Әңгіме: Бауыржан Момышұлы | Кемпірі бар үйдің

Әңгіме:  Бауыржан Момышұлы | Кемпірі бар үйдің казакша Әңгіме:  Бауыржан Момышұлы | Кемпірі бар үйдің на казахском языке

алалар өте көңілді... Жұбайым түске дейін бес рет жылады. Мен оған түсінбей отырмын...

Менің әкем төрт рет үйленген кісі. Тірі болса ол кісі 107-ге толар еді. Ол кісінің кейінгі жұбайы биыл жетпістің сегізінде. Ол кісіні мен шеше тұтамын. Шешем алжи бастаған кемпір. Бұрын билеп үйреніп қалған кісі, «ауру қалса да — әдет қалмайды» дегендейін, осы уақытқа дейін үй ішінде үстемдігін жүргізгісі келеді...

Бірнеше мысал.

Қарт адамның ұйқысы сергек болады. Ол кісі тұра салысымен таң сәріде самаурын қояды. Біз ұйықтап жатамыз. Самаурыны біресе өшіп, біресе жанып жатады... Сиырын сауып, сүтін сепараторға бұрап қаймақ, май істеп қояды... Біз ұйықтап жатамыз... Самаурынын кемпір қайта тұтатады. Біз әлі тұрмай жатырмыз...

— Жаға берсең, самаурынға отын да шақ келмейді екен, — депті кемпір бір жолы азанғы шай үстінде. Оны менің жұбайым көңіліне ауыр алады.

Біздің балалардың ауылда жаңа өспірім туысқандары көп.

— Пошли к нам ужинать! — деп кеш сайын балаларын ертіп келеді.

— Бір тыныш отырып тамақ жемедік қой! Топтанып-топтанып келесіңдер де отырасыңдар... Қантты бір пиалай шайға екеуден салмай, бір шақпақтан салып ішіңдер... — депті бір кеште шешем. Ол да жұбайымның көңіліне ауыр келіп қалыпты.

Шешем тауық асырайды. Жұмыртқаларын өзі жинайды. Сельпота барып оларды өткізіп, не қант, не сабын, не шай алады. Оған біз араласпаймыз... Бір күні балаларым жұмыртқа жейміз десе, кемпір: — Болды енді! — деп балаларға жұмыртқа бермей қойыпты.

Балалар өштесіп, екі жұмыртқа ұрлапты... Бәрін есептеп жүрген кемпір, жаңағы екі жұмыртқаны күні бойы іздепті... Оған әйелім:

— Апа-ау! Сізге не керек? Екі жұмыртқада сіздің неңіз бар? — деп ренжіпті.

— Маған не алып келдің? — деп үйден екі қадам шықсақ, кемпір қолын жайып алдымыздан шыға келеді.

— Апа-ау! Еш жаққа барғанымыз жоқ қой!

— Ә, қайдан білейін. Қалаға барып келді ме деп ойлап едім, — деп кемпір шұғыл бұрыла жөнеліп, өзінше:

— Ай, ананы бүйттірме? Мынаны өйттірме?

— Нені, апа?

— Қайдан білейін... әйтеуір тірліктеріңді жөндеп істесеңдерші... — деп не айтары есінде жоқ қарт орнына келіп отырады...

— Сүт тасып кетті ғой! — деп орнынан ұшып тұрады.

— Жоқ! Тасыған жоқ. Суытып, ұйытқы салып ұйытып қойдық, апа.

— Бірақ, ыстық ұйытпаңдар... Айран ашып кетпесін... Әлгі сойған қозының етін тұздап қойыңдар...

— Қашанғы қозы, апа?

— Кеше соймақшы едіңдер?

— Оның етін қонақтар, өзіміз жеп қойдық қой...

— Асты көп асып, кейіннен ірітіп-шірітіп жейсіңдер...

— Түк қалған жоқ, апа!

— Сорпасы ашып кеткен жоқ па?.. Ашыған сорпа балалардың ішін өткізеді... Абайлаңдар... Айтпақшы, әлгі балалардан қалған айранды қапқа құйып қойыңдар, одан кейін құрт істеймін...

— Я, барлық айранды қапқа құйып қойдық, апа...

Кемпірдің барлық қылықтарын айта беруге уақыт тар. Тағы екі нәрсеге тоқталық.

Кемпірдің қалтасы тола кілт. Барлық сандық, буфет, малхана, ұстахана (мастерская), т.б. кілттері сол кісінің қолында.

— Апа! Ананы ашып беріңізші, — деп менің кіші інім кемпірдің соңынан еріп жүреді...

Бір жолы магазиннен он шақты тәрелке алып келдік. Келін тамақ істеп жатыр екен. Тамақ дайын болғанда, балалар шүпірлесіп дастарқанға жиналады. Ас алдымызға үлкен тегенемен келді.

— Апа-ау! Манағы тостағандар қайда?

— Сандыққа салып қойып едім.

— Берсеңізші. Салып жейік те!

— Ac алдарыңда ғой, қолдарыңмен-ақ жей берсеңдерші... — деді кемпір.

— Астапыралла! — деп мен жағамды ұстадым. Балалар күліп, қуырдаққа қолдарымен тиісті.

— Шыдамдылықтың да шегі бар ғой! Сіз қашанғы барлық нәрсені құлыптап жүресіз? Балалар былай тұрсын, осы келген қонақтардың алдында бізді ұялта-ұялта болған жоқсыз ба? Бұл не деген сұмдық? Сырттағы ел бізді көргенсіз демей ме? Барлығы құлыптаулы деген не сұмдық? Сіз балаларыңыз бен келіндеріңізге сенбейсіз бе? Неңізді біз шашып жатырмыз?... — менің жұбайым мен жоқта әжесімен шәт-шәлекей болыпты да қалыпты...

Кемпір де шыжылдап, келініне ауыр сөздер айтқанға ұқсайды.

Сөздің аяғында кемпір келінін кеміте сөйлеп былай депті:

— Ай, сенің атаң болса мынандай ғана, — деп шынтақ саусағының тырнағын ғана көрсетіп, — бір жапырақ қап-қара шал болатын, ал, мен болсам ақтамақ, ботагөз, сұп-сұлу келіншек болатынмын, — депті.

Әңгіменің осы жерін айтып, жұбайым қамығып отырғанда, мен қарқ-қарқ күлдім. Ол ызаланды...

Мен үйге бардым. Кемпір аймалап жүр. Барын алдымызға ағыл-тегіл қойып жүр... Тамақтың ортасында мен кенже, кішкене қызыма орысшалап:

«Где есть кемпрушка, там есть капирушка!» дегенді, балам, әжеңе переводтап берші, — дедім.

— Кемпірі бар үйдің — кәпірі бар! — деді балам.

— Үй-буй! Барлық сырымды келін саған айтып қойған екен ғой, — деп кемпір санын бір ұрды... Бәріміз күлістік.




Жүктеу батырмасы 50 секундта ашылады!!!




KZ / Қазақша Әңгімелер жинағы, әңгіме Бауыржан Момышұлы Кемпірі бар үйдің туралы ангиме казакша рассказ на казахском, рассказ Бауыржан Момышұлы Кемпірі бар үйдің на казахском языке ангиме скачать бесплатно, қызықты әңгімелер балаларға арналған, кызыкты ангимелер балаларга арналган, интересные рассказы на казахском языке, әңгіме Бауыржан Момышұлы Кемпірі бар үйдің туралы ангиме казакша рассказ на казахском рассказ Бауыржан Момышұлы Кемпірі бар үйдің на казахском языке ангиме скачать бесплатно қызықты әңгімелер балаларға арналған кызыкты ангимелер балаларга арналг, Әңгіме: Бауыржан Момышұлы | Кемпірі бар үйдің ғибратты әңгімелер ғибратты әңгімелер вк ғибратты оқиғалар ғибратты сөздер гибратты ангимелер