Мұқағали Мақатаевқа биыл 90 жыл!

Ақиық ақын —ел есінде

Биыл Мұқағали атамыздың 90 жылдығы республика көлемі бойынша ашық түрде өткізіліп, әртүрлі кештер мен атамызға тағзым қылу мақсатында ашық сабақтар жүргізілді. Соның бірі Мұқағали атамызды еске алу туралы ҚазҰУ-нің Шығыстану факультетінің 3-ші курс студенттері онлайн түрінде ашық сабақ өткізген болатын. Мұқағали Мақатаевтің әр өлеңі, әр шығармасы кез-келген жанның жүрегінен орын алады. Ақиық ақынның өмірі мен еңбек еткен жылдары, шығармашылығы мен арнауларын сабақтың негізгі мақсаты ретінде алып, естен кетпестей кеш өткіздік. Сол орайда кешіміз негізінен 3 кезеңнен тұрды.1 –ші бөлімде студенттер ақынның өмірі мен шығармашылығы жайында, 2-ші бөлімінде ақиық ақынның Фариза Оңғарсыноваға арнаған өлеңіне талдау жүргізіп, 3-ші бөлімінде ақынның өлеңдеріне кезек берілді.
Өзім кішкентайымнан Мұқағали атамыздың өлеңдерін тыңдап өскен қызбын. Мектеп кезімде түрлі конкурстарға қатысқанда оқушылардың Мұқағали атамыздың өлеңдерін оқығанда жүрегім елжірейтін. Ақынның өлеңдері— мен үшін өте әсерлі. Махаббатқа арналған тұстарын, Отанына деген сүйіспеншілігі әр өлең жолдарынан кезіктіруге болады. Ақынның «Менің туған күнім» атты өлеңін ашық сабақта оқып, бір қызық кездерін есімізге түсіріп алдық. Өлеңнің құрылысы жеңіл болғанымен, мағынасы тереңде жатыр емес пе,иә?! Маған «...қаламымды берші маған бәйбіше болашаққа арыз жазып кетейін» өлең жолдары көңілімнен шықты.Сонда да қазағымның болашағын ойлап жатқан азаматты байқаймыз. Кешке өзіміздің аға-кураторымыз Шарыпқазы Нұртәліп өзінің оң бағасын беріп, өзінің ойын қосып, кешімізді жақсы аяқтадық. Осындай ата-бабалармызға арналған тағзым ету мақсатында елімізде осындай ашық сабақтар мен қызықты кештер өткізіле берсін. ҚазҰУ-інде осы күнге дейін бабаларымызды еске алу мақсатында осы уақытқа дейін көп шаралар өткізілді. Алтын ұямның әр өткізген игі істерімен мақтанамын!

Жетекшісі: Шарыпқазы Нұртәліп
ҚазҰУ-нің Шығыстану факультетінің 3-ші курс студенті Несипбекова Асель


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
» қазақ тілі тестілеуде_келген_сұрақтар_зерттеуші
» Наурыз мейрамы Қазақстанда жаңа форматта тойланады
Пікір жазу