жарияш, мені институттан Түркияға оқуға жібермекші,- деп келді Мақсұт бір күні. Жүзінде қуаныш бар, өзіне бұл ұсыныс ұнайтын сияқты.
  •  Отырысымыз мынау, күнде жиналыс. Сен сыртқа кеткенде бізді үйден қуып шықса қайтеміз,- деді әйелі ең негізгі себебін айтып.

15

  •  Мұндай мүмкіндік бола бермес, оның үстіне Түркияның құрылыс саласының әлемде өзіндік орыны бар. Дизайнды жете меңгеріп келсем жеке фирма ашып беремін, өзің жүргізесің мен докторлығымды аяқтаймын,- деп қиялдап кетті.
  • Қанша жыл оқисың?
  •  Алғашқы баспалдағы бір жыл екен, егер толық курсын бітірем десем, тағы бір жыл оқып жалғастырамын.
  • Сонда екі жыл, мен не істеймін, қалай күн көрем баламен?
  •  Менің айлығым карточкама түсіп тұрады, сонымен баланы оқытып күн көресің
  •  Егер басымда баспанам болса үндемес едім, үйдің түрі мынау, қашан қуып шығады деп қопаңдап отырмыз,- деді әйел.

 Екеуінің тірлігін қалай қарай бұрса да айналып келіп баспана мәселесіне тіреледі. Баспана жағдайын түзеп алмай ешбір ұмтылыстары алға баспайтыны айдан анық болып тұр. Сәттің үй- іші сияқты несиеге болса да пәтер алса ма екен? Екеуі қанша ойласа да, қанша достарымен ақылдасса да мәселе алғашқы жарнасын төлеуге келгенде «барғызбасым барғызбас болды дегендей» ауыздарына құм құйылатын. Алатын үйдің отыз пайыз құнын алдын-ала төлеуге қаржыны қайдан алады.

 Жария қазақтың әйеліне тән көнбістікпен, қашанда күйеуінің айтқанымен жүретін анасынан көрген тәрбиесімен қанша қиналып тұрса да Мақсұттың оқуға деген ынтасын қайтармай Түркияға барып білім жетілдіріп келуіне келісті.

16

 Мақсұттың оқуға баратын мезгілі жақындаған сайын ішін бірнәрсе қуыстап кеміріп жатқандай мазасыз күй кеше бастады. Не болатыны белгісіз баспанаға жары мен ұлын қалдырып, қызын енесіне тапсырып кетіп бара жатқаны жанын жейді. Бармайын десе, арғы жағынан бір сезім «осы жолы оқып, докторлығыңды қорғап кел, сонда сенің өміріңе бір жарық сәуле түседі. Жолың ашылады»,- дейтіндей. Ақылдасатындай кімі бар, жасы жетпістегі анасы сауатсыз. Алакөлдің маңайында жалғыз інісінің қолында. Батасын бергеннен басқа берері де, қосар ақылы да жоқ. Ол кісінің аналық ақылы осы заманның оқыған баласы мен нарықтың жағадан алған жанталасына жұлық болар ма.

 Жанын қоярға жер таппай кеткен соң, үлгі алып, дәріс тыңдаған институттағы Ағыбай Сләмұлы деген доктор ағасынан барып ақыл сұрап еді,

  •  Балам, мені бірдеңе білер деп келсең, айтарым сол тегін жіберіп тұрғанда оқып кел. Бүгін ақша жасап жалмаңдап жүргендер ертең сенің біліміңнің алдында бас иіп тұрмасына кім кепіл. Білім – капитал! Оны ешкім тартып ала алмайды, - деп қанаттандырып қойды. Коньягын құйып, қазысын тістетіп, өткен-кеткенді есіне түсіріп біраз отырды.
  •  Келінге айт, үндемей отыра берсін, сол үйден қуып жатса көрерміз. Ең болмағанда баламның бос пәтеріне көшіріп алармын, ертең маған келсін, лабораторияға жұмысқа алайын- деп әкесіндей қамқор сөз айтып шығарып салды.

 Әкеден ерте қалған бейбақ бала мына сөздерден кейін Алатауға арқа сүйегендей, әкесі тіріліп келгендей болып, тіпті қуанғанынан

17

автобусқа мінгенді ұмытып үйіне үш аялдама бойы жаяу жүріп келді.

 Жарияға Ағыбай Сләмұлының айтқандарын жеткізіп, телефоны мен мекен-жайын түсіндіріп, енесімен телефон арқылы сөйлесіп жағдайды түсіндіріп, қызының сағынышты дауысын естіп көңілі жайланды.

 Екі күннен кейін Мақсұт ұлы мен келіншегі үшеуі аэропорттың шығарып салу залында көздері боталап қоштасып тұрды....

4

 Жария Ағыбай Сләмұлының лабораториясына ассисент болып орналасып алды. «Жатақханадан әне қуады, міне қуады» дейтін көршілердің ойбай шуына да құлағы үйреніп қалды. Ұлының құжаттарын мектепке өткізіп қойды. Аптасына бір рет Мақсұт телефон соғып жағдайларын біліп, өзінің тірлігінен мағлұмат беріп қояды. Анда-санда шапқылап Шара келеді.

 Шара өзінің айналысып жүрген ғылымына жан-дүниесімен еніп кеткен адам. Оның бар әңгімесі – баласыз отбасыларына көмек көрсету. Айтып отырса оның жұмысында адам айтса нанғысыз оқиғалар болып жататын көрінеді. Оларын «адамдардың тағдыры, медицина саласындағы жаңа бастама»,- деп бастап, жаны қалмай келіп Жарияға түсіндіреді.

 - Қазаққа көбею керек. Статистикалық мәліметтер еліміздегі отбасылардың 15 пайызы балалы болуға қабілетсіз дейді, 30 пайыз

18

отбасының репродуктивтік технология бойынша емделуі қажет. Әрбір бесінші отбасы бедеуліктен қорлық көріп отыр. Соңғы уақытта кейбір мәжбүр болған жағдайда перзент бұйырмаған отбасы «бала табудың» жаңа тәсіліне көшкен. Бұл әйелдің жатырынан операция кезінде айырылып қалған жағдайда, немесе жатыры болса да жүрек ауруына, бүйрек ауруына байланысты бала көтеруге денсаулығы жарамайтын жағдайларда амал жоқ жүгінетін тәсіл. Яғни, суррогат анаға – қазақша құрсақ анаға сүйенеді. Мұның тиімді жағы - өз ұрпағын жалғастыру, шаңырақтың шайқалмауы, жұбайлардың жарасымды өмір сүруі.

 «Тапсырыспен» бала көтерген ананың қызметі тегін тұрмайды. Баласыз жақ пен бала тауып бере алатын жақ келісіп мәселесін шешеді, табиғатымызға жат болса да, бұл үрдіс өмірімізге еніп келеді. Балаға құштар болған ата-ана медицинаның мұндай мүмкіндігіне қуанады. Біз соған көмектесеміз»,- деп барып бір тоқтайды.

  •  Сендердің орталықтарың шетелден көргендерін ұсынғанымен оны біздің халық қалай қабылдар екен?,- деп Жария қарсы сұрақ қояды.
  •  Денеден тыс ұрықтандыру (ДТҰ) орталықтардың қызметіне жүгінетіндердің 90 пайызы өзіміздің қаракөздер. «Балалы үйді - базарға, баласыз үйді - қу мазарға» теңейтін қазақ үшін өмірінің соңында жалғыз қалудан үлкен қасірет жоқ. Осы ДТҰ негізінде жасалған құрсақ ана (суррогат ана) тәсілі көпшілікке қолданыла бермейді, тек қана жатыры жоқ, немесе денсаулығы жүктілікті көтермейтін әйелдерге жасауға болады. Немесе кейбір жағдайда

19

бірнеше рет ДТҰ жасап , жатырында өз эмбриондары өнбей қалған әйелдер, келесіде өзіне де, суррогат анаға да салдырып жатады. Бір қызығы өзі көтермей, сол құрсақ анаға салған эмбрион өсіп-өнетін кездері де аз емес. Және жатырының ақауы бар әйелдерге де қолданылу мүмкіндігі бар. Бір сөзбен айтқанда еріккеннен баратын тәсіл емес, жан ұшырып амал жоқтан, өз перзентін сүйіп, отбасын сақтау үшін барады. Басына бұндай қасірет түспегендер суррогаттық туралы әртүрлі айтылып жүрген пікірге қосылады. Даттаушылар: «Ата-бабамызда болмаған сұмдық», - десе, жақтаушылар: «Ажырасудың санын азайтып, қазақтың санын көбейтудегі тиімді жолы»,- деп қарсы дау айтады. Құрсағына

«қарыз» бала көтергендердің көбісі қазақ қыздары-,- дейді құрбысы өз ісін дұрыстап.

  •  Оның үстіне қолдан ұрықтандырып жасаған баланың келешек өмірі, денсаулығы қандай болады?,- дейді күдігін жасырмай бұл.
  •  Ерлi-зайыптылардың жұмыртқа клеткаларын түтiкшеде ұрықтандырып, оны басқа бiр әйелдiң жатырына орнатады, ол ұрық тоғыз ай ана құрсағында жетіліп барлық балалар сияқты жолмен өсіп, уақытында анасы толғатып адамзат баласы болып дүниеге келеді!,- деп қолымен қимыл жасап, қарнын сыйпап дәрігер құрбысы түсіндіреді.
  •  Туылған балалар басқа балалармен салыстырғанда ешқандай денсаулығында айырмашылығы жоқ. Бүгінде әлемде 2 миллионға жуық бала дүниеге келген - деп барып бір тоқтайды.

Екеуі тағы біразға дейін пікірталасып барып ұйқыға бас қояды.

20

 Тағы бір келгенінде Шара балаға тапсырыс беретіндер мен баланы туып беретін құрсақ аналардың тізімі жасалатынын, тіпті сперматозоидтері жоқ күйеуі бар әйелдердің жұмыртқа клеткасына донор еркектердің жұмыртқа клеткасын қосып та ұрықтандыратынын, арнайы эмбриондардың доноры деген тізім барлығын айтып таң қалдырды. Баласы жоқтарға сол тізімдерді ұсынып жағдайына қарай көмектесетін көрінеді. Әрине мүндай көмек алатындардың қалтасы қалың болмаса мәселе шешілмейді. Донор болатындар мен құрсақ ана болатындардың еңбегін шарт бойынша тапсырыс беретін жұбайлармен нотариус арқылы өзара келісім жасап төлейді екен. Осылай оны заңдастырып та қойыпты.

 Шараның айтуынша балаға зар болып жүргендердің кейбірі тіпті пәтер де алып береді, ақшалай да үлкен бағамен келісетіндері де бар көрінеді. «Балаға тапсырыс беретіндер құрсақ аналарды да таңдайды. Кез-келген туып берем дегенге келісе салмайды. Олар алдымен ананың денсаулығының жақсы болғанын, мінез-құлқының орнықты болғанын, наша, арақ-шарап, темекі сияқты жаман әдеттерден аулақ болғанын алдымен талап етеді. Кейбіреулері тіпті жоғары білімді, интеллигентті отбасынан шыққанын, мейірімді болғанын талап етеді. Өткені балаларын тоғыз ай бойы жүрегінің түбінде көтерген адамның қанша айтқанымен қаны араласып, соның бойынан нәр алатындықтан келешекте мінез-құлқына әсер етуі мүмкін ғой. Ондай жоғары талап қойғандар төлемін де жоғары төлейді»- дейді.

21

 Шараның әр келген сайынғы әңгімесі әсер етті ме, күйеуі алыста, өзі қайтсем отырған баспанамнан айырылып қалмайын деп уайыммен жүрген келіншекке күндердің күнінде «Сондай шын ғәріп болып баласыз жүрген отбасына бала туып беріп Мақсұт келгенше бір баспана жасап алсам ба екен?»,- деген ой да түсті.

  •  Апа, мынандай хат келді,- деп қарсы алды баласы, қолында алақандай қағазы бар.

 Ұлының қолындағы қағазды алып оқыған Жарияның көзі қарауытып, «Бәрібір осылай болатынын білгем»,- деп ойлап орындыққа отыра кетті. Дәрмен анасына шошына қарап қалған,

  • Апа, көкемнен бе?,- деді.
  • Жоқ, балапаным, үйді бір айдың ішінде босатыңдар,- депті.
  • Біз қайда көшеміз?
  • Білмеймін....

 Анасының көзі жасқа толып кеткенін көрген балақай, алыста жүрген жалғыз сүйеніштерін есіне алып,

  • Апа, көкеме звондайық,- деді.
  •  Көкең біледі ғой, қайта айтпайық, оқуын бөлмесін,- деп әйел дереу есін жыйды. Орнынан тұрып, Мақсұт беріп кеткен жетекшісінің телефонын іздей бастады. Тауып алғанымен бірден хабарласуға батпады. «Алдымен Шараға телефон шалайын, ақылдасайын. Ағыбай Сләмұлына ертең жұмыста кездесіп түсіндірермін»,- деп ойлады.

 Айналайын Шарасы қай кезде де салып ұрып жетіп келеді ғой. Жұмыстан шыға сала таксилетіп келіп қалды. Бір шәйнек шәй мен қуырдақты ортаға алып екі әйел ұзақ отырды.

22

 Жария баспана мұңын айтып, Мақсұттың жуастығына шағынып жылап алды. Бір кезде Шара:

  •  Жария сенің мәселең шешілетін мәселе ғой. Ертең күйеуің шет елден білім алып келеді, содан кейін осындағы қолдан-қолға тимейтін маман болады. Қәзір құрылыс салудың дәурені жүріп тұр, шамасы келгендер котедж, дүкен, ресторан салып жатыр, солардың бәріне сенің Мақсұтыңның сызбалары керек болады. Содан ақша жасап үй аласыңдар. Докторлығын да қорғап алады. Екі балапаның өсіп келеді. Жария, сен білмейсің ғой, менің сорымды,- деп бетін басып жылап жібергені.
  • Саған не болып қалып еді, - деп шошып кетті.
  • Болған...болған...,- деп досы қоймай жылады.

 Өзі орысша оқыған адамның ойын қазақша жеткізуі де қиын екен. Дауысы қатты шығып кетті ме, телевизордың алдында отырған Дәурен де жетіп келді. Шара тәтесінің жылап отырғанын көріп көзі бақырайып анасына қарады да ештеңе сұрамай қайтадан телевизорына кетті.

 Айтуы бойынша Шара студент кезінде бір жігітке ғашық болады. Ол – айтпай жүрген отбасылы, екі баланың әкесі екен. Есінен танып ғашық болып жүріп Шара екіқабат болып қалады. Сол кезде жігіт жоғалып кетеді. Араласатын достарынан оның отбасылы екенін біліп келеді. Ішіндегі бала қимылдап қалғанына қарамай алдырып тастаймын деп жүргенде жатырына инфекция түсіп, операциямен тазалап жаны әрең қалады.

23

  •  Енді мен күйеуге тисем де бала таба алмаймын. Маған кім құрсақ ана болып бала туып береді, ондайға менің материалдық жағдайым келе ме? Бітті осылай жалғыз қалғаным, қалған,- деп аңырап кеп жылайды байғұс бала.
  •  Қой, жылама, әлі күйеуге де тиесің, бала да сүйесің,- деп жұбатқан болады Жария айтып тұрған өз сөзіне өзі сенбесе де.
  • Ал, мен балаларды сондай жақсы көрем,- деп Шара егіледі.

 «Баспанасыз қалатын болдым, не ақыл бересің?»- деп шақырған досының қайғысын естігенде жылағанның алдынан өкірген шығыпты дегендей болған Жария ертесіне күйеуі аманаттап кеткен Ағыбай Сләмұлына барды. Профессор келіншекті тыңдап болып жазу үстелінің тартпасынан бір кілтті алып алдына қойды да,

  •  Мынау, менің шетелде отбасымен қызметте жүрген ұлымның пәтерінің кілті. Мекен-жайы міне,- деп қағазға жазып берді де.- Осында көшіп ал, балаңмен Мақсұт келгенше тұра тұр,- деді.

Ақ шашты ағасына алғысын айтып қуанып шығып бара жатыр

еді,

  • Келін, көшірісуге студенттер берейін,- деп тоқтатты.
  • Аға, мен алдымен барып үйді көріп, жиынып-түйінейін, содан

кейін сізге айтармын,- деп қоштасып шығып кетті.

 Араға апта салып Жария мен Шара және үш студент Мақсұттың отбасының азғантай дүние-мүлкін «Газель» көлігіне тиеп «Ақсай» шағын ауданына қарай алып бара жатты.

 Жігіттер бар жүктерді тасып кіргізіп беріп кетті. Профессордың үйінде телевизор, тоңазытқыш, төсек-орын сияқты күнделікті тұрмысқа қажет заттары бар екен.

24

  •  Мынау пәтерге беріліп жүрген ғой,- деді Шара екі бөлмені аралап шығып.
  •  Енді сол кірісінен айрылып бізге беріп отырған ағайдың адамгершілігін айтсаңшы,- деді Жария.

 Жалғыз бөлмеде әрі ұйықтап, әрі демалыс бөлме деп өскен Дәрмен мына жатын орны мен залы бөлек пәтерге келіп қуанып жүр. Алпыс арнадан алатын үлкен телевизор да бір қуанышы болды. Анасы жатын бөлмеде қос төсекте жатқанда бұл бұрынғыдай дауысын бәсеңдетіп әуре болмай-ақ қалаған арнасын тамашалап отыра береді. Аулаға шықса секіресің бе, еңбектейсің бе, жүгіресің бе неше түрлі ойынға арналған аспаптар орнатып қойған балаларға. Өзімен жасты балақайлармен танысып алып ойыннан босамай үйге қараңғы түсе кіретін болды.

