Атама туған күнге тілек. Ата туған күніңмен құттықтаймын

Атама туған күнге тілек. Ата туған күніңмен құттықтаймын

Тартып бізді мейірімді қойынға,
Ерік беріп шалқаладың мойынға.
Айтушы едің көргеніңді жыр етіп,
Біздің құлақ даладағы ойында.
Жатсаң дағы жалғыз аяқ жайыңмен,
Намазыңды оқитынсың жайымен.
Тоқымаққа тәжірибеңді біздерге
Асығыпсың,аңғармаппыз,жай білгем.

Немерем дейсің елжіреп,
«Суйейін сені» келші деп.
Айтушы еді үлкендер
Атаның сөзі емші деп.
Батаңды алып мен жүрсем,
Бағыма менің сен күлсең.
Ауырма,Ата,қартайма,
100-жасқа қарай жең түрсең.


 Қазақша Құттықтау - тілек: Туған күн (Ата - 60 жас)


Алпыс жасың, Аташым, болсын құтты!
Еш ауырмай денсаулығын болсын мықты.
Немере мен шөбере көбейсін де,
Көре алмаған жандар тек болсын күпті.




Қазақша Құттықтау - тілек: Туған күн (Ата - 70 жас)


70-тің желкесіне шықтың, Ата,
Өз аузыңнан алайын берші бата.
Денсаулығың мықты боп 100 жасқа жет,
Әр ісіммен жүрейін мен қуанта.




Немересін артық көрген баладан,
Үйренейік Ата сынды данадан.
Олар білген жайлар бізге тым керек,
Оқыған ғой оның бәрін даладан.
Олар бізге сыйға берген бақ-шыны,
Тілейікші әлемдегі жақсыны.
Қариялар аман болсын әрқашан,
Ортаймасын айтар бізге қап сыры.

Айырып жақсылықты жамандықтан,
Қайырған жауыздықты адалдықтан.
Ақылдың кеніші,Ата,еш ауырма,
Жанды ұққан,бір қараумен жанарды ұққан.


Пайдалы сілтемелер:




Үйреттің өзің ерінбей,
Өмірдің әрбір сабағын.
Ақылдың өзен-көліндей,
Түспесін,Ата,қабағын.
Берерің маған көп әлі
Білгеніңді,Атажан.
Ақылың азық жеп әлі
Қалмаймын мен де қатардан.

Келіпті өмір ащысы,тұщысы да,
Төрден орын беріпсің бақ құсына.
Алмағайып кезеңдерде қайыспаған
Ата,сенен асқан жан жоқ қой,сірә.




Қазақша Құттықтау - тілек: Туған күн (Ата - 75 жас)


75 жаста әлі тың көрінесің,
Өмірде үлгі болып,төр кіресің.
Қуанып жатыр бүгін ұл-қызыңыз,
Ақылдан әлі талай тор тігесіз.
Жүріңізші немерені сүюмен
Біздерге ақыл,өсиетті түюмен.
Жүре берші сабырлықтың үлгісі
Бағдар берер баталы Ата күйіңмен!



Береке-бірлік бастауы,
Шындықтың қолдар шашбауы.
Аман жүр,Ата,әрдайым,
Жамандықтың қас жауы.

«Баталы ел арымас,
Батасыз ел жарымас».
Батаны берер,Аташым,
Қартаймай алға қадам бас!

Шағырақтың түндігін еш түсірмей,
Уықтарын қадаған тік мүсіндей.
Отбасының керегесін кең етіп,
Жүрсің,Ата, мәртебеңді түсірмей.
Бақытты бол әжемменен,жан Ата,
Қуаныштың санын әр күн саната.
Қартаймаңдар 100-ге жетіп ғұмырлар,
Жүріңдерші ақыл нұрын тарата.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
» қазақ тілі тестілеуде_келген_сұрақтар_зерттеуші
» Наурыз мейрамы Қазақстанда жаңа форматта тойланады
Пікір жазу
Пікірлер 14
  1. Атама тос
    Атама тос 28.06.2022 10:13
    12 + 8 -
    Ата. 60Жас ын Құты болсын
    Апа екеуін бақыты болыныз
    100өмірсүрніз Зорденсаулқ
    Ашық аспан тілін
  2. Оқырман Жауказын
    19 + 14 -
    Күшті қып мән магына беретындей жазсандарсиш курсн
  3. Оқырман Сания
    Оқырман Сания 07.04.2021 23:52
    32 + 33 -
    Ұнамады
    Жаман ???
  4. Айым????
    Айым???? 11.03.2021 13:17
    40 + 30 -
    Ата туған куніңізбен сізге узак омир тилеймин ешкашан ауырмаңыз ос биздин отрамызд ойнап кулип журе бериниз мен мизди катты жаксы кормем деп жазсаңдаршы ??
    1. Оқырман Адина
      Оқырман Адина 10.04.2021 21:06
      19 + 25 -
      А быз сенен сураймз ба лутчеий сабағыңды окысайш братан?
      1. Оқырман ...
        Оқырман ... 12.07.2021 10:43
        4 + 13 -
        Эм озы былде лучше*
    2. Оқырман Айым
      Оқырман Айым 06.11.2021 20:17
      8 + 13 -
      Молодец
    3. Оқырман Ақерке
      Оқырман Ақерке 27.02.2022 19:53
      7 + 6 -
      Айым привет
  5. Оқырман Дарига
    Оқырман Дарига 09.03.2021 21:48
    29 + 10 -
    Сізді туылған күнімен құттықтаймыз. Сізге шын жүректен зор денсаулық, бақыт пен қуаныш тілейміз. Жылдың әр күні Сізге және сіздің жанұянызға тек қана жақсылық пен игілік әкелсін!
    1. Оқырман Алина
      Оқырман Алина 23.10.2021 11:28
      9 + 6 -
      Өте керемет
  6. Таңнұр
    Таңнұр 09.03.2021 20:10
    11 + 9 -
    Өтінем ертең атама тақпақ өлең тілек айтып жіберіңізші өтініш өтініш өтініш өтініш өтініш өтініш өтініш
  7. sansyzbay97655
    sansyzbay97655 02.03.2021 17:43
    11 + 4 -
    manat
  8. Инжу
    Инжу 16.01.2021 13:16
    25 + 12 -
    Туган кунин кутты болсын аташым.
    Еш ауырмай денсаулыгын мыкты болсын.
    Немере мен шобере кобейсинде
    Ар кунимиз бакытты кушти болсын.
  9. Оқырман Абай
    Оқырман Абай 08.01.2021 11:19
    16 + 10 -
    Құтты болсын ата

Ілмектер: поздравления на казахском языке 63 лет, 63 жас құттықтау тілек, құттықтаулар 63 жас, 63 лет поздравления на казахском языке, Қазақша Құттықтау тілек: Туған күн 63 жас, 63 жас туған күн құттықтау тілек қазақша, ата 63 жас туған күн құттықтау тілек қазақша, дедушке 63 лет поздравления на казахском языке, ата 63 лет поздравления на казахском языке, поздравления с днем рождения на казахском языке дедушке, атага тилек туган кун ата атама, Қазақша Құттықтау - тілек: Туған күн (Ата), ата туган кунинмен такпак, ата туган кунинизбен, ата