Вандализм және бұзақылық
Бекітілді ___________
Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар
Тәрбие сағаты | Вандализм және бұзақылық | |
Күні | ||
Класс жетекші: | ||
Класс: | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын) | ||
Сабақтың мақсаты: | ||
Құндылықтарды дарыту | Отанын, туған жерін қорғай білуге, халқымыздың талантты ақындарының өлеңдері мен ата - бабаларымыздың өнгеге етіп қалдырған даналық сөздері арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа, атамекенін көздің қарашығындай сақтай білуге, патриоттық сезімге тарту |
Қауіпсіздік сабағы | «ҚАУІПТІ СЕЛФИ» |
Мақсаты | қауіпті селфи жасауға және қауіпті жағдайлардан аулақ болуға үйрету. |
Сабақтың кезеңі/ уақыт | Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті | Ресурстар |
Ұйымдастыру кезеңі (7 мин) | Құрметті оқушылар бірінші вандализм деген ді калай түсінеміз? Бүгінгі тәрбие сағатымыз осы тақырыпта Вандализм – көше қасыреті. Мәдениетке деген ең ауыр қастандық. Сондықтан оған қарсы күресті де қатаңдату керек. Әйтепесе мұның соңы неге апарарын кім біледі?
Жеке адамға немесе көпке ортақ мүлікке орынсыз залал келтіруді, мемлекет қазынасындағы құнды қалаларды қиратуды басты мақсат ететін вандалдардың тарихтағы алғашқы ізі сонау 450 жылдары Рим империясында қалған еді. Шығыс германдық басқыншылар «мәңгілік қаланың» архитектуралық жетістіктерін тонап, көптеген өнер туындысын алып кетті. Материалдық пайданы көздемейтін жабайылықтың жағымсыз үлгісі көрініс тапқан тұстан бері тұтас ғасырлар жылжып, бірнеше дәуір көшті. Уақыт сатысымен көтеріліп, адамзат баласы қанша ұрпақ ауыстырғанымен, «бір қадам алға, екі қадам артқа» басқандай жабайы мінез жойылмай келеді. Соңғы кезде орын алып жатқан жаңалықтар легі – соның айғағы. | Оқушылар қысқвша өз ойларын жеткізеді. | Слайд |
Сабақ басы (13 мин) | вандализм адамның девиантты мінез-құлқынан туындайды. Оның салдарынан өнер, мәдениет объектілері мен мемлекеттік маңызды орындар бүлінеді немесе біржола жойылады. Ал Францияның «Ларусс» баспасы: «Вандализм – әдемі дүниелерді, атап айтқанда өнер туындыларын жоюға мәжбүр ететін адам ақыл-ойының көрінісі» деп бағамдайды, яғни жеке немесе қоғамдық меншікті қасақана қирату, жою саналы адамның жасайтын әрекеті емес. | Мысалы көрсетіледі | Слайд
|
Ортасы (20 мин) | Қадыр Мырзалиевтің: Кімді аяйды есіргендер, Қызғаңдар?! Қасиетті ұғымдарды сызғандар? Бәрін, бәрін, Барлығын да бұзады Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бір сөзінде қоғамдық мүлікті бүлдіру, бұзақылық және вандализм сияқты оқиғалардың жиілеп кеткеніне тоқталып: «Жуырда елордада мас адам лифтідегі мониторды сындырғаны үшін оған 14 мың теңге ғана айыппұл салынған. Бұлай болмайды. Мұндай іс-әрекеті үшін кемінде 15 тәулікке қамау керек немесе 1 жылға түзету жұмыстарына салу жөнінде жаза кесу қажет. Жеңіл жаза жарамайды. Ал іс жүзінде жазаламау салдары құқық бұзушылық пен қылмыстың одан әрі өршуіне алып келеді. Сондықтан осы мәселе бойынша заңнаманы қатаңдату керек», – деген еді. Айта кету керек, Конституцияда әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 448-бабы бойынша кәмелетке толмаған адам мемлекет қорғауындағы ғимарат, тарих және мәдени ескерткіштерді, қабірді сурет салып, қорласа, қоғамдық мүлікті қасақана бүлдірсе, ата-анасы не оларды алмастыратын адамға 15 АЕК мөлшерiнде айыппұл салынады. 203-бап бойынша қазақстандық азамат табиғи кешенді немесе мемлекет қорғауға алған объектілерді, ғылыми, көркемдік немесе мәдени құндылығы бар заттарды немесе құжаттарды қасақана бүлдірсе, 3-7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы тиіс. | Елімізде ескерткіштерді қирату,түрлі нысандарды бүлдіру, сындыру фактілері жиілеген. Былтыр вандализм жасаған 5 мыңнан аса адам анықталған. Бұзақылар ұсталған жағдайда жазасыз қалмайтыны түсінікті. Бірақ көшедегі жүгенсіздік «қоғамдық эпидемияға» айналмас үшін не істеу керек? Оқушылардың пікірі тығдалады | презентация |
Соңы | Елімізде «вандализм» ұғымына кіретін әрекеттерді көп жағдайда жастар қауымы жасап жатады. Вандализм көбінесе үрейден, қаттылықтан, қозудан, агрессиядан болады. Яғни қандай да бір бойдағы агрессия ошақтарын қандырушы әрекет ретінде есептеледі. Вандализмге алып келетін жолдар: онтогенді яғни дұрыс емес тәрбие көзі, гипер немесе гипо байектеу баланы, жағымсыз орта болса, биогенді түрде ол шығу тегі (ішімдікке әуестік, психопатия, психикалық ауытқулары агрессивті түрде) арқылы генетикалық тұрғыда ұшырайды. | Слайд | |
Қауіпсіздік сабағы | 1. Кіріспе (2 минутқа дейін)
2. Негізгі бөлім (6 минутқа дейін) Жастар арасында селфидің танымалдығы тез артып келеді (өзіңізді суретке түсіру), бірақ, өкінішке қарай, танымалдылықтың артуымен осы тренд құбылысына байланысты оқиғалардың саны да артып келеді. Адам өзін суретке түсіруге тырысқанда-ол назардан тыс қалады, тепе-теңдік жоғалтады, жан-жағына қарамайды және қауіпті сезінбейді Қауіпсіз суретке түсіру бойынша кеңестер:
Шатырдың шетіне жақындамаңыз.
- Қауіпсіз түсірудің негізгі ережелерін қайталау. Пайдалы сілтемелер: https://drive.google.com/file/d/1jSm1O2QoXrrzLrd4C6h8oYv3s48nF3qA/view https://drive.google.com/file/d/15wIhVJPv1Bgk8thYFMP3qiCmOBlJBhZk/view https://youtu.be/HTtDyhgkdYM?si=YeXP9miKaEjF1QZv
|
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?