5

 Демалыста Шара келеді. Оның жалдайтын пәтері құрбысының үйіне жақын болып қуанып жүр.

  •  Пәтерің жақсы екен. Ана жатақханадан жақсы болды ғой,- дей береді.
  •  Ой, Шарочка, бәрібір біздікі емес қой, Мақсұт келгенде енді босатыңдар десе қайда барамыз. Маған бір ой келіп жүр, Мақсұт келгенше балаға зар болып жүрген біреулерге көмектессем, олар бізге пәтер алып бере ала ма?- деп көптен толғанып жүргенін Шараға айтып еді, ол:

25

  •  Алдымен Мақсұтпен телефон арқылы болса да келісімін алуың керек. Одан соң біздегі балаға тапсырысқа берген тізімді қарап, жағдайы бар отбасын тауып алу керек. Олардың талабына сай болсаң ғана келіседі. Сен де алдымен жақсылап ойлан, одан кейін денсаулығыңды тексеру керек,- деп сол тақырыпқа жазылған біраз материалдар әкеліп тастады.

 Жария жұмыстан қолы босағанда солармен танысып шықты. Әсіресе, әйелдер журналына шыққан бір мақаланы бірнеше қайтара оқып, көңіл сүзгісінен өткізді.

Ол «Құрсақ ана» деп аталатын.

 «Жамбыл облысының тұрғындары Арман мен Айсұлу жақында тұңғыш рет перзент сүйдi. Олар бұл қуанышты сегiз жылдан берi күтiптi. Бiрақ, нәрестенi өмiрге әкелген Айсұлу емес, оның анасы екен. Бұл қалай дейсiз бе?

 «Экомед»орталығыныңжетекшісіСалтанат Байқошқарованың айтуынша, бүгiнде елiмiзде ерлi- зайыптылардың жұмыртқа клеткаларын денеден тыс түтiкшеде ұрықтандырып, оны басқа бiр әйелдiң жатырына орнату әдiсi кейбір жағдайларда қолдануға енген екен. «Балалы болсақ» деген әлгi екi жас та дәл осындай жолмен армандарына жетiптi.

 — Айсұлу осыдан бес жыл бұрын өзі бала туып жатқанда қатты қан кетіп,жедел жәрдемге түскен. Оның өмірін сақтап қалу үшін дәрігерлер жатырын алып тастаған. Шала туылған нәрестесінен де айрылған. Жас жұбайлардың «құрсақ ана» жалдайтын қаржылары болмады.Айсұлуға жаны ашып бала туып

26

беретіндей бірге туған апасы-сіңлілері де жоқ , біреудің жалғыз қызы екен.Өз перзентіне жаны ашыған анасы «менің денсаулығым жараса қызымның баласын өзіме салып беріңдер, ешкімнің керегі жоқ, қызым үшін бәріне де барамын деп тұрып алды, менен артық ешкімнің оған жаны ашымайды» деп. 40-тан енді асқан әйелдiң денсаулығын тексерiп, бала көтере алатынына көз жеткiздiк. Ең бастысы, бұл ұсынысты ерлi-зайыптыларға өздері де қолдады ,- дедi Салтанат.

 Қазiргi таңда медициналық орталықта қолдан ұрықтандыру әдiсi арқылы бала күтiп отырған онға жуық жанұя тiзiмге алынған. «Суррогат аналардың» (құрсақ ана) денсаулығы жақсы. Күнделiктi тамағы, дәрi-дәрмегi мен күтiмiне болашақ ата-ана жауапты болғандықтан, олар сол отбасы мүшелерiнің қадағалуында.

 Бүгiнде бұл iс кейде бизнес көзiне айналып жатады. Өйткенi, тапсырыс берушi ата-ана «құрсақ ананың» барлық тiлегiн орындауға мiндеттi. Шарт екi жақтың келiсiмiмен түзiледi. Ерлi- зайыптылар шарана дүниеге келгеннен кейiн, белгiленген соманы немесе мүлiктi бермеген жағдайда заң жүзiнде жауапқа тартылады.

 Алайда,қолдан ұрықтандырудың сәттi аяқтала бермейтiн кездерi де болатын көрінеді. Бұл туралы орталық дәрiгерi Бибігүл Сәдуқызы былай деп әңгімеледі:

 — Бiрде клиникаға 35 жастағы әйел келiп, өзiне «суррогат ана» iздейтiнiн айтты. Тiзiмдегiлерден өзінің ойындағыдай әйелді

27

таңдағаннан кейін сол әйелді шақыртып, таныстырдық. Екi жақ өзара келiсiп, жатырын жалға берген келiншекке ДТҰ жасалды. Құрсақтағы шарана 3-4 айлық болғанында, әлгi әйелдiң күйеуi баладан бас тартып шықпасы бар ма? «Суррогат ана» алғашқыда баланы қимағанымен, кейiннен оны аборт арқылы алдырып тастауға мәжбүр болды. Және бұған кеткен шығынды өзi төледi. Біздің Мәскеулік әріптестерімізде де солай болған. Норильскіден келген отбасы құрсақ анаға балаларын салдырып, ол жүкті болған кезде өздері ажырасып кеткен. Бейшара өзінің екі баласы бар, жағдайы мүлдем жоқ ақша табам ба деген әйелге, біреудің баласын өзіне жамап алғанын білгенде шарқ ұрған. Соңында аборт жасауға ол да мәжбүр болған.

 Балаға бауыр басып қалып, бергiсi келмейтiн «құрсақ аналар» да жиi кездеседi екен. Мұндай келеңсiздiктердiң орын алуына, ел арасында «суррогат ана» туралы заң жобасын түсiндiру жұмыстарының жүргiзiлмегендiгi себеп болар. Өйткенi, өңiрiмiзде осы уақытқа дейiн бiрде-бiр «құрсақ ана» арнайы заңның бар екенiн алға тартып, құқығын қорғамаған. Ретi келгенде сөз етейiк, ерлi-зайыптылардың «суррогат ана» қызметiн пайдалануда мынадай талаптарға көңiл бөлуi керек:

 Тапсырыс берушiлер баладан бас тартқан жағдайда, медициналық тексеруге, сауықтыруға, сондай-ақ, сыйақы болған жағдайда, оның сомасын «құрсақ анадан» талап етуге құқығы жоқ;

28

 Сондай-ақ, баладан бас тартып, «құрсақ ана» баланы қабылдаса, тапсырыс берген адамдар «құрсақ анаға» шартта көрсетiлген тәртiппен өтемақы төлеуге мiндеттi;

Бұл кезде аналық құқық «құрсақ анада» болады;

 «Құрсақ ана» баланы оның ата-анасына бергеннен кейiн балаға деген барлық құқықтарынан айырылады;

 Және оның өзi туған баланы шарт жасасқан адамдарға беруден бас тартуға, сол сияқты баланы өзге адамдарға беруге құқығы жоқ;

 «Экомед» мамандарының мәлiмдеуiнше, қазiр қолдан ұрықтандыру әдiсiнiң ақысы орташа есеппен 2 мың АҚШ долларын құрауда. Десек те, ерлi-зайыптылар арасында «құрсақ ана» жалдауға ниет бiлдiргендер баршылық. Тығырыққа тығылғанда, шаңырақ шайқалмауы, өз ұрпағын қалдыру үшін суррогаттық әдiстiң тиiмдi жақтары көп. Статистикалық деректерге сүйенсек, елiмiздегi отбасылардың 15 пайызы балаға құштар болса, 30 пайызына репродуктивтi технология бойынша емделу керек. Яғни, әрбiр бесiншi отбасы бедеулiкке шалдыққан.

«Құрсақ аналар» перзентке зар осындай отбасы мүшелерiнiң кейбірінің үмiт отын қайта жағуда. Бiрақ, олар күтiмi мен дәрi- дәрмегiне кеткен шығыннан бөлек, бұл қызметi үшiн де ақы алады. Ал, оның құны қанша?...

 Көбінесе құрсақ ана болуға жанашырлары келеді екен, ондай жағдайда ақша мәселесі айтылмайды. Ал әйел бөтен болса, жатыр жалдау көбінесе 1-2 бөлмелi пәтердiң ақысымен тең

29

келедi екен. Бұл туралы «суррогат ана» болып «еңбек» етiп жүрген келiншектен бiлдiк (аты-жөнiн айтудан бас тартты). Тапсырыс берушiсiне осындай талап қойған ол екi баланың анасы. Үлкенi 8-сыныпта оқыса, кенжесi биыл балабақшаға барады. Iшiндегi шарананы жақсы күтiп, ешнәрсеге алаңдамауы үшiн

«қожайыны» оның күнделiктi азық-түлiгi мен коммуналдық төлемдерiн төлеудi де өз мойнына алған.

 — Сәбидiң болашақ ата-анасы барлық жағдайымызды жасап отыр. Қазiр бала алты айлық. Ендi үш айдан соң баспаналы боламыз. Бұл жаман ба? Қаншама жылдан берi пәтер жалдап тұрамыз. Тапқан-таянғаным тек соның ақысын төлеуге кететiн. Ең бастысы, осылайша тұрмысымызды түзеп алуға отбасымдағылар келiсiм бердi. Бiрақ, 5 жасар кенжемнiң кейде

«Бөпеге кейiн мен қараймын» деп көңiл-күйiмiздi түсiрiп жiберетiнi бар. Сондайда «Ертең бөпенiң мамасы келiп, алып кетедi. Ол бiздiкi емес. Жылайды ғой, неғыласың. Саған басқа жыламайтын әлди әкелiп беремiн», — деймiн. Бала ғой, кейiн ұмытып кететiн шығар.

 — Сiздiң «құрсақ ана» болып жүргенiңiздi ағайын- туыстарыңыз бiле ме? Оларға не дейсiз?

  Бауырларым жүктi екенiмдi бала 4-5 айлық болғанында бiр-ақ бiлдi. Оған дейiн бұл туралы ешкiмге айтқан жоқпыз. Сол себептi, олар жағдайымыздың аяқ астынан жақсара түскенiне күмәнданды. Мұнда бiр сыр бар екенiн сезгендей қайта-қайта үйге келгiштеп жүрдi. Әйтеуiр, көп ұзамай бәрi аян болды. «Балаға бауыр басып қалсаңдар қиын. Мұныңды қой», дедi. Мен және

30

отбасым бұл нәрестенiң бiздiң ұрпағымыз емес екенiне өзiмiздi сендiрiп қойғанбыз. Ол дүниеге келген күнi-ақ ата-анасына тапсырамын. Үйге әкелмеймiн.

Ал, күйеуiңiз...

 — Күйеуiмдi олар (тапсырыс берушi ата-ана) жалақысы жоғары жұмысқа орналастырып беретiнiн айтты. Күйеуiмнiң мiнезi салмақты, мейiрiмдi, жанашыр жан. Перзентке зар жандарға көмек қолын созудан тайынған жоқ.

Ұсыныс түсiп жатса тағы да бала көтерер ме едiңiз?

 — Бұл оңай шаруа емес. Балаға деген жауапкершiлiктi басқалармен (жұмыспен) салыстыруға келмейдi. Бiреу үшiн күтiнесiң, уайымдамауға, ашуланбауға тырысасың. Жанұяңдағы адамдар да сенi түсiнiп, жағдайыңды жасау керек. Сондықтан, мұндайда жақсылап ойланған дұрыс»,- дейді мақалада.

 Өзі танысып шыққан әдебиеттердің ішіндегі құрсақ ана жайында нақтылау жазылғаны осы болды. Мұнда тек медициналық жағынан ғана емес, адамның психологиясы жағынан да кеңінен айтылған. Мына мақаланы оқып шыққаннан кейін құрсақ ана болуға шындап ниеті ауды. Мақсұтпен сөйлескенде оқытармын деп сақтап қойды.

 Ұлдары тұңғыш рет мектеп есігін ашқанда анасы екеуі ғана қолұстасып бармасын деп Мақсұт оншақты күнге уақыт тауып демалысқа келді. Жария өздерінің көшіп-қонғанындықтарын телефон арқылы тәптіштеп күйеуіне айтқысы келмеген. Қай кезде оралса сонда жағдайларын көрер деп, сөйлескенде бәрі жақсы дейтін де қоятын.

31

Мақсұтты ұлы мен әйелі аэропорттан күтіп алып таксимен

«Ақсай»шағынауданынақарайтартты.Өздерінетанысемес жолдармен келе жатқаннан кейін Мақсұт:

  • Жарияш, жолай шаруаң бар ма еді?,- деп сұрады.
  • Мен сені алып қашып барам,- деп күлді келіншек сылқылдап.
  • Қайда?
  • Ақсайға.
  • Ақсайға?
  •  Көке, сіз білмейсіз бе, біз жаңа үйге көштік қой,- деп баласы сөзге араласты.
  •  Жаңа үй?,- деп алдыңғы орындықта отырған әйелінің құлағынан тартып еркелетіп қойды.

 Шіркіннің маңғаздығы сондай, өзі кетерде «босатыңдар деп жатқан бөлмелерінен шығарып жіберді ме екен» деп ойына кіріп- шықпайды.

 «Әкімшілік жаңа үй бергендей «Жаңа үй?»,- дейді ғой». Келіншектің аяқ астынан қитығы ұстап қалды. «Үй» десе, жыны қозама-ау, әйтеуір сол тақырыпты қозғаса қырсығып қалатын болып жүр. Ең жанды жері сияқты. Аяқ астынан өзін қор санап қалады. Миллионнан астам халқы бар мынау мегополистегі ең қор қатын өзі сияқты. Жаңа ғана сағынысып табысқан көңілі су сепкендей басылды.

  • Барған соң көресің,- деп Жария ары қарай үндемей қойды.

 Содан үйге жеткенше ерлі-зайыптылар көп сөйлеспеді, тек Дәрмен ғана әкесіне бірдеңелерді айтып былдырлап келеді. Бала

32

дәнекер деген осы. Екеуінің арасын дәл қәзір осы бала ғана жалғап отыр, әйтпесе әйелі өкпелі еді...

 Үйге келіп жайғасып, шәй үстінде мәселенің мәнісіне қаныққан соң Мақсұт балконға шылым шегуге шықты. Жария тоңазытқышын ақтарып қазанына ас сала бастады. Дәрмен болса аяқ киімін шала кие сыртқа сытылып бара жатты.

 Мақсұттың тағы бір жыл оқуға қалсам деген арманы бар еді көңіл түпкірінде. Оны мынандай далада қалғандай болып отырған жағдайда әйеліне қалай айтады. Осы ойлардың құшағында шылымын сорып тұрып төменге көз салды. Ұлы топты баланың ортасында ойынның туын тігіп жүр. «Арайым не істеп жүр екен, қалың қамыстың ішінде»,- деп қызы есіне түсіп еді, жүрегі елжіреп кетті.

 Жатын бөлмеге барып төсекке жатып көз шырымын алайын деді. Төсектің бас жағындағы шашылып жатқан қағаздарға көзі түсті. Қағаз шұқылап қалған әдетімен қолына алып қарай бастады. Бәрі «ерлi-зайыптылардың жұмыртқа клеткаларын түтiкшеде ұрықтандырып, оны басқа бiр әйелдiң жатырына орнатады»,- дегенді түсіндіретін медициналық бірдеңелер. Қағаздарды аударыстырып «Шара немене осы үйге тұрып алған ба?»,- деп ойлады да қайтадан орнына тастай салды. Басын жастыққа қойып еді сонда да көзі түскен қағаздар ойынан шықпай көңілін алаңдатты. «Мұндай материалдардың гинеколог Шараға болмаса жобалау институтында істейтін біздің қатынға не керегі бар.

33

Туатын баласын туып алды. Ұрық керек болса салып береміз, келдік қой»,- деп әзілдей ойлап ұйықтап кетті.

 Түнде екеуі бір жылғы сағыныштан қайта табысқанда күндізгі қағаздардан көргендері есіне түсіп:

  •  Жарияш мынау не қағаздар, ұрық керек болса салып береміз ғой, түтікшесіз-ақ,- деп келіншегіне әзілдеп қыпша белінен құшақтап өзіне тартты...

6

 Мақсұт өзі ойлағанындай Дәрменін шешесі екеуі орталарына алып мектеп табалдырығын аттаттырды. Өзінің фотоапаратымен суретке түсіріп ұлының алғашқы қадамын отбасылық альбом тарихына қалдырды. Телефон арқылы болса да Арайының дауысын естіп, жағдайын білді. Институттағылар шарттарын орындап айлығын кәртішкесіне аударып тұр екен. Жариясы ұстазының лабораториясында жұмысын істеп жүр. Тек алаңдайтыны – баспана мәселесі ғана. Қанша ұмтылғанымен несиеге болса да пәтер алуға қаржысы жетер емес.

    •  Мен келгеннен кейін шындап кірісермін, сен уайымдамай осында тұра тұрыңдар,- деді қайтар уақыты таяғанда әйеліне. Тағы бір жылға қалғысы келетінін қалай жұқалап жеткізудің жолын таппай қиналып жүрді.
    •  Он жылдан бері сен шындап кірісе алмай жүрсің, енді мен шындап кіріссем бе деп жүрмін осы баспана мәселесіне,- деп күлді келіншегі. Қабағын шытып емес, күліп айтқаннан соң ба, Мақсұт

34

оның сөзіне ең әлсіз жеріне тиіп тұрса да намыстанбады. Қайта ол да күліп, әзілге айналдыра:

    • Е, коричневый шәпішкенің қызы күшейейін деген екен,- деді.
    • Сен күлме, мен шын айтам,- деді Жария.
    • Ал, баста...
    •  Мақсұт, бұл әзілсіз, бірақ біз үшін әзірге жалғыз жол болып тұр, егер мен ойлағандай шешілсе әрине,- деп бастады көптен толғанып жүрген әңгімесін әйелі.

