Ұстаздар күні, мұғалімдер күні құтты болсын

Ұстаздар күні, мұғалімдер күні құтты болсын

Ұстаз,ұстаз!!!
Осы сөзде жатыр қанша ұлылық,
Осы сөзде таусылмайтын жылылық.
Әль фараби, Ыбырай мен, Ақаңды
Осы сөз ғой қойған бізге ұлығып.

Ұстаз шебер қисықтарды жөндейтін,
Тентектерді ақылмемен емдейтін,
Болса дағы малға кедей өмірде.
Бар байлығым шәкірттеррім сен дейтін!

Құрметті ұстаздар сіздерді шын жүректен мерекелеріңізбен құттықтаймыз! Ұзақ өмір, қажымас қайрат, таусылмас бақыт, ұзақ өмір, зор денсаулық, талмас қанат тілейміз!!!


Пайдалы сілтемелер:



Құрметті ұстаз қауымы! Сіздерді қазан айында аталып өтетін Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің бала көңілдеріңіз əр оқушының жандүниесін нұрландырып, жүрегіне шапағат нұрын төгуде. Мұғалімнен өнеге-білім алып, өмір теңізіне құлаш ұрған кез келген шəкірт ұстазымен мақтанады. «Мектептің жүрегі», «Бала жанының бағбаны»… Иə, бұл мектеп мұғалімі — ұстазға арналған теңеулер. Мұндай мадақтауларды жалғастыра берсек, даналық сөздер тізбегі шексіздікке ұласады. Мерейлі мерекеде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, істеріңізге сəттілік тілейміз.

Ұстаздар күні, мұғалімдер күні құтты болсын


Жас ұстазға (мұғалімге) тілек

Талабыңмен танып білген ілімді
Қолдандың да, ұстаз болдың бүгінгі.
Жүрегіңді білім-нұрға билетіп.
Жүрсің-дағы шәкіртке сыр үйретіп.

Жалқаулық пен еріншектік танытпай,
Жауһар білім іздетесің жалықпай.
Жетелетіп ізгілікке қадамын,
Жүрегіне білім құйдың баланың.

Келмесең де жасқа-дағы кемелді,
Еткен еңбек көпшілікке еленді.
Тек өзгелер қызығумен қарайды,
Бәйге-сында шаң қаптырдың талайды.

Өз ойыңмен ақыл-білім өлшеттің,
Шәкіртті де ізіңе ерген көрсеттің.
Біле білсек, ұға білсек жайыңды,
Көпке еңбегің қазірден-ақ жайылды.

"Жас - іске" деп, білім жолға сен келдің,
Жаңа заман бағдарын тез меңгердің.
Ғасырыңның құралы да шындығын
Саған ашты - қолыңда ойнап тұр бүгін.

Шындығында маманысың сен істің,
Қазірден-ақ тәжірибеңді бөлістің.
Сен бүгінгі жас ортаның өкілі,
Ізденуің - жемісіңнің кепілі.

Табыстарың табыспенен жалғасты,
Әр шәкіртің ғылымменен сырласты.
Сен оларға білім нұр боп ашылдың,
Ұстазысың алға апарар ғасырдың.

Талаптыға тағылады дүйім сын,
Дос сүйініп, дұшпандарың күйінсін.
Жая берсін қанат қағып өркенің,
Осы бақтың жығып алма желкенін!

Бағдарына айнала алған баланың,
Жас ұстазға үміт артты заманың.
Өзің жайлы берілетін баға көп,
Сен бүгінгі нағыз ұстаз - педагог!
Авторы: Ғабиден ҚОЖАХМЕТ, Қызылорда қаласы


Білім саласы қызметкерлерін төл мерекелері - Мұғалімдер күнімен құттықтаймыз!

Сіздердің мамандықтарыңыз елдегі ең қадірлі, ең мерейлі әрі аса жауапты мерке. Себебі, Қазақстанның болашағы сіздердің қолдарыңызда. Баланың болашағы, оқуда қандай жетістікке жететіні, өмірде қаншалықты табысты, іскер болатыны тікелей тәлімгерге байланысты.
Елбасының айрықша көңіл бөлуі нәтижесінде білім мекемелерін көбейту және олардың материалдық-техникалық базасын замануи қондырғылармен жабдықтау арқылы білім саласын дамытуға барлық жағдай жасалып келеді. Оның барлығы білім сапасын арттыруға, кәсіби шеберлікті нығаййтуға, мұғалімдердің әлеуметтік мәртебесін жоғарылатуға ықпал ететіні сөзсіз.
Бұл сіздердің Қазақстан азаматтарын өз елінің патриоты және тәрбиелі әрі жауапты адам етіп тәрбиелеп шығатындарыңызға сенімдіміз.
Құрметі ұстаздар мен білім саласының ардагерлері! Сіздерді мерейлі мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтай отырып, мықты денсаулық, шығармашылық табыстар, ізгі махаббат пен мейірім тілейміз!

Ұлт ұстазы, қазақтың өткені ғасырдағы руханиятының көшбасшысы Ахмет Байтұрсынұлы: "Мектептің жаны - мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектебі Һәм сондай болмақшы, яғни мұғалім білімді болса, білген білімін басқаға үйрете білетін болса, ол мектептен балалар көбірек білім біліп шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі, мектепке керегі - білімді, педагогика, методикадан хабардар, оқыта білетін мұғалім"- депті. Арада бір ғасыр өтсе де, Алаш арысының бұл сөзі әлі күн тәртінен түскен жоқ. Отанымыздағы миллиондаған балаға білім үйретіп, тәрбие тағылымын дарытып келе жатқан мыңдаған мұғалім қауымын төл мерекесімен құттықтаймыз! Өзінің ісімен, өзінің сөзімен егемен еліміздің болашағын ойлайтын, тәуелсіздігін қорғайтын білімді ұрпақтың тәлімгері сіздерсіздер!
Ұрпақ тәрбиесі жолында қызмет етіп келе жатқан мұғалімдердің ата-анадан кейінгі атқарар рөлі ерекше, Тәуелсіз мемлекетіміздің басты құндылығы - білімді адам. Тек өз Отанымыздағы білім үрдісімен шектеліп қалмай, әлемдік білім кеңістігіне шығу жолындағы қадамдарыңыдың өзі бәсекелестіктің бағын ашады.


Құрметті ұстаздар!

Тамаша мереке - Мұғалімдер күні қарсаңында өзіміздің сүйікті ұстаздарымызды осы бір айтулы оқиғамен шын жүректен құттықтаймын.
Біз білім ордасы - мектеп табалдырығын аттап, онда қазықты да терең білім алып, тылсым дүниені таныдық. Ұстаздаорымыз бізді білім тұңғиығынан нәр алдырып, қаржыллылққа, ізгілік пен адамгершіліккке баулыды, табандылықпен еңбек етіп, алдымызға биік мақсаттар қоюды үйретті.
"Ұстаз, сенің алдыңда бас июге рұқсат ет!" - деген көпке танымал өлең жолдарында осы бір жанкешті абзал жандарға деген ұланғайыр алғыс көрініс тапқан.
Құрметті Ұстаздар, бүгін сіздердің мерекелеріңіз! Мына гүл шоқтары сіздерге!
Сіздерге денсаулық, бақ-береке тілеймін. Шәкірттеріңіз биік шыңдардан көрініп, еңбектеріңіз ақтала берсін!
(c) Бибігүл Төлегенова

Құрметтi, елордалық ұстаздар! Сiздер Астананың төрiнде отырып, бас қаланың балаларын оқытуда талмай еңбек етiп, бiлiммен сусындатып, елiмiздiң дамуына атсалысып келесiздер. Соңғы онжылдықта елордалық бiлiм жүйесiнiң қарқынды да нәтижелi дамуы бүкiл елiмiздiң бiлiм ошақтарына үлгi боларлықтай болды. Мұның барлығы, мына отырған сiздердiң арқаларыңыз. Баршаңызды бүгiнгi мерейлi мерекелерiңiзбен құттықтаймыз!
"Нұр Отан" ХДП Астана қалалық филиалы


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
» қазақ тілі тестілеуде_келген_сұрақтар_зерттеуші
» Наурыз мейрамы Қазақстанда жаңа форматта тойланады