Жүз жыл бұрынғы асыл арман


Бүгінгі  күні жүзеге асып отырған Алаш ардақтыларының идеясы – елдігіміздің, мемлекеттілігіміздің идеясы. ХХ ғасыр басында-ақ Тәуелсіз-дігімізді аңсаған ұлт зиялыларының «Алаш» атауын таңдауы да тегін емес. Қазіргі таңда «Алаш» сөзі қазақтың мемлекеттілігінің символына айналып отыр. Өз елінің бодандықтан арылып, бостандыққа тәуелсіздігімізге қол жет-кізу жолында аянбай тер төккен, елім деп еңіреп өткен «Алаштықтар кім-дер?» деген сұраққа:Әлихан Бөкейханов, М.Шоқай, А.Байтұрсынов, Х.Дос-мұхамедұлы, М.Дулатов, Х. Ғаббасұлы, М.Тынышбайұлы деп айта аламыз.

Ардақтыларымыздың армандаған өзекті мақсаттары: біріншіден - ұлттық болмысымызды сақтау, Тәуелсіз ел болу; екіншіден - ұлттық тарихымызды ұлықтау; үшіншіден - туған тіліміздің мәртебесін көтеру. Бұл Алаш ардақтыларының әрқайсысы ның өз елінің патриоты жанашыр азаматы ретінде өзіндік үндеулері болған. Мысалы Ә.Бөкейхановтың жобасы бойын-ша, мемлекет толықтай экономикалық тәуелсіздікке қол жеткізілуі тиіс болған. М.Дулатов «Оян қазақ!»  деп жар салса, Алаштың тағы бір қайраткері Х. Досмұхамедов «Өз тілін өзі білмеген ел - ел бола алмайды. Тілінен айырылған жұрт жойылған жұрт»  дейді.

Қазақстанда өзінің дербес құрылымдық - құқықтық, саяси-экономикалық, тарихи-мәдени, рухани дербес билігін жүргізген нағыз ұлттық тұлға бола алмады. Бұл ұлттық тұлғалардың тұншықтырылуына алып келді.Көп өксік көмейіне тығылған ұлттың бұл саяси құмығуы түйнектеліп барып, өз кезегінде мың тоғыз жүз сексен алтыншы  жылы намыстың ызалы кегі боп атылды. Ол Тәуелсіздікке ұласты.

Міне, әміршіл-әкімшіл жүйе осы Тәуелсіздіктен қатты сескенді. Сондықтан да рухы қуатты ұлт қайраткерлерінің бірде-біреуіне өктем билік сенбеді және мемлекет басына жолатпады. Қазақтың елдігі мен бірлігін, тұтастығын аңсаған Алаш қайраткерлерінің идеясының бір дәлелі - бүгінгі таңда мемлекетіміз тәуелсіз ел болып, 30 жылғы жуық ішінде әлем таныған, мойындаған ел болдық, тіпті жаһандағы әлемнің бетке ұстар елдерімен тереземіз тең болды. Н.Ә.Назарбаевтың «Тарих толқынында» кітабының «Алаш мұрасы және осы заман» атты тарауында алаш ардақтыларының идеясының жалғасқандығын айтады. Туңғыш Президентпен бірге бүгінгі ұрпақ Алаш зиялылары  арманын іске асырды, яғни Тәуелсіздігімізді алуымыз, Көк байрағымыз желбіреуі, бүкіл әлемді мойындатуы.  Өз тіліміз, дініміз, кең байтақ жеріміз бар. Алаш арманы - бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан! Ендеше, біз, әрбір азамат осы жүз жыл бұрынғы ұлттық ұлы идеялардың бүгінгі Тәуелсіз Қазақстанның да негізі ретінде берік орнығуына үлес қосуға тиіспіз.

Қорыта айтқанда, Алаш ардақтылары көтерген ұлттық идеялардың  бүгінгі күні жүзеге асқандығының дәлелі - Мәңгілік Ел. Демек, «Керегіміз – ағаш, ұранымыз - Алаш»  дейтін біз үшін ол әрқашан қазақ идеологиясының темірқазығы болып келді, бола береді де.

Ақниет Серікқызы



Іздеп көріңіз:

Қарап көріңіз:

Пікір жазу

Келесі мақала ашылудa...