Менің үйім - ашық сабақ - Дүниетану 1 сынып


Дүниетану 1сынып менің үйім

Пәні:Дүниетану

Мектеп:№49 орта мектебі

Ұзақ мерзімді сабақ жоспары:

Күні: Мұғалімнің аты-жөні:Бәтешова Әйгерім

Қатысқандар саны:

Сынып: 1

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

«Менің үйім»

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.1.3.1 өз мекенжайын атау және елді мекенінің географиялық орналасқан жерін сипаттау

1.1.3.2 өзі тұратын елді мекеннің басты көшесін, ғимараттарын және көрнекі жерлерін сипаттау

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:Өзінің мекен жайын айта алады.

Көптеген оқушылар:Баспана түрлерін ажырата алады.

Кейбір оқушылар:Өз үйіндегі бір бөлмені сипаттап, оның сызбасын сала алады.

Бағалау критерийілері

Өз мекенжайын атайды.

Тұрғылықты жерінің ерекшелігін,географиялық орнын сипаттайды.

Баспана түрлерінің айырмашылығын анықтайды

Тілдік мақсаттар

Тілдік емес пәндер үшін

Үйіне, өз отбасына, өзінің қауымдастығына қатынасы бойынша өз ойлары мен сезімдерін, уақыт өте келе отбасы мен қоғамдық өмір қалай дамығанын сипаттайды және түсіндіреді

Пәнге тән лексика мен терминалогия:

Баспана, мекенжай

Диалог пен жазу үшін пайдалы тіркестер:

Уақыт кезеңіне қарай баспаналарды ретімен ата.

Бұл баспаналардың бір бірінен айырмашылығы қандай?

Өзің тұратын баспана туралы әңгімеле.

Құндылықтарды дарыту

Шаңырақтың адам өміріндегі маңызын түсінеді.Жайлылық ұғымымен танысады,үйде тәртіп сақтауға үйренеді.

Пәнаралық байланыс

Математика:Түрлі-түсті геомериялық фигуралардан үйдің жобасын құрастырады.

Көркем еңбек: Өз үйлерін қаламмен салып бояйды.Ермексаздан киіз үй құрастыру.

Сымнан үй жобасын келтіру.

АКТ қолдану дағдылары

Ермексаз,түрлі-түсті қалам,түрлі түсті геометриялық фигуралар,бейне көрініс,сым,суреттер

Бастапқы бөлім

Баспана ұғымын түсінеді,сипаттама бере алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекеттер

Ресустар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі

Ширату «Артығын тап»

Баспана атауларына қатысты суреттерді табады. Таңдап алған қима қағазының артқы бетіндегі кірпіштің суретіне назар аударады. Кірпіште реттік сан мен жайлы, жарық, таза, кең, жылы, әдемі, биік сөздері жазылған. Реттік санына сәйкес тақтадағы ватман қағазына жабыстырып, сипаттайды.

Кері байланыс: «Лездеме сұрақтар» әдісі

Қандай баспана суреттерін көріп тұрмыз?

Кірпіштегі реттік санмен берілген сөздер қандай мағына білдіреді.

Үйдің шатырының түстері қандай болады?

Топқа бөлу. Үйдің шатырының түсіне байланысты:

1 топ «Қызыл үй»

2 топ «Сары үй»

3 топ «Көк үй»

Баспана суреттері

Сабақтың ортасы

Ұжымдық жұмыс: «Кір қыстырғыш»

???????№№

Кері байланыс: «Сұрақ-жауап» әдісі

-Суреттен не байқадыңдар?

- Бұл баспаналардың бір-бірінен айырмашылығы қандай?

-Өзің тұратын баспанаң туралы әңгімеле.

-Үйің қай жерде орналасқан?

-Үақыт кезеңіне қарай баспаналарды ретімен ата?

МКБағалау Жарайсыңдар!

Топтық жұмыс: «Кім жүйрік?» әдісі

Топ өзара сайланады Топ басшы – тапасырма бередіБаяндамашы – баяндайдыУақыт сақшысы – уақытты белгілейдіБақылаушы – бақылайды

Хатшы – кері байланыс береді

Әр топқа бірдей геометриялық фигуралар таратылады. Оқушылар берілген геометриялық фигураларға мұқият қарап, өздеріне қажетті фигураны таңдап, басапана ерекшеліктерін ескеріп ( киіз үй -шаңырақ, уық, кереге.Жер үй- шатыр,терезе, мұржа. Көпқабатты үй- биік, қылтима, қабат) өздеріне тиісті баспана түрін құрастырады.

1топ. Киіз үй

2 топ. Жер үй

3 топ.Көпқабатты үй құрастыру шарт.

Кері байланыс?

Бағалау:топтар бірін-бірі «Басбармақ арқылы» бағалайды.

 

 Жұптық жұмыс«Кім қайда тұрады?» әдісі

Қала мен ауыл суреттерін таңдау арқылы жұптасады. Жұптар алыстағы немесе шетелдегі досыңызбен ғаламтор (скайп) арқылы сөйлесуді сахналап көрсетеді.

 

Кері байланыс: ????№№

- өз ауылының атауларын ата?

- өзінің тұрғылықты жерінің орны, ерекшелігі туралы әңгімеле?

Бағалау:Смайликтер арқылы бағалау.

 

Жеке жұмыс:«Кім жылдам?» ойыны

үйден мектепке дейінгі жолды сызады.Берілген суреттерді қатыстырып, жолда кездесетін нысандардың суретін салады. Мекенжайларын толық жазады.

Кері байланыс: «Сен білесің бе?»

Мектептен үйге дейінгі жолда қандай нысандар бар?

- Қандай жол белгілері кездеседі?

- Өз үйің мектептің қай тұсында орналасқан?

Бағалау: «Басбармақ» әдісі арқылы бағалау.

Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы

Өз мекенжайыңызды атап. Алыстағы досына хат жолдау үшін конверттің сыртына өз мекенжайын толтырады.

Дескриптор:

- өз мекенжайын атайды;

- мекенжайын жазып көрсетеді.\

Саралау әдістері

1.Мұғалімнің көмегін көп қажет ететін оқушылар; «иә ,жоқ» тест әдісін қолдану.

2.Мұғалімнен орташа көмек қажет ететін оқушылар;

Семантикалық картамен жұмыс

уық

кірпіш

Киіз

Шатыр

ағаш

терезе

киіз үй

Ағаш үй

Жер үй

 Көп қабатты үй

3.Мұғалімнен аз қолдау қажет ететін оқушылар

Қандай құрылыс материалдар бар екенін айтады.

Баспана түрлерінің суреттер

Сабақтың соңы

Кері байланыс:«Алма ағашы»

Жасыл түсті алма-түсіндім

Сары түсті алма-сұрағым бар

Қызыл түсті алма-түсінген жоқпын

Оқушылар қолдарындағы стикерлерді алма ағашына жапсырады.

Қызыл,жасыл,сары түсті алмалардың пішіні кескінделген стикерлер

Саралау – оқушыларға қалай

көбірек қолдау көрсетуді

жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары

оқушыларға қандай міндет қоюды

жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың

материалды меңгеру деңгейін

қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік

техникасының сақталуы

Оқушыларға қолдау көрсетуОқушыларды топқа бөлгенде нақты ұсынысын тыңдау.. Жеңілдетіп жеке үлестірмелі қағаз ретінде орындауға беремін.

«Сұрақ-жауап» әдісі

Жеке жұмыс «кім жылдам?»

Топтық жұмыс «Кім жүйрік?» Жұптық жұмыс « кім қайда тұрады?»

Саралау әдістері

Қалыптастырушы бағалау

Бағалау критерийі

Баспана түрлерін біледі.

Қандай құрылыс материалдар бар екенін айтады.

Дескриптор:

Баспана түрлерін әңгімелейді.

Баспанаға керекті материалды анықтайды.

Қауіпсіздік техникасын сақтау (Қағазбен жұмыс,ермексазбен жұмыс кезінде) сынып ішінде тазалық сақтау,ұқыпты жұмыс жүргізу.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу