Оян, қазақ!

 Оян, қазақ!

Еуразияның бесігі, қазба байлыққа мол жер-Қазақстан.Бірақ неге соның барлығын біз дұрыстап пайдалана алмаймыз?Халық кез-келген нәрсені билікте отырған кісілерге жабады."Әлемді өзгерткің келсе өзіңнен баста" деген сөз бар емес пе?Неліктен ең алдымен өзіміз өзгермеске?

Көзіңді аш, оян қазақ, көтер басты,
Өткізбей қараңғыда бекер жасты.
Жер кетті, дін нашарлап, хал арам боп,
Қарағым, енді жату жарамас-ты.,-деп жырлаған, жиырмасыншы ғасырда өмір сүрген Міржақып Дулатұлының "Оян, қазақ" өлеңіндегі мәселе қазір де орын алайын деп отыр.Бір айырмашылығы қазіргі заманда оқимын десең тегін мектеп, тұрамын десең баспана бар.Демек,ешқандай проблема жоқ. Нағыз проблема қоғам жалқауланып кеткенбе?Ата-бабамыз қаншама ғасырлар бойы өскелең ұрпақ үшін, болашақ үшін жанын қиып, елін қорғады.Қанша жерден қиналса да ешқашан берілмеді.Он жетінші ғасырлардан бастап жоңғарлардан қорлық көріп, екі жарым миллион халқынан айырылды, сонда да елім деп берілмеді.Азаттық үшін күресті.Қарақұмдағы өткен құрылтайдағы Бөгенбай батырдың:
«Біз жаудан кек алуымыз керек, жеңеміз немесе қолға қару ұстап, шайқаста ақ өліммен елеміз, қарттарымыздың, әйелдеріміздің, балаларымыздың зар-мұңы мен көз жасын көріп тірі жүре алмаймыз...» деген сөзі ше?Осы сөздерден-ақ ата-бабамыздың ерлігін сезінуге болады.Бұнымен бәрі біте қойған жоқ, 1928 жылдан бастап Сталиндік репрессия басталды.Қазағым, деп жаны шыққанша сөйлеген қоғам қайраткерлері мен ақын, жазушыларды жаппай түрмеге қамап, жалған айыппен отбасын да өлтіре бастады.Т. Рысқұлов, Н. Нұрмақов, С. Қожанов, Ұ. Құлымбетов, О. Исаев, О. Жандосов, Ә. Досов, А. Асылбеков, Ж. Сәдуәқасов, С. Сафарбеков, Т. Жүргенов және тағы басқаларына 1937-1938 жылдар аралығында «ұлтшыл-шафист» және тыңшы деген кінә тағылды. Ә. Бөкейхан, А. Байтұрсынұлы, М. Дулатұлы, А. Ермеков, Х. Досмұхамедұлы, М. Тынышбайұлы, М. Жұмабай, С. Сейфуллин, І. Жансүгіров, Б. Майлин, С. Асфендияров, Ж. Шанин, К. Кемеңгеров және тағы басқа да көптеген мәдениет және өнер қайраткерлері, ұлт жанашырларына «халық жауы» деген жала жабылды.Сондағы Ресейдің мақсаты қазақ елін мәңгі құл ету.Осының артынша соғыс басталды.Иә, соғыста да қайран қазағым аз қиыншылық көрген жоқ.Сол замандарда соғысқа тіпті М.Маметова, А.Молдағұлова сынды ержүрек қыздарымыз да қолаң шаштарын қиып, соғысқа аттанды.Бұл оқиғадан соң 1986 жылы "Желтоқсаң көтерілісі" болды.Желтоқсан көтерілісі - 1986 жылы 17 — 18 желтоқсан аралығында Алматыда болған қазақ жастарының КСРО үкіметінің отаршылдық, әміршіл-әкімшіл жүйесіне қарсы наразылық іс-қимылдары. Бостандыққа, тәуелсіздікке ұмтылған қазақ халқы тарихындағы елеулі оқиға болып табылады.Желтоқсан көтерілісінде Қ.Рысқұбеков, Л.Асанова сынды ел жанашырлары жанын қиды.

Осы оқиғалардың барлығын негізге ала отырып, Қазақстан тәуелсіздікке ие болды.Ал қазіргі жастар керісінше, артқа жылжып бара жатыр.Неге батырларымыздың ерлігін дәріптеп, әрі қарай елімізді көркейтпеске?Болашақ тек жастардың қолында.Қазіргі заманның өскелең ұрпақтарына "Оян, қазақ" дегім келеді.Бір байқағаным осы заманда патриот болған ұят екен.Мысалы, ғаламторға көк туымыздың суретін салсақ мазақ қылған пікірлерді байқаймыз.Нағыз қазақ сөздерімен сойлесек барлығы түсінбей, қай заманның адамысың деп келемеждейді.Қазақша көйлек кисең ауылбай деп шығады.Неліктен?Мұнда тұрған не бар?Еліне деген сүйіспеншілік болған ұят па?Оян, қазақ!


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі