» » » Шығарма: Адамзат тарихындағы ең сұрапыл соғыс

Шығарма: Адамзат тарихындағы ең сұрапыл соғыс

Шығарма: Адамзат тарихындағы ең сұрапыл соғыс казакша Шығарма: Адамзат тарихындағы ең сұрапыл соғыс на казахском языке
Бердалі Медғат
11 сынып, № 272 мектеп Байқоңыр қаласы
Жетекшісі: Байекеева А.

Ұлы Жеңіске 70 жылдан асып барады. Жеңіс деген сөзді естігенде қанша адамның жүрегі қуаныштан лүпілдеді, қанша адам қуаныштан көз жасын төкті. Кеңес Одағының халқы күндей күркіреген соғыс жылдарында 1418 күн мен түнде, бүкіл жан-тәнімен Жеңісті жақындатуға тырысты.
Қанша адам мерт болды, қаншасы мүгедек болды. Қазіргі бейбіт күннің ұрпақтары Жеңіс күнін жақындатқан, фашизмге қарсы аянбай күрескен әрбір майдангерге қарыздармыз. Менің аталарым да соғыс басталғанда ер азаматтармен бірге майданға аттанған екен. Үлкен атам Әлібек 1942 жылы соңғы хатынан кейін хабар-ошарсыз кеткен. Әбдіраман атам еңбек майданына алынып, соғыстың аяғына дейін еңбек етті. Біздің бейбіт заманда өмір сүруіміз үшін өз өмірлерін қиған аталарымды мақтан тұтамын.
Өзім оқитын мектепте Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне арналған стенд бар. Тәрбиеші апай соғысқа қатысқан аталарыңның суреті болса әкеліңдер дегенде мақтанышпен екі атамның суретін елден бұрын әкеп бергенмін. Күн сайын мектепте олардың суреті ілулі тұрған 1-қабатқа арнайы барып, қарап өтемін. Үлкен тәтем осы мектепте тарих пәнінен сабақ береді. Тәтем айтады: жоғары оқу орнын бітірген соң өз туған ауылыма келіп мектепке орналастым. Жас маманмын, жұмыс істеуге құлшынысым зор, қайда жиналыс болса мені жібереді. 1986 жылы 9 мамыр Жеңіс күніне орай, совхоз партия ұйымының хатшысы шақырып алып, 9 мамыр мерекесіне байланысты салтанатты жиын болады, соған баяндама оқисың деді. Қолыма бір парақ қағаз берді, бұл ардагерлердің тізімі деді. Баяндаманың соңында ардагерлердің аты-жөндері аталып алғыс айтылды. Үйге қайтып келе жатқанда көрші ата: балам, жаңа баяндамаңда Жұматайды атамадың ғой деді. Мен: маған парторг берген тізімді оқыдым дедім. Ертеңіне мектепке барған соң да бір-екі үлкен ағайлар маған осы ескертуді тағы айтты. Сосын парторгке бардым. Мына кісінің атыжөні неге сіз берген тізімде жоқ? деп сұрақ қойдым. Ол кісінің сондағы айтқаны: ол тұтқынға түскен. Түркістан легионында болған. Өзім тарихшы болған соң ба, сол кісі жайлы ауылдағы ардагерлерден сыр тартамын. Таң қалғаным ардагерлер ол кісіні опасыз, сатқын санамайды, керісінше сыйлайды, аяушылық білдіреді. Ол кісі де ауылда тәп-тәуір қызмет атқарады, кадр бөлімін басқарады. Содан кейін сол кісіні көрсем өз-өзімнен қуыстанамын, сол кісіге әділетсіздік жасағандай сезініп жүрдім өзімді.
Соғыстан кейін ол кісі 10 жыл түрмеде отырып жазасын өтеген. Үнемі қабағы ашылмайтын, басын тік ұстап, езу тартып күлмейтін кісі еді. Балалары мектепте оқыды, қатал тәрбиемен өсті. Мектептегі соғыс ардагерлеріне арналған стендіде ол кісінің суреті жоқ еді. Үлкен тәтемнің осы әңгімесінен кейін ойланамын. Неміс концлагерінде тұтқында болғандар қандай азапты бастан кешірді, сол зұлматтан тірі қалғандар, Отанына опасыздық жасады деп Кеңестік лагердің азабынан өтті, одан аман-есен келіп кеңестік органдардың жоғарыда айтылғандай әділетсіздігіне ұшырады. Сонда да сыр бермей өле-өлгенше сол ауылда еңбек етті. Жау қолына тұтқынга түсіп қалған жауынгерлерді сатқын санаған көзқарас тек Кеңес өкіметінің ғана саясатына тән құбылыс болды, ал халықаралық қауымдастықта соғыс тұтқындарына гуманизммен қарау дәстүрі қалыптасқан болатын. Соғыс жүргізудің ережелерін және тұтқындардың құқықтарын белгілеген халықаралық келісімдер ХІХ ғасырдың екінші жартысында-ақ жасала бастады. Тұтқында болған жауынгерлер қатаң бақылаумен Кеңестер Одағына айдалды. Олар өз елдерінде өздерін күтіп тұрған сұмдық азаптауларды сезіп, пойыздардан секіріп, өлім жолдарын таңдады. Зерттеушілер 1943-1947 жылдар арасында елге қайтарылғаннан кейін өлім құшқан кеңестік тұтқындардың саны 500 мың мен 1 миллионның арасы деп шамалайды. Тәтем айтады: ауылдағы соғыс ардагерлерінің бір де бірі Жеңістің 70 жылдығына жеткен жоқ, бірнеше жылдар бұрын қайтыс боп кетті.
Қазақстан да алғашқы күннен бастап-ақ жұдырықтай жұмылып, еліміздің түпкіртүпкірінен әскери коммисариатқа еріктілер ағыла бастады. Қазақстан Ұлы Жеңіске айрықша үлес қосты. КСРО-дан Қазақстанға ауыр, жеңіл өнеркәсіп орындары көшірілді. Қазақстан экономикасы да соғыс қажетіне қарай қайта құрылды. Қазақстан соғыстың мықты тылына айналды.Әсіресе теміржолшылардың еңбегі орасан зор болған. Естуімше үлкен нағашы атам теміржолда жол мастері қызметін атқарып, соғыстан арнайы броньмен қалдырылған. Соғыс уақытында теміржол стратегиялық маңызды шикізаттарды тасымалдады. Жалпы, 1941-1945жж Қазақстанда 460 өндіріс ошағы болған. Қазақстанда бүкіл әскери экономикаға қажетті қорғасынның 85% , мыстың 35%, Молибденнің 60% , полиметалл кендерінің 79% өндірілген. Екінші дүниежүзілік соғыс адамзат баласына үлкен қасірет әкелді. Оған 1,7 миллиард халқы бар 61 мемлекет қатысты. Соғыс қимылдары 40 мемлекеттің территориясында жүріп, 110 миллион адам әскер қатарына алынды, 60 миллион адам қаза тапты.
Отан үшін өмірін құрбан еткен тағдырларды естен шығармау – патриоттық тәрбиенің басты тақырыбы.Миллиондаған адамның өмірін жалмаған әрі мерейін үстем еткен соғыс халық санасынан ұмытылған жоқ. Оның ауыр сабақтары біздің санамызға ұялап, қазіргі ұрпақтарды қырағылыққа, ерлікке баулып, жарқын болашағымызды қорғауға әрдайым дайын тұруға шақырады. Сұрапыл соғыста шейт болған ардагер аталарымыздың ерлігін құрмет тұтып, алғысымды білдіру мақсатында өлең жолдарын арнадым.
Майдангерім еленді маңдай терің
Көктеме. Қар еріген көше батпақ
Күндіз еріп шуақпен, түнде қатқақ
Қарт майдангер аяңдап келе жатыр
Құрғақ жерді қуалап аттап-аттап......


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 10 секунд !!!

nurgul95 | 110 |


Комментарии для сайта Cackle

Рекомендуем:

KZ / Шығармалар жинағы, шығарма Адамзат тарихындағы ең сұрапыл соғыс туралы эссе шыгарма жеңіс женис 9 мамыр 9 май сочинение на казахском, эссе сочинение про Адамзат тарихындагы ен сурапыл согыс на казахском языке скачать день победы 9 мая, эссе шығармалар жинағы жеңіс женис 9 мамыр 9 май жоспарымен, Адамзат тарихындағы ең сұрапыл соғыс, шығарма Адамзат тарихындағы ең сұрапыл соғыс туралы эссе шыгарма жеңіс женис 9 мамыр 9 май сочинение на казахском эссе сочинение про Адамзат тарихындагы ен сурапыл согыс на казахском языке скачать день победы 9 мая эссе шығармалар жинағы жеңіс жен, Шығарма: Адамзат тарихындағы ең сұрапыл соғыс шыгарма казакша шығармалар қазақша тегін сочинение на казахском языке сочинение на казахском языке скачать бесплатно сочинение на казахском языке скачать бесплатноҚазақша Шығармалар жинағы