 Мақсұт сабырмен отырып тыңдады. Кейбір түсінбеген нәрсесін қайталап сұрап отырды. Өзі де ғылымның жаңалықтарын ақтарып жүргендіктен естуі бар еді, сондықтан медицинадағы мына жаңалықтың елімізге келгеніне бәлендей үркіп қарамады. Тек соңғы жаңалықтың өзінің отбасына араласайын деп тұрғанына қатты ойланып қалды. Баспана тапшылығынан әйелі соның құрбаны болатындай көрініп те кетті. Мұның ақ, адал жары басқа бір өмірі көрмеген адамдардың баласына екіқабат болады. Тәнімен жақындаспағанымен, жанымен жақындасып жүрегінің түбінде жат біреудің перзентін өсіреді. Тоғыз ай бойы соның тілеуін тілейді.

Сол күннен Мақсұттың:

Түнде ұйқысы бұзылды. Күндіз көңілі алаңдады.

 Жоқшылықтан әйелінің саушылығын саудаға салып тұрғандай ары буындырды.

 Өзінің тағы бір жылға оқуын жалғастырғысы келіп жүргенін де ойлап, оны әлі жарына айта алмай жүргенде Жарияның мына ұсынысы «Сен маған, мен саған» деп қойған шартындай болып тұр.

35

Мына заман адамдарды шарттастырып өмір сүруге бейімдеп жатқандай. Басқа түгіл қойыныңдағы қатыныңмен де шарттасасың.

 Анада жігіттермен бір қызу әңгімеде: «Супербайлар әйелдерімен неке шартын жасайды екен. Ажырасып жатса, әркім өз табысына сотттаспай да, оттаспай да ие болады», «Бізде де азаматтық неке деген көбейіп барады, ол әйелдің қойнына қалауыңша жатасың, ұнатпаған кезде ешбір тәуелді болмай, ешқандай неке бұзды деген атқа қалмай кете бересің»,- деген мәселелер төңірегінде пікірталас өрбіген. Өзі осының бәріне қарсы болса да, міне, алдынан шығып отыр ма қалай?

 Әйелі «қандай шешімге келдің?»,- деп сұрамайды, тымпи ойнағандай болып жүр. «Мен мәселені төтесінен қойдым. Не үй алып бер, не осыған келіс» дегендей. Жария бір нәрсе бастамайды, бастаса қоймайтын мінезі бар. Сондықтан ол айтқан екен, оны тоқтату үшін нақты дәлел керек.

 Мақсұттың байқағаны: «Ел не дейді?», «Менің намысыма тиеді» деген сияқты дәлелдерге «Елдің бізде несі бар, жаны ашыса басымызға баспана алып берсін», «Намысың келіп бара жатса, он жылдан асты көшіп-қонып жүрміз, сонда неге намысты ойламадың»,- дейін деп отыр. Оған айтар дәлелі тағы жоқ. Заманды, қоғамды, жас отбасыларын, еліне керек жас ғалымдарын ойламаған өкіметті жамандағанда не табады. Қанша ұмтылса да ісі оңға баспай жүрген жалғыз бұл ма? «Дүние қусам, ғылыммен кім айналысады?»,- деп бастарын бәйгеге тігіп, қағазға көміліп

36

отырғанда отбасыларынан ажырап қалып жатқан ғалымдар қаншама. Ары тартса өгіз өледі, бері тартса арба сынады.

 Ешкім сыза алмайтын сызбаларды сызатын, ешкім таба алмайтын есептердің шешімін табатын мұның басы мемлекетке керек, бірақ «сол бастың иесі қайда тұрады, тапқан айлығы ішіп- жеміне жете ме, отбасы қаңғып жүрген жоқ па жас ғалымның?»,- деп ойлап жатқан Үкімет басында бір пенде жоқ.

 Шала-шарпы білімі, кездескеннің ойын көзінен оқып, қалтасын қағып түсетін қулық-сұмдығы барлардың басында зәулім сарай, астында бір ауданды асырайтын ақшаға келген көлігі бар. Соның тапқан пайдасы өз басына ғана керек, ал, ғалымның қиыннан қиыстырып тапқаны күллі елге керек екенін кім білер. Қалтаңда көк қағазың болмаса құның көк тиын. Сенің намысың кімге керек.

«Байқұс әйел, бала тапқаннан басқа қолынан келері жоқ. Осыдан басқа қайтіп ақша табады. Мына Сайын көшесінде қанша әйел тәнін сатып күн көріп жүр. Мыңдаған әйел ала қап арқалап белі үзіліп жүргені анау. Осының бәріне кім кінәлі? Заман ба, заманды билеген адам ба?» Осындай ойлардан жанын қоярға жер таппай бәлен пәшке шылымды тауысты.

 «Мүмкін мұның денсаулығы «құрсақ ана» болуға жарамай қалар, меселін қайтармай келісім бере салсам ба екен?»- дейді тағы бір ішкі ойы.

 «Дәуреннің мектепке барғаны құтты болсын»,- деп Шара келіп қалды екі кештің ортасында. Ерлі-зайыптылар жеке-жеке көптен толғанып жүрген мәселені талқылаудың сәті түсе кеткені.

37

    •  Біріншіден бұл екеуің ғана келісіп шешетін мәселе,- деп пациенттерімен сөйлескендей бастады әңгімесін гинеколог достары. Содан «құрсақ ана» болудың құпияларын, оның екі жаққа да тигізетін әсерін түсіндіріп берді.
    •  Мақсұт, сіздің де келгеніңіз жақсы болды. Егер Жария біреумен келісетін болса соған сіздің рұқсатыңыз бар деп есептейміз, екіншіден екіқабат жүрген жағдайда ешкімнің көңіліне бөтен ой келмейді,- деп қояды.
    •  Ол баланы «аналар» алып кеткенде елге баламыз қайда дейміз?
    • Бізге бұйырмаған шығар,- деп жұмбақтай саларсыздар.
    •  Не болса да мен бір ұмтылып көрейін,- деп Жариясы қоймайды.
    •  Мен тізімнен нәтижесінде пәтер алып беруге мүмкіндігі бар отбасын іздеп көрейін. Өткенде бір ерлі-зайыпты болған, «құрсақ ана» болатын әйел зиялы отбасынан шыққан, өз білімі жоғары, мінезі салмақты, мейірімді болсын»,- деп талап қойғанда басшымыз

«Мүмкін ақ сүйектер отбасынан шыққан, генералдың қызы болсын»,- дейтін шығар деп күлген.

 Кейін мен әйелінен себебін сұрасам, «Бізге бала туатын ананың әдепті, жақсы тәрбиесі, жоғары білімі болсын дегеніміз бала қанша дегенімен оның қанынан нәр алады, сондықтан ол әйелдің барлық қасиеттері балаға жатырдан ауысады. Егер ол салақ, ақымақтау, білімсіз, өркөкірек болса – баламыз да біз тілегендей болмай қалады ғой»,- деді. Егер Жарияның денсаулығы сәйкес келсе, басқа жағынан сүрінбейтініне сенемін»,- деп өзінше кепіл болып қояды.

38

    •  Бізге ұсыныс жасап жатқан ешкім жоқ бала тауып бер деп, өзіміздің мәселемізді шешіп алу үшін осынша әуреленгенімізге жөн болсын, - деп пікірталасты Жария тоқтатты.

Соңында Мақсұт:

    •  Егер ойыңдағыдай ұсыныс түсіп жатса, денсаулығың көтерсе мен қарсы емеспін, баланың зарын шынымен тартып жүрген бір бейбақтарды бақытты етсек қанеки. Сондықтан осындай болып жатқан жағдайда оны бала мен «құрсақ ана» саудасы деп қабылдамайық. Менің де сендерге айта алмай жүрген бір сырым бар еді,- деп еді, екі әйел жақтап:
    •  Немене, тоқал алып жасырып жүрсің бе, соны естіртейін дедің бе?,- деп шулап қоя берді.

 Екі әйелді мажықтыру үшін Мақсұт та біраз әзілге айналдырып отырып алды. Біраздан соң:

    •  Қыздар, мен Түркияда тағы бір жылға қалып оқуымды жалғастырсам деп едім,- деп шындығына көшті.
    •  О, онда екі жақтың ойы дөп шықты, Жарияш сіз оқып келгенше пәтер алып қояды,- деп Шара дереу күні бойғы таластың шешуін таба қойғандай болды.

 Екі күннен кейін Мақсұт оқуына қайтты. Бірақ бұл жолы біреудің пәтерінде жаутаңдап қалған баласы мен «қайтсем баспаналы болам»,- деп жанын саудаға салып отырған жарын ойлап қолынан келер қайран жоқ, іші қазандай қайнап ұшаққа отырды.

7

39

    •  Жария, сен шынымен «құрсақ ана» болам деп жүр ма едің? ,- деп алып-ұшып бір күні Шара келді.

