алу
👈 қаріп өлшемі 👉
қосу

Ардақты менің ұстазым

 Ардақты менің ұстазым

«№121 жалпы орта мектебі ККМ-нің
8 «А» сынып оқушысы Райхан Балжан
Аяулы менің анашым, асыл ұстазым - Дамира Абдуллаеваға!

Менің жүрегімнің бір бөлшегі, күніне алты сағат бойы жанымыздан табылар қамқоршымыз. Ешбір адам тең келмейтін, ешкім жете алмай жүрген биік шыңым. Сенің білімің бойымызға нәр беріп, азығымыз болады. Аспандағы айдай асыл ұстазым, көктегі күндей мейірімдім! Сізді 8 наурыз-халықаралық әйел-қыздар күнімен және тамаша күнде өткізетін туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймын! Жарты күніңізді бізбен өткізіп, біздің әкеміз де, анамыз да боласыз. Әрқайсымызбен сырласып, қайғы-қуанышымызбен бөлісіп, күн сәулесіндей нұрыңызды төгесіз. Күлкіңізбен жанымызға жылу сыйлайсыз.Әрқашан біздерге тәлім-тәрбиеіңізді айтып, әрдайым бізді қадағалап отырасыз. Біздердің болашағымызды ойлап, әр сабағыңызды мейіріммен түсіндіріп, біліммен сусындатасыз. Біз сабақтан шығып үйге кетсек те бізді уайымдайсыз. Күні-түні біздерді ойлап әлек боласыз. Қандай жағдай болса да бізді жақтайсыз. Біздерді нашар десе қапаланасыз. Сіздің осы қасиеттеріңізді жақсы көрем. Осылайша арамызда шашыңызға ақ түспей, қартаймай жүруіңізді тілеймін. Бір өкініштісі уақыт өте біз де мектеп бітірерміз. Бірақ мен сізді ешқашан ұмытпаймын. Бойыма сусындатып отырған білімдерімді әр уақытта керегіме жаратып, сіздің берген тәлім-тәрбиеңізбен жүретін болам. Сіздің арқаңызда талай-талай биік шыңдарға шығатыныма сенем. Атыңызды әйгілі етуге күшімді саламын. Біздердің де бала-шағаңыздың да қызығын көріп, ұзақ жасай беріңіз деп шын тілек білдіремін!

Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Елімізде жұмыссыз қалғандар 6 айға дейін бұрынғы жалақысының 45 пайызын алады 16.03.2023
» Сәбиін сатпақ болған 😱 04.03.2023
» Студенттердің стипендиясы өседі 👨‍🎓 02.03.2023

Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы