Шығарма: Балдәурен - балалар арманының аралы

Шығарма: Балдәурен - балалар арманының аралы казакша Шығарма: Балдәурен - балалар арманының аралы на казахском языке

Жамбыл облысы, Меркі ауданы
№17 И.И.Трубицын атындағы орта мектеп-гимназияның
6 "б" сынып оқушысы: Ербол Ажар
Жетекшісі: Намысова Махаббат Асқарқызы
Менің аты-жөнім - Ербол Ажар. Мен Жамбыл облысы, Меркі аудаындағы № 17 Трубицын атындағы орта мектеп-гимназиясының 6 "б"- сынып оқушысымын. Мен оқу озатымын және қоғамдық іс-шаралардың белсенділерінің бірімін. Өзім би билеп, ән айтып, домбыра тартқанды ұнатамын. Орыс тілінде оқытылатын сыныпта білім алып жүрсем де, өзімнің ана тілімді өте жақсы меңгеріп, туған тілімде таза әрі сауатты сөйлеуге тырысамын. Себебі, менің армандарым көп. Келешекте таза білімім мен сауаттылығымның арқасында барлық армандарымды жүзеге асырғым келеді. Жақында менің кішкентай армандарымның бірі орындалды. Мен Бурабайда орналасқан Республикалық балаларды сауықтыруға арналған "Балдәурен" лагерінде демалып қайттым. Сол жиырма күнге созылған қызықты демалысымнан алған әсеріммен бөліскім келеді.

Мен төртінші ауысымның "Жақсылық айы - Әз Наурыз" атты маусымның 4- тобында болдым. Біздің тәрбиеші - ұстаздарымыз Динара апайымыз бен Игемберді ағайымыз еді. Біздің тобымызды үнемі алға жетелеп, жеңістерге ұмтылдырып, уақытымызды көңілді әрі ұмытылмасай етіп ұйымдастырғандары үшін бұл асыл жандарға алғысым шексіз. "Біз - сұлумыз, балдаймыз, Балдәуренді таңдаймыз!"-деп ұрандап жүріп біз "Олимпия", "Әз Наурыз", "Би морофоны", "Спорт-интеллект" ,т.б. қызықты шараларға қатысып, білімімізді ұштап, білетінімізді көрсете алдық.

Балдәурен мені айырылмас достармен табыстырды. Олардың қатарында Вика, Адия, Эльнура және Әсемай атты қыздар бар. Тамаша достарыммен әлі де татулықта, сыйластықта хат жазысып, хабар алысып тұрамыз. Балдәурен - әрбір балдәурендік баланың жүрегінде мәңгілік сақталып қалатын асыл арманы, ғажайып ертегісі деп білемін.



Жүктеу батырмасы 50 секундта ашылады!!!




KZ / Қазақша Шығармалар жинағы, шығарма Балдәурен - балалар арманының аралы туралы эссе шыгарма казакша сочинение на казахском, эссе сочинение Балдәурен - балалар арманының аралы на казахском языке скачать бесплатно, эссе шығармалар Балдәурен - балалар арманының аралы жинағы жоспарымен, казакша эссе шыгарма жоспар, Балдәурен - балалар арманының аралы, шығарма Балдәурен - балалар арманының аралы туралы эссе шыгарма казакша сочинение на казахском эссе сочинение Балдәурен - балалар арманының аралы на казахском языке скачать бесплатно эссе шығармалар Балдәурен - балалар арманының аралы жинағы жоспа, Шығарма: Балдәурен - балалар арманының аралы шыгарма казакша шығармалар қазақша тегін сочинение на казахском языке сочинение на казахском языке скачать бесплатно сочинение на казахском языке скачать бесплатноҚазақша Шығармалар жинағы