Өз жерімізге ие болу керекпіз


Бүгінгі күні көптеген адамдар үшін туған жерді құрметтеу мәселесі өзекті болады. Бірақ көбісі туған жері туралы ойламай, туған жердің қадірін білмейді. Ал енді егерде қазақтардан туған жердің территориясын бүгінгі күні тартып алса не болушы еді? Неліктен туған жер біз үшін соншама маңызды? Осы сұрақтарға мен жауап беруге тырысамын.
Біріншіден, туған жерге ие болуы қазақтарға әлемде басқа елдермен бәсекелесуге мүмкіндік береді. Мысалы, Қазақстан уран бойынша екінші орында. 2018 жылы Қазақстан 14.2 мың тонна уран экспорттап, 699.1 млн доллар алды. Ал 2017 жылы шикізат экспорттау бойынша Қазақстан 54.7 миллиард доллар алды. Шикізат Қазақ даласынан алынады. Біздің жеріміз шынымен де өте бай. Алайда жеріміздің бөлігін тартып алса не болады екен? 1893-1905 жылдары қазақтардан 4 млн десятина жер алынған болатын. 1917 жылы қазақтардан барлық жылдардағы тартып алынған жерлерді санаған кезде 45 млн десятина жер таптып алынды. Сол кезде қазақтарды құнарсыз жерлерге қоныстандырған болатын. 1913-1916 жылдары Ақмола, Семей, Жетісу облыстарында жүргізілген тексеру бойынша 189 мың шаруа қожалықтарының 20,5 мыңы ештеңе егілмейтін жерлерде екенін, 19,5 мыңында сиыр болмағанын, 12,2 мыңында ешқандай түлік болмаған. Тіпті ХХ ғасырда қазақтардың жағдайы нашар болған екенін байқай аламыз. Егер қазір жеріміз тартып алынса не болады? Қазақстанның әр облысы белгілі бір шаруашылық түрімен айналысады. Мысалы, Қарағанды облысында түсті металлургиямен айналысса, Оңтүстікте тамақ өнеркәсібімен айналысады. Жер тартып алынған кезде біз өнеркәсіп орындарымыздан да айырыла аламыз. Экономикамыз құлдырап, қандай жағдайға ұшырауымыз мүмкін? Басқа елдерге тәуекел болып, бірнеше ғасырлар бойы ата-бабаларымыздың тырысып алынған тәуелсіздігіміз формалды түрде жоғалады ғой! Ал қазақтарды ешкім құшақ жая қарсы алмайды. Қайтадан беделіміз түсіп, қайтадан бізге қарсы саясат кезінде өмір сүруге мәжбүр боламыз. Екіншіден, әр халқы үшін жер – тіпті алтыннан да қымбат байлық. Жерге ие болуы халықтың бәсекелесе алу қабілетін көрсетеді. Егер жерімізді толығымен тартып алса, онда біз еврейлер сияқты бүкіл әлемде таратылып, біздің ұлтымыз толығымен ассимиляцияға ұшырауға әбден мүмкін. Сонда қазақ деген ұлты тіпті болмауы да мүмкін. Неліктен бізге ұлт ретінде қалуға маңызды? Өйткені тек ұлт ретінде ғана біз басқа қлттармен тең дәрежеде бәсекелесе аламыз. Тек ұлт ретінде біз ата – бабамыздың еңбегін ақтай аламыз. Тек ұлт ретінде ғана біз өзіміздің тарихын сақтай аламыз. Аварларға қарасаңыз, олардың жағдайы тіптен нашар. Көптеген адамдар өз тілін ұмытып, аварлар деген ұлты құлдырауда.
Қорытындылай келе, өз жерімізге ие болу арқасында ғана біз осындай дәрежеге жетіп, қазір озық елдер қатарына қосылғанбыз. Бірақ туған жерді құрметтемеу мәселесі болмауы үшін, туған жерге қатысты фильмдерді түсіру, тарихқа байланысты конкурстар өткізу және туған жердің маңыздылығын жасөспірімдерге қазіреден бастап айтылса осы мәселесе жоққа шығарылушы еді. Сол себептен қазірден бастап жерімізді құрметтеп, оны тазалап, табиғатты қайтадан өз қалпына келтіруге тырысайық.

 

 Адихан Туйчиев



Іздеп көріңіз:

Қарап көріңіз:

Пікір жазу

Келесі мақала ашылудa...