Қалың елім, қазағым, қайран жұртым


Қалың елім, қазағым, қайран жұртым,
Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың.
Жақсы менен жаманды айырмадың,
Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың.
Бет бергенде шырайың сондай жақсы,
Кұдайдан ғана бұзылды сартша сыртың

Абай Құнанбайұлы отандық тарихымыз бен әдебиетімізде аса көрнекті орын алады. Абай қазақтың ұлттық жазба әдебиетінің негізін қалады. Абай есімі дүниежүзі халықтары әдебиетінде Шекспир, Пушкин, Гётелермен қатар тұрады. Ұлы Абай атамыз осы қазақ даласында дүниеге келген, қазақ халқының санасы үшін күрескен ұлы тұлға. Әрбір адамның табан тірер туған жері болады. Туған елге, жерге деген сүйіспеншілік адамды алға жетелеп отырады. Дана халқымыз: «Әркімнің туған жері – Мысыр шаһары» - деп бекер айтпаған ғой. Бұл шығармада тұтас халыққа арнап айтылған терең де күрделі ойлар сыр шертеді. Қазақ халқын түгел қамтып, тұтас шолып, баршасына бағыштап айтылған өлеңнің әлеуметтік салмағы орасан зор. Ұлттың бойындағы сордың бірін- бірі көре алмау, етектен тарту, пыш-пыш халқымызды сан рет орға жығып, өртке қамаған алауыздық. Халқының бойындағы қаны сорғалаған жараларды аша отырып, ақын омырауы жасқа толса да, сай-сүйегі сырқыраса да, сесті, кекесінді күйінде қалады.
Қазақ елі негізінен мал өсіруші өлке еді. Егіншілік шаруашылық айналымына енді-енді еніп келе жатты. XIX ғасырдың 30-60-шы жылдарында егінші қазақтарды жатақтар деп атады. Жатақтардың көбінде көлігі, құрал-саймандары болмады. Қазақтар балық аулау, тұз өндіру, аңшылық істермен де айналысты. Мал, аңтерілерін, құс мамығын өңдеп сатуды жолға қойып, ұста-зергерлік кәсіп ететін қазақтар аз болған жоқ. Ресейден шығысқа қарай өтетін сауда жолындағы қазақ шаруалары керуеншілерге көлік жалдап та пайда түсірді. Қазақстанда табиғаттың мол қоры болды. XIX ғасырдың ортасына қарай көптеген кен орындары ашылып, мыс, қорғасын, күміс, көмір өндіру қолға алынды. Кен балқытатын, өндіретін, өңдейтін кәсіпорындар салына бастады. ХVІІІ ғасырдың соңы — XIX ғасырдың басында Ресеймен шекаралық сауда орталықтарында Қазақстаннан тек бір жыл ішінде 1,5 миллионнан астам мүйізді ірі қара мал және 100 мыңнан аса жылқы сатылған. Бұл кезде Қазақстан Ресей астығынының негізгі тұтынушысына айналды. Халықтың бай, кедей болып жіктелуінің күшеюі, жартылай көшпелі елге ақша-тауар қатынастарының барған сайын батыл енуі қоғамның әлеуметтік-экономикалық құрылымын өзгертіп, әлеуметтік қайшылықтарды шиеленістірді және қауымдық-рулық қалдықтарының күйреуіне себебін тигізді. Орыс мемлекетінің отарлау саясаты қазақтың ел басқару ісіне қойған адамдарының небір өрескелдіктерді істеуіне жол ашты.
Расында, сонау ел басына күн туған зар заманда ата-бабаларымыз туған жердің топырағын бір иіскеу үшін айшылық жерден ат арытып келген. Әйгілі Бейбарыс бабамыз шетте жүріп, туған елін сағынған шағында әрдайым туған елден алдырған жусанды искеп, туған жерге деген сағынышын басқан екен. Сондықтан, әрбір азамат қайда жүрсе де жүрегінің түбінде туған жерге деген құрметін сақтау керек.
Елбасымыз Н.Назарбаевтың тарихи құжатқа айналған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында: «...Туған жер – әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай жанның өмір-бақи тұратын өлкесі. Оны қайда жүрсе де жүрегіміз әлдилеп өтпейтін жан баласы болмайды» - деп туған жердің қасиетіне ерекше тоқталады.
Біз тәуелсіз Отанымыз Қазақстан деген елде бақытты өмір сүріп жатқан елміз. Алланың нұрына бөленген бақытты халықтардың біріміз. Әлемде тәуелсіздікке қол жеткізу үшін  ғасырлар бойы күресіп келе жатқан халықтар бар. Солардың көпшілігі үшін азаттық таңы қол жетпес үлкен арманға айналып отыр. Әрбір Қазақстан азаматы елдің игілігіне, бірлігіне қызмет етіп, тәуелсіз елдің азаматы екендігімізді зор мақтан тұтуымыз керек. Біріккен Ұлттар ұйымының төріне шығып, Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалық етуіміз осы ел азаттығының жемісі.
Тарихқа барлап отырсақ, Алла берген дәулетін ел игілігіне жаратып, ел жадында мәңгі қалған тұлғаларымыз баршылық.
Тарихымызға көз салсақ, осындай ұлан ғайыр кең дала ата-бабаларымыздың  асқан ерлігімен, қанымен жеткен. Отан тарихындағы Абылай хан, Хан батыр  Қабанбай,  қанжығалы Бөгенбай, Райымбек, Шыңқожа, Боранбай сынды тағы басқа елге қорған болған алып тұлғаларымыздың есімін жас ұрпақ ортасына кеңінен насихаттау керек.
«Қалың елім, қазағым, қайран жұртым жайлы жаза отырып тарихқа үңіліп, туған жерге деген сүйіспеншілік Туған елге – Қазақстанға деген патриоттық сезімге ұласады» деп, мақаламды түйіндей келе, барша отандастарымды егеменді еліміздің жарқын болашағы жолына аянбай еңбек етуге шақырамын.  Отанымыз - Қазақстан Елін жарқын болашаққа бастап, әрдайым береке-бірліктің ордасы болуын нәсіп етсін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

 

Меруерт Адамбай 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу