» » » Шығарма: Өмір тауқыметі

Шығарма: Өмір тауқыметі

Шығарма: Өмір тауқыметі казакша Шығарма: Өмір тауқыметі на казахском языке
Байтөлекова Нұргүл
7 класс, Сағашилі орта мектебі
Мұғалжар ауданы,Ақтөбе облысы
Жетекші: Байтөлекова Гүлнафиз Жеткергенқызы

Таңсәрі жаңа шыққан күннің бетін бұлт басқан, айнала аппақ, қар жауып тұр. Жел уф етсе, боран соққалы тұр. Ауылдағы барлық кемпір-шал, бала-шаға келіншектер жиналып соғысқа аттанып бара жатқан Сары шалдың баласы Әлібиді, Қоңқанның баласы Ерғалиды, Ертілеудің баласы Жетегенді шығарып салып тұр. Жетегеннің келіншегі Бати тозған шарқатының шетімен парлаған көз жасын сүртіп тұр. Жетегеннің артында шешесі Дәме, қызы Бажау мен аяғы ауыр келіншегі қалып барады. Жиналған жұрттың ішіндегі ақсақалды қарт адам
- Ал, балаларым, қайда жүрсеңдерде аман болыңдар! Жауды жеңіп аман-есен оралыңдар, деп ақ батасын беріп бетін сипады.
Қара торы ат жегілген шанадағы әскери киінген сұсты адам,
- Тез болыңдар, боран басталғалы тұр, жолымыз ұзақ, Шалқар стансасына жетуіміз керек деп, - айқайлады.
Жиналған қара құрым халық шу етіп жылап-сықтап қол былғап қала берді.
Қара торы ат жегілген шана көзден ғайып болғанша тарқаспады.
Бұл 1941 жылдың желтоқсан айы еді. Фашистік Германияның нағыз қаһарланып тұрған кезі. Соғысқа аттанған жас жігіттер Шалқар стансасына одан Ақтөбе қаласына жеткізіліп, казармаға орналастырылды. Ақтөбе қаласында он күн бойы дайындалғаннан кейін Мәскеу қаласына поезбен жеткізілді. Бұдан бұрын ешқайда шығып көрмеген ауыл жігіттеріне бәрі таңсық болса да, іштерінен үрей мен қорқыныш басымырақ. Мәскеуде екі күн болған соң, Мәскеу жанындағы Орел қаласына аттанды. Қасындағы ауыл жігіттері әр жаққа бөлініп кеткен. Ұрыстың дәл ортасына түскен 26 адам, көбісі жас жігіттер болса, кейбірі егде тартқан жігіт ағалары. Командир сапқа тұруға бұйрық берді.
- Ал, жігіттер ертеңнен бастап, сендер ұрысқа түсесіңдер! Орел қаласын біз фашистердің қолына бермеуіміз керек. Қасық қанымыз қалғанша күресеміз. Әрқайсыларыңның үйлеріңде аналарың, бауыр еті балаларың мен жан жарыларың қалды. Олар сендердің балаларыңды бағып, амандықтарыңды тілеп отыр, сондықтан біз қалай да жеңіске жетіп, Отанымызды жау қолына бермей аман оралуымыз керек! Мына кішкене темірдің ішіне өздерің туралы толық мәлімет жазыңдар және ол өздеріңмен әрдайым жүретін болсын. - деді де, демалуға рұқсат берді. Мен ауылдан әкелген кішкене қатқан құрттың қалғанын қасымдағы жігіттерге қылдай қылып бөліп аузымызға салып кеп қалғанда, ой шіркін, ішімізге ел қонғандай тер бұрқ ете қалды.
Сөйтіп соғыс уақытындағы өмір де жалғасып жатты. Ертесіне майдан алаңына шығып, ұрыстың не екеніне көз жеткіздік. Ұзына бойы қазылған жер окопында бәріміз ұрысқа дайындалып отырмыз. Командир окопта былай бір өтіп, былай бір өтіп ұрыстың басталар кезін тағатсыздана күтіп жүргендей. Бір кезде үстімізден гуілдеген дауыс естілді. Жатыңдар, жау самолеті сақ болыңдар, деген дауыс естілді. Барлығымыз окопка құлап жата қалдық. Ысқырып шыңғырған дауыстан кейін тарс-гүрс жарылған бомбаның дауыстары шықты. Бір бомба ысылдап келіп бізден жоғары жақтағы окопты бұзып жарылды. Бомбаның сынықтары менің қасымдағы жігіттің аяғын жанай жерге түсті. Көзімізді жұмып үлгергендей болдық. Сөйтіп кезекті ұрыс та басталып кетті. Командир атыңдар, атыңдар, тек оқты босқа атпаңдар, жауды өлтіруге ғана жұмсаңдар деп өзі де қаруын кезеніп дырылдатып жатыр. Бір кезде алға, алға деген дауыстар шықты. Барлық солдаттар шулап алға қарай ұмтылды. Бізде шинелімізді сүйрете тұра ұмтылдық. Қолымыздағы автоматты кезеніп жүгіріп келе жатырмыз. Алыстан танкілердің дауысы шығып бұрқ-бұрқ еткізіп біздің солдаттарды да қырып жатыр. Алдымыздағы үлкен көзілдірікті фашист шыға келіп автоматының шүріппесін басып үлгерді. Қасымдағы жауынгер жігіт жерге құлап бара жатса да, автоматын кезене фашистке атып үлгерді. Ол да сұлай түсті. Оның атқан бір оғы менің қолыма тиді ма, әйтеуір менің дауысым шықпай қалды. Құлағым даңғұр-дүңгір етіп, көзімнің алды бұлдырап бара жатты. Біреу сүйреп әкеле жатқаны есімде, онан ары не болғанын білмеймін.
-Женя, Женя есіңді жи, бетімнен шапалақ тиген секілді болды. Басым мең-зең басымды дәкемен айналдырып таңып тастаған. Басымды көтерейін десем зіп-зілдей. Ыңырсыған дауыс естілді. Жанымда екі жігіт қатарынан жатыр. Олардың да жарақаттары ауыр сияқты.
Бізді жарақаттары ауыр деп госпитальға жіберді. Госпиталь дегенді бірінші көруім. Ұзына бойы созыла жатқан солдаттар. Бірінің басы жарылған, бірінің аяғы сынған, кесілген. Түрлі ыңырсыған дауыстар. Дауыстарынан жаның түршігеді. Олардың қасында менің ауруым жеңілдеу ма деп қалдым. Бірақ басым зың-зың етіп көтертпейді. Сөйтіп 8 күн емделіп шықтым. Өз ротама қайтып келдім.
Кезекті ұрысқа дайындалып жатырмыз. Қасымызда бір пулеметшіміз бар. Командир дүрбімен қарап жоғарғы жақтағы басшыларға хабар жіберіп тұр. Бір кезде екі солдатты барлап келуге жіберді. Қыс кезі болғандықтан үстерінде ақ киім. Біз жақтан бара жатқан барлаушыларды байқап қалды ма, атыс кенеттен басталып кетті. Тағы да тарсылдап гүрсілдеген дауыстар. Кім-кімді атып жатқанын біліп болмайсың. Командир «Отан үшін, алға!» деп окоптан шығып алға қарай жүгіре жөнелді. Бізде алға, алға деп жүгіре жөнелдік. Алдымызда немістер мен танкілер қара құрттай қаптап келеді. Біздің әскерлер беріспей атысып жатыр. Қасымдағы Вадим деген орыс жігіті беліндегі гранатасын жақындап қалған танкіге лақтырып жібергенде, неміс танкісінің бір жанына тиді ма, біз жерге жата қалдық. Ішінен ұзын неміс атып шығып қаша жөнелді. Мен де өзімше автоматтың шүріппесін басып қалдым. Ұзын неміс немісше бірдеңе деп жерге құлады. Ол немістің үйінде де баласы күтіп отырған шығар деген аяушылыққа бой алдырсам. Менің жеріме келіп тиіскен өздері емес пе, ендеше мен неге оны аяуым керек. Бойымдағы қорқыныш жойылып, жігерлік пайда болғандай. Қатарымыз сиреп қалған сияқтымыз. Немістердің бекінген жеріне жетіп қалдық. Әліміз де азайды. Бір жерден пулеметтің атысы естілді. Біздің бір-екі жігітті сұлатты. Мығымдалып орнығып алған, тоқтайтын түрі жоқ. Командирдің өліспей, беріпейміз деген дауысы естіледі. Оқ-дәрімізде азайған.......


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 10 секунд !!!

Автор: nurgul95 | 79 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...

KZ / Шығармалар жинағы, шығарма Өмір тауқыметі туралы эссе шыгарма жеңіс женис 9 мамыр 9 май сочинение на казахском, эссе сочинение про Өмир таукымети на казахском языке скачать день победы 9 мая, эссе шығармалар жинағы жеңіс женис 9 мамыр 9 май жоспарымен, Өмір тауқыметі, шығарма Өмір тауқыметі туралы эссе шыгарма жеңіс женис 9 мамыр 9 май сочинение на казахском эссе сочинение про Өмир таукымети на казахском языке скачать день победы 9 мая эссе шығармалар жинағы жеңіс женис 9 мамыр 9 май жоспарымен Өмір тауқыметі, Шығарма: Өмір тауқыметі шыгарма казакша шығармалар қазақша тегін сочинение на казахском языке сочинение на казахском языке скачать бесплатно сочинение на казахском языке скачать бесплатноҚазақша Шығармалар жинағы