 Оның айтуынша өткендегі қалталы ерлі-зайыпты тағы өтініш түсіріпті. Шара әйелін шақырып алып сөйлескен екен, Жарияның кандидатурасы ауызша айтуымен өтіпті. Енді екі әйелдің бетпе-бет кездесуі керек, содан ана әйел келіссе, Жарияның денсаулығын тексереді. Бала көтеруге жарайтын болса, шартқа отырады.

    •  «Құрсақ ана» жас ғалымдар отбасы оларға бәрі ойдағыдай болса пәтер алып бере аласыздар ма?,- деп бірден сұрадым, сенің көңіліңді алаңдатпау үшін,- дейді досы.

 Содан ол әйел күйеуімен сөйлесіп, «Бала үшін ешнәрседен аянбаймыз»,- деп ертесі хабарласты. Ал, досым кірісейік. Күйеуің келісімін берді,- дегенде екеуінің айтып жүргені шынымен орындалғалы жатқанынан Жария енді қорқып қалды.

    •  Ойбай, Шара, шынымен сондай жасайық деп жатырмыз ба? Сегіз жылдан бері тумай жүргенге үйреніп қалыппын, екіқабат болудан қорқам,- дейді Жария.
    •  Сен немене, бүгін күйеуге тигендей, қыздай майысасың ғой. Кеше ғана күйеуің келіп кетті, сұрағанға екіқабатпын дей сал.
    • Кейін балам қайда деймін?
    •  Бұйырмады де. Сен оны жатқа туатыныңды ұмытпа. Ол сенікі болмайды...- деп жайбарақат айта салды ана мен баланың тағдырын аузымен шешіп.

 Шара айтып отырған әйелге дәрігерлер жүкті болып, бала тууға қатаң тиым салған, өйткені оның жүрегінде туа біткен ақауы бар екен, сондықтан бала көтеруден өміріне тікелей қауіпі бар

40

болғандықтан, амал жоқ, жалғыз мүмкіндігі – құрсақ анаға күйеуі екеуінің эмбрионын салып перзент көруге тоқтайды.

Шара «ертең кездесесіңдер»,- деп телефонмен хабарласты.

 Кездесу мекені биресми жерде өтетін болды. Қаладағы қымбат ресторанның VIP залында. «Не киіп барам»,- деп Жарияның мазасы кетті. Шара: «Не кигені несі? Сені жігітпен таныстырғалы жатыр ма едік. Қайта барынша қарапайым көрінгенің дұрыс. Ол кісілер

«Бізге бала туатын ананың жақсы тәрбиесі болсын»,- дегені есіңде ме?»- деп сабырға шақырды.

 Жария мен Шараны ұзын бойлы, «ақ маңдайлы, аласыз қара көзі нұр жайнайды» деп ұлы Абай жырға қосқандай келісті келіншек VIP залда күтіп алды.

Аты да затына сай – Айғаным екен.

 Қалың да ұзын бұрымын төбесіне түйіп алыпты. Бала таппаған соң ба отызды орталаса да құлын мүшесі бұзылмаған. Үстіндегі күлгін жібек көйлегі әйелді көктемнің символындай көрсетеді.

    •  Айғаным!,- деп жымиғанда қос жанарынан шуақ төгіліп, екі бетінің ұшы шұқырайды.

Әйелдің әсем күлкісінен әлем нұрланғандай ғой шіркін!

 Жария архитектор болуды таңдағанына бір себеп – мектепте оқып жүргенде керемет сурет салатын өнері бар еді. Сабақ арасында отыра қалып кез-келген мұғалімнің, сыныптастарының бейнесін қарындашпен сыза жөнелетін. Жүрегінің түбінде сурет

41

салуға деген құштарлық жататын. «Жағдайымыз түзелгенде сурет салумен айналысам»,- деген арман да бар еді.

 Айғанымды көргенде оған неге екенін қайдам, ең алдымен суретшінің көзімен қарады. «Қандай көркем әйел. Тұла бойында бір мін жоқ. Мынау – аузы, мынау – көзі, мынау – мұрны»,- деп арнайы сызып жаратқандай. Осындай хас сұлудың бір перзентке зар болғанын-ай. Өзі дәулетті дейді. Бәрі бар, тек бала жоқ. Бала көтеруге денсаулық жоқ. Өзі сол барлардың бәрін бір перзенттің жолына құрбан етіп отыр»,- деп ойланып кетті. Шара түртті, «не ойлап кеттің» дегендей.

Жария есін жиып әңгімелесіп отырған екеуіне құлақ түрді. Шара өзінің «қолдан ұрықтандыруын» талдап түсіндіріп,

Айғаным әр сөзіне мән беріп қайталап сұрап отыр екен. Өзі бұрын да көп сөйлемейтін Жария олардың сөзіне араласа кетуді орынсыз көріп, үнсіз тыңдай берді. Араласқанда не дейді. Бәрін жайғастырып жүрген Шара ғой, сол түсіндірсін. Бұл келісті. Енді анау «қалталының әйелі» келіссе болды. Денсаулығы жараса, аналардың ұрықтары мұның жатырынан шошып, жатсынып түсіп қалмаса бір бала көтерер. «Құдай бұйырса дейінші, баланы беретін жалғыз Құдай емес пе. Жаратқан жалғыз Алла, перзентсіз байқұстардың тілеуін бере көр!»,- деп Айғанымға жаны ашып тілеуін тілей тағы ойға түсті.

    •  Жария, сен тағы не ойлап кеттің,- деп енді Шара ашық ескертуге көшті.

42

 Жария іштей «Шынында, мына басқосу менің тағдырымды шешу үшін болып отырған жоқ па, дұрыстап тыңдайыншы»,- деп назарын тағы екеуіне аударды.

Айғаным өз өмірінен біраз әңгіме айтып шықты:

 Әкесі үлкен қызметтер істеп Қазақстанның біраз жерін отбасымен көшіп-қонып шарлап шығыпты. Соның арқасында талай отбасылармен көрші болады. Олардың ержеткен ұлдары болса неге екенін Айғанымға ғашық болады. «Қанша жерде қоныс аудардық, сонша жерде көршінің баласы маған ғашық болып қала берді. Мамам өткенде Тоқтар Серіков айтып жүрген «Көршінің қызы» деген әнді естіген сайын өткенімізді еске алып күліп отырады»,- деп жымыйып:

 Көршінің қызы керемет еді, Әкесі де оның жақсы адам.

Ауылдан біздің неге кетеді

Ауа-райы ма жақпаған? - деп әндетіп те жіберді де:

  • Менің күйеуім Жақсыбек те көршінің ұлы болып шықты,- деді.
  • Ал, біздер көршінің балаларын менсінбеуші едік,- деп күлді Шара.
  • Жақсыбек екеуміз осы Алматыда ол КазГУ-де, мен Халық Шаруашылық институтында оқыдық. Соңғы курста шаңырақ көтердік. Қатарымыздан қалмай қызмет те істедік, ғылыми жұмысқа да үлгердік. Тек бір перзентке зар болып қатарымыздан қалып қалған жайымыз бар,- деп ұялы жанарына мұң толды.

43

  • Қаралмаған дәрігерім қалмады, жүрегімді емдету үшін шетелге дейін бардық. Операция да жасаттым, жаным зорға қалды. Өзімде аналық ұрығым бар, жатырым да бар, әйел ретінде бәрі де дұрыс, бірақ жүрегімнің ауруына байланысты баланы өзіме көтеруге болмайды деп айтты. Баланы эмбрион күйінде басқа әйелдің жатырына салып соған туғызу ғана ұрпақ сүюге мүмкіндік беретінін айтты. Өліп қалсам да туам дегеніме Жақсыбек екіқабат болуға рұқсат бермеді. Енем мен шешем тіпті бақсы-балгерге де апарды. Палшылар келешек өміріме қарап: «Бәрі жақсы болады. Екі перзент сүйеді»,- депті. Сол бала сүйетін күнге жете алмай жүрмін. Жақсыбек ол жайында мен отырған жерде әңгіме айтқызбайды. Жақсыбекті де аяймын, мен үшін перзентсіз болып жүр ғой деп. Ал мен үмітімді үзбей, өзімнің денсаулығым жарамаса да Құдайдан жатыры жақсы, жаны адал бір әйелді кездестіре гөр деп тілеп жүр едім.
  • Сізге босанып беретіндей жақын сіңліңіз жоқ па?,- деді Шара.
  • Сіңлім бар, ағайындас туыс сіңлім де бала туып берейін деген, мен өзім қарсы болдым. Өйткені, жақын адамнан бала алған туыстарымды көргемін, жылдар өте ол талас балаға айналып қиын болған. Одан да жат біреу туып, оны мен де, жұрт та көрмесе деп армандадым. Әрең жететін баламды қызғанып, әркімнің аузын бағып қалай жүрейін. Ол туып беріп, мені ұмытсын, мен оны ұмытып Құдайдың берген баласы деп жүрейін. Басқалар мені өзі туып алыпты деп ойласын,- деп Айғаным тәтті қиялға беріліп те алды.

