» » » Шығарма: Мемлекеттік рәміздер – ұлттығым

Шығарма: Мемлекеттік рәміздер – ұлттығым

Шығарма: Мемлекеттік рәміздер – ұлттығым казакша Шығарма: Мемлекеттік рәміздер – ұлттығым на казахском языке
Әжіғұлова Жансая
8 сынып, Ақтоған орта мектебі
Т. Рысқұлов ауданы

Менің Отаным – кең байтақ Қазақстан. Қазақстан – мен үшін, менің ата
– бабаларым үшін өте қасиетті мекен. Қазақстан – тәуелсіз, дербес, егеменді мемлекет. Біз тәуелсіз мемлекет болып жарияланғаннан бері Қазақстанды әлем тани бастады. 1991 жылы 1 желтоқсанда Президент сайлауы болды. Тұңғыш Президент болып Н. Назарбаев сайланды. 1992 жылы 4 маусымда «Қазақстан Республикасының рәміздерін қабылдау туралы» Президенттің жарлығы шықты.
Әрбір егеменді елдің өзіне тән мемлекеттік рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Гимні болады. Қазақстан Республикасының азаматтары , сондай-ақ елімізде тұрып жатқан кез-келген адам мемлекеттік Туды, Елтаңбаны, Гимнді құрмет тұтуға міндетті. «Мемлекеттік рәміздер – бұл біздің мемлекетіміздің, біздің егемендігіміздің берік негізінің бірі.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні күн сайын телерадио бағдарламалары басталғанда , аяқталғанда және еліміздің аса маңызды мерекелерінде орындалады. Оның әуені менің көңілімді толқытып, жанымды шаттыққа бөлейді, жүрегімді егеменді елімізге деген қуаныш сезімге толтырады. Гимннің әсерлі үні салтанатты жиналыстар мен мәжілістерде шалқиды. Шет елдердің мемлекет басшыларын қарсы алғанда немесе шығарып салғанда оларға мемлекеттік Гимн әуенімен құрмет көрсетіледі . Қазақстан Республикасының мемлекеттік Гимнін көпшілік алдында міндетті түрде түрегеп тұрып тыңдаймыз. Біздің мектебімізде Гимн әр дүйсенбі күні орындалады. Гимнді айтқанда, оң қолды жүрек тұсына қоямыз. Бұл – біздің елімізге деген зор құрмет деп түсінемін.
Қазақстан Республикасының Елтаңбасы – мемлекеттің басты рәміздерінің бірі. Елтаңба термині немістің «erbe» (мұра) деген сөзінен шыққан. Егеменді Қазақстанның Елтаңбасы 1992 жылы ресми түрде қабылданды. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы дөңгелек нышанды. Бұл – Ұлы дала көшпенділері айрықша қастер тұтқан өмір мен мәңгіліктің символы. Рәмiздiк тұрғыдан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының негiзi – шаңырақ. Ол – Елтаңбаның жүрегi. Шаңырақ — мемлекеттiң түп негiзi – отбасының бейнесi. Шаңырақ — Күн шеңберi. Шаңырақ — киiз үйдiң күмбезi көшпелi түркiлер үшiн үйдiң, ошақтың, отбасының бейнесi. Шаңырақты айнала күн сәулесі секілді тараған уықтар шаншылған. Шыңырақтың оң жағы мен сол жағында қанатты тұлпар орналасқан. Тұлпар – дала дүлдiлi, ер-азаматтың сәйгүлiгi, желдей ескен жүйрiк аты, жеңiске деген жасымас жiгердiң , қажымас қайраттың, тәуелсiздiкке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесi. Қанатты тұлпар қазақ поэзиясындағы кең тараған бейне. Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпi. Ол өлмес өмiрдiң бейнесi. Бiр шаңырақтың астында тату-тәттi өмiр сүретiн Қазақстан халқының өсiп-өркендеуiн, рухани байлығын, сан сырлы, алуан қырлы бет-бейнесiн паш етедi. Жоғарғы бөлігінде- бес бұрышты жұлдыз Елтаңбаның тәжi iспеттi. Әрбiр адамның жол нұсқайтын жарық жұлдызы бар. Ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазуы бар. «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес. Қазақстан Республикасының Елтаңбасының авторлары - Ж. Мәлiбеков пен Ш. Уәлиханов.
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туы – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiрi. Мемлекеттік ту ортасында 32 сәуле тараған күн бейнеленген, күннің астында қалықтаған дала қыраны бар көгілдір түсті тікбұрышты кездеме. Ағаш сабына бекiтiлген тұста ұлттық оюлармен кестеленген тiк жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою-өрнек – алтын түстi. Тудың енi ұзындығының жартысына тең: 1:2. Қазақстан Республикасы мемлекеттік туының авторы - суретшi Шәкен Ниязбеков. Бiрыңғай көгiлдiр түс төбедегi бұлтсыз ашық аспанның биiк күмбезiн елестетедi және Қазақстан халқының бiрлiк, ынтымақ жолына адалдығын аңғартады. Бұлтсыз көк аспан барлық халықтарда әрқашан да бейбiтшiлiктiң, тыныштық пен жақсылықтың нышаны болған. Ежелгi түркi тiлiнде “көк” сөзi аспан деген ұғымды бiлдiредi. Көк түс түркi халықтары үшiн қасиеттi ұғым. Түркi және әлемнiң өзге де халықтарындағы көк түстiң мәдени тарихына сүйене отырып, мемлекеттік тудағы көгiлдiр түс Қазақстан халқының жаңа мемлекеттiлiкке ұмтылған ниет-тiлегiнiң тазалығын, асқақтығын көрсетедi деп қорытуға болады. Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейдi. Күн — қозғалыс, даму, өсiп-өркендеудiң және өмiрдiң белгiсi. Күн — уақыт, замана бейнесi. Қанатын жайған қыран құс бар нәрсенiң бастауындай, билiк, айбындылық бейнесi. Ұлан-байтақ кеңiстiкте қалықтаған қыран Қазақстан Республикасының еркiндiк сүйгiш асқақ рухын, қазақ халқының жан-дүниесiнiң кеңдiгiн паш етедi. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев айтқандай: «Мемлекеттік рәміздер –еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар. Бұл рәміздер біздің мемлекетіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі». Мен өз елімнің жас ұланы ретінде ұлттық құндылықтарымыз Ту, Елтаңбамызды, Гимнімізді әрқашанда қастерлеп, қадірлеп өтемін.
Қазақстандай жері шұрайлы, шөбі шүйгін өлкені мен әрқашан да мақтан тұтамын. Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар. «Отаның-алтын бесігің», - деп дана халқымыз бекер айтпаған. Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау, әрбір азаматтың бірінші міндеті.



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!

Автор: almira777 | 102 | 12.03.2019


Загрузка...

KZ / Қазақша Шығармалар жинағы, шығарма Мемлекеттік рәміздер – ұлттығым туралы эссе шыгарма казакша сочинение на казахском, эссе сочинение Мемлекеттік рәміздер – ұлттығым на казахском языке скачать бесплатно, эссе шығармалар жинағы жоспарымен, казакша эссе шыгарма жоспар, Мемлекеттік рәміздер – ұлттығым, шығарма Мемлекеттік рәміздер – ұлттығым туралы эссе шыгарма казакша сочинение на казахском эссе сочинение Мемлекеттік рәміздер – ұлттығым на казахском языке скачать бесплатно эссе шығармалар жинағы жоспарымен казакша эссе шыгарма жоспар Мемлекет, Шығарма: Мемлекеттік рәміздер – ұлттығым шыгарма казакша шығармалар қазақша тегін сочинение на казахском языке сочинение на казахском языке скачать бесплатно сочинение на казахском языке скачать бесплатноҚазақша Шығармалар жинағы