Табиғатты қорғау -біздің міндетіміз 3 сынып
Сынып сағаты | № 5 | |
Сынып жетекші: | ||
Күні: | 29.09.2025 | |
Сынып: 3 | Қатысқаны: Қатыспағаны: | |
Сабақтың тақырыбы: | «Табиғатты қорғау -біздің міндетіміз» Қауіпсіздік сабағы (10 минут) № 5-сабақ «Бейтаныс адамдардың қулығы» | |
Сынып сағатының мақсаты: | •Оқушыларға табиғатты қорғаудың маңызын түсіндіру; •Табиғатты аялауға, сүйе білуге тәрбиелеу; •Экологиялық мәдениет қалыптастыру. | |
Қауіпсіздік сабағының мақсаты: | •Оқушыларға бейтаныс адамдардың түрлі қулықтарын түсіндіру. •Қауіпсіздікті сақтау жолдарын үйрету. •Алаяқтардың айла-тәсілдерін ажырата білу және дұрыс әрекет ету дағдыларын қалыптастыру. | |
Қауіпсіздік сабағының міндеті: | Бейтаныс адамдардың түрлі қулықтарын түсіндіріп дұрыс әрекет жасауға үйрету | |
Құндылықтарды дарыту: | ТӘУЕЛСІЗДІК ЖӘНЕ ОТАНШЫЛДЫҚ:Қазақстанның тарихын,мәдениеті мен дәстүрлерін, оның тәуелсіздігін және оны сақтаудың маңыздылығын түсіну,қоршаған ортаға қамқорлық жасау; | |
Апта дәйексөзі: | «Тәуелсіз елдің ертеңі білімді ұрпақ қолында» | |
Сынып сағатының барысы:
Сабақтың кезеңі/ уақыт | Педагогтың әрекеті | Оқушының әрекеті | Ресурстар |
Сынып сағатының басы: 10 мин | ҚР Мемлекеттік Әнұраны орындалады I. Ұйымдастыру кезеңі Амандасу, оқушыларды сабаққа бейімдеу. Табиғат туралы мақал-мәтелдер айту. II. Кіріспе бөлім Мұғалімнің кіріспе сөзі: «Табиғат – біздің ортақ үйіміз. Оны қорғау – әрқайсымыздың парызымыз. Егер біз табиғатты сақтасақ, табиғат та бізді сақтайды». | Оқушылар әнұран орындайды. Жұдырық түйістіру арқылы бір-біріне еңбек туралы жақсы тілек айтады. Бейнеролик көреді. | Көңілді әуен |
Сынып сағатының ортасы 20 | III. Негізгі бөлім 1. Әңгіме-дәріс: Табиғатты қорғаудың жолдары: орман-тоғайды сақтау, қоқыс тастамау, суды үнемдеу, жануарларды қорғау. Оқушылар топқа бөлінеді: 2. Топтық жұмыс: «Біздің табиғатты қорғау жоспары» тақырыбында постер жасау. 3. Ойын-жаттығу: «Дұрыс – бұрыс» (экологиялық әрекеттер көрсетіледі, балалар дұрыс-бұрыс екенін айтады). 4. Өлең оқу, мақал-мәтел айту. IV. Қорытынды бөлім «Егер мен табиғат қорғаушы болсам...» атты шағын эссе немесе ауызша ой бөлісу. | Оқушылардың пікірлерін тыңдауу Әр топ өз жұмыстарын қорғайды. Оқушылар тапсырмаларды орындайды Оқушылар сұраққа жауап береді | Ақ қағаз, фломастерлер Тақырыптық слайдтар мен суреттер. Презентация немесе бейнеролик Постер жасауға арналған құралдар |
Қауіпсіздік сабағы 10 мин | Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру Психологиялық дайындық: «Егер бейтаныс адам сенен бірдеңе сұраса, не істейсің?» сұрағына әр оқушы бір жауап айтады. «Бейтаныс адаммен сөйлесу әрқашан қауіпті ме?» сұрағы төңірегінде пікірталас. Тақырыпты таныстыру: Мұғалім сабақтың мақсатын түсіндіреді. «5 секунд ережесі» дегеніміз не? Егер бейтаныс адам сізбен сөйлесуге тырысса, сізде 5 секунд бар: Жағдайды бағалау. Адамның ниетін түсіну. Қауіпсіздікті сақтау үшін дұрыс әрекет таңдау. Негізгі бөлім 1. Бейтаныс адамдармен диалог кезінде қандай қауіптер болуы мүмкін? Алаяқтар мен қылмыскерлердің айла-тәсілдері. Жеке ақпаратты сұрау (аты-жөніңіз, мекенжайыңыз, ата-анаңыз туралы мәліметтер). Телефон немесе ақша сұрау. Бір жерге ертіп баруға тырысу. 2. 5 секунд ішінде қалай дұрыс әрекет ету керек? ✅ Жағдайды бағалау: Бейтаныс адам достық ниетте ме, әлде күдік тудыра ма? Оның не сұрап тұрғанын түсіну. Айналада басқа адамдар бар ма? ✅ Қауіпсіз жауап беру: «Кешіріңіз, көмектесе алмаймын» деп қысқа жауап беру. Қажет болса, жақын жердегі үлкендерден немесе полициядан көмек сұрау. Өзіңіз туралы жеке ақпарат бермеу. ❌ Қауіпті әрекеттер: Телефон немесе ақша беру. Бейтаныс адаммен бірге кету. Жеке ақпаратты айту. 3. Ситуациялық тапсырмалар: Мұғалім әртүрлі жағдайларды сипаттайды, оқушылар оларды талқылап, дұрыс жауаптарды табады. Мысал: «Бір адам сізден телефон сұрады, қоңырау шалу керек деді. Не істейсіз?» «Көшеде біреу сізге өте маңызды нәрсе айту керек екенін айтып, шетке шығуды өтінді. Не істейсіз?» Топтық жұмыс: 1-топ: «Қауіпсіз әрекеттер» – қандай жағдайларда көмек көрсетуге болатынын талқылайды. 2-топ: «Қауіпті жағдайлар» – күмәнді жағдайларды анықтайды. 3-топ: «Диалог құру» – бейтаныс адаммен қауіпсіз сөйлесу үлгісін жасайды. «Дұрыс-бұрыс» ойыны: Мұғалім бірнеше тұжырым айтады, оқушылар «Дұрыс» немесе «Бұрыс» деп жауап береді. Мысал: «Егер бейтаныс адам сенен мекенжайыңды сұраса, айтуға болады.» (Бұрыс) «Бейтаныс адаммен сөйлескенде қысқа жауап берген дұрыс.» (Дұрыс) Қорытынды бөлім 1. Рефлексия: «Мен бүгін үйрендім...» әдісі – оқушылар сабақтан алған негізгі ойларын айтады. 2. Қорытындылау: Мұғалім бейтаныс адамдармен қауіпсіз сөйлесудің маңызын және 5 секунд ішінде дұрыс шешім қабылдаудың рөлін түсіндіреді. | Оқушылардың тыңдау. Сұрақтарға жауап береді Оқушылар олардың мағынасын анықтап, не үшін қажет екенін түсіндіреді. Әр оқушы шешімдерін қорғап, түсіндіреді. Оқушылар сұрақтарға жауап береді Әр топ өз жұмысын постер түрінде дайындап, қорғайды. | Презентация https://www.youtube.com/watch?v=hftM9yB25r4&list=PLA5eCSY2FeoQLLocS-IEuEG9KjOrJzvPM&index=36 Тақырыптық слайдтар. Тақырыптық бейнероликтер. |
Сабақтың соңы 5 мин | Оқушылар біз бүгін сіздермен қоғамдасғы өте өзекті екі тақырыппен таныстық, ой бөлісіп, пікір алмастық. Бүгінгі сынып сағатынан алған білімдеріңіз өмірлік азық болады деп тілеймін . Үйге: Табиғатты қорғауға байланысты ұрандар шығару. | Барлығы бүгінгі сабақта алған әсерлерімен бөліседі. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру