Айша Балтахаева | Қуғыншы

  Айша Балтахаева | Қуғыншы


Иә, иә. Кудым. Құрбым турмысқа кеткен, соны қуып бардым. Қыздың жеңгесі екеуімізді шығарып салып жатқанда қыстың ызғарына жаурап қалмасын деп, оның үстіне батылдық үшін деп 100 граммнан тарттырып жіберді. Қаладан бара жатқасын кішкентай чихуахуа итімді алып алдым. Өзі қара, құйрығы ақ итім 100 граммнан соң қайда қалғанын білмей қалдым. Жолға шығып такси тоқтаттық. Қыз баласы болғасын мастығымызды барынша білдірмейік деп келістік. Такси тоқтап, екеуіміз отырдық. Таксист бізге бірден "қыздар ішіп алғансыңдарма" деді. Ойпырмай қайдан сезді деп аң таң болдық. Ағай қайдан білдіңіз — десек, таксист: екеуің де алдына отырып алыпсындар дейді. Ұятай, екеуіміз де ұшып түсіп, артына отырдық... Багажникке. Негізі жақсы бардық. Багажникте үшеуіміз. Мен, жеңгесі сосын қара тоқты. Таксист ертең құдай тамаққа соятын тоқты. Біздің мас екенімзді ол да сезді ма білмим басын көтеріп "мәә" деді. Негізі оның бізбен шатағы жоқ, ертеңгі күнін уайымдап жатыр. Мен Аманғали емеспін оның сөзін түсінетін. Бірақ жорамалымша " ех қу дүние бүгін бар ертең жоқ" деп жатқан сияқты. Бір кезде жеңгесі қолтығыма қарап " Айшекее қолтығыңның түгін қарашы" дейді. Қарасам құдай сақтасын қап қара түк. Ұзындығы 5 см дей. Шошып кеттім. Қолымды ақырын көтерсем күшігім. Сорлыы енді болмаса өлгендей екен. Шамасы ауылға жетіп қалдық. Сөмкемді ақтарып таксисттің ақшасын бермек болдым. Масқарааа ақшам жоқ. Ұмытып кеттіппін. Сосын бірден айлаға көштім. Көлік тоқтасымен екеуіміз қашып кетеміз деп келістік. Он-он бес минуттан соң көлік тоқтады. Уәделескендей сыртқа шықтым да қаша жөнелдім. Қашып келем қашып келем, артыма қарасам жеңгеміз жоқ. 30 минут күттім, келмегесін өзім қайта бардым. Барсам жеңгем жылап отыр. Маған қарап " тым болмаса кетерде оятып кетсең қайтер еді" деп қояды. Сөйтсем о жарықтық ұйықтап қалған екен. Таксисттен ұрыс естіп, жылап отырған жеңгемді аяяяп кеттім.

Құдалардың үйін бірден таптық. Дастарханды молынан жайып, жақсы қарсы алды. Жедік, іштік. Көп ішіп қайдым ба, далаға шықтым. Жай шықпадым, дәретхана іздеп шықтым. Қараңғыда әрі іздедім, бері іздедім, көрінбеді. Қысылыыып кеттім, Сөйтіп шатасып қора жаққа барсам, қорада тұрған сиыр маған қарап "жайша жүрсің бе" деп қояды. Зәрем қалмады үйге қарай зауладым. "Мәә сиыр сөйледі ма" десем қолымдағы күшігім "мәә мен де шошып кеттім" деп қояды. Сөйтіп тұрғанда тұсымнан дәу ит арс ете қалды. Өзім қысылып тұр едім ғоо. Шошығаннан бәрі кеттііііі.

Үй жақтан жеңгем мені іздеп шығыпты "қайда жүрсің, неге шықтың" деді. Не айтарымды білмей "миым қайнап кетті" дедім. Қыстың күні, күн суық. Тек төмен жағымнан ыстық бу ұрып тұр. Мұны көрген жеңгеміз " сенің миың жоқ па десем, бар екен, қайнап жатқанына қарағанда өтее төмен орналасқан екен ғой" деп қояды.

Үйтіп-бүйтіп қоштасып құрбымды аманаттап кеттім. Кетерде күшігімді таппадым. Тек машинаға отырғанда бір топ балалардың ләнгі ойнағанын көзім шалып қалды. Қыста қайдағы ләнгі дерсіздер. Өзі қара құйрығы ақ ләнгі. Қайран күшігім айй....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
» қазақ тілі тестілеуде_келген_сұрақтар_зерттеуші
» Наурыз мейрамы Қазақстанда жаңа форматта тойланады