Шығарма: Отан неден бастау алады?

Шығарма: Отан неден бастау алады? казакша Шығарма: Отан неден бастау алады? на казахском языке

Красный Яр №2 орта мектебі
8 «А» сынып оқушысы Кали Мадинаның
жетекшісі Алипова Г М, орыс тілі мұғалімі
Аспанға қарап, ұшқыр қиялға беріліп, түрлі армандардың жетегіндемін. Тап-таза көгілдір аспан. Тіпті бірде жылқыларға, бірде айдаһарға ұқсайтын бұлттар да жоқ. Бұндай кереметке қарап, болашағымды елестетіп жатырмын. Бір уақытта әкемнің «Мадина» деп шақырған дауысын естідім... атып тұрып, етегіме шабысқан шөптерді жалма-жан қағып, әкем тұрған жаққа қарадым. Сөйтсем, қойларым алыстап кеткен екен. Тұра жөнелдім. Қуып жетіп, қойдың басын қайтарып, қандай мықты шабан екенімді есту үшін әкеме қарай жүгіріп келемін. Енді жеттім дегенде анамның: «Қызым, тұра қой. Мектепке баратын уақыт болды», - деген дауысы оятып жіберді.
Иә, соңғы уақытта туған ауылым түсіме жиі кіретін болды. Сондықтан шығарма жазуға бірнеше тақырып берілгенде, еш ойланбастан, бірден өзімнің кішігірім Отаным туралы жазбақшы болдым.
Менің туған жерім – Ақмола облысы Степногорск қаласына қарасты Бестөбе кенті. Бестөбе – топырағы құнарлы, қойнауы алтынға бай, халқы жайдары мекен. Іргесі 1931 жылы қаланған. Қазірдеалты мыңнан аса тұрғыны бар. Елді мекенде Степногорск ішпек зауытының цехы, кеніш жабдықтарын жөндеу кәсіпорны, автобаза жұмыс істейді. Орта мектептер, мәдениет үйі, аурухана, стадион, балабақшалары бар.
Мен осы кентте туып, балалық шағымның ең қызықты, бақытты кездерін өткіздім. Әрине, ол жерде шыңы бұлттармен таласқан таулар да, сарқырап ағып жатқан өзен-көлдер де, ит мұрынын сұға алмас ормандары да жоқ. Солай болса да, мен ол өлкеге ғашықпын. Көкшетауға көшкеннен бері ол жаққа жиі бара алмаймын. Бірақ көзімді жұмсам болды, ауылым бірден елестейді.
Жоғарыда Бестөбеде тау жоқ дедім. Қателесемін. Ол жерде бестөбеліктер үшін тау саналатын тастардан үйілген биік төбе бар. Кішкентай күнімде әкеммен Степногорскке жиі баратынбыз. Сонда үйге қайтып келе жатқанда әкемізбен сүйіп ойнайтын бір ойынымыз болатын. Шулап отырған ағам екеуімізге: «Бестөбенің тауын кім бірінші көрсе, соған Сникерс беремін», - дейтін. Сол кезде тып-тыныш бола қалып, көкжиектен тау қашан көрінеді деп іздеуші едік.
Анаммен жиі баратын базар осы таудың қасында болатын. Сол базардан үйге дейінгі жолда үлкен тас жататын. Соның үстіне отырып балмұздақ жейтінбіз. Үйге баратын жолдың бойында шахта орналасқан. Соның жанынан өтіп бара жатып, жер астына жұмысшыларды түсіретін лифтке қарағанды ұнататынмын. Қараңғы жердің астына қорықпай түсіп жатқан сол адамдарды мен батыр санайтынмын.
Шахтаның маңайында үйілген тастар көп. Мен жолмен емес, анамның ұрысқанына қарамастан, сол тастардың үстімен секіріп жүгіретінмін.
Бестөбенің тастары да мен үшін ерекше. Үйіліп жатқан қара тастар, ал оларға күн сәулесі түсіп шағылысқан кезде өзімді ертегілер әлемінде жүргендей сезінетінмін. Жылтырайтын не десеңіз, олар тастың бетіндегі алтынның қалдықтары. Иә, менің ауылымның қойнауы алтынға бай. Әкем жиі айтатын: «Бестөбенің көшеде жатқан тасын үксең де алтын табасың», - деп.
Шынымен де, Бестөбе – ерінбей еңбек еткенді аш қалдырмайтын жер. Жерін қазсаң, алтын береді, шөбін шауып, мал бақсаң, ет пен майыңды береді.
Ауылымнан 10-15 шақырымдай жерде Сілеті өзені ағады. Жазда отбасымызбен бірге жағалауына жиі баратынбыз. Суы мөлдір, табиғаты ғажап, ауасы таза. Ағып жаққан өзенді жағалай орналасқан тау-тастар Бурабайдың Оқжетпесінен еш кем емес.
Біздің үйіміз ауылдың шетіне қарай орналасқан. Сондықтан ағам екеуіміз түнде далаға шығып, табиғаттың дыбысын естігенді ұнататынбыз. Қаладағы айғай-шудың ешқайсысы жоқ. Тек табиғаттың үні естіледі. Аулада тұрған кереуетке жатып аспанға қарап, қиялға берілгенді жаным сүйетін. Ағам маған сол жұлдыздардың бірінде бөгде планеталықтардың өмір сүріп жатқаны туралы қиял-ғажайып әңгімелер айтады. Мен соған сенемін.
Бестөбе – бөтен адамға басқа ауылдардан еш айырмашылығы жоқ қарапайым елді мекен. Бірақ мен үшін ол ыстық. Өйткені, ол – менің кіндік қаным тамған, балалық шағымның ең тәтті кездері өткен, әкем мен анама еркелеп, әр күнім ертегідей болған өлке. Бұл мекеннің суы да, тасы да, шаң араласқан ауасы да мен үшін ыстық. Ең алғаш мектеп табалдырығын аттап, әріп таныған жерім. Мен өз туған ауылымды жақсы көремін.
Қорыта келгенде, Отан отбасынан басталады. Қазақстанның болашағына үлесіңді қосып, оның іргелі азаматы боламын десең, оны сүйе білу керек. Ал елге деген махаббат пен отансүйгіштік қасиет өзіңнің кішкентай Отаныңа деген сүйіспеншіліктен бастау алады. Өзінің туған ауылын керемет жыр жолдарына қоса білген ақын ғана болашақта елі туралы үлкен туындылар жаза алады. Туған өлкесінің табиғатына ғашық болған суретші ғана керемет суреттерді дүниеге әкеле алады. Туған ауылын бағалай білетін адам ғана Отанына шынайы еңбек етеді.



Жүктеу батырмасы 50 секундта ашылады!!!




KZ / Қазақша Шығармалар жинағы, шығарма Отан неден бастау алады? туралы эссе шыгарма казакша сочинение на казахском, эссе сочинение Отан неден бастау алады? на казахском языке скачать бесплатно, эссе шығармалар Отан неден бастау алады? жинағы жоспарымен, казакша эссе шыгарма жоспар, Отан неден бастау алады?, , Шығарма: Отан неден бастау алады? шыгарма казакша шығармалар қазақша тегін сочинение на казахском языке сочинение на казахском языке скачать бесплатно сочинение на казахском языке скачать бесплатноҚазақша Шығармалар жинағы