Жемқорлық

 Жемқорлық

Сарысу ауданы Жаңатас қаласы
Абай атындағы орта мектебі
8 сынып оқушысы
Жанқара Әминә Шалқығанқызы
Сынып жетекшім: Динара Күмісбаева
Қазақ тілі пәні мұғалімі И.Тусипова

Жемқорлық-екі сөзден құралған,

Жамандықтың тамырынан .

Жетелеген арам ойы талайды

Шырмауықтай өмірі де шырмалған.



Жемқорлық сөзі , адамға естігенде құлаққа жағымсыз, жасағанда қасірет, ұсталғанда түрме екенін түсіне ме екен?

«Жемқорлық» аты айтып тұрғандай өміріңіз қорлықпен өтетін айтпаса да белгілі.

Жемқорлық адамға бала кезден басталуы мүмкін. Соған үйренген бала болашақта оңай жолмен ақша табуды құмартады. Қазіргі біздің Қазақстанда дамып келе жатқан індет десем артық айтпас едім?

Неге? Өйткені дипломмен ауылға жастар келеді, жұмысқа тұру үшін ақша тамыр-таныскерек. Ақша табу үшін 1-2 жыл (жігіттер) қара жұмыс істеп ақша жинап жұмысқа тұрады. Ал ол дипломы мейлі көк мейлі қызыл болсын шындықпен шырылдап, білімін көрсетіп алған білімгер болса өз мамандығымен жұмыста істей алмайды. Осы сұрақ мені қатты мазалайды. Мекеме басқарып отырған басшылар оның креслосы жеке меншік дүние деген көзқарас қалыптасқан. Жеке меншік дегеніміз өзінің дегенін жасайды деген мағына.

Директорға ақша беріп кірді делік, ары қарай жұмысқа тұрады өз деңгейінде жүріп жатқан сабақ жоқ. Міне бұлда жемқорлыққа әкеліп тіреледі. Мектепте қанша ұстаз жүр, сабақ беруге білімі жетпейді, міне бұлда жемқорлық.

Емханада таныссыз еш жұмысың бітпейді. Қаншама ақша бөлініп, демалатын орындарға ақша ұсынып барады. Міне бұл да- жемқорлық. Жемқорлық қазақ халқы үшін ауыр індет. «Аузы қисық болса да байдың баласы сөйлесін» деген заман. Қазір үкіметке жоғары жаққа ащы шындық айтса болды, қара тордың ар жағына қамап қояды? -ол кісінің ешқандай да кінәсі жоқ болғанымен , оны түрмеге қаматқан адам жүрегі жоқ адам.

Ол адамның жүрегінде иман, әділеттік мүлдем жоқ. Ол адам бүгін бақытты. Ал ертең ше? Судың да сұрауы бар. Ол адам өмірін қор қылды.

Менің шырылдаған жан айқайым кімнің тағдырын шешіп , кімге ақыл айтқан кімді жөнге салған .

Өмірді оң көзімізбен қарайықшы ағайын, сенің артыңда ұрпағың келе жатыр, біз келе жатырмыз. Ұрпаққа күйе жақпайықшы. Арам дүниеге көз салмайықшы,

Менің ұсынымым:

Жемқорлықты болдырмау үшін әр адам ант қабылдаса.

Сол алған теріс ақша оған бүгін іске асқанымен, ертең болашақта екі есе шығатынын білсе екен. Арам ақша арамдығын жасайды және де егер адамның жүрегінде имандылық, мейірімділік, әділеттік болса бұл Жемқорлыққа жол жоқ болар еді.

Менің балғын жүрегім осылай шырылдайды


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?