44

 Зыр жүгіріп жүрген келісті даяшы жігіт балықтан әзірленген ыстық тамақ әкелді. Жария шанышқымен шұқылап тамақ жеген болды.

 Айғаным жәйлеп қана отбасы жағдайын, білдірмеген болып бұрын жұқпалы – сары ауру, тубберкулез сияқты аурулармен ауырған-ауырмағанын сұрады. «Екі бала туғаныңыз жақсы екен, қанша айтқанымен бала туған ана мейірімді болады ғой»,- деп қалды. Жарияның есіне қазақтың «Пұшпағы қанамаған әйел қатыгез болады»,- дегені түсті. «Сонда мынау үлбіреп отырған Айғаным қатігез болғаны ма? Адам айтса нанғысыз теңеу сөздер бар-ау бізде».

    •  Ертеңнен бастап денсаулығыңызды тіксерейік, бағанағы Шара айтқан пәтер мәселесіне күйеуім келісімін берген. Тек бәрі сәтті болсын деп Құдайдан тілейік,- деді бір кезде бағанағы Жарияның ойын оқып қойғандай. «Ойымыз бір жерден шықты. «Құдай деген құр қалмайды» дейтін әжем»,- деп ойлаған Жария ойын жалғастырып:
    • Иә, Құдай тілеуіңізді берсін!,- деп орнынан тұрды. Айғаным жанына келіп:
    •  Жария, сіз маған сондай ұнадыңыз, менің балам осындай әйелдің жатырында өскенін тілеп едім,- деп құшақтады.

 Мынандай сұлу әйелден мұндай кішіпейілділікті күтпеген Жарияның жүрегі езіліп, екі әйел көзге көрінбейтін бір нәрсемен байланысып тұрғандай болып, Айғаным жақын туысындай көрініп кетті.

45

 Сол күннен бастап көзге көрінбейтін байланыс екі әйелді жалғастыра берді...

 Жарияны Шара сүйрелеп жүріп дегендей барлық тексеруден өткізді. Медициналық талаптар бойынша денсаулығы бала көтеруге жарайды деп анықтамалық қағаз алғаннан кейін Жария күйеуіне телефон арқылы жағдайды мәлімдеді. «Мүмкін денсаулығы жарамай қалар, бетін қақпайын»,- деген Мақсұттың ойы болмай қалды. Әйелі барлық жағдайды айтып хабарласқанда аузына түскен алғашқы сөзі: «Жарияш, пәтер алу үшін енді күніміз саған қарағаны ма?»,- болды. Әйелі: «Мақсұт, біреулердің әйелдері шет ел асып сауда жасап үйлерін асырап отыр ғой. Олардың кейбіреуінің күйеулері жұмыс та істемейді. Сен оқысам деп жүрсің, күнің маған қарап тұрған жоқ. Бітіріп келген соң-ақ біздің жағдайымызды жасарсың. Мен де қолымнан келгенін жасайын»,- деп қоймады. Қайраны қалмаған Мақсұт «Жарияш, сен байқа, біреуге бала тауып берем деп денсаулығыңнан айырылып, өз балаларыңа ие бола алмай қалма»,- деп ескерту жасады алдымен. Өзіне сүйеніш болып бір іске бел шешіп тұрғанда үндемегенім жарамас деп, ертесіне қайтадан телефон шалып батасын берді. Содан әйелі аман-есен босанғанша алаңдап, жиі хабарласып тұрды.

8

Жарияны медбике әйелдер босанатын креслоға жатқызды. Оң жағында – жағдайды бақылап Шара тұр.

46

Сол жағында – Айғаным.

Қарсы алдында – гинеколог-дәрігер.

 Бәрінің аузы-басы тұмшаланған. Жылтырап көздері ғана көрінеді. Дәрігер ақ резенке қолғап киген қолындағы шприцті көтеріп тұрып:

    •  Ал, бастадық, іс оң болсын!,- деді де еңкейіп өз шаруасымен айналысып кетті.

 Жария бәрін сезіп жатыр...Кіндігінің маңайы ауырсынғандай болды....

    •  Ал, осымен сіздің балаңыз старт алды,- деп бір кезде дәрігер басын көтеріп Айғанымға қарады.
    • Құттықтаймыз!,- деді Шара.

 Айғанымның айнакөлдей мөлдір жанарынан қос тамшы үзіліп түсті...

 Жарияны арбаға жатқызып екі медқызметкер палатаға сүйреп әкелді де төсекке жатқызды. Шара мен Айғаным ере келді.

    •  Осы сәттен бастап менің бақылауымда боласың,- деп күлімсіреді Айғаным.

 Ауруханада бір жеті жатып шықты. Содан бастап ішіп-жемін, керекті дәрі-дәрмегін бәрін Айғанымның жүргізушісі жеткізіп тұрды.

 Бесінші апта дегенде Шара келіп қайтадан «Экомедке» алып кетті. Узи аппаратымен қараған дәрігер қыз,

    •  Құттықтаймыз, балапан ұясында жатыр, бесінші-алтыншы аптада- деп Айғанымды қуантты.

47

 Жария да қуанып қалды. Үш әйел сонша тырмысып жатқанда балапандарының ұясына орнығып, өсе бастағаны дұрыс болды. Құдай бір перзентке зар болған құлдарының арманын қабыл етіп, үмітін жандырғаны шығар...

 Сол жерден шыққаннан кейін Айғаным Шараны куәгер етіп алып нотариусқа барып Жариямен екіжақты шартқа отырды.

 Шарт бойынша – Жария дәрігерлердің барлық талабын орындап, өзін өте сабырлы ұстап, ішіндегі балаға өте мейіріммен қарап аман-есен босанған жағдайда шарананы ешбір қарсылықсыз өзінің биологиялық ата-анасының атына жаздырып, бауырына салуы керек. Айғаным – бала аман-есен туылғанша «құрсақ ананың» ішіп-жемі мен дәрі-дәрмегімен, дәрігерлік тексерулері, тағы да басқа денсаулығына байланысты керек-жарағымен қамтамасыз етеді. Бала дүниеге келгеннен кейін перзетханадан шығарда балаға өздерінің (әке-шешесінің) аты-жөні жазылған тууы туралы куәлік алынып, баланы алып кетерде келісілген қаржыны қолына тапсырады. Оның құны екі бөлмелі пәтер алуға жететіндей болуы керек.

 Екі әйел мен куәгер қол қойды. Шарт үш дана етіп жасалып, біреуі – Айғанымға, екіншісі – Жарияға беріліп, үшіншісі – нотариусқа қалдырылды.

 Сол күннен бастап Жария «Қалай болғанда да осы істі қолға алған екенмін, абыроймен аяқтауым керек»,- деп адам алдында да, заң алдында да белін бекем буды.

48

 Айғаным анда-санда классикалық музыка алып келіп бірге тыңдайды. Ертегі кітаптар оқып береді жанында отырып. Онысын:

    •  Қызым, менің дауысыма үйрене берсін, туылғанда бұл қандай мама демесін,- деп қояды. Неге екенін Айғаным «қызым» деп сөйлейді. Жария бір күні сұрады:
    • Қыз болатынын қайдан білдіңіз?,- деп.
    •  Дәрігерлер жатырға салардан бұрын болашақ баланың хромосомдарын зерттеп, денсаулығын және жынысын да көріп білген, - дейді.

 Жария қайран қалып, содан кейін оның миында да бұл нәресте қыз болады деген ой қалыптасты. «Қызым»,- деп еркелетіп, іштей сөйлеседі. Бұрын балаларына екіқабат кезінде Мақсұт ішін тыңдап, кейде сыйпап «сөйлесетін». Енді жанында ондай әкесі болмаған соң, қызы ер адамның даусын естімей өсіп жатты. Телевизор қарағанда бұрынғыдай мелодрама, талас-тартысы бар кинолар қарамайды, танымдық хабарлар көруге тырысады. Бастаған ісі оңға басқаны ма әншейінде итжерік болып, тамақ іше алмай құса беруші еді, осы жолы екіқабат болған жаққандай ішкен-жегені бойына балдай сіңіп, өзі ажарланып кетті.

 Мақсұт хабарласқанда «Сонымен жас мама болып жатырсың ба?»,- деп сыпайылап қана сұрады. «Жаным, сен ренжімеші, бастап қойдым, енді сәтті аяқталсын. Қолымнан келсе бір отбасын бақытты етейін»,- деп даусы дірілдеп кетті.

 Төртінші айға қарай іші өсіп, жұмыстағылар назар аудара бастады. Бір бөлмеде отыратын Нәзира деген әйел алдымен байқап:

49

    • Жария, құттықтаймын өсейін деп жатырсыңдар ма?,- деді. Өзі толып, іші шығып келе жатқан бұл не десін:
    •  Рахмет,- деді де қаны басына теуіп, ұяттан қызарып кетті. Онысын өзі іштей, «Менікі неғылған ұялу, күйеуім бар, ары кетсе үшінші баласын туғалы жүр дер»,- деп ақтап қойды.

