Тағдыр сыйлаған перзент


Сол күн. Иə, сол жаңбырлы күн. 5 жасар мен жəне əкем екеуміз көшеде келе жаттық. Мен əдеттегіше жаңбырлы су жиналған шұңқырларды аяғыммен кешіп келем. Бір кезде əкем:
-Балам,сен өскенде кім боласың?,-деп сұрады.
Мен болсам:
-Президент болам папа,-деп жауап қайырдым.
Əкем қайта қарап:
-Президент болғасын не істейсің?-деді
Ал мен болсам, бала көңілғой, білмеймінғой Президенттің кім екенің,
-Президент болсам бай боламғой, сосын анам мен сіз үшеуіміз бай боламыз,бақытты ғұмыр кешеміз,-деп жауап қайырдым.
Əкем күрсініп:
-Құлыным-ау, жарқыным Алла тағалам біз көрген сұм соғысты сендердің бастарыңа жазбасың, бейбітшілік туы астында ғұмыр кешіңдер! Бірақ, бабалар аманатын ешқашан естен шығарма, Алтыным! Қай жерде,кім болсаңда халқыңа, Отаныңа адал қызмет ететін азамат бол айналайын!
Арманыңа жетіп, жолын оңғарылсын артымнан ергенім! Бірақ, əке-шешеннің емес халқынның баласы бол! Отанынның адал перзенті бол құлыншағым!-деген еді.
Міне,сол кезден бері тура 15 жыл уақыт өтіпті. Əкенің айтқан сол бір сөздері əлі есімде, жадымда сақтаулы. Сол сөздердің мəн-мағынасын енді ұғынғандаймын! Қазір,сол сұм соғыстың көзін көрген əкем жоқ. Бірақ,əкемнің көзін көрген мен бармын!
Əлемде құс ұясыз, ал жыртқыш інсіз болмайды.Ал, адамның Отансыз болуы бұл-қасірет екен! Үлкен қасірет!
Отансыз болған құр кеуде өксік, ал өзің панасыз сорлының күйін кешеді екенсің!..
Оны мен Сириядан қашып, біздің елді тасалап келген қарт көрші əжейдің аузынан естігенмін.
“-Таң,түн деген уақыт жүрмейді, сенің жаныңды алғысы келетін мылтықтың ащы даусы барған сайын жақындап, барған сайын даусы қаттырақ шығуда. Өмір сүру үшін жануардың күйін кешіп төрт аяқтап қашасың. Дала бөккен қып-қызыл қан. Сол қандарды кешіп, басын ауған жаққа қарай қаша бересің тек. Емізулі бала, етегі сүйретілген əйел, еркек, қарт ата-əжей деп бөлмейді. Аман қалу үшін қашасың тек,-деп жылап есіңе алған болатын əжей. Ол кісіге бүгінде менің Отаным пана! Себебі, біз қанымыз бір, жанымыз бір, “Отаным-Қазақстан”,- деп соққан жүрегі бір ұлтпыз. Ешкімде екі Отан жоқ, жалғыз Отан! Ата-бабамның ұрпаққа қан кешіп, жауға жаның берседе, арын бермей, жығылып жатсада тұрып, өліспей беріспей тарту еткен, аманат ғып кеткен Отаны бұл! Өзгелер кеп көз тікпесін! Бермеймін! Бермек емеспін!
Мен,Рахаттың қызы Аякөз Отаным-Қазақстан,дінім-Ислам,Жаратушым-Алла,Қолдаушым-Халқым барда тəуелсіздікті төбемізге ту етіп тіккен,тыныштық пен бейбіт өмір сыйлап,аспанымда қыран құсты еркін ұшырған ер ерлігін,ата-баба аманатын ұмытпақ емеспін!
Отаным,саған айтамын! Мен сенің ұлың болайын,құлың болайын,маған артқан перзенттік үмітіңді ақтаймын! Сен менің Əкем,ата-бабам аманат етіп кеткен жаухарымсың, қазына-байлығымсың! Ал, мен сенің-ТАҒДЫР СЫЙЛАҒАН ПЕРЗЕНТІНМІН!

 

Аякөз РАХАТ


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:



Іздеп көріңіз:

Жаңалықтар:

Қарап көріңіз:

Пікір жазу


Келесі мақала жүктелуде...