» » » Шығарма: Қазақтың есінен еш кетпес

Шығарма: Қазақтың есінен еш кетпес

Шығарма: Қазақтың есінен еш кетпес казакша Шығарма: Қазақтың есінен еш кетпес на казахском языке
Жулдасова Асем
8 сынып, Н.Тілендиев атындағы
Кіші өнер академиясы, Атырау қаласы
Жетекшісі: Темірғалиева Ақтоты Болатқызы

Қазақстан. Бұл мен туып, өсіп келе жатырған мемлекет. Иә, мен көзімді ашқалы осы елдің топырағына аунап, ауасын жұтып келемін. Қазіргі заманда басқа елдермен терезесі тең тұрған, қарқынды дамып келе жатырған мемлекет. Бірақ, қазір осыншама жетістікке жеткен ел бұрын қандай еді...
Иә, осыдан тұп-тура 550 жыл бұрын «Қазақ хандығы» құрылған болатын. Міне, сол сәттен бастап-ақ қазақ деген елдің қилы тағдыры басталған болатын. Қазақ өзінің егемендігі, еркіндігі жолында не көрмеді десеңші?! Тарихқа көз жүгіртсек қазақ қазақ болып қалыптасқалы талай сыннан өткенін байқаймыз. Яғни, сонау 18 ғасырдан бастап-ақ қазақтың басынан қара бұлт үйірілмеген екен. Сұм жоңғарлардан бастап, қанды көз фашисттерге дейін еліміздің байлығына, кеңдігіне қызығып өз қол астына өткізгісі келген болатын. Бұдан бөлек, қазақтың есінен кетпестей өзінің ізін салған Ұлы Отан соғысы...
Соғыс... Ол ешкімге аяушылық танытпайтын айдаһар іспеттес. Жер бетіндегі бүкіл тіршілік атаулыға өзінің ыстық жалынын шашып, бар жақсыны жалмаған болатын. Бұл соғыстың елге әкелген қасіреті шексіз еді. 22 маусымның таңы ешкімге қуаныш әкелмеген еді. Себебі, дәл осы күні барлық радиолардан фашисттік Германияның Кеңес одағына соғыс ашқанын хабарлап жатқан болатын. Кенеттен басталған бұл соғыс бүкіл елді абдыратып тастаған еді. Бірақ, соған қарамастан қазақ азаматтары елін-жерін қорғап қалу үшін, ертеңгі ұрпақтың күліп атар таңы үшін майдан даласына аттанған еді.
Бұл сәттер қазаққа қиынға түскен кездер болатын. Осы жылдар аралығында талай азаматтарымыздан айырылдық. Жақсыны да, жаманды да аждаһадай жалмаған бұл соғыс қазаққа көп қасірет шектірген болатын. Бірі кішкентайынан көз алдында асыр салып ойнаған, жанынан да артық жақсы көретін баласын, бірі тірегі, сүйеніші асыл әкесін, енді біреулері жан жарын алдында не күтіп тұрғанын білмесе де майдан даласына аттандырған болатын. Ерлерін қан майданға аттандырған нәзік жандыларымызда қол қусырып отырмаған болатын. Кейбіреулері ерлеріне тынбай киім тоқумен болды, енді біреулері қатаң күн тәртібімен күні-түні завоттарда жұмыс істеді. Жазушы, даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигелдиев, Рейхстагқа ту тіккен Рахымжан Қошқарбаев, партизан Қасым Қайсеновтардың есімі халықжадында мәңгі сақталарына шүбә келтірмес едім. Олардың жас ұрпақ үшін, басын бәйгеге тігіп жасаған ерліктері ешқашан ұмытылмақ емес. Майдан даласына тепсе темір үзетін ер азаматтарымызбен қатар, нәзік жандыларымызда қолдарына қару алып аттанған болатын.
«Ерліктің қос қанаты деп білемін, Аяулы Әлия мен Мәншүгімді»,- деген өлең жолдары менің санамда сайрап тұр. Қан майданның дәл ортасында жаудың қарша бораған оқтарына, жауап қайырған қазақтың қос жұлдызы ешкімнің есінен кете қоймасы анық. Олардың еліне, халқына деген адалдығы бәрін таң қалдырған болатын. Олардың ерлігі, батылдығы әрбір қазақ қызына үлгі болып, халық жадында мәңгі сақталары сөзсіз.
Өжет елдің жігіті
Өшін алмай шыдар ма?
Кескілескен дұшпанын
Кесіп тұспей тынар ма?
Тайынба, жолдас жауынгер,
Ел тағдыры қолыңда!- деп Жұбан Молдағалиев жырлағандай қазақ батырлары өзінің көзін ашқалы, өніп-өскен, кіндік қаны тамған жерін сақтап қалған еді. Майдан даласында 600 мыңнан астам қазақ азаматтары көз жұмған болатын. Бұл дегеніңіз тұтас бір елді ел азаматтарынан айырудай көрінеді.
Биыл Ұлы жеңістің 71 жылдығы тойланбақ. Яғни, қазақ даласына қасіретін алып келген соғыстың аяқталғанына жарты ғасырдан астам уақыт өтті деген сөз. Біз қазір бейбіт заманда, тәуелсіз елде өмір сүріп жатырмыз. Иә, әрине бұның бәрі елімізді қасық қалғанша қорғаған ерлеріміздің арқасы деп білемін. Және бізге осындай бақытты балалық шақ пен бейбіт елді сыйлағаны үшін ешкім ұмытылмақ емес.


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 33 секунд !!!

Автор: nurgul95 | 23 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...
Рекомендуем:
Шығарма: Жеңіс алыптары
Шығармалар жинағы
Шығарма: Жеңіс алыптары
Шығарма: Қазақтың жұлдызы жанған күн
Шығармалар жинағы
Шығарма: Қазақтың жұлдызы жанған күн
Шығарма: Еліміз артып отырған үлкен жауапкершілікке лайық болу – біздің тікелей міндетіміз
Шығармалар жинағы
Шығарма: Еліміз артып отырған үлкен жауапкершілікке лайық болу – біздің тікелей міндетіміз
Шығарма: Менің  Отаным – Қазақстан
Шығармалар жинағы
Шығарма: Менің Отаным – Қазақстан
Шығарма: Бірлігі жарасқан Қасиетті мекенім
Шығармалар жинағы
Шығарма: Бірлігі жарасқан Қасиетті мекенім
Шығарма: Менің Отаным – Қазақстан
Шығармалар жинағы
Шығарма: Менің Отаным – Қазақстан
Шығарма: Қазақ елі
Шығармалар жинағы
Шығарма: Қазақ елі
Әңгіме: Қазақ Тәуелсіздігіне 25 жыл
Әңгімелер жинағы
Әңгіме: Қазақ Тәуелсіздігіне 25 жыл
Шығарма: Тәуелсіздік-ел бақыты
Шығармалар жинағы
Шығарма: Тәуелсіздік-ел бақыты
Шығарма: Ер қанаты - ат
Шығармалар жинағы
Шығарма: Ер қанаты - ат
Шығарма: Менің елім - мәңгілік ел
Шығармалар жинағы
Шығарма: Менің елім - мәңгілік ел
Шығарма: Сәлемдесу
Шығармалар жинағы
Шығарма: Сәлемдесу
Қазақша әңгіме: Қазақ Тәуелсіздігіне - 25 жыл
Әңгімелер жинағы
Қазақша әңгіме: Қазақ Тәуелсіздігіне - 25 жыл
Диктант: 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні (Қазақ тілі | Ел мұраты – Тәуелсіздік)
Қазақша Диктанттар жинағы
Диктант: 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні (Қазақ тілі | Ел мұраты – Тәуелсіздік)
Шығама: 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні
Шығармалар жинағы
Шығама: 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні
Қазақша шығарма: Мәңгілік еліміздің - мәңгілік тілі
Шығармалар жинағы
Қазақша шығарма: Мәңгілік еліміздің - мәңгілік тілі

KZ / Шығармалар жинағы, шығарма Қазақтың есінен еш кетпес туралы эссе шыгарма жеңіс женис 9 мамыр 9 май сочинение на казахском, эссе сочинение про Казактын есинен еш кетпес на казахском языке скачать день победы 9 мая, эссе шығармалар жинағы жеңіс женис 9 мамыр 9 май жоспарымен, Қазақтың есінен еш кетпес, шығарма Қазақтың есінен еш кетпес туралы эссе шыгарма жеңіс женис 9 мамыр 9 май сочинение на казахском эссе сочинение про Казактын есинен еш кетпес на казахском языке скачать день победы 9 мая эссе шығармалар жинағы жеңіс женис 9 мамыр 9 май жоспа, Шығарма: Қазақтың есінен еш кетпес шыгарма казакша шығармалар қазақша тегін сочинение на казахском языке сочинение на казахском языке скачать бесплатно сочинение на казахском языке скачать бесплатноҚазақша Шығармалар жинағы