 Бірде телевизор алдында демалып жатыр еді, ішінде кішкентай балықтың жүзгеніндей қимыл сезілді. Ана жүрегі езіліп,

«Қимылдады!»,- деп қуанып кетті. «Балапаным сол, анасының ішінде жүзіп жүр»,- деп ойлап қарнын сыйпап, сүйсініп біраз жатты.

 Содан соң Айғанымға телефонмен «қызыңыз қимылдады» деп хабарлады. Оның қуанышында шек жоқ, тәттілерін алып жетіп келді. Жарияны отырғызып қойып, дауыстап қызымен сөйлесті. Өзі жылап отыр. «Балапаным менің, әкең екеумізде енді Сен барсың! Сен енді адам құсап өмір сүре бастадың. Мамаң мен папаңды қуанттың сол алғашқы қимылыңмен»,- дейді.

 Жария «Айғаным да баланы жақсы көргенде «Балапаным» дейді екен-ау»,- деп таң қалды. Негізі екі әйелдің мінезінің көп қыры ұқсайды. Айғанымның күйеуін әлі көрген жоқ, бірақ оның сөздеріне, сипаттағанына қарап неге екенін Мақсұтқа ұқсатып қояды.

 Бір күні Айғаным отбасылық сурет альбомын көтеріп келді. Екеуі отырып ұзақ қарады. Айғаным таныстырып отырды. Күйеуі Жақсыбек «Әлібеков» деген республикада беделі бар қаржыгердің баласы екен. «Су аққан жерімен ағады» дегендей заманның мына

50

ағысында олар да әкелерінің жолымен қаржы саласында

«ЫРЫСБАНК» деген банк құрыпты. Айғаным болса елдегі ең үлкен облысты басқарған адамның қызы. «Бай байға, сай сайға құяды» деген осы. Екеуі қосылғалы он бес жылдан бері қаралмаған дәрігері, бармаған балшысы қалмапты. Ажырасып, екеуі екі бақыт іздеуге бірін-бірі қимайды. «Жақсыбекке бала тауып беретін әйел ал»,- деп қанша айттым, «Маған сенен басқа әйелдің де, өмірдің де керегі жоқ»,- деп көнбейді. Екі рет «құрсақ ана» болуға келіскен жас қыздарды айтып едім, «Ауылдан шыққан, манерасы нашар»,- деп қашты. Сен жайлы айтқаннан әйтеуір ықыласы түсті ғой»,- деп сырын ақтарып алды біраз.

 Жақсыбек Жария ойлағандай Мақсұтқа ұқсамайтын болып шықты. Мінезін қайдам, өзі ірі, әрі түрі суық, сол түріне қарамай ауылды менсінбейді. Мақсұт деген денесі қандай нәзік көрінсе, жаны да сондай нәзік. Аузын ашсаң жүрегі көрінетін ақкөңіл жан. Қашан көрсең өз өміріне өзі мәз, алақандай екі көзіне мейірім толып жүреді.

 Жария қарындашпен Айғанымның керемет портретін жасап сыйлады. Онда Айғанымды нәрестесін күтіп жүрген екіқабат ана ретінде бейнелеген. Үстінде кең пішілген шәйі көйлегі бар көркем келіншек қолына нәресте киетін жүннен тоқыған кішкентай аяқ киімін ұстап терезеге жақындап сыртқа қарап тұр. Әйнектері үлкен, доғалдау терезенің арғы жағында ақ қанат періште ұшып келе жатқандай елес береді. Айғаным жүзінде нұр толқып, соған ұмтыла

51

қалған. Қырынан тұрғандықтан ананың құрсағындағы перзенті көйлегін керіп сыртқа ұмтылатындай...

    •  Жария, жаным-ау, мынау мен бе? Сен көрмесең де біздің жатын бөлменің терезесін қалай салғансың?,- деп қайран қалды.
    • Өткендегі суреттерден байқап қалдым...
    •  Сенің мынандай талантың бары қандай жақсы, менің қызыма сол жұғысты болса екен,- деп жақындап келіп әдеттегідей Жарияның қарнындағы баласын сыйпады.
    •  Менің қызыма екіқабат жүрген кезім!,- деп толқып суретке қайта-қайта қарай берді қолына алып.
    •  Жария мен екіқабат болсам, осындай сұлу болар ма едім?,- деп сұрады.
    •  Айғаным, сіз мен білетін ең сұлу әйелсіз Қазақстандағы!,- деді Жария.
    •  Мен мұны үйге апарып әйнекке салып, залға ілгізіп қоямын, Жақсыбекке мақтанамын,- деп баладай қуанып кетті.

 Біреуді қуантқан қандай жақсы, енесі «Балам жақсылық жаса, жамандықтың іздеушісі көп болады. Жақсылықты айтпағанымен есіне алып жүреді»,- дейтін енесі.

9

Іші үлкейіп бара жатқан соң, жаңалығын ұлына айтты.

    •  Апа, менің інім бола ма!,- деп Дәрменнің қуанғанын ай,- Жақсы болды ғой, Алмат пен Санат сияқты бірге жүреміз,- деп шешесін құшақтай алды.

52

 Оның мына қуанышын көріп Жарияның ұялғанын-ай! «Ойбай, мына баланы аналар әкеткенде не бетімді айтам»,- деп есі шықты. Өз бетімен осы шешімге келгенде күйеуі түгілі, тырнақтай баласының алдында да жауапкершілігі барын ойламағаны ма?!».

    •  Балам, бұл жайында екеуміздің құпиямыз болсын, әзірге ешкімге айтпайық. Әжеңе де, Арайға да айтпай тұра тұрайық. Әкең біледі. Үшеуміз ғана біле тұрайық,- деді ұлына.
    •  Неге бөпеміз болатынын Арай білмейді?,- дейді Дәрмен таңырқап.

 Перзентханаға Шара тәтесі шешесін алып бара жатқанша таңырқап жүрген бала сол таңырқаған қалпында қолын бұлғап қала берді. Жүрегінің түпкірінде «апам маған бөпе алып келеді»,- деген үміт болды.

Кешке қарай Шара тәтесі келгенде:

    •  Апам, қашан келеді?,- деп қана сұрады, бала жүрегі сол бөпенің өздеріне келмейтінін сезгендей.

 Жарияның таңға жуық толғағы басталып, түске жақын босанды. Айғаным бірге «толғатып», бірге босанғандай болды. Ол да шешініп креслода жатыр.

    •  Мен білетін «құрсақ аналардың» бәрінің балаларын қарнын жарып алатын, менің қызым табиғи жолмен туылды,- деп мәз болды, өзі толғатып туғандай.

 Бақырып жарық дүниеге келген шарананы босандырған акушер кіндігін кесті де, көрші креслода жатқан Айғанымның жалаңаш кеудесіне тастай салды.

53

Жарияның жүрегі сол сәтте солқ ете түскендей болды!

 Сол сәттен бастап тоғыз ай жүрегінің түбінде жатқан шаранасы басқа жүректің тұсына барып етбеттеп жата кетті.

Көкбақа сияқты тыпырлап, іңгәләп бақырып жатыр... Содан қайтып Жария перзентін көрмеді....

 Ертесіне Жария мен Айғаным жатқан палатаға халат жамылған екі еркек кірді. Жария біреуін суреттен көрген еді, тани кетті – Жақсыбек.

    •  Жария сіз бізге үлкен бақыт сыйладыңыз, рахмет!,- деді, төсегіне жақындап келіп қолын алды.

 Екінші еркек нотариус екен. Ол баланың туу туралы куәлігін толтырды. Әкесі – Жақсыбек. Анасы – Айғаным деп жазылды.

 Бас дәрігер мен қосшылары ерлі-зайыптыны тұңғыштарымен құттықтап жатты.

 Жарияның ешбір қатысы жоқтай. Ешкім оған көңіл де аудармады. Баланы емізуге де әкелмеді. Шара келіп,

    • Жария кеудеңді тастай етіп таңып таста, сүт түспесін,- деп

«дәрігерлік кеңес» берді.

 Жария көзінің жасы мөлтілдеп тұрып кеудесін тастай етіп таңып алды. Сол сәттен бастап тоғыз ай көтерген перзентіне де көңілі тастай болып қатып бара жатты...

10

 Келесі жетіде Айғаным Жарияның үйіне келіп жаңа салынған элиталы ауданнан екі бөлмелі үйдің кілті мен құжаттарын берді.

54

    •  Еліміздің астанасы Ақмолаға ауысқалы жатыр екен, біз сонда көшеміз, енді көріспеспіз. Айтпақшы, қызым өзіме тартыпты,- деп көзі нұрланып тұрды да:
    •  Сен бізді ұмыт, жаным! Ал мен сені өмірі ұмытпаймын! Бізге бақыт сыйладың,- деп бетінен сүйіп қуаныштан көзінің жасы көл болып қоштасты....

Сәуле ДОСЖАНОВА

Астана

55



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
» қазақ тілі тестілеуде_келген_сұрақтар_зерттеуші
» Наурыз мейрамы Қазақстанда жаңа форматта тойланады
Пікір жазу